Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 8 страница



Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары (1991-2004 жылдар) мүнда түрақты түруға 350 мың оралман келді, олардың жартысы Өзбек- станнан көшіп келгендер еді.

XXI ғасырдың алғашқы бес жылында Қазақстанға келушілердің жалпы ағынында негізгі жиынды тағы да қазақтар қүрады (70%-дан астам). Мәсе- лен, егер 1999 жылы 9,5 мың қазақ келген болса, 2004 жылы — 48 мың,

2005 жылы — 57 850 мың қазақ келді.

Республикаға көшіп келушілердің жалпы ағынында орыстардың үлесі 24,5%-ға тең. Бүл жылдары жыл сайын олардан елге 15 мыңға тарта адам оралып отырды.

Соңғы жылдары елімізге көшіп келудің көбею үрдісі күшейе түсті. Мәселен, көрші мемлекеттерден қоныс аударғандардың саны 2000 жылы

47,5 мың адам; 2002 жылы - 58,5 мың адам; 2004 жылы - 68,3 мың адам болды, 2005 жылы - 74,8 мың адамға дейін көбейді.

Қазақстанның облыстары, аудандары және қалалары арасындағы көші-қон 90-жылдардың бірінші жартысында қысқаруға бет алды, көші- қонның барлық түрлері арасындағы оның үлес салмағы 45%-ды қүрады. Жол жүру қүнының, пәтерақының, отынның қымбаттауы т.б. салдарынан барыс-келістік, демалыстық, туристік миграция тежелді. Республика ішін- дегі қоныс ауыстыру негізінен басым екі векторда: Алматы қаласы және осы аттас облыс, солтүстік және орталық өңір облыстары — Ақмола, Кара­ганды, Павлодар, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау - батыс өңірінің облыстарында орын алды. Көші-қонның осы түрінде қазақтар- дың үлесі 65%-ды, орыстардың үлесі - 22%-ды қүрады.

90-жылдардың ортасында республика ішіндегі қоныс аудару қайта- дан жанданды. Олар 1997 жылғы 54,8%-дың орнына 1998 жылы 61,7%-ды қүрады. Елорданың ауысуына байланысты Астана мен Алматы қалалары халықтың ең көп қоныс аударуымен ерекшеленді.

90-жылдары республика ішіндегі көші-қон қала мен ауыл түрғындары санының қайта бөлінуі себептерінің бірі болды. Қала түрғындары саны- ның бүрынғы жылдардағы тым тез өсуі қала халқы санының түрақтануы- мен, сонан соң қала халқының абсолюттік азаюымен алмасты. 1995 жылға




дейін қалалардан кетудің қалаларға келуден уақытша артуы байқалды. Сонымен бірге ауыл халқының біршама және абсолюттік өсуі орын алды. Мұндай жағдайдың пайда болуына қалаларда нарықтық өзгерістердің ауыл- дағыдан ертерек басталғаны септігін тигізді. Мұнда нарықтық қүрылым- дар: еңбек биржасы, шикізат, бағалық қағаздар қорлары мен негізгі қорлар тезірек жасақталды, тұрғын үй жекешелендірілді. Мүның өзі жүмыссыз- дыққа, көптеген кәсіпорындардың жабылуына, тамақ өнімдерінің, түрғын үй жалдаудың, тұрмыс кұнының қымбаттауына және мемлекеттік-әлеу- меттік қүрылымның бүзылуына әкеп соқты.

Ауылдық жерлерде колхоздар мен совхоздардың және басқа кәсіп- орындардың шаруашылықты жүргізудің нарықтықтүрпаттарына түрленуі баяуырақ жүрді. Сондықтан мемлекеттік сектордың кәсіпорындарында жүмыспен қамтылу әлі де сақталды, расын айтқанда, көбінесе еңбекке ақы төлеудің тек заттай нысаны ғана қолданылды. М үның өзі қала түрғындары- ның бір бөлігінің ауылдық жерлерге қоныс аударуына әкеп соқты.

1995 жылға қарай қарама-қарсы үрдіс байқалды. Енді халық ауылдар- дан жүмыс пен табыс іздеп қалаларға үмтылды. Еңбек мигранттарының көп бөлігін қазақтар, негізінен жастар құрады. Нәтижесінде 1994 жылдан

1998 жылға дейінгі кезеңде ауыл (селолық) округтардың саны тиісінше 2522-ден 2042-ге дейін қысқарды.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси омірінде, әсіресе Одақ қүлағаннан кейінгі алғашқы жылдары болған оқиғалар мен өзгерістердің салдарынан республиканың өнеркәсіпті қалаларында түрғын- дардың саны едәуір қысқарды, бүл жылдары қаланы қүрайтын кәсіпорын- дар жойылып, жапа-тармағай көшіп-қону үрдісі басталды. Мәселен, 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде Курчатов қаласы халқының саны 7,0 мың адамға азайды, Кентау қаласында 8,3 мың адамға, Текелі қаласында

7,8 мың адамға, Зырян қаласында 18,4 мың адамға, J1 ениногор қаласында

13,7 мың адамға, Арқалық қаласында - 20,3 мың адамға, Абай қаласында

— 10,1 мың адамға, Саран қаласында — 29,3 мың адамға, Шахтинск қала- сында -41,8 мың адамға азайды т.б.

XXI ғасырдың басында миграцияның барлық нысандарына үшыраған адамдардың жалпы саны 1 миллион 330 мың адамнан асып түсті, яғни бүкіл халықтың 9%-ын дерлік қамтыды. Жалпы көші-қон санының енді 25,5%-ы республика облыстарының арасындағы, 40,6%-ы облыс ішіндегі қоныс аударуға және 33,9%-ы сыртқы көші-қонға тиесілі еді.

Халықтың оқу-білім деңгейі. Қазақстан халқының білім индексі және сауаттылық көрсеткіші жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде. БҮҮ-ның бағалауы бойынша, Қазақстан балалар мен жасөспірімдерді жынысына қарамастан бастауыш және барынша жоғары деңгейдегі орта мектеп білімін қамтамасыз ету міндетін орындады. Санақ аралық кезенде (1989-1999 жылдар) халықтың жалпы оқу-білім деңгейі (15 жастағы және одан үлкен жастағы 1000 адамға шаққанда) 941 промилледен 988 промиллеге дейін, яғни 47 пунктке көтерілді, ол былай түрсын, әйел затында одан да көп. Оқу-білім деңгейінің өсу қарқыны қала түрғындарына қарағанда ауыл түр- ғындарында екі есе дерлік жоғары. Мәселен, егер ауыл түрғындарында оқу-білім деңгейі 61 пунктке (923 промилледен 984 промиллеге) көбейсе, қала түрғындарында — 37 пунктке (954 промилледен 991 промиллеге дейін) көбейді, оның үстіне, егер қаладағы ер адамдардыкі 18 пунктке (978 промилледен 996 промиллеге дейін) көбейген болса, ауылдық жер­лерде 32 пунктке (959 промилледен 991 промиллеге дейін) көбейген; қала- дағы әйелдердің оқу-білім деңгейі 8 пунктке (978 промилледен 986 про­миллеге дейін) көбейген болса, ауыл әйелдерінде 89 пунктке (887 промил­леден 976 промиллеге дейін) көбейген.

Халықтың жалпы оқу-білім деңгейінін артуы мемлекеттік емес жогары оқу орындары желісінің кеңейтілуі және мемлекеттік оқу орындарына ақы- лы негізде шектеусіз дерлік қабылдануы нәтижесінде жүзеге асты. Мәсе- лен, 1990/1991 оқу жылында Қазақстанда 55 жогары оқу орны болды, олар- дагы оқушылардың саны 287,4 мың адамга жетті; 1999/2000 оқу жылында жогары оқу орындарының саны 163-ке, шәкірттерінің саны 365,4 мыңга жетті, олардың ішінде 106 мемлекеттік емес жогары оқу орны жүмыс істеді, олардагы студенттердің саны 94,4 мың адамга жетті. Кейіннен жогары оқу орындарының саны және тиісінше оларда оқитын жастардың саны жеткі- лікті дәрежеде жогары деңгейде қалды. Мәселен, 2000/2001 оқу жылында оқу орындарының саны 170-ке, олардагы оқушылардың саны 440,7 мыңга; 2001/2002 оқу жылы жогары оқу орны - 185-ке, оқушыларының саны -

514,7 мыңга; 2002/2003 оқу жылы - жогары оқу орны 177-ге (597,5 мың оқушы); 2003/2004 оқу жылы — 180-ге (658,1 мың оқушы); 2004/2005 оқу жылы — 181-ге (747,1 мың оқушы); 2005/2006 оқу жылы - жогары оқу орны саны 181-ге жетіп, онда 775,8 мың оқушы оқыды. Мемлекеттік емес жогары оқу орындарының саны бүл жылдары үдайы өсу үстінде болды - тиісінше 112, 126, 127, 134. Жеке меншіктегі жогары оқу орындарында оқитын студенттердің саны да көбейеді - тиісінше 126,9 мың оқушы, 182,5 мың оқушы, 257,0 мың оқушы, 297,9 мың оқушы.

Егемендік жылдары республиканың байыргы халқының білім деңгейінде күрт өрлеу байқалды: 1000 адамга шаққанда 126 қазақтың жо­гары білімі бар болып шықты. Қазақ жастарының қатарынан шыққан сту- денттер санының ерекше қауырт өсуі 90-жылдардың басына түспа-түс келді. Қазір жогары оқу орындарында оқитын қазақ-студенттер санының түрақталганы байқалады. Қазіргі кезде олардың жогары оқу орындарын- дагы үлесі 70%-ды қүрайды, егер оскен болса, онда ол болмашы гана.

Республиканың жогары оқу орындарында оқитын басқа үлттар жас- тарының саны да көбейді. Әсіресе бүл түрікмендерге (44,9%), тәжіктерге (17%), қыргыздарга (15,8%), әзірбайжандарга (11,6%) тән. Тек белорус- тарда гана бүл көрсеткіштің 7,5%-га төмендегені тіркелді. Қазір осы үлттар халқының 1000 адамга шаққанда 123 орыстың; 73 әзірбайжанның; 78 бе- лорустың; 262 корейдің; 64 немістің; 132татардың; 74 өзбектің; 77 үйгыр- дың; 104 украинның жогары білімі бар.

Көптеген өнеркәсіп орындарыныңтоқтап қалуы және жүмысшы кад- рларга деген қажеттіліктің қысқаруы республикада кәсіптік-техникалық даярлықтың догарылуына әкеп соқты. Тек 1995—1999 жылдарда гана кә- сіптік-техникалық мектептердің саны 404-тен 285-ке дейін, яки 30%-га қысқарды, ал білікті жүмысшылар даярлау 48%-га кеміді. Кейінгі жылда­ры бүл үрдіс түрақталды және кәсіптік-техникалық оқу орындарының саны сол деңгейде дерлік қалды, бірте-бірте өсуге де беталды: 2000 жылы - 282;

2001 жылы — 284; 2002 жылы — 287; 2003 жылы — 288; 2004 жылы — 296;

2005 жылы - 307.

Қазақстан экономикасы саласында барлық қызмет атқаратындардың арасында жоғары жэне арнаулы орта білімді адамдардың үлесі едәуір артты: егер 1989 жылы жоғары білімі бар адам саны 1000 адамға шаққанда орта есеппен 130 болса, 1999 жыл 212 адам болды; арнаулы орта білімі барлар тиісінше 234 және 296 адам болды.

Егеменді даму жылдары Қазақстан мемлекеттілікті нығайтты, эконо- миканы сапалық жаңа деңгейге көтерді, қоғамды жаңғыртудың сәтті жолын салды, қарышты қарқынмен ілгері қарай жылжуды қамтамасыз етті. Қазақ- стандықтардың өмірінде орын алған қиын үрдістердің аясында оң өзгеріс- тер барған сайын айқын көрініс тапты, демографиялық саладағы келең- сіздіктер бірте-бірте еңсеріле бастады. Мүның бәрі Қазақстанда демогра- фиялық жағдайдың одан әрі жақсаруға мүмкіндігі бар деп пайымдауға мүмкіндік береді. Тек басым бағыттарды дәл айқындап, қазіргі демогра- фиялық проблемаларды жеңілдетуді қамтамасыз ететін бағыттарға қарай қозғалу қажет.

Бүгінгі таңда әңгіме бала туудың төмендеуі немесе өлім-жітімнің жоғарылауы жайында бола ма, халықтың үдайы өсіп-өнуінің қусырылуы немесе отбасылардың жасақталуы мен ажырасу жайында бола ма, респуб- ликадағы бүкіл демографиялық проблемалар әлемнің барлық елдерінде жоғары деңгейдегі индустрияландыру мен қалаға шоғырланудың әсерімен болып жатқан адамдардың түрмыс жағдайындағы тарихи өзгерістерге бай­ланысты. Бірақ Қазақстанның өзіндік айрықшалығы бар, ол осы пробле­маларды екі үлкен топқа бөлуді талап етеді.

Бірінші топқа әлемдегі елдердің көпшілігіне ортақ және азды-көпті дәрежеде Қазақстанға да қатысты проблемалар жатады. Келешекте бала туудың төмендеуі, некенің баянсыздығы, өркениеттің дерті дейтін дерт- тен өлім-жітімнің жоғарылауы, табиғи өсіп-өнудің баяулауы - әлемдік қоғамдастықты көптен бері аландатып отырған, көптеген мәселелерді туын- датып отырған проблемалардың тіпті де толық емес тізбесі осындай. Бүл проблемалардың бәрін бір ортақ белгі біріктіреді. Олардың шешімін та- буға тырысқан көптеген әрекеттерге қарамастан, олар жауапсыз қалып отыр, ал үкіметтердің жағдайды өйтіп-бүйтіп түзеуге тырысқан әрекеттері тиімсіз болып шығады. Тегінде, XXI ғасырдың адамдардың жекебасылық және от- басылық өміріне және олардың денсаулығын қорғауға қатысты болып келе- тін тағдырлы талабының барынша елеулі екенін мойындай отырып, олар- дың жағдаяттык сипатта емес екенін ескермеуге болмайды. Бүл тағдырлы талапқа қайтаратын оңай жауап жоқ немесе, былайша айтқанда, әзірге ол еш жерде табылған жоқ. Қоғам қазіргі әбден нақты көптеген проблемаларды басы артық шиеленістіру олардың шешімін әсте жақындатпайтынын сезіне отырып, көптеген тарихи өзгерістерге өзінің көзқарасын жалпы қайта қарауға тиіс болады және олар алғаш қарағанда соншалықты қолайсыз көрінгенімен олардың кейбіреулерімен ымыраласуға мәжбүр болады.

Қазақстандық проблемалардың басқа бір тобына әлемнің көптеген елдері толық немесе тіпті ішінара ауыздыктай алған проблемалар жатады. Қазақстан, мысалы, КСРО-ның бүрынғы басқа бір республикалары сияқты өлім-жітімнің арылуға болатын себептерінен туындаған олім-жітімнің жоғарылауымен, індеттік кеселге шалдығудың әлі де елеулі екенімен, әйелдер мен отбасылардың өсіп-өнуге құқықтарының жеткілікті дәреже- де қамтамасыз етілмеуімен, құрсақ көтеруге жарамды денсаулық деңгейінің төмендеуімен, отбасын жоспарлау әдістерінің дамымағандығымен, жасан- ды жолмен түсік тастату санының көптігімен, ана өлімінің жоғары дең- гейде болуымен т.б. ерекшеленіп отыр. Басқа елдердің тәжірибесі саяси ерік-жігер мен тиісті ресурстар болған жағдайда мүндай проблемаларды бүгін танда шындап шешуге болатынын көрсетіп отыр, оларды Қазақстанда да шешуге әбден болады. Қоғам мен мемлекеттің басым бағыттағы страте- гиялық күш-жігері нақ осы шындап шешуге болатын нақты проблемалар- ға бағдарлануға тиіс.

Осындай жағдайда іс-қимылдардың белгілі және әлемдік іс-тәжіри- беде сан қайтара тексерілген әдістері бар. Азаматтардың өсіп-өну қүқықта- рын қорғаудың заңнамалық негізін нығайту, оларды іске асыру үшін қа- жетті материалдық инфрақүрылымды дамыту, халықты, әсіресе жастарды жыныстық жақындасу жөнінен көзі ашық болуы жағын ойластыру қажет. Қарекеттің бүл түрлерінің бәрі Қазақстанда біршама жүзеге асырылып отыр, бірақ олардың қарқындылығы міндеттердің ауқымына сай келмейді. Денсаулық пен өлім-жітім саласындағы саясаттың басым бағыттарын да нақтылау қажет болып түр. Ең алдымен жүқпалы кеселдер және олардан болатын өлім-жітім, әсіресе балғын жастағы өлім-жітім санының өсуіне назар аудару қажет. Қазақстанда жүқпалы және індетті кеселдердің бұрқ ете түсуі ықтималдығы әзірге сақталып отыр, мүндайлар осы таяуда өткен жылдар тәжірибесінен де байқалды (тырысқақтың, қүрөзектің, туберку- лездің, мерездің бүрқ ете түсуі, СПИД-тің таралуы т.б.).

Т өр тіньиі map ay БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ РЕФОРМАЛАРЫ

1. БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМ АЛ АРЫ

Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болған Қазақстанда оқу-білім реформа- ларының себептері экономикалық және саяси қайта қүрулардың алғышарт- тарынан принципті түрде өзгешеленеді. Экономикалық және саяси қайта қүрулар экономиканыңтерең дағдарысымен, саяси қатынастардыңтарихи баламасыздығымен, өндірістің қүрылымы мен нәтижелерінде, халықтың түрмыс деңгейі мен сапасында, мемлекеттік басқарудың тиімділігінде озық елдерден елеулі артта қалушылықпен байланысты болды. Осыған қара- мастан тәуелсіз Қазақстан ыдыраған Кеңес Одағынан мүраға алған білім беру жүйесінде дағдарыс та, артта қалушылық та болған жоқ.

Егер экономикалық дамудың көптеген көрсеткіштері бойынша рес- публиканы 1990 жылдардың басында дамушы елдердің қатарына жат- қызуға болатын болса, онда халықтың білім мен біліктілік деңгейі, оқу үрдісінің тиімділігі, ғылыми әлеуеті бойынша ол көптеген дамыған ел­дерден алда түрды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 19 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>