Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен « Selectio» деген сөз 2 страница



Оның жұмысының басты тәсілі-будандастыру және сұрыптау. әрбір будан комбинациясында себілген тұқым санын арттыра отырып, Бербанк оларды қатал түрде сұрыптап отырды. Тоғыстыру тәсілін біргілікпен жүогізу және сұрыптауды жоғары дәрежеде жетілдіру нәтижесінде Бербанк АШ дақылдырының жаңа түолі сорттарын шығарды. Олардың кейбір нышандары бұрын табиғатта кездеспеген. Мәселен, сүйегі жоқ алқоры буданы, ағаш басында кебетін алқоры сияқты сорттары, өте үлкен жаңғақ ағашы, шабдалы мен алқоры буданы селекция өнерінің туындысы.

Швецияда 1886 ж. Свалеф селекциялық станция ұйымдастырып, онда жүргізген жұмыстары практикалық және ғылыми селекцияның дамуына игі әсерін тигізді. Мұнда бірінші реет үлкен көлемде селекцияда өздігінен тозаңданудың жеке сұрыптау әдісін қолдану жүргізілді. Бұл әдіс теориялық жағынан кейіннен – В.Иоганнсенннің «Тозаңдату және таза линиялар ілімі «атты еңбегінде негізделді. Свалеф станциясындағы жеке сұрыптау әдісі негізінде шведтің бағалы дақылдар сорттары шығарылды. Қазіргі уақытта Свалеф селекциялық станциясы Еуропадағы белгілі де, беделді мекеме болып табылады.

Селекцияның ғылым ретіндегі кейбір элементтері XVIII-ғасырмен Х1Х-ғасырдың арасындағы ғалымдар еңбектерінде кездеседі. Бұл Кельрейтер, Найт, Бертнер, Ноден, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектеріне негіз болды. Дегенмен, селекция ғылыми пән ретінде үстіміздегі ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Осы кезден бастап алғашқы селекциялық мекемелер құрылып, жоғары мектептерде селекция пәні жүргізіліп, оқулықтар, оқу құралдары, арнайы журналдар шығарыла бастады. Алайда, осы заманғы селекцияда да оның өнер ретінде элементтері маңызды роль атқарып келеді. Басқа ғылымдар сияқты селекция ғылымында да теория мен тәжірибе өзара тығыз байланыста жүргізіліп отыр.

Еліміздің топырақ-климат аймақтарында дәнді дақылдар, мал азықтық және техникалық дақылдар жөнінде селекция мен тұқым шаруашылығы жұмыстарын тубірімен жақсарту үшін селекциялық орталықтар құрылған.



Ол орталықтар аса маңызды егіс дақылдары бойынша селекциялық жұмыстар жүргізіп, АШ-ғы дақылдарының жаңа сорттарын ың зиянкестерге және ауруларға төзімділігін Жан-жақты тексеріп, сорттардың техникалық қасиетін жетілдіріп, селекциялық жұмыстарға басқа да ғылыми-зерттеу мекемелеріне: аймақтық институттарға, облыстық АШ-ғы жоғары оқу орындарындағы селекция және тұқым шаруашылығы кафедраларына ғылыми-әдістемелік басшылық жасауды және бағдар беруді жүзеге асырады.

СО-дың әрқайсысының құрамына жеке дақылдар немесе бір топ дақылдар жөніндегі селекция бөлімдері мен лабораториялық: иммунитет, астық технологиясы, генетика және цитология, биохимия, тұрақтылық физиологиясы, ТШ-ғы, тұқым тану және тұқым бақылау, селекция мен ТШ-ғы жұмыстарын механикаландыру, сондай-ақ хабарлама тобы кіреді. Кейбір ірі СО-да генетикалық инженерлік лабораториялары құрылған.

СО-да лабораториялық корпустар температураны, ауа ылғалдылығы мен жарықты автоматы түрде реттеп отыратын вегетациялық камералар, салқындатқыш және фитопатологиялық камералар орналасқан. СО-тар жаңа ғылыми жабдықтармен, аспаптармен, құрғату, дән тазалау пункттерімен. Кіші габаритті машиналар және құралдармен (өздігінен жүретін сеялкалар мен комбайндар), сондай-ақ селекция мен ТШ-ғы жұмыстарын осы заманғы ғылыми дәрежеге сай жүргізуде арналған механизация құралдарымен жабдықтандырылған.

СО-лық құру түрлі мамандықтағы (селекционерлер, генетиктер, фитопатологтар және т.б.) мамандардың ғылыми күшін біріктіріп, селекция және ТШ-ның маңызды проблемаларын комплексті түрде шешіп, жоғары өнімді, құрғақшылыққа төзімді, ауруларға көп шалдықпайтын, дән сапасы жоғары және басқа бағалы шаруашылық қасиеті бар сорттарды шығарады.

Шет елдердегі осы заманғы селекцияның басты сипаты ірі ғылыми зерттеу мекеменінде бірынғай селекциялық бағдарлама бойынша бірлесе жұмыс жүргізу үшін мамандандыру және ұжымдарды топтастыру болып табылады. Мәселен, Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі Халықаралық орталық, ал Филиппинде күріш жөніндегі Халықаралық селекциялық жұмыс істейді. Селекциялық істі жинақтау АҚШ-та да жоғары дәрежеге жеткен. Мұнда бидай, жүгері, сорга будандары, жоңышқа және басқа дақылдар селекциясының жетекшілік ролі екі ірі селекциялық-«Декабл» және «Пионер» компанияларына жүктелген. Бұлардың Аргентинада, Бразилияда, Канадада, Мексикада, Италияда ТШ-ғы орталықтары мен кәсіпорындары бар.

Ал, екіншісі өзіне қатысты фирмалар арқылы дуние жүзінің 100-ден аса елдеріне тұқым сатады. Нидерландыда картоп селекциясы және ТШ-ғы жөніндегі аса үлкен орталық ұйымдастырылған. Мұндағы селекциялық жұмыста дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа әдістер-соматикалық эмбрионез, гаплоидия және басқалары қолданылады. Бұл института шығарылған картоп сорттары әлемнің 50-ден аса таратылады. Мамандандырылған аса ірі селекциялық орталықтар Швецияда, Болгарияда,Польшада, Чехо-Словакияда, Венгрияда және басқа елдерде ұйымдастырылған. Германияда дәнді дақылдарды зерттеу жөніндегі институт негізінде атақты селекционер Д.Лаудың басшылығымен сыра қайнатылатын және мал азықтық арпаның селекциясы мен ТШ-ғы жөніндегі Бірлестік құрылған.

 

 

2. Сорт тұралы ұғым және өсімдік селекциясындағы бастапқы материал

 

Жаңа сорттарды шығару үшін бастапқы материал қажет. Оны түрлі мәдени және жабайы өсімдіктерді пайдалану, будан жасау мен жасанды мутация тудыру арқылы алады.

Бастапқы материалды зерттеу және қолдану өсімдіктердің систематикасы біліміне негізделген.

 

Мәдени дақылдардың экологиялық - географиялық систематикасы

Систематикалық бірліктің негізгісі түр болып табылады. Бір түрге жататын дербек өсімдіктер ұқсас қасиеттерге ие болып, өзара жеңіл шағылысып, жемісті тұқым береді. Нақты жағдайда олар тіршілікке тез икемделіп, мұның нәтижесінде егіс себілетін ауданға жерсініп кетеді.

Ботаникалық систематика түрлі таксономиялық бірліктің ұқсастығы, өзгешелігі және шығу тегі туралы мәлімет бергенмен, бұл практикалық селекция үшін жеткіліксіз. Дақылдың түрлік және әр түрлілік құрамын біліп қана қоймай, олардың өсуіне бейімделуінің биологиялық ерекшеліктерінің дифференциясын білу қажет. Ботаникалық әр түрлілікке жататын бір өсімдіктің өзі түрлі географиялық жағдайда бейімделуіне байланысты құрғақшылыққа, төмен температураға төзімділігі, ауруларға шалдығуы мен зиянкестерге бойалдыруы мен биохимиялық қасиеттері жағынан бір біріне ұқсамайды. Сонымен бірге екі формадағы өсімдік әр түрліге жатқанымен биологиялық ерекшеліктерінің ұқсастығымен сипатталады.

Бір түрге жататын өсімдік формаларының биологиялық қасиеттері ерекшеліктері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым-экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКОТИП (грекше EIKOS-үй, тұрғын жай; TIPOS-орын) өсімдіктің ұрпақ қуалау тұрақтылығынан, топырақ –климат жағдайынан және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы. Мәселен, солтүстік пен оңтүстікке өсірілетін дақыл талшығының формасы-бұл түрдің екі бөлек экотипі биологиялық ерекшілігі бойынша түбірлі өзгеріс бар.

Өсімдіктердің өзара байланысын және қоршаған орта, экотиптердің қалыптасу заңдылығын зертейтін ғылым-экология деп аталады.

Экология жалтыға тән өсімдіктің үш экотипін анықтайды: ксерофит, гигрофит және мезофит. Құрғақшылық жерлерде өсіп-өнуге бейімделген өсімдік-ксерофильді, ылғалы мол жерлерде өсетіндер-гигрофильді, орташа (жеткілікті) ылғалды жерде өсетіндер-мезофильд деп аталады.

Селекциялық жұмыста табысқа жету үшін бір өсімдіктің түрлі формаларының түрлі топырақ –климат жағдайында өсу ерекшіліктерін білу аса қажет. Оған мынадай маңызды көрсеткіштер қатысты:

1) вегетациялық кезеңнің ұзақтығы;

2) дамудың жеке фазаларынан өтуі-вегетациялық кезеңнің құрылымы;

3) өнімді анықтайтын сандық белгілер, өнім құрылымы (дәннің саны мен салмағы және басқалары);

4) вегетациялық белгілері (сабақ ұзындығы, жапырағы, түрлі зиянкестерге бейімділігі);

5) құрғақшылықтың түрлі формадағы көрінісіне төзімділігі (топырақтағы, атмосферадағы, комбинациялық, көктемгі және жазғы);

6) төмен температыра әсеріне қатысты (күздік өсімдік үшін қысқа төзімділігі»;

7) гүлдеу ерекшеліктері (ашық, жабық түрде түрлі температырада және ылғалдылығы бірдей емес жағдайда гүлдеу типінің өзгеруі);

8) зиянкес құрамының тегіне қарай аурулардың түрлерін қаздырушыларға төзімділігі»;

9) зиянкестерге төзімділігі;

10) өнімді механикалық жинауға икемін аңықтайтын, жатып қалмайтын, шашылмайтын белгілері бойынша төзімділігі;

11) өнімнің биохимиялық құрамы (белок, қант, крахмал, май құрамының өзгергіштігі);

12) ылғалды жағдайда қатысы (ксерофильді, гигрофильді немесе мезофильді типтері).

Осы аталған және басқа биологиялық ерекшіліктеріне қарай өсу формасын, ұқсастық дәрежесін және олардың арасындағы өзгешеліктердің сипаттамасы экологиялық-географиялық топтау нәтижесінде анықталады. Түрлі географиялық формадағы өсімдіктер түрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сұрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде қаралады.

Мәдени өсімдіктердің экологиялық – географиялық систематикасы негізін қалаған-академик Н.И.Вавилов. ол экологиялық-географиялық заңдылығын анықтады. әрбір экологиялық-географиялық топ барлық дақылдар үшін бірыңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады.

Эк. - геогр. систематика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қажетті формалар мен сорттарды іздеп табуға мүмкіндік береді.

Бұрынғы КСРО-да көптеген дақылдардың эк?-геогр? сипатамасы жасалып, өсу ортасына, жерсіну жағдайына байланысты негізгі экотиптер сипаты жасалды. Мәселен, бидай үшін мынадай негізгі Экологиялық топ анықталды: далалық, далалы орманды, батыс еуропалық, тау етегіндегі әзербайжандық.

Эк.-геогр. принциптер негізінде мәдени өсімдіктерді зерттеу табиғм және жасанды сұрыптау ролін және түрлі экотиптердің қалыптасуына сыртқы әсердің маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Дарвин іліміне толық сәйкес эк. – геогр. систематика анықтағандай, мәдени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік қызметімен-сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.

Н.И.Вавилов экол. – геогр. принципке негізделген мәдени дақылдардың ішкі түрлі систематикасының схемасын ұсынды:

 

 

Т Ү Р

I

Экологиялық – географиялық тип

I

Формалар мен сорттар

I

Н.И.Вавиловтың өсімдік түрлерінің бастапқы материалары туралы ілімі бөлшектенген географиялық және экологиялық типтердің анықталған, дискреттелген, динамикалық морфофизиологиялық жүйесі болып табылады. Сондықтан да өсімдіктер селекциясындағы бастапқы материалды зерттеу түрлі системадағы бөлшектенген экол.-геогр. негізде жүргізімді тиіс.

 

 

3. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері

 

 

Өсімдіктердің мутация және будан кезінде өзгеріске түсуі негізінде олардың арасында морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерешелік туады.

Бұл жаңа сорттарды шығару барысындағы сұрыптау процесіне байланысты жүзеге асырылады. Сорттар сапасы жағынан бір-бірінен өзгеше болады. Сорт сапасы олардың белгілері мен қасиеттерінен көрінеді. өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болмасын, көптеген белгілері және қасиеттерінің жиынтығымен сипатталды.

Белгілер мен қасиеттер-организм дискретінің морфологиялық, физиологиялық немесе биохимиялық бірлігі. Өсімдік құрылымының морфологиялық ерекшелігі белгілер деп аталады.

Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағын Тарту және көзбен баға беру жолымен анықталады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағының саны мен көлемі, сабағының жуандығы, масақ пен сыпырғының көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақтығы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар. Түрлі белгілердің шаруашылық құңылығы біркелгі емес: бірқатарының маңызы үлкен болғанмен, екіншісінің маңызы төмендеу.

Өсімдік белгілерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сапалылық және сандық, математикалық көзқарас түрғысынан сандық және сапалық арасындағы айырмашылықтың алғашқысы топтастырылатын болса, екіншісінде вариациялық қатар бойынша топтастырылмайды. Сапалық белгіден көз өлшемімен айыру арқылы аңықтауға болатын айырмашылық, мәселен: масақтың қылтанақты және қылтанақсыз, қабыршақты және жаланаш дән, түйіндердің домалақ немесе сопақша формалары, сабақтың бос немесе тығыз болуы. Сандық белгілерден, көз өлшемімен айыруға келмейтін оны тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анықтауға болатын өлшеледі айтамыз. Оған масақтағы және сабақтағы дән саны, түйіндер мен тамыр түйіндерінің салмағы, дәннің ірілігі, күнбағыстың табақ диалятрі, сабақтың ұзындығы мен қалыңдығы т.б. жатады.

Белгілерді сандық және сапалық ретінде бөлу шартты сипатта болады. Қандай бір сапалық белгі болмасын сандық сипат беруге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықтама беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз болса, онда айырмашылық сан өлшемі бойынша сипатталады. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі қылтанақты, екіншісі қылтанақсыз болса, бұл белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл белгілерге сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Мәселен, сабақтардың ұзындығын анықтау: биік, орта, төмен; дәннің көлемін анықтау кезінде: ірі, майда болып бөлінеді.

Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың қасиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суыққа, қысқа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, жарыққа реакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде теңайтқыш пен суды пайдалануға икемділігі жатады. Биохимиялық қасиет өсімдік бойынша болатын түрлі заттардың сандық және сапалық белгілері: белок, крахмал, қант, май, эфир майы, витаминдер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық қасиеттері оларды өндірістік өңдеуге байланысты анықталады. Оған: дәнді тартқан кезде ұнның шығу мөлшері, жабылған нанның көлемі мен көпсуы, арпа дәніндегі экстративті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техникалық мәліметтері жатады.

Сорт бағасының негізгі көрсеткіші – оның өнімділігі. Ол өсімдіктің көптеген шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі процесс болып табылады.

Әр ұрпақтың организміндегі қандай да бір белгілер мен қасиеттер бір немесе бірнеше гендердің негізінде қоршаған ортамен өзара байланысты қайтадан дамуға түседі. Организм өмір сүрген орта тұрақты болмағандықтан, бұрынғы белгінің қайта көрініс табуын модификация деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, олардың дамуы сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты болмайды, сондықтан үзіліс сипатта болады. Сандық белгілер гендердің көп санымен айқындалып, олар қатаң бақыланбайды. Сандық белгілер тұрақты болмағандықтан олардың дамуы сыртқы ортаның әсеріне өте бағынышты болғандықтан, үзіліссіз сипатқа ие болады.

Өсімдіктердің сыртқы ортаның әсерінен сапалық және сандық өзгерістерге ұшырау деңгейі әртүрлі: бір белгілер өте өзгергіш болғанмен, екіншілердің өзгергіштік белсенділігі төмен экотиптер, формалар мен сорттардың ішкі түрлік саналуандығын зерттеу барысындағы селекция жұмысында мыналарды білу мен есепке алуды ұмытпау қажет:

1) түрлі формалар мен сорттардағы белгілер мен қасиеттердің мұрагерлік өзгергіштігінің дәрежесі;

2) өсудің түрлі жағдайларының әсерінен бір сорттың (оның реакция нормасы) айқын белгілердің өзгергіштік дәрежесі. Бұл жаңа сортты шығару барысында тиісті форманы сұрыптау және өсіріліп жатқан сорттарға өте қолайлы жағдайлар жасау үшін қажет.

Осы айтылғандарға түсініктеме ретінде бірнеше мысал келтірейік(30-31беттер "Егіс дақылдарының селекциясы").

 

4. Сорт туралы ұғым

Селекциялық ТШ-ғы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және АШ-ғы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт таптарының өзара ұқсастығы мен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктер систематикасындағы "форма" және "сорт" бір ұғымды білдіреді. Бірақ бұл ұғымдардың бірлестігі олардың арасындағы ботаникалық және экологиялық ұқсастықтарға қатысты. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Сорт деп, өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады. Мындай негізгі шарттарды атап өту қажет:

1) Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтілуі.

2) Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3) Сорт анық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.

4) Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейде, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

5) Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруі қамтамасыз етуі тиіс.

АШ-ғы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша және шығару тәсіліне сәйкес бөлектенеді. Шығу тегі бойынша олар жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.

Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне қарай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған. Көптеген жергілікті сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша сан алуан, сондықтан селекциялық сорттар шығару үшін, бағалы, бастапқы материал болып табылады.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт-клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.

Сорт-популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандыру нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес. Өздігінен тозаңданатын сорт-популяция көп ретте гомозитоттық линиялардың қоспасы болып келеді, морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша әр түрлі. Сорт-популяциялар айқас тозаңдану тұрақты жүретіндіктен олар біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Барлық өздігінен тозаңданатын жергілікті сорттар және айқас тозаңданатын дақылдардың сорттары сорт-популяцияға жатады.

Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды және сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт – біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады. Табиғи қайта тозаңдану, механикалық ластану және мутация әсерінен линиялық сорттар бірте-бірте өз қасиеттерін жоғалта бастайды. Линиялық сорттарға жаздық бидайдың – Лютесценс 62, сұлының – Победа, арпаның – Винер және Нутанс 187, тарының Саратов 853 сорттары жатады.

Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, оншама біркелкі болмайды. Кейде олардан қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарылады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың – Безантия 1, Прибой, Одесса 51, жаздық бидайдың – Саратов 29, Харьков 46, арпаның – Одесса 100, Носов 9.

Кейде будан популяциясынан тек бір ғана емес морфологиялық біртекті, бірақ биологиялық түрлі линиядағы түрлері таңдап алынды. Мұндай линиялардың біріккен ұрпағы көп линиялы будан сорттарды құрайды. Бұған жаздық бидайдың Московская 35, арпаның Донецк 4 және басқа сорттары жатады.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 139 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>