Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

кіндік жарасы түбінде шырышты бөлініс пен саңырауқұлақты ісік// 4 страница



бариймен асқазанның рентгеноскопиясы//

ультрадыбысты зерттеме//

релаксациялық дуоденография//

+эндофиброгастродуоденоскопия//

асқазан шырышын фракционды зерттеу

***

137.Балада арнайы зонд арқылы асқазан және өңештің бірнеше нүктелерінде тіндердің қарсылығы өлшенді.Қарсылығы асқазанның қышқыл өндіру қызметіне кері пропорционалды болды. Өңештің қышқылдануын ынталандырушы (гистаминді) енгізбей тұрып және енгізгеннен кейін асқазанның қышқыл өндіру қызметі, антральды бөлігінің нейтрализдеуші қабілеті бағаланды. Бұл әдіс://

асқазанды фракционды зондтау//

асқазан РН-метриясы//

реогастрография//

+гастроимпедансометрия//

эзогастродуоденоскопия

***

138.Бала 13 жаста. Шағымдары: тамақ ішкісі келгенде ішінің ауырсынуы. Жиі ащы дәммен кекіру болады. Эндоскопияда: асқазан шырышы қызарған, шырышты қабатының терең дефектісі бар, ол фибрин жабындысымен жабылған және қабынған валмен қоршалған. Балаға диагноз қойыңыз://

созылмалы гастрит А типті//

созылмалы гастрит В типті//

созылмалы гастрит С типті//

жара алды кезең//

+асқазанның ойық жара ауруы

***

139.Бала 14 жаста. 3 жыл бойы гастроэнтерологта есепте тұрған диагнозы: «Асқазанның ойық жара ауруы». Жыл сайын қазан немесе наурыз айында аурудың өршуіне байланысты ем алады. Аурудың мерзімді өршуі немен байланысты?//

ауырсынудың мойниганды ырғақтығына//

суық түскен кезде бикарбонаттар секрециясының болмауына//

+нейрогуморальды реттеуші механизмдердің дестабилизациясына//

мектептегі үзілістерде диетаның бұзылуына//

пепсиногена I және II жоғары өңдірілуіне

***

140.Бала 14 жаста. 3 жыл бойы ауырады. Бала майлы және қуырылған тағамдарды жегеннен кейін ішінің ауырсынуы пайда болып, жағдайы нашарлады. Қарауда: тері жабындылары бозғылт түсті, тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде ауырсыну пилоробульбарлы аймақта және кіндік маңында байқалады. Кешкі уақытта кенеттен ішінің қатты ауырсынуы, құсу пайда болып, дене қызуы 380 көтерілді. Баланың жағдайы неге нашарлады?//

асқазанның ойық жара ауруының өршуі//



аппендицит ұстамасы//

асқазаннан қан кету//

асқазан пенетрациясы//

+асқазан перфорациясы

***

141.Баланы эндоскопиялық зерттегенде асқазанның шырышты қабаты қызарған және кейбір жерлері ісінген. Шырышты қабатының дұрыс емес формалы дефектісі бар, ол фибрин жабындысымен жабылған және қабынған валмен қоршалған. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы 80-ге тең. Балаға ем тағайынданыз://

трибимол//

вентрисол//

тинидазол//

+гастросидин//

церукал

***

142.Баланың жағдайы ауыр, дене температурасы 380. Тері жабындылары бозғылт. Бет әлпеті ауырсынумен тыжырайған, себебі 12 сағат бойы тұрақты ауырсыну эпигастральды аймақтың оң жағында анықталады, беткей пальпацияда кезеңмен ауырсыну қарқындығы күшейе түседі. Медикаментозды ем ауырсынуды баспайды. Қан анализінде: лейкоциттер-12,0х109,эритроциттер – 4,1х1012 , ЭТЖ-39 мм/с. Балада асқынудың қандай түрі?//

пилоростеноз//

+пенетрация//

перфорация//

қан кету//

тесілу

***

143.Бала 8 жаста, тамақ ішкен соң ішінің ауырсынуы мазалайды. Қарауда: тері жабындылары бозғылт түсті. Өт қабы нүктесінде ауырсыну бар, бауыры қабырға асты доғасынан 1,5 см шығып тұр, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, іш қатуға бейімділігі бар.Өт қабының ультрадыбысты зерттемесінде: өт қабының жиырылу қабілеті шамалы жоғарлаған, қозғалу қызметінің көрсеткіштері- 80%.Қан анализінде: Лейкоциттер-7,9х109,эритроциттер – 4,2х1012 , ЭТЖ-12 мм/с. Дуоденальды зондтауда: «В» порциясында ішек таяқшасы себілді. Балаға ем тағайындаңыз.//

пенициллин//

+метронидазол//

ампицилин//

оксоцилин//

карбеницилин

***

144.Бала 14 жаста. Дәрігер церукал, гепабене, электр ұйқы тағайындады. Дискенезияның түрін көрсетіңіз://

+өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//

өт қабы дисфункциясының гипертоникалық түрі//

одди сфинктері дисфункциясының гипотоникалық түрі//

одди сфинктері дисфункциясының гипертоникалық түрі//

одди сфинктері және өт қабы дисфункциясы

***

145.14 жастағы балада ішінің оң жақ бөлігінде ұстама тәрізді ауырсынулар мазалайды, ұзақтығы 3 минуттан 10 минутқа дейін, оң жақ иығына беріледі. Дене температурасы – 37,50С, көздің ақ қабығының шеткі сарғаюлары байқалады, ауыз мұрын үшбұрышының, мойын шеттерінің, ішінің терісі шамалы сарғайған. Бауыры қабырға асты доғасынан 0,5 см шығып тұр, өт қабы нүктесін пальпациялағанда ауырсынады. Балаға диагноз қойыңыз://

жедел іріңді холецистит//

жедел флегманозды холецистит//

жедел гангренозды холецистит//

+созылмалы калькулёзды емес холецистит//

холецистохолангит

***

146.Балаға 1,5 ай. Бала I жүктіліктен, жүктілік бірнеше рет түсік қаупімен өткен. Бала мерзімінде туды. Туғандағы салмағы 2900,0, омырауға бірінші күннен салынған. Кешке таман сұйық нәжіс пайда болып, осы уақытқа дейін сақталуда. Кейде нәжісі көпіршікті, шырыш араласқан. Алған емнен нәтиже болған жоқ. Қарауда: тері жабындылары бозғылт, бауыры+2,0 см қабырға доғасы астынан. Нәжісте: шырыш, РН-4,8. Лактозамен жүктеме жасағанда қант қисығы тегіс болды. Лактозурия жоқ. Баланы қандай қоспамен тамақтандыру керек?//

нутрилон Пре-1//

биолакпен//

+нан соямен//

нан комфортпен//

хуманамен

***

147.Бала жанұяда үшінші. Туыстарының генеологиялық тармағын анықтаған кезде, ағасының екі баласында нәжістері тұрақсыз, ботқа тәрізді, жағымсыз иісті, көп мөлшерде, майлы және көпіршікті екені анықталды. Балада шағымдары жоқ. Бірақ генеологиялық тармағын зерттегеннен кейін ДQ 2 анықталды. Диагноз қойыңыз://

целиакияның типтік түрі//

целиакияның атипті түрі//

+целиакияның латентті түрі//

біріншілік лактазалық жетіспеушілік//

екіншілік лактазалық жетіспеушілік

***

148.Бала 9 жаста. Ол ішінің кезеңді түрде ауырсынуы, дефекациядан кейін тік ішегінің толық емес босаңсуына, кейде тәңертеңгі шақыруларға жиі шағымданады.Нәжісі аптасына 3-4 рет. Балада ішек тітіркендіргіш синдромының қандай түрі://

ауырсынумен және метеоризммен//

ауырсынумен және диареямен//

іш қатумен және метеоризммен//

+ауырсынумен және іш қатумен//

диареямен және метеоризммен

***

149.Бала 14 жаста. Шағымдары: тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағының ауырсынуы. Кейде лоқсу және қышқылмен кекіру болады. Ақырғы жарты жылда бала қозғыш, ашушаң. Ішін пальпациялағанда ауырсыну эпигастрий аймағында байқалады. Нәжісі күн ара. Балаға ем тағайындаңыз://

ампициллин//

оксациллин//

+амоксациллин//

карбеницилин//

оспен

***

150.4 айдағы балада сүт ішкен соң лоқсу және құсу, ішек шаншулары байқалады.Нәжісі сұйық, көпіршікті, қышқыл иіспен, нәжістің РН 3,3., лактозамен жүктеме жасағанда қант қисығы тегіс түрде. Диагноз қойыңыз://

лактазалық жетіспеушілік, біріншілік, туа біткен//

+лактазалық жетіспеушілік, біріншілік, ерте//

лактазалық жетіспеушілік, біріншілік, кеш//

лактазалық жетіспеушілік, екіншілік, инфекциядан кейін//

целиакияның фонында лактазалық жетіспеушілік

***

151.Бала 13 жаста. Шағымдары: тамақтанған соң, әсіресе майлы және қуырылған тағамдардан эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар мазалайды, бірақ1,5-2 сағаттан кейін басылады. Копрограммада: қортылмаған бұлшық ет талшықтары+. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-58 Б. Гастриттің клиникалық түрін анықтаңыз://

жара тәрізді//

+дискинетикалық//

атипті//

симптомсыз//

қарапайым

***

152.Бала 13 жаста. Оны жиі ішінің ауырсынулары, әсіресе түнде немесе тәңертең ерте уақытта, қыжыл мазалайды. Протонды насос ингибиторлары тобындағы дәрілерді тағайындаңыз://

гастал//

рутацит//

+пантопразол//

раницитидин/

низатидин

***

153.13 жастағы бала негізгі ауруы бойынша ұзақ уақыт преднизолон қабылдайды. Тамақтан соң, 1,5-2 сағаттан кейін, кейде аш қарынға немесе кешкі уақытта эпигастрий аймағында ауырсынулардың пайда болуына, ауамен кекіру, қыжылға шағымданады. Балаға ем тағайындаңыз://

лимонтар//

церукал//

мотиллиум//

+сайтотек//

гербион

***

154.Бала 14 жаста, Ювенильді ревматоидты артритпен «Д» есепте тұр, вольтаренді жиі қабылдайды. Ақырғы 3 айда аш қарынға немесе кешкі уақытта эпигастрий аймағында ауырсынулар, ауамен кекіру, қыжыл мазалайды. Баланың емінде қандай препарат көрсетілген?//

церукал//

лимонтар//

+энпростил//

гербогастрин//

гербион

***

155.Бала 13 жаста, аш қарынға және түнде ішінің ауыруына шағымданады. Жиі кекіреді, кейде қышқылмен кекіру болады. Эндоскопияда: асқазан шырышы қызарған, шырышты қабатының терең дефектісі бар, ол фибринмен жабылып, шеттері қабыну валымен қоршалған. Екінші қатардағы препараттармен ем тағайындаңыз.//

эритромицин//

+фурозолидон//

пирензепин//

вентер//

алсукрал//

***

156.Бала 14 жаста, 12 елі ішектің ойық жара ауруы бойынша жанұялық дәрігерде «Д» есепте тұр. Достарының үйінде қонақта болғанда қуырылған бәліш жеген. Кешке таман эпигастрийде кенеттен жедел, шыдатпайтын ауырсыну пайда болған, құсып, дене температурасы 380С көтерілді. Балаға жедел көмек көрсету шараларын көрсетіңіз.//

церукалдың 1 таблеткасын беру//

жедел түрде хирургиялық бөлімге жеткізу//

+іш қуысының обзорлы рентгенограммасын жасау//

бұлшық ет ішілік папаверинді димедролмен енгізу//

но-шпаның 2 таблеткасын беру

***

157.Пенетрация –ол?//

асқазан шырышы регенерациясының бұзылысы//

гастродуоденальды дисмоторика//

+жараның асқазаннан тыс таралуы//

асқазан фундальды шырышты қабатының гиперплазиясы//

асқазан бұлшық ет қабатына жараның таралуы

***

158.Бала14 жаста, шағымдары: 2 күн бойы «қара түсті нәжіс», тәбетінің төмендеуі, эпигастрий аймағының ауырсынуы, әлсіздік және басының айналуы. Эндоскопиялық зерттемеде жедел қан кетумен болған жара дефектісі анықталды. Балаға бірінші ретте не істеу керек?//

но-шпаның 1 таблеткасын беру//

глюканат кальцийдің 1 таблеткасын беру//

+хирургиялық бөлімге ауыстыру//

0,050 мг квамател тағайындау//

қан құю

***

159.Бала 13 жаста, 1,5 жыл бойы педиатрда «12 елі ішектің ойық жара ауруы» диагнозымен «Д» есепте тұр. Фиброгастродуоденоскопияның бақылау зерттемесінде: асқазан шырышы ашық қызыл түсті, қатпарлары айқын көрінеді, 0,5-0,7 см тыртық бар. Жалпы қалыптырушы тағайындаңыз://

сульпирид 0,005мг 2 рет, таңертең және кешке//

мотилиум 2 апта//

+компливит 1 ай//

сайтотек 10 күннен жылына 2 рет//

алмагель 2 апта

***

160.13 жастағы балада 3 ай бойы оң жақ қабырға доғасы астында орналасқан шамалы ұстама тәрізді, 20-30 минутқа созылатын ауырсынулар байқалады. Ауырсыну кенеттен, кейде түнде, көбінесе тамақтанған соң пайда болады да, лоқсумен бірге байқалады. Ультрадыбысты зерттемеде:өт қабы 7,3х3,33см, өт айдайтын тамақтан соң көлемі жартылай кішірейіп, жалпы өт өзегінің диаметрі 1\3-ге ұлғайды. Диагноз қойыңыз://

созылмалы холецистит//

холецистохолангит//

+одди сфинктерінің дисфункциясы//

өт қабының дисфункциясы//

люткенс сфинктерінің дисфункциясы

***

161.Бала 12 жаста. 6 ай бойы оң жақ қабырға астында ауырсынулар, ұстама тәрізді, жедел, қысқа мерзімді, ауырсыну жиі жүгіргенде немесе қатты жүргенде пайда болады. Ультрадыбысты зерттемеде бауырдың көлемі қалыпты, өт қабы алмұрт тәрізді, размерлері 7х3 см. Қозғалғыш қызметінің көрсеткіштері 89%. Дуоденальды зондтауда: өт сұйықтығының ағу жылдамдығы 2,8 мм\мин. Одди сфинктерінің тарылуы. Дисфункцияға не себеп болды?//

мириции сфинктеріндегі өзгерістер//

+бауыр гепатоциттарындағы өзгерістер//

өт қабы қабырғасындағы өзгерістер//

люткенс сфинктеріндегі өзгерістер//

вирсунг өзегіндегі өзгерістер

***

162.Бала 10 жаста. 3 күн бойы ауырады, дене температурасы 38-390 С, қалтырау. Зәр шығару кезінде ауырсыну болады. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 119г/л, эритроциттер 4,4х1012, лейкоциттер 18,3х109, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок 0,66%0, лейкоциттер50-55 к/а, эритроциттер 40-45 к/а, бактериялар - 106.Цистоскопияда: шырышы шамалы қызарған. Диагноз қойыңыз.//

жедел цистит, катаральды//

+жедел цистит, геморрагиялық//

жедел цистит, фибринозды//

жедел цистит, грануляциялық//

жеделцистит, кисталы

***

163.Бала 12 жаста. Дене температурасы 38-390 С, басының ауруы, сол жақ бүйірінің ауырсынуы. Жалпы қан анализінде –гемоглобин 116г/л, эритроциттер 4,2х1012, лейкоциттер-13,3х109, ЭТЖ- 25мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: лейкоциттер – 50-55к/а, бактериялар – 106. Ем тағайындаңыз.//

фурагин//

невиграмон//

+амоксацилин//

нитроксалин/

солафур

***

164.Бала 10 жаста.Дене температурасы380 С, оң жақ бүйірінің ауырсынуы, зәрдің ауырсынумен бөлінуі болады.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 110 г/л. Эритроциттер – 4,2х1012, лейкоциттер- 9,8х109, ЭТЖ- 13 мм/сағ.Жалпы зәр анализінде: белок – 0,66 %о, лейкоциттер- 20-25 к/а, бактериялар -106.Балаға диагноз қойыңыз?//

+жедел пиелонефрит//

жедел цистит//

апостематозды нефрит//

бүйрек карбункулы//

паранефрит

***

165.Бала 12 жаста. Ауырғанына 3 күн болды. Беті, тізесі, белі, жыныс мүшелері ісінген. Артериалды қысымы 130/85 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин -118г/л, эритроциттер – 4,2х1012, лейкоциттер-8,9х109, ЭТЖ - 20 мм/с. Жалпы зәр анализінде: үлес салмағы-1012, белок – 1,67‰, эритроциттер – 25-30 к/а, цилиндрлер – гиалинді 5-7 к/а. Қандай микроб баланың ауруына себепші болды?//

алтын стафилококк//

+бета-гемолитикалық стрептококк//

эпидермальды стафилококк//

жасыл іріңді таяқша//

гемофильді таяқша

***

166.12 жастағы балада ішінің ауырсынуы, бетінде және аяқтарында айқын ісінулер пайда болды. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 118г/л, эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер- 8,8х109, ЭТЖ-25 мм/сағ. А/Қ 130-80 мм.с.б. Жалпы зәр анализінде: белок – 3,3‰, лейкоциттер 2-3 к/а, гиалинді цилиндрлер 3-5 к/а. Этиотропты ем тағайындаңыз://

офлоксацин//

доксициклин//

+амоксацилин//

гентамицин//

линкомицин

***

167.Бала 14 жаста. Ауруханада жатқандағы шағымдары: басының ауруы, ішінің ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Тері жабындылары балауыз тәрізді, анасаркаға дейін айқын ісінулер.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 110г/л, лейкоциттер- 8,8х109, эритроциттер- 4,1х1012, ЭТЖ- 55 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок – 40 гр/л. Жалпы зәр анализінде: белок-9,9%о, түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а. Кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, ентікпесі ұлғая түсті, ішінің ауырсынуы қатайып, құсу пайда болды. Баланың негізгі ауруының асқынуларын көрсетіңіз?//

уремиялық кома//

+гиповолемиялық шок//

бүйрек емізікшелерінің некрозы//

мидың ісінуі//

бүйрек веналарының тромбозы

***

168.Бала 10 жаста. Екпе жасалған, 2 аптадан соң баланың жағдайы нашарлай түсті, бетінде, аяқтарында, белінде ісінулер пайда болды. Тері жабындылары бозғылт. АҚ 110/70.мм.с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Іші жұмсақ, оң және сол бүйірінің ауырсынуы байқалады. Ұрғылау симптомы оң. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 9,8 х109, эритроциттер - 4,0х1012 ЭТЖ – 66 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 48 г/л, жалпы липидтер – 9,0 г/л, мочевина 7,0 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – үлес салмағы- 1028, белок – 6,6%0, лейкоциттер 3-4 к/а, гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а. Диагноз қойыңыз.//

тұқымқуалаушылық нефрит//

жедел гломерулонефрит//

+нефротикалық синдром//

Ig A – нефропатия//

интерстициальды нефрит

***

169.9 жастағы бала әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарауда: терісі «перламуторлық» бозғылт, құрғақ, тыныс алу жиілігі-минутына 45 рет, жүрек соғу жиілігі-минутына 120 рет.Жүрек тондары тұйықталған, жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 0,5 см солға қарай ығысқан. Ішінің көлемі ұлғайған. Беті және аяқтары ісінген.Жалпы қан анализінде:гемоглобин 118г/л, эритроциттер- 4,1х1012, лейкоциттер- 8,9х109, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде:жалпы белок - 3,3%о. Жүрек қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер немен байланысты?//

гидродинамикалық қысымның жоғарлауы//

коллоидты-осмотикалық қысымның төмендеуі//

+натрий мен судың тежелуі//

капиллярлар өткізгіштігінің жоғарлауы//

су реабсорбциясының жоғарлауы

***

170.10 жастағы балада бетінің, ішінің және аяқтарының ісінуі байқалады.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 117г/л, эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер- 7,7х109, ЭТЖ– 70 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок – 6,6%о, лейкоциттер 2-3 к/а. Балада селективті протеинурия. Протеинурияның даму механизмі қандай?//

аурудың белсенді фазасында гиповолемияның болуы//

+бүйрек каналшаларында белок реабсорбциясының бұзылуы//

нефрит кезінде хлор мен натрийдің жоғалуы//

ағзада гомеостаз бұзылыстары//

старлинг тепе-тендігінің бұзылысы

***

171.13 жастағы баланың беті, аяқтары және белі ісінген. АҚ 110/70 мм.с.б. Қанның биохимиялық анализінде:жалпы белок 45 г/л, жалпы холестерин 9,8 ммоль/л, жалпы липидтер- 10г/л, кальций 1,5 ммоль/л. Жалпы қан анализінде – лейкоциттер- 7,7х109 , эритроциттер- 4,3х1012 , ЭТЖ- 66 мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок 3.9%о, лейкоциттер- 3-4 к/а. Оң жақ қол білезігінің рентгенограммасында көлденен орналасқан мөлдір, ені 3 мм жолақтар байқалады. Осы өзгерістердің негізін қалай түсіндіресіз?//

+«Д» витамині метаболизмінің бұзылыстары//

гиперлипидемияның пайда болуы//

тромбоциттер адгезивтілігінің жоғарлауы//

микроэлементтер алмасу бұзылыстары//

зәрмен альбуминдердің жоғалуы

***

172.Айқын ісінулері бар баланың жағдайы күрт нашарлап, анорексиясы нығая түсті. Сұйықтық ішуден бас тартып, лоқсу, құсу, басының ауырсынуы пайда болды. Қандай асқыну?//

көз түбірі сетчаткасының ісінуі//

бүйрек веналарының тромбозы//

өкпе артериясының эмболиясы//

+мидың ісінуі//

флеботромбоздар

***

173.9 жастағы баланың шағымдары:әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Қарауда: терісі «перламуторлық» бозғылт, құрғақ, тыныс алу жиілігі-минутына 45 рет, жүрек соғу жиілігі-минутына 120 рет.Жүрек тондары тұйықталған. Ішінің көлемі ұлғайған. Беті және аяқтары ісінген.Жалпы қан анализінде:гемоглобин 116г/л, эритроциттер- 3,0х1012, лейкоциттер- 8,8х109, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде:жалпы белок - 3,3‰. Балаға вена ішілік, минутына 25-30 тамшыдан 200 мл. реополиглюкин ерітіндісі тағайындалды. Инфузиялық емнің мақсаты қандай?//

тәбетін жоғарлату//

+қан көлемін жоғарлату//

ағза резистенттілігін жоғарлату//

электролитті алмасуды қалыптастыру//

қанда белок деңгейін жоғарлату

***

174.Бала 10 жаста. Есту қабілеті төмендеген.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 118г/л эритроциттер- 4,1х10/12, лейкоциттер-7,8х10/9, ЭТЖ- 22мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок -1,67%о, эритроциттер-30-35к/а, лейкоциттер- 2-3 к/а., бактериялар-105. Осы өзгерістердің негізінде не жатыр?//

Бүйрек каналшаларында әртүрлі заттарды мембраналық тасымалдау бұзылыстары//

+IV типті коллагеннің үшспиральды структураларының қалыптасу бұзылыстары//

Проксимальды каналшалар ферменттік жүйеіндегі тұқымқуалаушылық дефектілері//

Бүйректе аминқышқыл метаболизмі бұзылыстарымен байланысты ауру//

Бүйректе гистидин метаболизмінің тұқымқуалаушылық бұзылыстары

***

175.Бала 7 жаста. 1 жыл бойы ЛОР дәрігерде есту қабілеті төмендеуіне байланысты емделген. Екпе жасау алдында тексергенде жалпы қан анализінде: гемоглобин 116г/л., эритроциттер- 4,2х10/12, лейкоциттер - 6,9х10/9, ЭТЖ 20 мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок - 1,33%о, эритроциттер- 17 -20 к/а, бактериялар- 107. Ем тағайындаңыз.//

преднизолон//

азатиоприн//

+делагил//

ортофен//

бруфен

***

176.Ребенку 6,5 лет. Жыл бойы есту қабілетінің төмендеуі байқалған. Мектепке бару алдында тексеруден өткенде, жалпы қан анализінде: гемоглобин 118г/л., эритроциттер- 4,1х10/12, лейкоциттер- 6,5х10/9, ЭТЖ- 20мм/с.Жалпы зәр анализінде: белок - 1,99%о, эритроциттер- 20-25 к/а, бактериялар- 107. Осы ауруда қанқа-ми нервілерінің қандай жұпы зақымдалған?//

II жұп//

IV жұп//

VI жұп//

+VIII жұп//

XII жұп

***

177.Бала 10 жаста, АҚ 110/70 мм.с.б, жалпы қан анализінде: гемоглобин 116г/л., эритроциттер- 4,2х10/12, лейкоциттер-6,9х10/9, ЭТЖ- 18 мм/с. Иммунограммада- Ig A -1,9 г/л, Т-лимфоциттер- 36%. Жалпы зәр анализінде: белок – 1,66%о, эритроциттер – 25-30 к/а, бактериялар– 106. Диагноз қойыңыз.//

Жедел пиелонефрит//

+тұқымқуалаушылық нефрит//

нефротикалық синдром//

созылмалы гломерулонефрит//

берже ауруы

***

178.8 жастағы балада жыл бойы дыбыс қабылдаушы кереңдік. Жалпы қан анализінде: гемоглобин- 114 г/л, эритроциттер- 4,0х10/12, лейкоциттер- 6,6х10/9, ЭТЖ- 23 мм/с. Қанның биохимиялық анализінде: мочевина- 10,0 ммоль/л., креатинин- 100 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде –белок -3,33%о, эритроциттер - 40-45 к/а., бактериялар - 106. Емнің 5 күні бұлшықет әлсіздігі жоғарлай түсті, тырысулар пайда болып, көру қабілеті төмендеді. Тыныс алуы шулы. Бала жағдайының нашарлау себебін анықтаңыз.//

дәрілік заттарды көтере алмау//

анафилактикалық шок//

жедел бүйрек жетіспеушілігі//

+созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//

бүйрек веналарының тромбозы

***

179.Бала 10 жаста, жүдеу. Көз торында дақ бар. Есту қабілеті төмендеген-дыбыс өткізгіштік кереңдік. Болашақта осы балада қандай асқыну болады://

дыбысты оқшаулау кереңдік//

+дыбысты қабылдау кереңдік//


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>