Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 24 страница



В) Нормодипин

 

Науқас И. 14 жаста, тізе, тобықтабан, шыбықбілезік буындарының ауырсынуына, дене қызуының 39°С дейін жоғарлауына, жүрек қағуына, денесіндегі бөртпеге шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: Іштің алдыңғы бетінің терісінде – сақина тәрізді эритема. Буындары дефигурирленген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары кеңейген, тондары тұйық, брадикардия. ЖСЖ – 52рет 1минутта. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, л-15 мың. ЭТЖ-40 мм/с. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, НКI; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу жоспарын таңдаңыз:

E) амоксициллин + диклофенак + преднизолон + мидронат

 

37 жастағы әйел адам стационарға түнде және ашқарынға пайда болатын,тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағында батып ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 5 жыл бойы ойық жара ауыруымен ауырады. Жағдайының нашарлауы соңғы екі апта бойы. Объективті: тілі ақ түсті жабынмен жабылған, эпигастрии аймағында жайылған ауырсыну. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Қан және зәр анализінде патологиясыз. Эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңеші өтімді, асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, қатпарлары гипертрофияланған, 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында жаралы дефект 0,5х0,7 см. Осы жағдайда дәрілік препараттардың дұрыс комбинациясын тағайындаңыз:

А) Кларитромицин+флемоксин+париет

 

Науқас К., 33 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, әлсіздікке,ұйқышылдыққа,тәбетінің төмендеуіне,терісінің қышуына, соңғы 4 айда кейде мұрыннан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезі.Қарағанда тері жабындылары және склералары сарғыш түсті,тырнақ іздері бар. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 5-6 см шығып тұр,ауырсынбайды.Аздаған спленомегалия. Қанында: билирубин -118,6 мкмоль/л, АЛТ-2,8 мкмоль/л, тимоловая сынамасы-10 бірлік, сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Дәрілік препараттардың дұрыс комбинациясын тағайындаңыз:

D) Гептрал + А, Е, К витаминдері + холестирамин



 

44 жастағы әйел, сарғаюға, әлсіздікке, жүрек қағуына, дене температурасының 37,8°С – қа дейін көтерілуіне шағымданады. Қарағанда: аздаған спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер - 28‰, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тура билирубин 15 мкмоль/л, Кумбстың тура сынамасы оң. Қандай препаратты тағайындаған дұрыс және себебі:

А) Глюкокортикоидтар, себебі эритроциттер антигендеріне антитела түзіледі

 

Жасөспірім 16 жаста ЖРВИ басынан өткізгеннен кейін 2 аптадан соң арықтауға, аузының құрғауы мен шөлдеуге, зәрдің жиі бөлінуіне шағымданды.Терісі мен тілі құрғақ. Аш қарынға гликемия 18,7 және 19,6 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1030. Науқасқа қандай емдеу тактикасын жүргізген дұрыс?

E)инсулинотерапия 0,3 ед/кг салмағына есебіне

 

Әйелдер кеңесіне жүкті әйел келді, 6 жыл көлемінде қант диабетімен зардап шегеді, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді периодты түрдегі ауырсынуға шағымданды. Жүктілік 28-29 апта.14 БІР инсулин алады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ -80 рет мин. АҚҚ-110/60 мм сын. бағ. Қандағы қант -10 ммоль/л, зәрдегі қант - 0,5%.Жүкті әйелді босандыру кезеңінде қандай тактика дұрыс?

C) қарапайым инсулинге ауысу

 

Науқас 32 жаста, тарту сипатындағы бел аймағындағы ауырсынуға,аяқтары мен бетінің ісінуіне,дене қызуының 38 с көтерілуіне шағымданды.Баспамен ауырғаннан соң 2 аптадан кейін мазалаған. Объективті:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Қамыр сипатындағы аяқтарында,қолдарында, бетінде ісіктер бар. Ұстап көргенде жылы.Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, АҚҚ – 170/120мм.с б.ҚЖА: эритроциттер- 3,0х1012/л, Hb - 96 г/л, L – 3,2х109/л, тромбоциттер – 180х109 /л, ЭТЖ – 45 мм/ч.ЗЖА: сал тығ- 1020, белок - 3,1 г/л, L – 8-10 к\а., гиал. цилиндр – 12к\а. БХА: креатинин – 105 мкмоль/л, мочевина – 8 ммоль/л, гамма глобулин - 25 %, СРБ ++.:

D)Антибиотик + антиагрегант + антикоагулянт

 

Реанимация дегеніміз не

A) Ағзаның қажетті функцияларын қалпына келтіру

 

Клиникалық өлім кезінде реанимациялық шаралар эффективтілігі

E) 30 мин дейін

Бұл катион натрий сияқты,ағзада қажетті ион болып табылады.Егер жеткіліксіз немесе тез түзілсе, көптеген ағзалар мен жүйелерге әсер етеді. Ағзада осы катионның 98% жасушалық секторда болады. Эритроциттердегі ионның концентрациясы 80-120 ммоль/л құрайды.(эритроцит — жасуша, көбінесе кедей), ал сары суында — 3,8-5,5 ммоль/л. Осы ион жасушаның мембранды потенциалында маңызды роль атқарады. Трансмембранды көшудің иондары анион мен натрий жасуша функциясына маңызды роль атқарады.

Одан басқа, ол көптеген ферменттержүйесіне қатысады

B) калий

 

Қан сары суынан қарағанда, ағзада сұйықтық жоғары концентрацияда жоғалады. Осы жағдайды қалай атайды? Көп мөлшерде жиі құсуда, массивті диареяда, ішектің ортаңғы бөлігінің өтімсіздігі мен дренажда, ішектің жыланкөздері мен колиэнтериттерде пайда болады. Осы бұзылыс су-электролитті баланс адамда ауыр өтеді. Клиникалық көрінісінде науқас енжар, тері жабындылары бозғылт және гипотермияланған, тері түсі “мәрмәр түстес”, бұлшықет тонусы мен рефлекстердің әлсіреуі, ішек парезі байқалады. Шырышты қабаттары шамалы құрғақ. Қақырық тұтқыр. Шөлі айқын емес. Пульсі жиі. Артериалді гипотензия. Олигурия, анурияға ауысқан.Қан анализінде — гематокрит жоғарылаған, ал ақуыз концентрацисы, натрия, калия мен осмолярлығы төмендеген

D) Гипотониялық дегидратация

 

Науқас Н., 56 ж, қойылған диагноз екі аяқтың төменгі бөлігінің варикозды ауруы, декомпенсация стадиясы, ХВН С3. Жоспарлы операция он жақ сафенэктомия перидуральді анестезия арқылы. Анамнезінде 5 жыл бұрын операция болған – аппендэктомия. Кеуде қуысы R-гр: созылмалы бронхит.Анализ бойынша ерекшеліксіз. Дәрігер –анестезиолог қандай қауіп қоюы керек

B) 2 балл

 

М., 53 ж, қойылған диагноз асқазан аденокарциномасы Т2N1М0. Жоспарлы операция асқазан резекциясы Бильрот 2 бойынша, интубационды наркоз және перидуральді анестезиямен бірге.Анамнезінде:көптеген жылдар бойы артериальді гипертензиясы бар. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Анализінде ерекшеліксіз. Дәрігер-анестезиолог қандай қауіп қоюы керек

D) 4 балл

 

Бас-ми жарақаты бар науқаста ӨЖТ жасалуда: рН=7,58, рСО2=24 с.б, ВЕ = - 4мэкв/л. КОС көрсеткішін анықтаңыз

C) Декомпенсирленген тыныстық алкалоз

 

Қышқылды-негізді тепетеңдікі зертеуден өткізгенде: рн= 7,1 бір; рсо2= 66 мм с.б; бикарбонат= 13 ммоль/л; ве= -13 ммоль/л. Қышқылды-негізді тепетеңдік бұзылу типін көрсетіңіз

C) Тыныстық және метаболикалық ацидоз

 

Науқас 48ж., салмағы 70 кг, диагнозы Бауыр циррозы, декомпенсация, ТШҚҰ синдромы гипокоагуляция дәрежесі. Науқасқа қан факторын толтыру мақсатында нені және қанша мөлшерде беру керек

A) жаңа мұздатылған плазма, 1400 мл

 

КОС: рН- 7,32, рСО2- 33мм. с. б., рО2- 95%, Na- 128, K- 3,2, BЕ- -15.

Калий дефицит терапиясының орын алмастырушы дозасын анықта

D) 7,8

 

Науқас салмағы 70 кг, дене температурасы 39,0 градус, ЦВД 6 см.су.б. осы науқасқа инфузионды терапияның көлемін есептеңіз

A) 3300 мл

 

Парентеральды тамақтану кезінде, ағза қажеттілігін қамтамасыз ету үшін күніне хлордың қанша көлемін енгізу керек, егер науқас салмағы 70 кг болса

D) 3640 мг

Науқас 17 жаста АҚҚ жоғарылауы алғаш анықталды, субьективті анықталмайды, АГ бойынша тұқымқуалаушылық жоқ. Шешуші диагностикалық әдісті таңдаңыз:

C) бүйрек тамырларының ангиографиясы

 

Коронароангиографияны тағайындау мынада тиімді:

В) ЖИА үдемелілігі

 

Қандай синдромға келесі симптомокомплекс тән: экспираторлы ентікпе, қатаң тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар, келесі көрсеткіштердің төмендеуі -ӨӨС, ФӨӨС, ТШФК1, ТЖШ, Тиффно индексі, МКЖ25, МКЖ50, МКЖ75.

B) Бронхообструктивті

C) Өкпелік диссеминация синдромы

 

55 жастағы әйелде миокардитті басынан кешкеннен кейін жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, толып қалу сезімі, шамалы бас айналу пайда болды. Холтерлік мониторлау жүргізілді. Мониторға түсіру барысында кенет есінен танып қалды, тамыр соғысы және АҚҚ анықталмады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижелі болды. Мониторлауды оқу барысында синкопалды жағдай кезінде Р тісшелері тіркелгенмен, QRS кешені жоқ болып шықты. Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

Е) Тұрақты кардиостимуляция

 

Күш түсу стенокардиясы бар науқаста ЭКГ-да Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы анықталды. Коронарографияны жүргізу барысында патологиялық процесстің орналасуы жайында мағлұмат алынған жоқ. Коронарлы қантамырлардың зақымдалуының топикалық диагностикасында қай әдіс ақпаратты?

С) миокард сцинтиграфиясы

 

Ер адам 40 жаста тізе және толарсақ буынының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады.Ауырғанына 10 жылдан асқан. Қарағанда құлақ қойнауларында ұсақ түйіндер бар. Қанда:ЭТЖ-30 мм/сағ, зәр қышқылы-0,56 ммоль/л. Толарсақ буынындағы БАРЫНША тән рентгенологиялық өзгерістерді атаңыз?

A) Буындық шелдердің тарылуы, пробойник белгісі

 

Науқас., 57 лет әлсіздікке, бас ауруына, сүйектерінде ауырсынуға, жүдеуге шағымданады. Қан анализінде: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,9, лейк-6,1 мың., тромб-180 мың. ЭТЖ-67 мм/сағ. Жалпы белок-105 г/л, Ig G-45 г/л. Миелограммада: плазматикалық клеткалар 27%. Науқастың сүйек R-графиясынан қандай өзгерістер көруге болады?

А) Сүйек тіндеріндегі көптеген деструкция ошақтарын

 

Науқас А., 43 жаста терісінің құрғақтығына, іш қату мен, ұйқышылдыққа шағымданды. Анамнезінде созылмалы гайморит. Қарау кезінде бойы -168 см, салмағы -92 кг. Терінің жыртылуы жоқ, айқын гиперкератоз. Беті пастозды.ЖСЖ-60 р мин. АҚҚ- 80/60 мм сын. бағ.ҚЖА: Нв-75 г/л, қандағы қант -3,5 ммоль/л, сарысу белогымен байланысқан йод, -300 ммоль/л.Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы барынша ақпаратты?

A) Т3, Т4, ТТГ зерттеу

 

Ж атты науқас 66 жаста жағымсыз иісті 200мл.ге дейін бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Дене температурасының 40°С дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, тершеңдік. Рентгенологиялық қандай өзгерістер күтеміз?

А) Сопақша формалы қуыс горизонтальды қалыптағы сұйықтықпен

 

Науқас 20 жаста. Перикардиалды аймақта стенокардиялық сипаттағы ауырсынуға, сол жерде кезеңді перебой сезімі, естен тану жағдайына шағымданады. Анамнезінде- туыстарындағы кенет өлім жағдайлары бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностика әдістері қажет?

D) ЭХОКС

 

Қабылдау бөліміне 44-жастағы науқас жеткізілген, ішінің жоғары бөлігінде қатты ауырсыну пайда болған, біраз уақыттан соң сарғаю қосылған, анамнезінен науқас көп жылдар бойы гастроэнтеролог бақылауында, периодты түрде емделеді,соңғы нашарлауын диета ұстаудағы қателіктерімен және ауыр физикалық еңбекпен байланыстырады. Пальпаторлы өт қабы анықталмайды. Тексеру барысында тікелей фракция әсерінен болған гипербилирубинемия анықталған, УДЗ кезінде:өт қабы тесігінде конкременттер және жалпы өт жолының кеңеюі. Науқасқа қандай қосымша зерттеу жасау керек, науқасты жүргізудің арғы тактикасы?

А) Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография, стационарлы емдеу

 

Жасөспірім 15 жаста, фолликулярлы ангинаны баснан өткерген,дене қызуы 38º С дейін көтерілген; бет аймағында ісіктер пайда болған, белдегі ауырсынумазалаған, зәрінің түсі өзгеріп,басының ауруы, бас айналуы,әлсіздік байқалған. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,4 мың., ЭТЖ - 35 мм/с.Зәр анализінде: түсі - «ет жуындысы», салыст тығ - 1025, эритроциттер- 30-35 к/а., белок - 1,5 г/л. УДЗ қандай көрініс көруге болады:

C)бүйрек паренхимасының ісінуі

 

Терең сезімталдықты өткізгіш жолдарының үшінші нейрон денесі қайда орналасқан

B) Таламуста

 

Көру нервісінің зақымдалуына тән синдром?

B) Биназальды гемианопсия

 

25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:

D) Серозды менингит

 

Науқас А, 25 жаста Риддер қаласының тұрғыны БСМП-ның қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен қатты бас ауыруына, бірнеше жеңілдік әкелмейтін құрамында тамақ қалдықтары бар құсуға, дене температурасының 39 градусқа көтерілуімен жеткізілді. Анамнезінде апайының айтуы бойынша:орманда саңырауқұлақ тереді, 2 апта бұрын Барнаул қаласынан келген.Науқастың апайы жарақатты жоққа шығарады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, төсекте көп қозғалады, сөздерді және сөйлемді түсініксіз және толық айтпайды, бағыт бағдарды ажырата алмайды.Беті симметриялы, балғашыққа ілеспейді, нұсқауларды орындамайды. Желке бұлшықеттің ригиттілігі 3 көлденең саусақ, Кернинг және Брудзинский симптомдары оң. ЖҚА: Hb 120г/л, Л.-10,0, ЭТЖ- 20мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

D) Кене энцефалит

 

50 жастағы ер адам күнделікті болатын бас ауруына шағымданады, ол таңертеңгі уақытта күшейеді. Бас ауруы төрт ай аралығында мазалайды және біртіндеп күшейеді, соңғы апталарда таңертеңгі уақытта қатты бас ауруы әсерінен құсу болған.Тексерген кезде: сол жақ аяқ- қолдарда бұлшықет күші 3 баллға төмендеген, сіңір рефлекстері жоғарлаған және сол жақтан Бабинскийсимптомы. Эхоэнцефалоскопия жүргізгенде бас миының ортаңғы құрылымының оң жақтан сол жаққа қарай 7 мм- ге ығысуы анықталған. Көз түбінде: көру нервтері дисктерінің айқын іркілісі. Қандай препарат тағайындау қажет:

A) Маннит

 

Науқас заттың сипатын түсінсе де, атын атап бере алмайды. Науқасқа сөздің бастапқы буынын айтқанда есіне бірден түсіреді. Сөзді түсінуі сақталған. Дауыстап оқуы бұзылмаған. Зақымдалған ошақ бөлігі қайда орналасқан?

E) Төбе және самай бөлімінің төменгі және артқы бөлімінің зақымдалуы

 

21 жастағы О науқас клиникаға түсер алдында бір ай бұрын жөтел, кеудедегі ауырсыну, тершеңдік, әлсіздік, күю сезімі, дене температурасы 37 0С жоғарылағаны мазалаған. Қарап тексергенде: жарықты және шуды көтере алмайды, Керниг симптомы анық емес, сіңір және сүйек үсті рефлекстері әлсіз, бірдей, патологиялық белгілері жоқ. Тексеру: ЖҚА Л-1 мкл да 20000, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында:, жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде симметриялы шашырандыошақтар әртүрлі көлемде. Сидромальды диагнозды құраңыз.

B) Интоксикациялы, менингеальды

 

68 жастағы науқас неврологиялық бөлімге сойлеудің қиындауы, оң жақ аяқ қозғалысының болмауы шағымдарымен жеткізілді. Осы ауруға дейін бір апта бұрын кезеңдік бас айналу және оң жақ қолдың қысқа уақытты әлсіздігі байқалған. Стационарға түсер алдында бір күн бұрын ұйқыдан тұрғанда оң жақ аяқтығ қозғалысынығ болмауын байқаған. Сол күні кешке оң жақ дененің қозғалысы жоғалған және сөйлеудің бұзылысы пайда болды. Обьективті: есі анық, бет терісі бозғылт, АҚҚ 100/70 мм.сынбағ, Аздаған моторлы афазия, оң жақ мимикалық бұлшықетінің орталық салдануы, оң жақтық орталық гемиплегия, гемигипестезия. Қандай қантамырлық бассейнде инсульт пайда болған?

B) Сол жақ орталық милық артерия

 

18 жастағы жас балада соңғы үш айда тұрақты аяқ қолдың және іш бұлшықеттерінің клоникалық тырыспасы бар. Осы кезеңде екі қысқа мерзімді естің жоғалуымен болған ұстама және аяқ қолдарының тонико-клоникалық ұстамалары болған. Анамнезінде жарты жыл бұрын Ертіс жағасына достарымен көкке барғанда дене температурасының (37,5° С-ке дейін) және әлсіз бас ауыруы болған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: 4 баллға жететін сол жақ аяқтың жеңіл әлсіздігі, Бабинский симптомымен, сіңір рефлекстері сақталған. Сол жақ аяқ қолда және іште клоникалық тырыспалар байқалады, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Клиникалық диагнозды жіктелуі бойынша қойыңыз:

B) Кене энцефалиті, созылмалы фаза. Кожевников эпилепсиясы. Сол жақты жеңіл спастикалық гемипарез.

 

Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?

D) Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

 

35 жастағы науқас Е. Бас ауруы, оң жақ аяқ- қолдарының ұюы және әлсіздігіне шағымдарымен түсті. 3 жыл бойы ауырады, жол апатынан кейін. Нейрохирургиялық бөлімшеде стационарлық ем қабылдағын, сол кезден бастап оң жақ аяқ- қолдарының ұюы және әлсіздігі мазалайды. Қараған кезде: есі анық, ориентировкасы сақталған, қарашық OD=OS, көз алмалары қозғалысы толық көлемде, оң жаққа басымырақ. Оң жақ аяқ- қолдарының бұлшықет тонустары жоғарлаған. Сіңір рефлекстері қолдарында D>S, аяқтарында D>S. Оң жақтан табан және тізе тостағаншасында клонус.Бабинского рефлексіоң жақтан.Оң жақ аяқ- қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген. Менингальды белгілер жоқ. Гемигипестезия оң жақтан. Клиникалық диагноз қойыңыз.

E) Посттравматикалық энцефалопатия. Оң жақты спастикалық шамалы парапарез

 

34 жастағы науқас қыспалы,сыздаған сипаттамада бас ауруына, әсіресе маңдай және төбе бөліктерінде, көз қозғалтқанда ауырсыну, жүрек айну. Анамнезде: екі жыл бұрын БМЖ басынан өткізген. Емделмеген. Кезеңді түрде бас ауруы мазалайды. Жағдай 3 күн аралығында нашарлаған, жұмыстан кейін, осы күндері қатты бас ауруы әсерінен 5 рет құсу байқалған. Қараған кезде: есі анық, ориентировкасы сақталған, қарашық OD=OS, көз алмаларының шеткері бармауы екі жақтан (4 мм.). Тілі ортада, сіңір рефлекстері D=S, парездер жоқ, менингиальды белгілер жоқ. ЭХО-ЭГ-да: М-эхо орталық комплексі кеңейген, екі жақтан көптеген қосымша эхо-сигналдар. Науқасқа қандай ем қажет және неге?

C) Глицерин, диакарб, қаңқа ішілік қысымды төмендету мақсатында

 

Науқас әйел, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Қақырықты жөтелге, жүдеу, тершеңдік, температурасының 37,20С-ге көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде массивті қараю, ағару бөлігімен бірге анықталады. Өкпе түбірі ұлғаймаған. Диагноз қойыңыз:

C) Инфильтративті туберкулез. Рецидив.

 

ТМБ- корд- факторы – бұл:

D) Клетка қабырғасының компоненті

 

Науқас, 37 жаста. Кеш түскен кезде пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Өкпенің жиынтық зерттеуі барысында өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 5-10 мм болатын шеттері айқын емес, симметриялы орналасқан көптеген көлеңкелер анықталды. Манту реакциясы 2 ТБ- 12мм. Қақырықта ТБ анықталмайды. Диагноз қойыңыз.

B) Диссиминирленген туберкулез

 

Науқас 39 жаста. Жұмысқа тұруға профилактикалық қарауда өкпесінде өзгерістер анықталды. Жасөспірім кезінде туберкулезге қарсы препараттардың толық емдеу курсын алған. Кеуде клеткасының жалпы шолу рентгенографиясында оң жақ өкпенің бұғана асты аймағында сыртқы контуры айқын емес, дұрыс емес формалы, гомогенді емес фокусты қараю анықталды. Микроскопиялық қақырықта ТМБ табылған жоқ. Клиникалық жіктелу бойынша диагноз қойыңыз:

C) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, басқа жағдай, 2 категория. IБ диспансерлік бақылау тобы

 

Жасөспірім 16 жаста. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде интенсивтілігі орташа, диаметрі 2,5 см, контуры айқын емес, өкпе түбіріне қарай бағытталған, созылыңқы формалы қарайған фокус анықталады, синустары бос. Микроскопиялық қақырықта ТМБ табылған жоқ. ЖҚА: гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 9,4х109/л,Тя 5 %, Ся 64%, эозинофилдер 5%, моноциттер 4%, лимфоциттер 22%, ЭТЖ 18 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

D) Инфильтративті туберкулез

Науқас 23 жаста. 5 жасында туберкулезге қарсы химиотерапияның толық курсын алған. Рентгенде: барлық өкпе алаңында өлшемі 1-2 мм, аз интенсивті, мономорфты көлеңке анықталды. Қақырықта микроскопиялық зерттегенде МБТ анықталған жоқ. Демеуші фаза емін тағайындаңыз

E) 5HRE

 

Науқас, 33 жаста. Екі ай шамасында науқасты әлсіздік, шырышты сипаттағы қақырықты жөтел, кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне байланысты химиотерапия қабылдаған. Рентгенологиялық: екі өкпенің жоғарғы бөліктерінде аз және орташа интенсивті, диаметрі 1 см-ге дейінгі көптеген көлеңкелер, сол жақта- жұқа қабырғалы қуыс анықталды. ЖҚА-да: лейкоцит 12,6х10х9\л, СОЭ-31мм\час. Қақырық микроскопиясында ТМ анықталды. Диагноз қойыңыз.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 263 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>