|
бүйректік кома
***
105.Екі жастағы балада туғаннан кезеңді түрде еңтігу мен тері жабындыларының көгеруімен жүретін және өздігінен қайтатын кенет жағдайлар байқалады. Бұл жағдайлардың пайда болу механизмін түсіндіріңіз://
қан айналым жетіспеушілігі//
тыныс жетіспеушілігі//
+көктамырлық қанның артериялық арнаға өтуі//
артериялық-көктамырлы шунт//
бронхообструкция
***
106.Анасының айтуы бойынша 8 жастағы балада аздаған физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық, әлсіздік, аяқ бұлшықеттерінің ауырсынуы, кейде тіпті тырысуы байқалады. Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімінің бұлшықеттері тым дамыған, табандары бозғылт, ұстағанда суық болып келеді. Сан артерияларының пульсациясы айқын әлсіреген. Бұл балаға біріншіден қандай зерттеме өткізу қажет?//
электрокардиография//
фонокардиография//
эхокардиография//
+артериялық қысымды өлшеу//
жүректің соғу жиілігін санау
***
107.11 айлық балада тынысы үнемі жиіліген, алғашында тыныстың жиілеуі тек бала мазасызданғанда және омырау мен тамақтанғанда байқалатын. Қарау кезінде мұрын және құлақ ұштары, аяқ пен қол саусақтары көгерген. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ қырынан 1,5 см сыртқа орналасқан. Аускультация кезінде жүрек тондары ырғақты, сол жақ ІІ қабырғааралықта ІІ тон әлсіреген, төстің сол жақ бөлігі бойымен қатаң систолалық шу естіледі. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 170 г/л, эритроциттер - 6,4х1012/л, лейкоциттер 5,6х109/л, ЭТЖ-2мм/сағ. Диагноз қойыныз://
жүрекшеаралық перде ақауы//
қарыншааралық перде ақауы//
+фалло тетрадасы//
ірі тамырлардың транспозициясы//
эбштейн ауруы
***
108.3 жастағы балада туғаннан мұрын мен құлақ ұштарының, аяқ пен қол саусақтарының көгеруі байқалады, бүгін кенеттен тынысы жиіленіп, тері жабындылары күлгін түсті болды. 3 минут аралығында бала бұл жағдайынан шықты, бірақ әлсіздік пен селқостық сақталды. Бұл жағдайдан шығу үшін қандай препарат қолданбайды?//
промедол//
натрий оксибутираты//
+дигоксин//
анаприлин//
кордиамин
***
109.8 айлық бала салмағын нашар қосады. Анамнезінен жиі жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауырады. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, тері асты май қабаты ішінде және қол-аяқтарында жұқарған. Тыныс алу жиілігі-56 рет минутына. Аускультация кезінде өкпенің төменгі бөлігінде екі жағынан ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары: сол жақ- алдынғы аксиллярлы сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға, оң жақ- төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқа орналасқан. Жүрек тондары ырғақты, сол жақ II қабырғааралықта мойын тамырларына өтетін систолалық шу естіледі. Кеуде қуысының рентгенограммасында жүрек белі айқын емес, өкпе суреті күшейген. Диагноз қойыңыз://
өкпе артериясының тарылуы//
оқшауланған аорта стенозы//
+ашық артериалды өзек//
ауруханадан тыс пневмония//
обструктивті бронхит
***
110.5 күндік бала 1500 гр салмақпен туды, гестация уақыты 30 апта болған. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт. Жылағанда мұрын-ерін үшбұрышының тұрақсыз көгеруі байқалады. Тыныс алу жиілігі 66 рет минутына, жүрек соғу жиілігі – 154 рет минутына. Сол жақ бұғана асты аймағында систолалық діріл анықталады. Перкуторлы жүректің сол жақ шекарасы алдынғы аксиллярлы сызық бойынша. Аускультация кезінде сол жақ ІІ қабырғааралықта систола-диастолалық шу естіледі. Консервативті ем өткізу үшін препаратты тағайындаңыз://
ортофен//
+индометацин//
аспирин//
диклофенак//
вольтарен
***
111.6 жастағы балада шаршағыштық, ентігу, құрғақ жөтел байқалады. Қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшы күшейген, төстің семсер өсіндісі аймағында пульсация. Аускультативті: өкпе артериясында ІІ тон күшейген.Электрокардиограммада оң жақ жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы байқалады. Кеуде қуысынының рентгенограммасында өкпе артериясының бағаны мен өкпе түбірі кеңейген, өкпе артерия доғасы томпайған, өкпенің шеткері суреті азайған. Бұл балада қандай асқыну дамыды?//
жүрек жетіспеушілігі//
+өкпелік гипертензия//
рецидивті пневмония//
қайталамалы эндокардит//
тыныс жетіпеушілігі
***
112.6 жастағы балада профилактикалық қарау кезінде максимальді төстің семсер өсіндісінің аймағында және 3-4 қабырғааралықта қатаң пансистолалық шу естіледі, бала тұрған кезде шу аздап әлсірейді. Кеуде қуысын қарау кезінде жұрек түрткісі күшейген, төстің сол жағында систолалық діріл сезіледі. Электрокардиограммада V1-2 әкетулерінде R тісшесі жоғары және V5-6 әкетулерінде S тісшесі тереңдеген. Диагноз қойыныз.//
эбштейн ақауы//
эйзенменгер ақауы//
рейно ауруы//
+толончинов-Роже ауруы//
фалло тетрадасы
***
113.Он жастағы баланы тез шаршағыштық, бас айналу, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу мазалайды. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, жүрек аймағы деформацияланған, семсер өсіндісінде пульсация. Аускультация кезінде өкпе артериясында II тон айқын әлсіреген, сол жақ ІІ қабырғааралықта қатаң ұзарған систолалық шу естіледі. Электрокардиограммада V1-2 әкетулерде R тісшесі жоғарлаған және V5-6 әкетулерде S тісшесі тереңдеген. Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе суреті азайған, оң жақ қырының кеңеюінен жүрегі ұлғайған. Диагноз қойыңыз.//
ашық артериалды өзек//
қарыншааралық перде ақауы//
жүрекшеаралық перде ақауы//
+өкпе артериясының тарылуы//
аорта сабауының тарылуы
***
114.Он жастағы баланы бас ауруы, ішінің ауырсынуы, жүрген кезде аяқтарының ауруы, мұрыннан қан кету мазалайды. Қараған кезде: денесінің жоғарғы бөлімі мен қолдарының бұлшықеттері жақсы дамыған. Қолдарында артериялық қысымы 140/100 мм.с.б., аяқтарында анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз://
артериальды гипертензия//
+аорта коарктациясы//
аорта сабауының тарылуы//
аорта транспозициясы//
өкпе артериясының тарылуы
***
115.Он жастағы баланы бас ауруы, бас айналу, аяқтарының әлсіздігі мен ауырсынуы мазалайды, сонымен қатар тіпті ыстық күндері де табандары тонады. Қарау кезінде бала денесінің жоғарғы бөлімі бұлшықеттері жақсы дамыған, мойын және жауырын аймағында кеңейген тамырлар көрінеді. Төсшұңқырында пульсация анықталады. Аускультация кезінде аорта үстінде ІІ тон күшейген, жүректің барлық нүктелерінде систолалық шу естіледі, максимальды жүрек ұшында. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеме жүргізілмейді?//
электрокардиография//
эхокардиография//
кеуде қуысының рентгенограммасы//
+ангиография//
аортография
***
116.12 жастағы ұл бала мұрыннан қан кетуге, сол жақ тізе және екі балтыр буындарының ауырсынуына және қозғалыстарының шектелуіне шағымданады. Анамнезінен – екі апта бұрын баспамен ауырған. Қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, көз айналысында көлеңкелер. Сол жақ тізе және балтыр буындарының көлемдері ұлғайған, ұстағанда ыстық, қозғалыстары шектелген. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 2 см шығыңқы. Жүрек соғу жиілігі 120 рет минутына. Аускультативті -жүрек ұшында І тон әлсіреген, «жұмсақ» систолалық шу естіледі. Көрсетілген клиникалық көрініс қай ауруға тән?//
+жедел ревматикалық қызба//
ревматикалық емес миокардит//
ревматоидты артрит//
Рейтер ауруы//
реактивті артрит
***
117.13 жастағы қыз бала көп жыл аралығында созылмалы тонзиллитпен ауырады, соңғы асқынудан екі апта өткеннен кейін, тітіркенгіштік пен жылағыштық байқалды, жүрісі өзгерді, қол-аяқтарының еріксіз қозғалыстары пайда болды. Қарау кезінде: жүрген кезде аяқтарын сүйретеді, қолдағы заттарды құлатады, сөйлегені анық емес, Ромберг қалпы тұрақсыз. Диагноз қойыңыз://
еріксіз қозғалыстар неврозы//
+кіші хорея//
мишық ісігі//
неврастения//
энцефалит
***
118.11 жастағы ұл баланы әлсіздік, жүрген кезде ентігу, жүрек аймағында ұнамсыз сезімдер мазалайды.9 жасынан бастап жылына 3-4 рет баспамен ауырады. Дене қызуы 37,8 С. Қарау кезінде бадамша бездері ІІ дәрежеге дейін гипертрофияланған, алдынғы доғалармен қосылған. Перкуторлы жүректің сол жақ шекарасы 1,5 см бұғана ортаңғы сызығынан шығыңқы. Аускультативті- жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қысқа, жұмсақ систолалық шу естіледі, шамалы экстрасистолалар. Жүректің соғу жиілігі 116 рет минутына. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 122 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 15,5x109 /л, ЭТЖ- 30 мм/с. Биохимиялық қан анализінде: сиал қышқылдары 260 бірлік, дифениламинді сынақ 320 бірлік, С-реактивті белок +++, антистрептолизин-О 800 бірлік. Диагноз қойыңыз://
жүректің туа біткен ақауы//
ревматикалық емес кардит//
гипертрофиялық кардиомиопатия//
+жедел ревматикалық қызба//
митральды қақпақшаның пролапсы
***
119.13 жастағы бала сол жақ тізе буынының ауырсынуына, дене қызуының 38°С дейін жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, тершендікке шағымданады. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Бір апта бұрын шынтақ буынының ауырсынуы байқалған. Қарау кезінде:сол жақ тізе буыны ұлғайған, ұстағанда ыстық, пальпация және қозғалыс кезінде ауырсынады. Жалпы қан анализінде гемоглобин 140 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 16,5x109 /л, ЭТЖ- 42 мм/с. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеме қажет емес?//
С-реактивті белок//
ревматоидты фактор//
антистрептолизин-О//
+Райт-Хеддельсон реакциясы//
жалпы белок, белок фракциясы
***
120.8 жастағы ұл балада басынан өткізген скарлатинадан 2 апта өткеннен кейін, шынтақ және білезік буындарының ұшпалы ауырсынуы және қозғалыстарының шектелуі, дене қызуының 38,0°С дейін жоғарлауы байқалды. Қарау кезінде бала селқос, бозғылт, перкуторлы жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см шығыңқы, аускультативті жүрек ұшында І тон әлсіз, қолтық асты аймаққы берілумен үрлейтін систолалық шу естіледі. Жүректің соғу жиілігі 106 рет минутына. Қан анализінде гемоглобин 140 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 18,2х109/л, ЭТЖ 55 мм/сағ, антистрептолизин-О 500 бірлік; СРБ +++. Балада қандай асқыну дамуы мүмкін?//
+митральды стеноз//
митральді қақпақшаның пролапсы//
аортальды жетіспеушілік//
кардиомиопатия//
кардиосклероз
***
121.10 жастағы ұл балада басынан өткізген скарлатинадан кейін, сол жақ тізе және оң жақ шынтақ буындарында ауырсыну және қозғалыстарының шектелуі байқалған. Қарау кезінде тері жабындылару бозғылт, сол жақ тізе және оң жақ шынтақ буындарының көлемі ұлғайған, ұстағанда ыстық, пальпация және қозғалыс кезінде ауырсынады. Перкуторлы- жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см шығыңқы. Аускультативті- жүрек ұшында І тон әлсіреген және жұмсақ систолалық шу естіледі. Жүректің соғу жиілігі 124 рет минутына. Қан анализінде: Нв 140 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 12,2х109/л, ЭТЖ 35 мм/сағ, антистрептолизин-О 420 бірлік; СРБ ++. Бұл ауруды алдын- алу үшін қандай препарат қолданбайды?//
бициллин-3//
бициллин-5//
+пенициллин//
экстенциллин//
ретарпен
***
122.11 айлық балада басынан өткізген жедел респираторлы вирустық инфекцияның алтыншы күнінде тыныстың жиілеуі байқалды, бала селқос тамақтан бас тартты. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, мазасызданғанда тыныс жиіленеді. Тыныс алу жиілігі 46 рет минутына. Жүрек соғу жиілігі 136 рет минутына. Перкуссия кезінде жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 3 см шығыңқы. Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу естіледі. Диагноз қойыңыз://
жүректің туа пайда болған ақауы//
туа пайда болған кардит//
+жүре пайда болған кардит//
ошақты пневмония//
обструктивті бронхит
***
123.2 айлық бала соңғы екі ай ішінде жеткілікті түрде омырау алмайтындығын, тез шаршайтындығын анасы байқаған. Омыраумен тамақтандырған кезде қатты терлейді, тері жабындылары бозарады, тынысы жиілейді, көз және ауыз айналасында көгерулер пайда болады. Бала бозғылт, жылағанда мұрын-ауыз үшбұрышы көгереді, ентігу пайда болады, тыныс алу жиілігі-60 рет минутына, жүрек соғу жиілігі-150 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшы түрткісі бұғана ортаңғы сызығынан 2,5 см шығыңқы. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Анасы жүктіліктің 20 аптасында жедел респираторлы аурумен ауырған. Босану асқынусыз өтті. Диагноз қойыңыз://
туа пайда болған кардит//
жүректің туа пайда болған ақауы//
+жүре пайда болған кардит//
ошақты пневмония//
обструктивті бронхит
***
124.8 жастағы қыз балада басынан өткізген вирусты инефекциядан кейін бұлшықеттердің ауырсынуы, әлсіздігі және тез шаршағыштық пайда болды. Баспалдақпен көтерілуге, сөмкені көтеруге қиынға түсті. 3 ай ішіндле бұл симптомдар күшейе түсті, тізе және балтыр буындарының симметриялы ауырсынуы және ісінуі байқалды. Осы уақыт ішінде 4 кг салмақты жоғалтты. Қарау кезінде: тері жабындылары құрғақ, қабақтары күлгін-қызыл реңмен, қолдарының дистальды фаланга аралық және алақан-фалангалық буындарының жазғыш беткейлерінде эритематозды-күлгін-қызыл дақтар. Пальпация кезінде иық, сан бұлшықеттері ауырсынады, кейбір бұлшықет бөліктері тығыздалған. Диагноз қойыңыз.//
жүйелі қызыл жегі//
жүйелі склеродермия//
түйінді периартерит//
ревматоидты артрит//
+дерматополимиозит
***
125.9 жастағы қыз бала. Ауру кенеттен басталды, суық тиюден кейін дене қызуы 38,0°С дейін жоғарлады, балтыр бұлшықеттері кенеттен қатты ауырсынды, бұлшықет әлсіздігі күшейді, ауру басталғаннан 2 апта өткеннен кейін, қабақтары, мойны ісінген, жұтынуы қиындалған. Қарау кезінде бала тітіркенгіш, жылағыш. Тері жабындылары бозғылт, параорбитальды аймақта күлгін-қызылэритема. Жатқан кезде тізе және жамбас сан буындарында аяқтары толық бүгілмейді, жастықтан басын көтере алмайды, қырына қиындықпен жатады. Сөйлегені анық емес, мұрын арқылы. Тіпті ұсақталған тағамды қиындықпен жұтады. Бұл ауруда өлім себебі бола алмайды?//
тыныс жетіспеушілігі//
жүрек жетіспеушілігі//
+бүйрек жетіспеушілігі//
аспирациялық пневмония//
асқорыту ағзаларының перфорациясы
***
126.12 жастағы қыз балада тоғыз жасында алғашқы рет қабақтарының күлгін-кызыл түсті. Осыдан екі жыл өткеннен кейін анасы баланың қол-аяқтарының айқын жүдегенің байқады. Қарау кезінде тері жабындылары құрғақ, айқын қабыршақтанумен, шынтақ буындары аймағында терісі мүйізденген, қабақтары мен құлақ қалқандарыда күлгін-қызыл эритема. Бұлшықеттері тығыздалған, ауырсынады, бұлшықет салмағы айқын төмендеген. Буындар қозғалысы аздап шектелген. Диагноз қойыңыз.//
+дерматополимиозит//
ревматоидты артрит//
түйінді периартериит//
жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі
***
127.14 жастағы қыз бала дене қызуының жоғарлауына, жүдегеніне, шаштарының түсуіне, тез шаршағыштыққа, бетінің қызаруына және безеулердің көбеюіне, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Қарау кезінде бетінде ұсақ некроз ошақтарымен тілмелі қабыну бар. Алақан мен саусақтардың ішкі бетінде капиллярлар айқын көрінеді. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 2 см шығыңқы. Жүрек тондары тұйықталған жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Жүректің соғу жиілігі 82 рет минутына. Жалпы қан анализінде: Hb 82 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 3,2х109/л, тромбоциттер 80х109/л, ЭТЖ 65 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде белок 0,165 г/л, эритроциттер 15-20. Диагнозды нақтылау үшін ең нақтылы көрсеткіші қайсысы?//
ревматоидты фактор//
+антинуклеарлы фактор//
С-реактивті белок//
антисрептолизин-О//
фибриноген
***
128.10 жастағы қыз балада бір ай аралығындай субфебрильді температура байқалады, ал соңғы 3 күнде дене қызуы 38,5-390 дейін жоғарлаған. Баспамен жылына 4-5 рет ауырады. Қараған кезде селқос, байланысқа түспейді, жүректің соғу жиілігі 132 рет минутына, тыныс алу жиілігі 26 рет минутына. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында жайылмалы эритематозды бөртпелер. Үлкен саусақтарының ішкі бетінде терісі қызарған, жұлдызшалы элементтер бар. Бастың маңдай бөлігінде шаштары түскен. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см шығыңқы. Жүрек тондары тұйықталған жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе суреті күшейген, диафрагма жоғары орналасқан, плевродиафрагмальды және плевроперикардиальды қосылыстар, диафрагмаға параллельді сызықты көлеңкелер. Диагноз қойыңыз://
дерматополимиозит//
түйінді периартериит//
+жүйелі қызыл жегі//
жүйелі склеродермия//
ревматоидты артрит
***
129.12 жастағы қыз бала тәбетінің нашарлауына, өзін нашар сезінуіне, қалтырау және бұлшықеттер, сүйек пен буындардағы ауырсынуға шағымданады. 5 кг салмақ жоғалтты. Анамнезінен:бір ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қараған кезде бетінде, мойында, кеудесінде, қол-аяқтарында эритематозды бөртпелер, күн сәулесінде күшейе түседі. Жүректің соғу жиілігі 96 рет минутына. Пальпация кезінде бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, серпімді, шеттері жұмсақ. Ұрғылау симптомы екі жақтан «оң». Жалпы қан анализінде: Hb 90г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 15,0х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок-0,165, эритроциттер 10-12. Төменде көрсетілгендердің қайсысы бұл ауруға тән?//
бласт жасушалары//
+LE жасушалары//
Гейнц-Эрлих денешіктері//
Куршман спиральдары//
Шарко-Лейден кристаллдары
***
130.8 жастағы балада кенеттен қатты басының ауырсынуы, құсу, естен танумен тырысулар байқалды. Тырысулардан кейін беті ассиметрияланып, көру қабілеті күрт төмендеді. Анасының айтуы бойынша бала қатты жүдеп кетті, тез шаршайды. Қараған кезде дене терісінде ағаш тармақтары тәрізді тұрақты цианозды дақтар байқалады, әсіресе қол-аяқтарының дистальды бөлімдерінде айқын көрінеді. Көз түбі: артериялар күрт тарылған. Кеуде қуысының рентгенограммасында бронх- тамырлық сурет ілмекті тор тәрізді өзгерген.Жалпы қан анализінде Hb 122г/л, эритроциттер 3,8х1012/л, лейкоциттер 12,0х109/л, ЭТЖ 42 мм/сағ. Балада қандай асқыну дамыды?//
қызыл жегі кризі//
эпилептикалық статус//
+церебральды-тамырлы криз//
тиреотоксикалық криз//
гипертониялық криз
***
131.Флатуленция –ол…//
іштің керілу сезімі//
іштің шұрылдауы//
+газдың қарқынды шығуы//
нәжістің жиіленуі және сұйылуы//
іштің толық босансымау сезімі
***
132.Бала 12 жаста. Төс артында бөгде заттың болу сезімі, ішінің ауырсынуымен бірге керілу сезімі, шұрылдауы жиі мазалайды.Нәжісі күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді. Копрограммада: л.-3-4 көру аймағында, бейтарап май +, қортылмаған бұлшық ет талшықтары 1-2 көру аймағында., шырыш +. Римдік крийтерилер бойынша........... бірге болатын Ішектің қозғыш синдромы диагнозын қойыңыз.//
ауырсыну және метеоризммен//
метеоризммен//
іш қатумен//
+диареямен//
интоксикациямен
***
133.Бала 14 жаста.Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында ауырсынулар, кейде қышқылмен кекіру, қыжылдау болады.Таңертең тамақтанбайды. Мектепте үлкен үзіліс кезінде қуырылған самса жеп, кока-кола ішіп тамақтанады. Түскі тамақты сағат 5-6-да ішеді. Қуырылған котлетаны, пелменді жаратады. Қарауда:тілі ақ жабындымен қалың жабылған.Ішін пальпациялағанда ауырсыну эпигастрий аймағында анықталады. Нәжісі күн ара болады. Клиникалық диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеме өткізу керек?//
бариймен асқазанның рентгеноскопиясы//
ультрадыбысты зерттеме//
релаксациялық дуоденография//
+эндофиброгастродуоденоскопия//
асқазан шырышын зерттеу
***
134.Бала 13 жаста. Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар, әсіресе қуырылған және майлы тағамдарды көп мөлшерде қабылдағаннан кейін мазалайды, кейін 1-1,5 сағаттан соң басылады. Жиі эпигастрий аймағында ішінің толып тұрғандай сезімі байқалады. Эндоскопиялық зерттемеде: асқазан шырышы қызарған және ісінген: жалпы қышқылдылығы-38 Б. Балаға клиникалық диагноз қойыңыз://
созылмалы аутоиммунды гастрит,//
созылмалы реактивті эрозивті гастрит//
созылмалы атрофиялық гастродуоденит//
+созылмалы гастрит, таралған//
созылмалы гастрит, идиопатиялық
***
135.Бала 13 жаста. Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар, әсіресе қуырылған және майлы тағамдарды көп мөлшерде қабылдағаннан кейін мазалайды, кейін 1-1,5 сағаттан соң өздігінен басылады. Жиі эпигастрий аймағында ішінің толып тұрғандай сезімі байқалады. Эндоскопиялық зерттемеде: асқазан шырышы қызарған және ісінген. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-36 Б. Баланы кешенді емдеуде қандай антибактериалды препарат қажет болады?//
пенициллин//
+кларитромицин//
оксоцилин//
ампицилин//
карбемицилин
***
136.Қыз бала 12 жаста. 4 жыл бойы Созылмалы ревматикалық аурудың комбинирленген митральды ақауы бойынша «Д» есепте тұр. Ұзақ уақыт преднизолон, вольтаренді қабылдауда. Ақырғы 3 ай бойы эпигастрий аймағында ауырсынулар тамақтанған соң 1,5-2 сағаттан кейін, кейде аш қарынға немесе кешкі уақыттарда мазалайды. Кейде ауамен кекіру, қыжылдау болады. Бала қозғыш, жылауық. Клиникалық диагнозды қою үшін қандай зерттемелер өткізу керек?//
Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |