Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 21 страница



D) Тиреоидты препараттарды

 

Қыз бала 20 жаста, шөлдеуге және дене салмағының артуына шағымданады. Об-ті: бойы 162 см, салмағы 94кг. ДМИ (ИМТ) 35,8 кг/м2. Аш қарындық гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин 5,2 ммоль/л, триглицеридтер 2,4 ммоль/л. Барынша тиімді дәрмекті тағайынданыз:

В) Ксеникалды

 

65 жастағы науқаста, әлсіздік, жүрек айнуы, кезеңдік құсу, тәбетінің төмендеуі, терінің титықтататын қышынуы, тері астылық қан құйылулар, бұлшықеттің дірілі және естен танусыз құрысулар, буындарында және сүйектеріндегі ауырсыну, «айқын шулы» тыныс анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, тромбоцитопения, гипохромия. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 700 мкмоль/л. Диурез 100 мл/тәул. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1008. Барынша тиімді ем тағайынданыз:

В) Гемодиализ

 

16 жастағы Т., есімді науқас дене қызуының 40°С дейін жоғарылауына, ентігу, жөтелге, ісінулерге шағымданады. Обьективті: науқас азғындау, лимфоаденопатия, бет эритемасы, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит белгілері бар. Қан анализінде: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. НЖА: белок-5,2 г/т, эритр-20-30 к.а, Lе-клеткалары- 5:1000. Пульс-терапия жүргізу үшін метилпреднизолонның қажетті дозасы:

С) 1000 мг

 

20 жастағы науқаста босанғаннан кейін бұлшық еттерінде ауырсыну және әлсіздік пайда болды. Бір апта көлемінде қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, түйілу қосылды. Обьективті: иық және сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі және ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Қан анализінде: эр-4,5 млн. Нв-110г/л, лейк-7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Емді келесі дәрмектен бастаған жөн:

Е) Глюкокортикостероидтардан

 

Дәрілердің жартылай шығу уақыты – бұл:

A) Плазмадағы дәрілік заттың концентрациясы 50 пайызға төмендейтін уақыт

 

Дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын және организмнен шығу уақытын зертейтін ғылым:



A) Фармакокинетика

 

ГЭБ арқылы қай препарат жоғары жылдамдықпен өтеді:

A) Майда жоғары жылдамдықпен еритиндер

 

Дәрілік заттардың әсер ету селективтілігі... байланысты:

A) Дозасына

 

терапияның қауіпсізділігін және эфыфективтілігін бақылаудың адекватты әдісі:

A) АҚ-ды тәуліктік мониторингілеу

 

РQ интервалын ұзартатын дәрі:

A) Дигоксин

 

Антиаритмиялық препаратты тағайындауға көрсеткіш, мынадан басқа:

A) Гемодинамика бұзылысы

 

Бүйрек патологиясы кезінде келесі фармакокиентикалық өзгерістер байқалады, мынадан басқа:

A) Биожетімділіктің төмендеуі

 

Науқас 63 ж қант диабетімен ауырады, глибенкломид қолданады. Рентгенологиялық зерттеулермен дәлелденген өкпенің оң жақ төменгі бөліктік пневмония диагнозымен бөлімшеге келіп түсті. Хлорамфеникал тағайындалғаннан кейін науқаста аллергия байқалып антибиотик цефтриаксонға алмастырылды. Науқасты зерттеу барысында креатинин клиренісінің төмендеуі байқалған (24мл/мин), нәтижесінде цифтриаксонды қабылдауды доғарған. Енді емді қандай препаратпен жалғастыру қажет.

A) Ципрофлоксацин

 

Қабылдау бөліміне науқас натрий гидрокарбонатын қабылдағаннан кейін басылатын асқазан қыжылына, ашқарынға эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. ФГДС-те 12 екі елі ішектің ампулярлық бөлімінде ойық жара анықталды (0,5 см). Асқазан сөлінің рН-метриясы: қышқыл түзуші функциясы орта интенсивті және сілтілік резерві төмен, рецепцияның холинергиялық типі. Диагноз: 12 елі ішектің ойық жарасы, өршу сатысы. Төмендегі дәрілердің эффективтілігі жоғары және қауіпсіз дәрілердің бірін және тиімді дозасын тағайында:

A) Пирензипин – тамаққа дейін 0,05 гр тәулігіне 3 рет 2 күн бойы, 0,05 гр тәулігіне 2 рет

 

Асқазан жарасына байланысты радикальды операция жасалды. Операциядан кейінгі 4-ші тәулікте коагулограммалық зерттеуде гтперкоагуляция және канның фибринолитикалық белсенділігінің төменділігі байқалды. Антикоагулянттар тағайындаудың қажеттілігі канша?

A) Антикоагулянттар корсеткіші, геморрагиялық синдромның дамуын ескерте отырып қатал бакылау

Науқас стационарға әлсіздік пен жүрген кездегі ентігуге шағымданып келді. Қанның зерттеу барысында анемия (гемоглобин -56г/л), түстік көрсеткіш 1,2, тілін қарағанда –глоссит байқалды. Сүйек кемігінің пунктатында қан түзілуінің мегабластты түрі анықталды.Қан сарысуында темірдің концентрациясы қалыпты. Диагноз: В12 жетіспеушілік анемия. Емдік шаралардың тиімді түрін таңдаңыз.

A) Вит В12 500мкг/ тәул. дозада күн ара,фолий қышқылы 1,5мг/ тәул.дозада,темір сульфаты (80мг/ Fe2+) 1 рет тәулігіне

 

Айналымдағы қан көлемінің қанша пайызы көк тамыр (вена) қуысына сыйады?

С) 70%

 

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы бар науқаста... ЖТЖ дамиды.

С) обструкциялық +

 

Науқас белгісіз умен уланып және гипоксияның айқын белгілерімен жеткізілді.Тексеру үшін веноздық қанды алғанда ал-қызыл түсіне көңіл аударылды, ал оттегінің артерия -веноздық айырмашылығын зерттегенде (үлкен қан айналым шеңбері зерттелді) соңғысы өте төмен болды. Науқаста... гипоксия орын алды.

А) циркуляторлы,гистотоксикалык

 

Ер кісі 59 жаста, асқазанның ойық жара ауруына ота жасалынды. 30 жыл бойы темекі шегеді. Отадан кейін жабысқақ қақырықты қиналып шығарады, сіздің іс-әрекетіңіз:

С) муколитиктерді тағайындау+

 

Қышқылды асқазан сөлін жоғалтудың асқынуына жатады....

А) изотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз+

 

Науқаста қышқыл сілтілі анализінде: рН=7,26 рСО2=58; ВЕ=+3. ҚСЖ бұзылыс түрі:

Е) субкомпенсирленген тыныстық ацидоз+

 

30 жастағы науқас әйел ентігуге, жүректің соғып кетуі, жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады.

Объективті: І тонның әлсіреуі, жүрек ұшынан ІІІ тон, өкпе артериясында ІІ тонның акценті; жүрек ұшында жұмсақ, үрлеуші қолтық астына берілетін систолалық шуыл естіледі.

ЭхоКГ –да сол жүрекше көлемінің ұлғаюы, митралды қақпақшаның ашылу амплитудасының жоғарылауы, сол қарыншаның дилатациясы оның қабырғаларының қозғалу амплитудасының жоғарылауымен, жалпы соққы көлемінің ұлғаюы; допплер ЭхоКГ –да турбулентті ағыс анықталды.

Мүмкін болатын диагноз:

C) Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі

 

Созылмалы панкреатиттің ауырсынулық түрімен ауыратын науқасқа ұйқы безінің компьютерлік томографиясы жүгізілген. Зерттеу кезінде неғұрлым анықталуы мүмкін:

E) Фиброз

 

28 жасар пациенттің кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясында көп мөлшерде шекарасы анық емес ошақты көлеңкелер анықталды. Көлеңкелер периваскулярлы орналасқан, висцеральді плевраның қалыңдауы байқалады. «тұнық шыны» аймақтары анықталады. Көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?

A) Вегенер гранулематозы

 

25 жасар пациентті окулист аяқ буындарының рентгенограммасын тағайындаған. Рентгенограммада келесі өзгерістер анықталды: симметриялы емес буынмаңы остеопарозы, буын қуысының асимметриялы тарылуы, периостит көріністері; өкше шпоралары және L1 –L2 омыртқалар денесінің шектелген шпоралары.

Бұл рентгенограмма қай ауруға тән?

D) Рейтер синдромы

 

26 жастағы ер кісі бүірінің күрт ауырсынуына, несеп түсінің өзгеруіне, аз мөлшермен кіші дәретке жиі баруына шағымданады. Зәрдің жалпы анализінде: макрогематурия. Іш қуысының шолу рентгенографиясында омыртқалардың көлденең өсінділері бойымен конкременттердің көлеңкелері анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Нефролитиаз

 

38 жастағы ер кісі төс артында ауырсынуына, дене қозғалысы кезінде ауру сезімінің күшеюуіне, дене қызуының жоғарылауына, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қанда: лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.. Науқасты рентгенологиялық зерттегенде жүрек көлеңкесінің ұлғайғаны, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жойылуы, әлсіз пульсация анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Перикардит

 

ТБ Манту сынамасының папула көлемi...болғанда оң деп есептелiнедi.

А) 5 мм және одан үлкен

 

Флюорографиялық тексеруде науқастың сол өкпесінің жоғарғы бөлігінде аз және орташа интенсивті ошақты көлеңкелер анықталған. Бактериоскопияда қақырығынан туберкулез микобактериясы табылмаған. Науқас әйелімен және 3 жасар баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Сіздің қолданатын тактикаңыз:

А) Науқасты госпитализациялау, қатынаста болғандарды тексеру

 

С. деген науқас 22 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған. Жыл сайын жүргізілетін кезекті тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 3 см шеттері айқын гомогенді түзіліс анықталған. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы жоқ. Тиімді ем:

В) ІІІ категория бойынша ем

 

Рентгенограммада өкпесiнде екi жақты көп,ұсақ, шашыранды ошақтар табылған. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз...

А) шашыранды туберкулез.

 

Науқас 30 жаста. Ұзақ жөтелге, кеуде қуысының ауыратынына, тершеңдік, тез шаршағыштыққа, дене салмағын жоғалтқанына шағымданады. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасында инфильтратты қараю болған. Туберкулезге қарсы ем қабылдаған. Инфильтраттың орнында дөңгелек пішінді 2,5-3 см көлемді, айналасы аздаған фиброзды өзгерістер түзілген. Қақырығында туберкулез микобактериясы жоқ. Тиімді ем:

D) Операциялық ем

 

Туберкулезбен ауырытын науқастың әйелi перзентханада нәрестесiмен жатыр. Нәрестенiң денi сау, салмағы-3200 гр. нәрестеге...

А) БЦЖ вакцинасын жасау қажет

Iрiңдi менингитке төмендегi ми-жұлын суы құрамы өзгерiстерiнiң қайсы тән?

A) Нейтрофильды плеоцитоз

 

Сырқат адамның оң аяғында терең сезiмталдылықтың өткiзгiштiк бұзылысы анықталған. Нерв жүйесiнiң төмендегi құрылымдарының қайсысы зақымданған?

D) Голль өткiзгiшi

Бұлшық еттердiң солғындана семiп сал болуы,төмендегi нерв жүйесi құрылымдарының қайсының зақымдануына тән?

A) Жұлынның алдынғы мүйiзiндегi клеткалар

 

Пирамида тәрiздi қозғалыс - қимыл өткiзгiшi жұлынның мойын тұсындағы жуанданған жерiнен жоғары зақымданғанда төмендегi симптомдар мен синдромдардың қайсысы кездесер едi?

C) Аяқ-қол бұлшық еттерiнiң қатая сiресiп әлсiреуi

 

23 жастағы науқас, мамыр айында 1,5 сағат бойы электрлік пойызда ашық терезеге оң бетімен қарап тұрған,таң ертең оң көзі нашар жабылады, ауызы қисайған сол жаққа, тамақты оң жақ ұрты мен қызыл иек арқылы шайнаған. Сұйық тамақ ауыздың оң жақ бұрышынан ағып кеткен.Қарағанда аурудың 3-ші күні беті асиметриялы, оң көзі кеңіген, жас ағады, жыбырлайды. Оң жақ мұрын-ерін қыртысы жазылған. Ауызы солға тартылған. Қасын жиғанда оң жақта вертикальды қыртыс түзілмейді. Оң жақта қасы жоғарыға көтерілмейді. Оң көзі жабылмайды. Тістерін ақситқанда солға тартылады, ұртымен үре алмайды және ысқыра алмайды, оң жақ ұрт парусы.

Болжамды диагноз қойыңыз? Емдеу шаралары?

B) Бет нервінің нейропатиясы оң жақты, гормонотерапия, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, витаминотерапия.

 

52 жасар науқас. Стационарға түскен кезде сол аяқ қолының шағымданады.гипертониялық аурумен ауырғанына 10 жыл болған.таңертең өзін нашар сезінген әлсіздік сол аяқ қолының ұюы пайда болған.неврологиялық статуста vii, xii жұп нервте парез байқалады, сухожильді анизорефлексия.барре симптомы сол жақты оң мәнді.сол қолының күшінің азаюы,сол жақты гемигипестезия.ошақты симптоматика 24 сағат көлемінде болып өтті.

Клиникалық диагноз қойыңыз? Қосымша тексеру әдістері?

B) Ишемиялық инсульт, бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру

Шизофренияның паранойдты формасы жиі дамиды:

C) Ересек жаста

 

Науқас 37 жасар ер адам, кокайнды алғаш рет қабылдағанда күш қуатының артқанын сезінген, өзіне сенімділігі жоғарылаған, шығармашылық қабілетінің артқанын сезінген.

Мұндай жағдай:

E) Мастық

 

Науқас 40 жаста, сонғы 2 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 40 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спиртік ішімдік тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, өз-өзінен гүбірлеп сөйлейді, сөздері түсініксіз. Қабылдау кезінде тынымсыз, тыпыршып бір орында тұра алмайды, жүзінде қорқыныш үрей сезімі байқалады. Қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Уақыт пен кеңістікті бағдарлай алмайды, өзіне бағдары сақталған қолының саусақтарымен айналасындағы құмырсқаларды теріп отырғанын айтады.

Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған:

C) Делирий

 

Науқас 30жаста туыстарының айтуынша соңғы 2 ай көлемінде науқастың мінез - құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 2 апта көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен –кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді.

Қандай жағдайды сипаттайды:

D) Кататониялық ступор

Науқас 30 жаста, ер адам созылмалы алкоголизммен зардап шегеді, соңғы тоқтаусыз ішуі 5-6 күнге созылған, өздігінен тоқтай алмаған, сол себепті туыстарының жеткізуімен наркологиялық орталыққа келген. Бұрын ем қабылдамаған. Жүргізетін іс-шаралар:

А) Дәрігер - наркологтің қабылдауы

 

Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері күәләнушіні жеткізді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен амалсыздан жауап береді, тілі күрмеленген, ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұрақсыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.

Мастық күйдің қай дәрежесі:

B) Орта

Бауыр комасының негізі белгісі:

A) Естің толық айырылуы және рефлекстердің болмағандығы

 

28 жастағы әйел ауруның 9-ші күні ауруханаға мынадай шағымдарымен келді. Ауруының 1-ші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызыуының 38-38,5ғС-қа көтерілуі, тамағының ауырсынуы, нәжіс түсінің өзгеруі. Ауруының 2-ші күні науқас склерасының сарғайғандығын, несеп түсінің өзгеруін байқаған. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызыуы 38,5ғС, ірі лимфа түйіндер пальпацияланады. Аранында фарингит. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, аздап ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

B) Листериоз

 

25 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?

C) Менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия

 

34 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ғС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

E) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

 

20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапияның компоненті болып табылады:

B) Дегидратация

 

50 жастағы еразамат тері зауытында жұмыс істейді. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39ғС-қа көтерілуі, қалтырау, айқын тершеңдік. Қатты жөтел қан аралас қақырықпен, науқастың санасы тежелген. Жалпы жағдайы ауырлық дәрежеде жалпы интоксикация және тыныс шамасыздық белгілеріне байланысты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Этиотропты емге препаратты таңдаңыз:

D) Цефтриаксон

 

Созылмалы бронхит кезіндегі құрғақ жөтел немен байланысты:

C) ірі бронхтардың шырышты қабатының рефлексогенді аймақтарының жоғары сезімталдығымен

 

Қайталамалы қалтыраумен жүретін гектикалық қызба, лейкоцитоз, эмболиялық абсцесс мына ауруға тән:

A) сепсис

 

М. атты 38 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. неғұрлым мүмкін диагноз:

А) құрғақ плеврит

 

М. атты 55 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Бронхоөкпелік дертпен 15 жыл. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. неғұрлым мүмкін диагноз:

Е) созылмалы обструктивті бронхит

 

жаста, стационарда сол жақ өкпенің т/б пневмониясымен ем алып жатыр. Емделудің 8 күні ентігуі және кеуде қуысының ауырлауы күшейді, субфибрилді температура сақталады. Науқаста қандай асқыну дамыды:

В) экссудативты плеврит

 

Т., науқасы 68 ж, шағымдары үдеген ентігуге, Тексергенде: ЭТЖ-55 мм/с,. Рентгенде: плевралды сұйықтық. Плевралды пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра құысында сұйықтық қайта жиналуы байқалады. Диагнозды анықтау үшін қандай әдіс тиімді:

Е) экссудаттың цитологиялық зерттеуі

 

45жастағы ошақты пневмониямен ауыратын науқаста, ауруының 9-күні қан арасқан ірінді қақырық пайда болды, оң жақ жауырын астынан ылғалды ұсақкөпірішікті сырылдар естіледі, дене қызуы 39-40 С. Рентгенде деструкция ошақтарымен қараюы. Науқаста қандай асқыну:

Е) өкпенің іріндеуі

 

Өкпе абсцесімен ауыратын науқаста күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасы сол жақ бөлігінің қалыңқырауы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін:

В) пневмоторакс

 

48 жастағы К. атты науқасты 10 жыл тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 3 жыл бойы полькортолон қабылдаған. Соңғы 3 күнде тұңшығу ұстамалары жиілеп кетті, түнде 3-4 ретке дейін, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 51%. Неғұрлым тиімді базисті терапия:

Е) к/т преднизолон

 

Антибиотиктердің үлкен дозасымен емделіп жүрген науқаста ірінді-шырышты қақырықты жөтел, қалтырау, ыстығынын көтерілуіне мазалайды. Аускультативті аздаған тұрақсыз ылғалды және құрғақ сырылдар. Рентген қорытындысында - өкпе түбіріндегі өкпе суретінін кушеюі және ауыспалы ошақты инфильтраттар. Қақырықта Сandida табылды. Сіздің шараларыңыз

D) микосист (флюконазол)

 

Ж. атты 48 жасар ӨСОА-мен ауыратын науқас өкпенің ыдыраусыз ошақты туберкулезімен ауруханада емделуде. Клиникалық жақсарудан кейінгі соңғы 3 күнде өнімсіз жөтелмен дене қызуы 38оС дейін көтерілгені байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауының себебін анықтау үшін неғұрлым тиімді зерттеу әдісі:

Е) қақырықты микрофлора сезімталдығына егу

 

Т., атты 66 жастағы науқас қиын бөлінетін шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, үдемелі ентігуге, физикалық жүктемеде күшеюінде, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннекенеттен ауырған. Күніне 25 темекі тартады, анамнезінде созылмалы бронхит. Аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс, шашыраған құрғақ сырылдар екі жақта, оң жақта жауырын астында – ылғалды ұсақкөпірішікті сырылдар. Сол жерлерде перкуторлы – тұйықталған дыбыс. Рентгенде: оң жақ өкпенің т/б көптеген инфильтративты көлеңкелер, көлемі 1-2 см. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/с. Қандай диагноз ықтимал:


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>