|
жедел ревматикалық қызба 1, белсенді кезең, қақпақшалар ақауынсыз біріншілік ревмакардит, полиартрит, жедел ағым, ҚЖ0//
жедел ревматикалық қызба 2, белсенді емес кезең, ревматикалық миокардиосклероз, латентті ағым, ҚЖ1//
+жедел ревматикалық қызба 1, белсенді кезең, митральді қақапақшаның эндокардиті, полиартрит, жедел ағым, ҚЖ0//
жедел ревматикалық қызба 2, белсенді кезең, митральді қақпақшаның перикардиті, полиартрит, жедел ағым, ҚЖ0//
жедел ревматикалық қызба 3, белсенді кезең, аорта қақпақшасының қайталамалы эндокардиті, миокардит, полиартрит, жеделдеу кезең, ҚЖ1
***
260.12 жастағы қыз балада басынан өткізген баспадан 15 күн өткеннен кейін, тізе, шынтақ және білезік буындарының ұшпалы ауырсынуы, әлсіздік, селқостық, жүректің жиі соғу сезімі пайда болды, дене қызуы 38,0 0С дейін жоғарлады. Қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, көз айналасында көлеңкелер, қарағанда буындары өзгермеген, бірақ қозғалыстары шектелген. Перкуторлы- жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см шығыңқы. Аускультативті -жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, жүректің соғу жиілігі 124 рет минутына. Осы аурудың негізгі емін анықтаңыз://
делагил+хлорбутин+ацетилсалицил қышқылы//
циклофосфамид+ ацетилсалицил қышқылы кислота +аскорутин//
+бензилпенициллин +диклофенак-натрий+аскорутин//
преднизолон+азатиоприн+аскорутин//
преднизолон+гепарин+курантил
***
261.Қыз бала 10 жаста. Тез шаршағыштық, әлсіздік, ауа жетіспеушілік сезімі, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімге шағымданады. Анамнез бойынша жақында баспамен ауырған. Қарауда: тері жабындылары бозғылт, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі, бетінің ісінуі. ТАЖ-минутына 32 рет. ЖСЖ-минутына-96 рет. Өкпесінде-әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар төменгі бөліктерінде естіледі. Жүректің сол жақ шекаралары сол бұғана ортаңғы сызығынан 2,5 см сыртқа қарай ығысқан. Аускультацияда-жүрек тондары тұйықталған, шамалы экстрасистолалар. Жүрек ұшында және V нүктесінде орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Диагноз қойыңыз://
жедел миокардит, вирусты этиология, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымды, ауыр, НII//
жедел миокардит, вирусты-бактериалды этиология, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымды, ауыр, НIIА//
+жедел миокардит, бактериалды этиология, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымды, орташа ауырлықта, НIIА//
жедел миокардит, идиопатиялық, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жеделдеу ағымды, ауыр, НIIБ//
жедел миокардит, бактериалды этиология, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жеделдеу ағымды,ауыр, НIII
***
262.13 жастағы қыз бала таңертеңгілік уақытта буындар қозғалысының шектелуіне және олардың ауырсынуына шағымданады. Үнемі преднизолон қабылдайды. Анамнезінен: ауырғанына 5 жылдан асты. Қараған кезде тері жабындылары бозғылт, фаланга аралық және шыбық-білезік буындары ісінген, тізе буындарының вальгусты деформациясы байқалады. Окулистпен қаралған, диагнозы-увеит. Тізе буындарының рентгенограммасында буын саңылауы тарылған, тоқпан жіліктің эпифизарлы остеопорозы. Аурудың рентгенологиялық кезеңін анықтаңыз.//
0 саты//
I сатысы//
+II сатысы//
III сатысы//
IV сатысы
***
263.Ұл бала 14 жаста. Қарауда: тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Пальпацияда: эпигастрий және кіндік аймағында таралған айқын емес ауырсынулар болады.Гастроимпедансометрия жоғары қышқылды өндіру қызметін анықтады. Эндоскопияда: асқазан шыршының ошақты гиперемиясы, ісінумен, антральды аймағында тегіс жаралар, қатпарларының гипертрофиясы. Балаға диагноз қойыңыз.//
созылмалыаутоиммунды гастрит,А типті//
созылмалы реактивті гастрит, С типті//
атрофиялық гастродуоденит//
созылмалы беткей гастрит, В типті//
+созылмалы гастрит, В типті,эрозивті
***
264.Баланың шағымдары: ақырғы айларда тамақтанған соң 1,5-2 сағаттан кейін, кейде аш қарынға немесе кешкі уақыттарда мазалайтын ішінің ауырсынуы. Ақырғы апталарда ауырсыну қарқынды бола бастады. Пальпацияда:кіндік аймағында ауырсынулар анықталады. Эндоскопияда: асқазан шырышы қызарған және ісінген. Асқазанды зондтауда: жалпы қашқылдылығы 78. Асқазан шырышында бикарбонаттар секрециясы жоқ. Қанда және зәрде пепсиноген I денгейі жоғарлаған. Балаға диагноз қойыңыз.//
созылмалыаутоиммунды гастрит,А типті//
созылмалы реактивті гастрит, С типті//
атрофиялық гастродуоденит//
+созылмалы беткей гастрит, В типті//
созылмалы гастрит, В типті,эрозивті
***
265.Балаға зерттеме аш қарынға өткізілді. Өт айдайтын таңертеңгі тағам зерттемеге дейін және кейін берілді. Өт қабының көлемі, формасы және қозғалғыш қабілеті бағаланды. Зерттемеде өттің жиырылу қабілетінің жоқтығы анықталды. Балаға диагноз қойыңыз://
+өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//
өт қабы дисфункциясының гипертоникалық түрі//
одди сфинктері дисфункциясының гипотоникалық түрі//
одди сфинктері дисфункциясының гипертоникалық түрі//
одди сфинктері және өт қабы дисфункциясы
***
266.Баланың көңіл-күйі жиі түсінкі, шаршағыштық, жүрегінің қағуы, ішінің ауырсынуы, аш қарынға немесе тамақтан соң, 1,5-2 сағаттан кейін, қыжылдау, лоқсу, ауамен кекіру, ішінің керілу сезімі болады. Эндоскопияда – асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты шамалы қызарған. Асқазанды зондтауда-жалпы қышқылдылығы 89 Б. Диагноз қойыңыз://
созылмалы гастрит, антральды, атрофиялық, секрециясы қалыпты, субремиссия кезеңі//
+созылмалы гастрит антральды, беткей, секрециясы жоғарлаған, өршу кезеңі//
созылмалы гастрит фундальды, атрофиялық, секрециясы жоғарлаған, өршу кезеңі//
созылмалы пангастрит, беткей, секрециясы жоғарлаған, өршу кезеңі//
созылмалы гастрит, фундальды, гиперпластикалық, секрециясы төмендеген, өршу кезеңі.
***
267.Бала 13 жаста. Жыл бойы іші бірнеше рет ауырған, ақырғы апталарда ауырсынулар жиі және ұзақ уақытқа созыла бастады, қыжыл, эпигастрийде ауырлық және толып тұрған сезімі, нәжісі тұрақсыз. Асқазанның эндоскопиясында шырышты қабатының ошақты қызаруы, ісінумен, қатпарларының гипертрофиясы және антральды аймақта тегіс жаралар. Ем тағайындаңыз://
мотилиум + амоксациллин + гербион//
алмагель + кларитромицин + церукал//
де-нол + амоксациллин + гербогастрин//
+омепразол + кларитромицин + де-нол//
тетрациклин + де-нол + лимонтар
***
268.Бала 13 жаста, шағымдары: ішінің ауырсынуы тамақтан соң, 1,5-2 сағаттан кейін, аш қарынға, түнде болады. Мектепте қуырылған бәліш және газдалған сусындармен тамақтанады. Қарауда: тілі қалың ақ жабындымен жабылған, кіндік аймағында ауырсынулар анықталды. Асқазанның эндоскопиясында- шырышты қабаты қызарған, ісінген, атрофиялық өзгерістер бар. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-88 Б. Диагноз қойыңыз://
созылмалы гастрит, реактивті, гиперпластикалық//
созылмалы гастрит, аутоиммунды, атрофиялық//
+созылмалы гастрит, идиопатиялық, беткей//
созылмалы реактивті антральды гастрит//
созылмалы аутоиммунды гастрит, гиперпластикалық
***
269.12 жастағы баланың жалпы тұз қышқылының деңгейін зерттегенде 92 Б., АВН жүйесінің антигендерін асқазан сөлімен бөлу қабілеті жоқ, сонымен қатар, ынталандыру жауабына гастриннің шамадан тыс бөлінуі анықталды. Баланың қан тобы О (I). Бірінші қатардағы препараттармен ем тағайындаңыз.//
омепразол + амоксациллин + фуразолидон//
омепразол + фуразолидон + кларитромицин//
+омепразол + де-нол + амоксацилин//
пилорид + фуразолидон + тетрациклин//
париет + де-нол + тинидазол
***
270.Бала13 жаста, онда аш қарынға ауырсыну төс артына беріледі, фиброэндоскопияда-асқазанның шырышты қабаты қызарған, кейбір жерлері ісінген. Шырышты қабатының дефектісі бар, оның түбі ақшыл-қызыл түсті, шамалы қабынған валмен қоршалған. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-88Б. Бактериологиялық әдісте геликобактер пилори 25-30 к/а анықталды. Жіктеме бойынша клиникалық диагноз қойыңыз://
асқазанның ойық жара ауруы, өршуі, жаңа жара, орташа ауырлықта, асқынусыз//
+асқазанның ойық жара ауруы, өршуі, эпителизация алды, орташа ауырлықта, асқынусыз//
асқазанның ойық жара ауруы, шамалы жазылуы, жеңіл ағымды, асқынусыз//
асқазанның ойық жара ауруы, жаңа жара, ауыр ағымды, асқынусыз//
асқазанның ойық жара ауруы, өршудің басылуы, орташа ағымды, асқынусыз
***
271.Катя К., 8 жаста. Балада бірнеше ай ішінің ауырсынуы, тамақ ішкен соң пайда болады. Пальпация кезінде өт қабы нүктесінде ауырсыну, бауыры қабырға доғасы астынан 1,5 см, жұмсақ-эластикалық консистенцияда, іш қатуға бейім. Ультрадыбысты зерттемеде: қозғалғыш қызметінің көрсеткіштері 80%. Жиырылу қабілеті жоғарлаған. Диагноз қойыңыз://
өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//
+өт қабы дисфункциясының гипертоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипотоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипертоникалық түрі//
өт қабы және Одди сфинктерінің дисфункциясы
***
272.Бала 10 жаста. Оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуына, керілу сезіміне шағымдануына көп уақыт болды. Іші жұмсақ, өт қабы нүктесінде және оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну. Іш қатуға бейім. Дуоденальді зондтауда «В» порциясында өт баяу, біркелкі ағады, жылдамдығы қалыптыдан төмен. Ультрадыбысты зерттемеде: өт қабы 7х3 см, қозғалғыш қызметінің көрсеткіші – 50%. Диагноз қойыңыз://
+өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//
өт қабы дисфункциясының гипертоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипотоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипертоникалық түрі//
өт қабы және Одди сфинктерінің дисфункциясы
***
273.Бала 10 жаста, вегетативті қан тамыр дистониясы бойынша ем қабылдайды. Тез шаршайды, ашушаң, жылауық, бас ауруы болады, оң жақ қабырға доғасы астында ұстама тәрізді, бірақ қысқа мерзімді ауырсынулар, жиі эмоциональды жағдайларда кейін байқалады. Зерттемеде: Одди сфинктерінің жоғары белсенділігі, жоғары қозғалғыштығы және өт қабы концентрациясының қызметінің төмендеуі анықталады. Дискенезияның түрін көрсетіңіз://
өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//
+өт қабы дисфункциясының гипертоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипотоникалық түрі//
одди сфинктерінің дисфункциясы, гипертоникалық түрі//
өт қабы және Одди сфинктерінің дисфункциясы
***
274.Бала 7 жаста, ауырғанына 2 ай болды. Дене температурасы 37,3-37,50 С. Шағымдары:әлсіздік, тәбетінің төмендеуі және сол жақ бүйірінің ауырсынуы. Қанның биохимиялық анализінде: мочевина-6,6 ммоль/л. Қан анализінде: гемоглобин 118г/л, эритроциттер 4,1х1012, лейкоциттер – 16,1х109,ЭТЖ – 20мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок – 0,99%0, лейкоциттер 30-40 к\а. Экскреторлы урографияда: сол жақ жоғарғы несеп жолдарының тонусы төмендеген. Жіктеме бойынша диагноз қойыңыз.//
жедел біріншілік пиелонефрит, бүйрек қызметі сақталған//
+жедел екіншілік пиелонефрит, бүйрек қызметі сақталған//
жедел біріншілік пиелонефрит, бүйрек қызметі сақталмаған//
жедел екіншілік пиелонефрит, бүйрек қызметі сақталмаған//
жедел екіншілік пиелонефрит, латентті форма, бүйрек қызметі сақталған
***
275.Бала 10 жаста. Ауырғанына 3 апта болды. Фолликулярлы ангинамен ауырған, содан 2 аптадан кейін ауыра бастады.Қарауда-қабағы ісінген. Артериалды қысымы-125/80 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 118 г/л. Эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер-9,8х109 ЭТЖ-22 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок 2,67 %о, эритроциттер-8-10 к/а., гиалинді цилиндрлер 5-6 к/а. Морфологиялық өзгерістерді нақтылау үшін биопсия жасалды, онда: шумақшалар капиллярларының базальды мембраналары бойында және мезангииде С3 комплементтер мен G иммуноглобулиндерден құралған гранулярлы түйінді депозиттер анықталды. Диагноз қойыңыз://
лелейн ошақты гломерулонефриті – эндокапиллярлы//
жедел эмболиялық нефрит//
жедел гломерулонефрит факальды-бактериалды//
жедел гломерулонефрит лобарлы нефрония//
+жедел постстрептоккокты гломерулонефрит
***
276.Бала 14 жаста. Ауырғанына 3 жыл болды. Жағдайының нашарлауы вирусты инфекциямен ауырғанымен байланысты. Басның ауруы, әлсіздік, дімкәстік пайда болды.Тері жабындылары бозғылт. АҚ-110/60 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 116г/л, эритроциттер- 4,3х1012, лейкоциттер - 8,8х109, ЭТЖ -17 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: түсі-ашық қызыл, үлес салмағы - 1013, белок – 0,66‰, эритроциттер – 50-55 к/а. Зимницкий бойынша зәр анализінде - минимальды үлес салмағы 1008, максимальды үлес салмағы - 1012. Диагноз қойыңыз.//
созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі//
созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі//
+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//
тұқымқуалаушылық нефрит//
нефротикалық синдром
***
277.Бала 10 жаста. Ауырғанына 3 жыл болды. Ақырғы 2 аптада басының ауруы, ішінің ауырсынуы мазалайды. Қарауда: тері жабындылары боғылт. Бетінде, аяқтарында, белінде ісінулер бар. АҚ - 105/75 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 115г/л, эритроциттер – 4,2х1012, лейкоциттер – 10,2х109, ЭТЖ 23 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде мочи: үлес салмағы - 1012, түсі – күрең-сары, белок – 6,6‰, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер- 0, гиалинді цилиндрлер- 3-4 к/а. Зимницкий бойынша зәр анализінде: минимальды үлес салмағы-1,010, максимальды- 1,017, күндізгі диурез- 325 мл, түнгі - 415мл. Диагноз қойыңыз.//
+созылмалы гломерулонефрит нефротикалық түрі//
созылмалы гломерулонефрит аралас түрі//
созылмалы гломерулонефрит гематуриялық түрі//
тұқымқуалаушылық нефрит//
нефротикалық синдром
***
278.Бала 12 жаста, ауру ағымында: алғаш рет қабағының ісінуінен басталды, кейін бетінің ісінуі, сонан соң бел аймағының ісінуі асцитке дейін әкелді. АҚ 120/70 мм.с.б. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок – 45 г/л, альбуминдер -30г/л, холестерин – 10 ммоль/л, жалпы липидтер -15г/л. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 116г/л, эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер- 8,8 х109, ЭТЖ - 66 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок -17,8 %0, лейкоциттер 2-3 к/а., түйіршікті цилиндрлер 6-8 к/а, балауыз цилиндрлер- 4-5 к/а. Жіктеме бойынша клиникалық диагноз қойыңыз.//
біріншілік нефротикалық синдром, жартылай клиникалық ремиссия, орташа ауырлықта, бүйректің парциалды қызметінің бұзылуы//
+біріншілік нефротикалық синдром, белсенді сатысы, ауыр ағымды, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
екіншілік нефротикалық синдром, белсенді фаза, өте ауыр түрі, жеделдеу ағымды, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
екіншілік нефротикалық синдром, белсенді фаза, орташа ауырлықта, жеделдеу ағымды, бүйрек парциалды қызметінің бұзылуы//
екіншілік нефротикалық синдром, белсенді фаза, ауыр ағымды, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
***
279.2 жастағы баланың бетінде, аяқтарында, белінде айқын ісінулер бар. АҚ 110/70 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 7,7х109, эритроциттер – 4,2х1012 , ЭТЖ-50 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок – 45 г/л, жалпы липидтер – 10г/л, жалпы холестерин – 10 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде- белок 6,6%0, лейкоциттер 2-3 к/а., түйіршікті цилиндрлер 6-4 к/а. Зимницкий бойынша зәр анализінде минимальды үлес салмағы 1,029, максимальды үлес салмағы 1,035. Диагноз қойыңыз?//
созылмалы екіншілік обструктивті пиелонефрит//
созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі//
созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі//
+біріншілік нефротикалық синдром//
Тұқымқуалаушылық нефрит. Альпорт синдромы.
***
280.7 жастағы балады нефротикалық синдром, беті және аяқтары ісінген. Жүрек тондары тұйықталған. Бауыры қабырға доғасы астынан 3 см ұлғайған. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 105 г/л, эритроциттер - 4,0х10/12, лейкоциттер - 6,6х10/9, ЭТЖ – 55 мм/с. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок – 47 г/л, жалпы холестерин – 14ммоль/л, жалпы липидтер – 12 г/л. Жалпы зәр анализінде селективті протеинурия 1,65 г тәулігіне. Бала су ішкісі келеді, бірақ сұйықтықты қабылдау нұсқаулары://
тәулігіне 30 мл/кг салмағына//
тәулігіне 500,0 мл//
алғашқы күнгі диурезге тең -10мл/кг салмағына//
+алғашқы күнгі диурезге тең + 15 мл/кг салмағына//
тәулігіне қанша ішкісі келсе, сонша беруге болады
***
281.Бала 12 жаста. ‚Д’ есепте 3 жыл тұр, жедел постстрепококкты гломерулонефритпен ауырған. Жағдайы нашарлап, адинамия, бас ауруы, лоқсу, құсу, диарея пайда болуы. АҚ 150/100 мм.с.б. ЖСЖ минутына - 132 рет. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер - 4,2х1012 , лейкоциттер 8,8х109,ЭТЖ – 33 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: мочевина – 18 ммоль/л., қан сары суында креатинин деңгейі -180 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде: белок - 3,0 %о, эритроциттер 20-25 к/а., лейкоциттер 2-3 к/а. Диагноз қойыңыз.//
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, уремия//
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, субкомпенсирлерген сатысы//
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, олигоуриялық сатысы//
+созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, анурия сатысы//
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, декомпенсирленген сатысы
***
282.Бала 8 жаста. Ауырғанына 3 жыл болды. Ауырханаға түскенде бетінің, белінің, аяқтарының ісінуі анықталды. Кешке таман басының шүйде бөлігінің қатты ауырсынуы. көзінің қарауытуы, лоқсу болды. АҚ 160-110 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 112 г/л, лейкоциттер- 8,8х109 ,эритроциттер - 4,2х1012 , ЭТЖ – 32 мм/с.Жалпы зәр анализінде: белок – 2,67%0, эритроциттер - 6-7 к/а. Гиалинді цилиндрлер - 6-7 к/а. Балада қандай асқыну?//
жедел бүйрек жетіспеушілігі, гипергидратация синдромы//
+жедел бүйрек жетіспеушілігі, уремиялық интоксикация//
жедел бүйрек жетіспеушілігі, азотемиялық компонент//
жедел бүйрек жетіспеушілігі, ацидотикалық компонент//
уремиялық токсиндер құрамының жоғарлауы
***
283.Ауырғанына 3 жыл болды. Ауруханаға қайтадан ауыр жағдайда, аурудың екінші күні түсті. Шағымдары: басының ауруы, ішінің ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Тері жабындылары балауызды бозғылт түсті, айқын ісінулер анасаркаға дейін. Жүрек тондары тұйықталған. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 114 г/л, лейкоциттер 8,8х109 ,эритроциттер - 4,2х1012 , ЭТЖ – 40 мм/с. Мочевина – 17,1 ммоль/л, жалпы белок – 40г/л. Жалпы зәр анализінде – белок – 9,9 ‰; гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а. Диагноз қойыңыз?//
тез үдейтін гломерулонефрит//
созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//
созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі//
+созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі//
интерстициалды нефрит
***
284.Бала 7 жаста. Жедел респираторлы вирусты инфекциядан кейін әлсіздік, шаршағыштық пайда болады. Зерттемеде: Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер – 4,3х1012 лейкоциттер – 8,0х109, ЭТЖ - 15 мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок 0,99‰, эритроциттер 60-65 к/а. Амбулаторлы картадан –ақырғы 2 жылда жалпы зәр анализінде гематурия және протеинурия түрінде өзгерістер болған, бірақ оған жанұялық дәрігер мән берген жоқ. Диагноз қойыңыз://
+идиопатиялық қайталамалы макрогематурия//
созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром//
созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі//
созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//
жедел постстрептококкты гломерулонефрит
***
285.Бала 8 жаста, жедел респираторлы вирусты инфекциямен жиі ауырады. 2 апта бұрын жағдайы нашарлап, бетінің, аяғының, белінің айқын ісінулері пайда болды. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, эпидермистің түлеуі, теріде стриялар, шаштары сынғыш, түссіз. ТАЖ – минутына 32 рет, ЖСЖ – минутына 108 рет. АҚ - 115/80. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2х1012, лейкоциттер 9,0х109, ЭТЖ – 70 мм/с. Қанның биохимилық анализінде: жалпы белок 58 г/л; холестерин 10 ммоль/л, жалпы липидтер 12 г/л. Жалпы зәр анализінде – үлес салмағы 1,027, белок – 3,3%о, лейкоциттер- 2-3 к/а. Ем тағайындаңыз://
пенициллин 500 таб. х 4 рет б/ет ішілік//
+преднизолон 60 мг 1 рет тәулігіне, таңертең//
реополиглюкин 100,0 вена ішілік, тамшылатып//
лазикс по 2 мл таңертең б/ет ішілік//
беліне сәуле ванналары, күнделікті
***
286.6 жастағы қыз бала. Жедел респираторлы вирусты инфекциядан 3 апта өткеннен кейін, терісінде көптеген петехиальды- экхимозды бөртпелер пайда болды. Бөртпелер симметриясыз, полихромды. Ауырғанына 2 ай болды. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер– 3,67х1012/л, тромбоциттер 80,0х109/л. Қан ұйындысының ретракциясы төмендеген. Сүйек миында - «қызмет атқармайтын» мегакариоциттер мөлшері көбейген. Жіктелуі бойынша диагноз қойыңыз://
идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл, құрғақ түрі, созылмалы ағым, өршу кезеңі//
+идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл, құрғақ түрі, жедел ағымды//
идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл, ылғалды түрі, созылмалы ағымды//
идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл, ылғалды түрі, созылмалы ағымды, өршу кезеңі//
идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл, құрғақ түрі, созылмалы ағымды, клиникалық ремиссия кезеңі
***
287.5 жастағы науқас 1 ай бойы ауырады. Балада кезеңді түрде іші ауырған. Қарау кезінде: бөкседе, аяқтарында және дененің басқа бөліктерінде ұсақ нүктелі симметриялы геморрагиялық бөртпелер анықталған. Тізе және балтыр буындары ісінген, қозғалғанда ауырсынады. Соңғы 2 жұмада жалпы зәр анализінде: белок -0,069 г/л, эритроциттер- 5-7 көру аймағында. Жіктелуі бойынша диагноз қойыныз.//
геморрагиялық васкулит, қарапайым түрі, жедел ағым//
+геморрагиялық васкулит, аралас түрі, жедел ағым//
геморрагиялық васкулит, қарапайым түрі, жеделдеу ағым//
геморрагиялық васкулит, аралас түрі, жеделдеу ағым//
геморрагиялық васкулит, аралас түрі, созылмалы ағым
***
288.Жедел жәрдем дәрігері кома жағдайындағы балаға келді. Бала қант диабетімен ауыратындығын анықтағаннан кейін, 40% глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізді. Дәрігер әрекетін бағаланыз.//
Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |