Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 4 страница



Төменде халықтың қозғалысы жөніндегі статистикалық деректер келтіріліп отыр (1—3-кестелер).

Үлттық қүрам. Қазақстан халқының этностық қүрамы көп ауқымдағы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол республиканың тарихи дамуы ерек- шелігінің салдары болып табылады. Мәселен, тек кеңестік кезенде ғана халықты түрғылықты мекенінен қуу және күштеп қоныс аударту жолда- рымен, индустрия алыптарын салу үшін үйымдастырылған көшіріп әке- лумен, кәсіпорындар мен жүмыс күштерінің орнын ауыстырумен, соғыс жылдары орасан жүмысшы күшін көшірумен, тың эпопеясы кезіндегі еңбек көші-қондарымен т.б. жолдармен Қазақстанның аумағына барлық республикалардан толып жатқан келімсектердің көшіп келгені белгілі. Мүның өзі байырғы түрғылықты халықтың үдайы қысқаруына және келімсек халықтың, негізінен еуропалық, әсіресе орыс халқының сан жа- ғынан еселеп өсуіне әкеп соқты. Егемендік жылдары Қазақстаннан ТМД елдеріне және шалғай шетелдерге ондаған мың келімсектер көшіп кетуге үмтылды, нәтижесінде республиканың этникалық қүрамында еуропалық халықтардың саны мен үлес салмағы қысқарды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан астам үлт өкілдері түрады. Олар- дың ішінде саны ең коп он бір үлт 4-кестеде берілді.


Қазақстан Республикасы бойынша халық санының өсу серпіні (1989—2006 жылдар)

(мың адам)

 

1989 жыл

1999 жыл

Қалдык

1.01 2006 жылға

Қалдык 1999 жылдан

Қазақстан

Республикасы

   

-1246028

15219,3

266,2

Ақмола облысы

   

-228135

746,7

-89,5

Ақтөбе облысы

   

-50095

686,7

-42

Алматы облысы

   

-84383

1603,8

45,3

Атырау облысы

     

472,4

32,2

Шығыс Қазақстан

   

-236201

1431,2

-99,8

Жамбыл облысы

   

-49827

1001,1

12,3

Батыс Қазақстан облысы

   

-12694

609,3

-7,5

Қарағанды

облысы

   

-335230

1334,4

-75,8

Қостанай облысы

   

-206115

903,2

-114,5

Қызылорда облысы

     

618,2

22,0

Маңғыстау облысы

   

-9574

374,4

59,8

Павлодар облысы

   

-135330

742,9

-64,0

Солтүстік Казак- стан облысы

   

-186085

663,1

-62,8

Оңтүстік Қазақстан облысы



     

2233,6

255,3

Астана қаласы

     

550,4

231,1

Алматы қаласы

     

1247,9

118,6

 

2-кесте

Қазақстан Республикасы бойынша қала түрғындары санының өсу

серпіні

 

1989 жыл

1999 жыл

Қалдық

абс.

%

абс.

%

 

           

Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Ақтөбе облысы Алматы облысы

 

56.7 47,2 54,1

32.7

 

56,0

45,5

56,2

29,8

-805333

-121955

-12703

-72087

 

           

Атырау облысы

 

60,3

 

58,2

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

58,4

 

58,8

-131853

Жамбыл облысы

 

47,3

 

46,2

-34830

Батыс Қазақстан облысы

 

42,5

 

40,8

-15601

Караганды облысы

 

81,7

 

82,2

-267438

Қостанай облысы

 

50,5

 

54,2

-65834

Қызылорда облысы

 

60,2

 

60,5

 

Маңғыстау облысы

 

88,6

 

78,4

-40391

Павлодар облысы

 

64,0

 

63,4

-91276

Солтүстік Қазақстан облысы

 

35,9

 

37,8

-52819

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

40,5

 

36,9

-9360

Астана қаласы

         

Алматы қаласы

         

 

3-кесте

Қазақстан Республикасы бойынша ауыл тұрғындары санының өсу

серпіні

 

1989 жыл

Үлес

салмағы

1999 жыл

Үлес

салмағы

Қалдық

 

абс.

%

абс.

%

 

Қазақстан Республикасы

 

43,3

 

44,0

-440695

Ақмола облысы

 

52,8

 

54,5

-106180

Ақтөбе облысы

 

45,9

 

43,8

-37392

Алматы облысы

 

67,3

 

70,2

-12296

Атырау облысы

 

39,7

 

41,8

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

41,6

 

41,2

-104348

Жамбыл облысы

 

52,7

 

53,8

-14997

Батыс Қазақстан облысы

 

57,5

 

59,2

 

Қарағанды облысы

 

18,3

 

17,8

-67792

Қостанай облысы

 

49,5

 

45,8

-140281

Қызылорда облысы

 

39,8

 

39,5

 

Маңғыстау облысы

 

11,4

 

21,6

 

Павлодар облысы

 

62,0

 

36,6

-44054

Солтүстік Қазақстан облысы

 

64,1

 

62,2

-133266

Оңтүстік Қазакстан облысы

 

59,5

 

63,1

 

 


 


4- кестеден көрініп отырғанындай, республикадағы басым ұлттар — қазақтар мен орыстар, олар Қазақстанның этникалық құрылымында 85%- ды құрайды, оның үстіне қазақтар санының және олардың республика хал- қының қүрамындағы үлесінің абсолюттік көбеюі және орыстардың осы көрсеткіштерінің 70-жылдардың аяғынан бастап азаюы үрдісі жалғасуда.

Қазақтардың саны 1989—1999 жылдардағы санақ арасындағы он жылда 1 488 мың адамға көбейді, ал олардың халық қүрамындағы үлесі 1989 жылғы 40,1%-дың орнына 1999 жылы 53,4%-ды қүрады. 2005 жылы қазақ- тардың саны қайтадан 8 725 мың адамға дейін, яки 740 мың адамға көбейді, ал үлес салмағы 57,9%-ға дейін өсті.

Байырғы түрғылықты халықтың неғүрлым жоғары үлес салмағы Қы- зылорда (95,3%), Атырау (90,6%), Маңғыстау (83,5%), Ақтөбе (75,8%) об- лыстарына тиесілі. Неғүрлым аз үлес салмағы — Солтүстік Қазақстан (31,9%), Қостанай (33,9%), Ақмола (42,1%) және Қарағанды (41,4%) об- лыстарына тиесілі. Бүл облыстар орыс және басқа үлттар басым түратын өңірлер болып табылады.

Қазақтар ежелден ауылдық жерлерде мол шоғырланды. Егемендік жылдары олар елеулі түрде қалаға шоғырлану үрдісіне тап болды. Мәсе- лен, егер қалада түратын қазақтардың үлесі 1989 жылы 38,3%-ға, 1999 жылы 45,3%-ға тең болса, 2005 жылдың басында республикадағы әрбір екінші қазақ қалада немесе қалалық кенттерде түрады.

Орыстардың саны және олардың республика халқының қүрамындағы үлес салмағы қысқаратүсуде. Мәселен, 1989—1999 жылдардағы кезеңде абсолюттік көрсеткіш 1 582 мың адамға азайды, ал олардың халық қүра- мындағы үлесі 1989 жылғы 37,4%-дың орнына 30,0%-ға дейін төмендеді. 2005 жылы олардың саны тағы да 456 мың адамға, ал үлес салмағы - 26,7 %- ға дейін қысқарды.

Украиндардың, татарлардың, немістердің, белорустардың саны және олардың өңірдің үлттық қүрамындағы үлес салмағы қысқара түсуде. Өзбек- тердің, үйғырлардың, әзірбайжандардың, түріктердің саны мен үлес салма- ғы өсіп келеді.

Қазақ халқының саны мен олардың республика халқы қүрамындағы үлесінің абсолюттік өсуі олардың табиғи өсіп-өнуі, қазақ емес халықтың теріс миграциялық қалдығы және қазақтардың Ресейден, Өзбекстаннан, Түрікменстаннан және шалғай шетелден оралуы есебінен оң миграция- льщ өсіп-өнуі нәтижесін аңғартты. Орыстардың, украиндардың, белорус- тардың және немістердің саны олардың республикадан көшіп кетуі есебі мен табиғи өсіп-өнуінің томен болуы немесе табиғи өсіп-өнудің мүлде қүлдырауы салдарынан қысқарды.

Консулдық қызмет департаменті басқармасының деректеріне орай әрбір үшінші қазақ шетелдерде түрады, олардың жалпы саны шамамен 3,5 миллион адамга жетті. Шалғай шетелдерде: Қытайда — 1 258 500 мың адам; Монғолияда - 83 000 адам; Ауғанстанда - 28 000 адам; Түркияда - 20 000 адам; Иранда — 3450 адам; Балтық елдерінде —2500 адам; Германия- да — 700 адам, Жапонияда — 40 000 адам; Австралияда - 40 000 адам; Бельгияда — 28 адам; Сауд Арабиясында — 28 адам; Норвегияда —20 адам; Кубада — 2 адам түрады. Барлығы 1476 228 адам. Сонымен қатар Франция- да 172 отбасы; Швецияда — 51 отбасы; Пәкстанда — 36 отбасы; АҚШ-та —


23 отбасы; Австрияда — 18 отбасы; Швейцарияда — 4 отбасы; Данияда - 4 отбасы түрады. Барлығы 308 отбасы.

Таяу шетелдерде 1 814 300 қазақтұрады, соның ішінде Өзбекстанда - 967 200 адам, Ресейде — 687 800 адам, Түрікменстанда — 87 000 адам, Қырғызстанда - 42 600 адам, Украинада — 10 500 адам, Тәжікстанда - 10 000 адам, Әзірбайжанда - 4000 адам, Грузияда - 3000 адам, Молдовада

- 2000 адам, Арменияда — 500 адам, Беларусьте — 300 адам тұрады.

Халықтың табиғи өсіп-өнуі (некелесуі, бала тууы, өлім-жітімі және өмірінің ұзақтығы, денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі). Қазақстан үшін табиғи өсіп-өну халық санының кобеюінің негізгі көзі болып табылады. 80-жылдардың аяғынан бастап республикада бала ту у үдайы төмендеді, ал олім-жітім, керісінше, көбейді. Соның салдарынан табиғи осіп-өну қарқы- ны үдайы қысқарды. Мәселен, табиғи өсіп-өну коэффициенті (халықтың 1000 адамына шаққанда) 1987 жылы 18,1 промилле; 1995 жылы 6,8 про­милле; 1996 жылы 5,6 промилле; 1997 жылы 4,8 промилле; 1998 жылы 4,6 промилле болды. 1999 жылдан бастап бүл корсеткіш өсудің жалғасуы үрді- сімен оң серпін алады: 1999 жылы 4,7 промилле; 2000 жылы 4,8 промилле;

2001 жылы 4,9 промилле; 2002 жылы 5,2 промилле; 2003 жылы 6,2 про­милле; 2004 жылы 8,1 промилле.

90-жылдары табиғи осіп-ону негізінен ауыл халқының есебінен қам- тамасыз етілді, тек 2000 жылдан бастап бүл корсеткіш қала түрғындарын- да осе бастады. Мәселен, ауыл тұрғындарында табиғи өсіп-өну 1995 жылы (халықтың 1000 адамына шаққанда) 12,2 промиллеге тең болса, ал қала түрғындарында 2,6 промилле болды; тиісінше 1996 жылы 10,4 және 1,8

промилле; 1997 жылы 8,8 және 1,5 промилле; 1998 жылы 7,9 және 1,8

промилле; 1999 жылы 7,7 және 1,8 промилле; 2000 жылы 8,0 жэне 2,4

промилле; 2001жылы 8,1 жэне 2,5 промилле; 2002 жылы 7,9 жэне 3,2

промилле; 2003 - 8,3 жэне 4,6 промилле; 2004 жылы 6,8 жэне 6,8 промил­ле; 2005 жылы 9,02 жэне 7,31 промилле болды.54

Республикада мекендейтін жекелеген үлттардың арасында табиғи өсіп-өну деңгейі бірдей емес: озбектердің арасында (22,0) және қазақтар- дың арасында (13,5) жоғарырақ; орыстарда (-4.9), украиндықтар мен бело- рустарда (-8,6) соңғы жылдары табиғи кему тіркелді, яғни туғандардың санынан өлгендердің саны басым болды.

Табиғи өсіп-өну қазақ халқы санының өсуінің басты факторы бо­лып қалады. Алайда экономикалық дағдарыс жылдары бүл корсеткіш- тің өсу қарқыны едәуір төмендеді. Қазақ халқының демографиялық осу серпінінің төмендеуі Қазақстанда атом қаруын үзақ жылдар бойына сынау, Арал теңізініңтартылуы, Семей полигоны аймағындағы жары- лыстар, уран кеніштерін ашық әдіспен қазу салдарынан қоршаған ор- таның экологиялық жағынан нашарлауымен де түсіндіріледі. Әйтсе де бүл корсеткіштің шамасы қазақ халқында негізінен бүкіл республика халқының табиғи осіп-өнуін айқындайды, ойткені қазақтардың табиғи оң осіп-онуі қазір Қазақстан халқының бүкіл табиғи осіп-онуінің 90%- ына дейін жетіп отыр (1989 жылы - 63,5%; 1991 жылы - 72,4%; 1993 жылы - 88,2%; 1995 жылы — 88,0%).

Некелесу. 90-жылдары некенің жалпы коэффициенті (1000 түрғын- ға шаққандағы неке саны) төмендеді: 1987 жылы - 9,8; 1991 жылы — 9,8;

1993 жылы — 8,6; 1996 жылы — 6,6; 1997 жылы — 6,5; 1998 жылы — 6,4;

1999 жылы - 5,8. Ешқашан некеге тұрмаған адамдардың саны едәуір өсті. Мәселен, 1999 жылғы санаққа орай жасы жеткен санаттағы, яғни 18—39 жастағы әйелдердің жалпы санының 33,3%-ы, яки әрбір үшінші әйел нағыз бала көтеретін жаста тұрмысқа шықпаған.

Соңғы жылдары некелесу коэффициенті өсуге бет алды: 2000 жылы

— 6,1; 2001 жылы — 6,3; 2002 жылы — 6,7; 2003 жылы — 7,4; 2004 жылы — 7,6; 2005 жылы - 8,1 промилле болды. Халықтың некелесуі ауылдағыдан гөрі қалалық кенттерде жоғары.

Қазақтарда некелесу жас құрамының жасаруы байқалады. Бұл оларда абсолюттік бала туу санының болашақта тұрақтануына септігін тигізеді. Қазақтарда некелесу жас құрамының жасаруы ең алдымен қалаларда бас- талды, негізінен халықтың қамсыздандырылған тобын қамтыды. Ресей мен Орта Азияда қазақтардың ұлтаралық некелесуі қазақтар бөлігінің сол ұлтқа сіңісіп кетуіне әкеп соғуда. Қазақстанда ұлтаралық некелер қазақтардың ұдайы өсіп-өнуіне айтарлықтай ықпал етпейді, ал орыстар үшін аталмыш некелер көптен-ақ өз этносының толығуы үшін даусыз қайнар көздердің бірі болып келеді.

Некеге тұрудың төмендеуі үрдісімен қатарласа 90-жылдары халықтың әрбір 1000 адамына шаққанда ажырасулар санының бірқатар төмендегені байқалды: 1991 жылғы 2,9%-дан 1993 жылы 2,7%-ға дейін; 1996 жылғы 2,5%-дан 1997 жылы 2,3%-ғадейін; 1998жылғы2,4%-дан 1999 жылы 1,7%- ға дейін төмендеді. Қазақстанда бұл кезде тіркелген некенің әрбір үшеуіне бір ажырасудан келді.

Соңғы жылдары ажырасу коэффициенті қалалық жерлерде де, ауыл- дық жерлерде де өсуде: 2000 жылы — 1,8; 2001 жылы — 1,9; 2002 жылы — 2,1; 2003 жылы — 2,1; 2004 жылы — 2,1; 2005 жылы — 2,1 промилле болды.

Ең коп ажырасу саны (60%-дан жоғары) жас санаты бойынша 25—39 жастағы ерлер арасында және 20—34 жастағы әйелдер арасында тіркелді, яғни ажырасулар екі жыныстың да ең өсімтал жасына түсіп түр, мүның өзі бала туудың төмендеуіне әсерін тигізіп отыр және халықтың табиғи өсіп- өнуін қысқартуда. Қалатүрғындары жиі ажырасады. Бүл орайда ажырасу баласыз және бір балалы отбасыларында екі және одан көп балалы отбасы- лардан гөрі едәуір жоғары. Ажырасудыңтөрттен бірі дерлік (23,8%) бірге түрғандарына бес жыл болмаған отбасылық жүптарға тиесілі, ажырасудың жартысы 5 жылдан 14 жылға дейін некеде түрған отбасылық жүптарға тие- сілі. Мүның мәнісі балалар, былайша айтқанда, жартыкеш отбасыларында тәрбиеленеді, әдетте — анасының тәрбиесінде өседі деген сөз.

Бала туу. XX ғасырдың 80-жылдарының аяғынан 90-жылдарға дейін бала туу қарыштап қүлдырады: 1988 жылдан 1995 жылға дейін бала туу коэффициенті (халықтың 1000 адамына шаққанда туған бала саны) 24,8 промилледен 17,5 промиллеге дейін, яғни 7,3 пунктке төмендеген.

90-жылдардың екінші жартысына дейін қазақ халқында бала туудың төмендеуі айқын көрініс тапқан жоқ. Мәселен, 1992—1994 жылдары қазақ- тардың арасында, жиынтық коэффициенттің төмендегеніне қарамастан, абсолюттік түлғада 200 мың адам шегінде ауытқыды. Бүл орайда бірқатар оңтүстік, батыс, шығыс облыстарындағы ауылдарда бала туудың өсуі бай- қалды. Қазақтардың абсолюттік санының тұрақтануы олардың бала тууы- на қазақ эмигранттарының жолға қойылған бала тууының нәтижесі, сон- дай-ақ қазақтардың арасында некелесудің жандануы ықпалын тигізді. Алайда 90-жылдардың ортасына қарай үшінші және одан көп кезекте бо- санудан дүниеге келген балалар санының қысқарғаны байқалды: 1991 жылғы 68,4 мың баладан, 1993 жылы 64,3 мың балаға дейін төмендеді. Бүл жылдары қазақ әйелдерінде бала туудың орташа коэффициенті 3,1 болды. Балалы болудың төмендеуі Оңтүстік Қазақстанның түрғындары үшін де ортақ сипатқа айнала бастады. Мысалы, Түркістан ауданында қазақтарда балалы болудың орташа мөлшері бір әйелге шаққанда 3,2 сәбиден 3,6 сәби- ге дейін ауытқыды. Сөйтіп, қазақтар көп балалы отбасынан бала саны ор­таша отбасы болуға карай тез шегінді. Соған қарамастан, қазақ халқында бала туудың біршама жоғары көрсеткіші (әрбір 1000 адамға шаққанда ту- ған бала саны 20,4) сақталды, бүл жылдары Қазақстанда туған барлық ба- лалардың үштен екісі дерлігі қазақ халқының үлесіне тиді.

Орыс және украин үлты әйелдерінің бала туу көрсеткіші қазақ әйел- дерінің бала туу көрсеткішінен әлдеқайда томен және оларда бүл көрсет- кіш 1,7 болды, мүның өзі Ресей Федерациясы мен Украина аумағындағы орыстар мен украиндардың балалы болу шамасына сай келді.

Соңғы жылдары Қазақстанда бала туудың төмендеу қарқыны баяула- ды: 1996 жылы - 16,3; 1997 жылы - 15,2; 1998 жылы - 14,8; 1999 жылы - 14,6; 2000 жылы - 14,9 промилле болды. 2001 жылы бүл көрсеткіштің шамасы 2000 жылғы деңгейде түрақталды, ал 2002 жылдан бастап өсу сер- піні аңғарылды: 2002 жылы - 15,3; 2003 жылы - 16,6; 2004 жылы - 18,4; 2005 жылы — 18,4 промилле болды.

Ауылдық жерлерде баланың дүниеге келуі бүрынғысынша жоғары деңгейді көрсетті. Мәселен, егер 1995 жылы қала тұрғындарында бала туу 14,3 промиллеге тең болса, ауыл түрғындарында 21,5 промилле болды; тиісінше 1996 жылы - 13,7 және 19,5; 1997 жылы - 13,1 және 17,7; 1998 жылы - 13,3 және 16,6; 1999 жылы - 12,8 және 16,0 промилле болды. 2000 жылдан бастап, қала түрғындарында бала туу коэффициенті ұдайы көбейеді, ал ауыл түрғындарында бүл үрдіс түрақсыз сипат алды. Мәселен, қала түрғындарында коэффициенттердің серпіні мынадай: 2000 жылы - 13,7; 2001 жылы — 13,8; 2002 жылы — 14,5; 2003 жылы — 16,4; 2004 жылы

— 18,2; 2005 жылы — 18,9 промилле; ауыл түрғындарындатиісінше — 16,5; 16,4; 16,3; 16,9; 18,1; 17,7 промилле болды.55

Бүкіл кезенде түрмыс қүрмаған әйелдер туған балалардың саны өсті. Бұл некелесуден бүрын және заң жүзінде некеге тіркелмей ашыналықпен бірге түрудың етек алуымен байланысты болды. Егер 1990 жылы некесіз туған балалардың саны жалпы туған балалар санының 13,2%-ын қүраса,

1997 жылы бүл көрсеткіш 21%-ға дейін өсті, 1999 жылы — 23,9%; 2000 жылы - 24,5%; 2001 жылы — 25,4%, 2002 жылы - 25,8%; 2003 жылы - 24,8%; 2004 жылы — 24,9 %; 2005 жылы — 24,4% болды. Бір қызығы, бүл қүбылыс қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де байқалды.

Жалпы алғанда Қазақстан үшін 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бо­йынша қүрсақ көтеретін жастағы әйел туған балалардың санын сипаттай- тын бала туудың жиынтық коэффициенті әйелге шаққанда 2,22 сәбиден келсе, 1999 жылы — 1,8 сәбиден болған-ды.56


Қазақстанда бала туудың құлдырауы ең алдымен тұрмыс деңгейі мен өмір сапасының төмендеуіне байланысты болды. Аз қамсыздандырылған отбасылардың қатарына ең алдымен балалы отбасылар тап болды. Отбасы- лық бюджеттерін зерттеу деректері бойынша 1999 жылдың 1 тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда қолдағы ақшалай табыс 3000 теңгені қүрады, яғни бір балалы отбасының 61%-ы, екі балалы отбасының 76%-ы, үш және одан көп балалы отбасының 91%-ы күнкөріс минимумынан төмен болды; 3000 теңгеден 6000 теңгеге дейін тиісінше отбасылардың 29%-ы, 19%-ы, 8%-ы; 6000 теңгеден жоғары — тиісінше отбасылардың 10%-ы, 0,1%- ы, 1%-ы. Оның үстіне ауылдық жерлерде табысы төмен отбасылардың үлесі қалалық жерлерден гөрі 32,3%-дық пунктке көп болды. Аз қамсызданды- рылған отбасылар балаларды толымды тағаммен, жақсы киім-кешекпен, аяқ киіммен, мектепке қажет жазу керек-жарақтарымен т.б. қамтамасыз ету бойынша елеулі проблемаларға тап келді. Халықтың түрмыс деңгейінің елеулі түрде қүлдырауын халықтың негізгі тамақ өнімдерін түтынуы тура- лы статистикалық мәліметтер айғақтайды. Мәселен, 1990 жылдан 1997 жылға дейінгі кезенде азық-түлікті жылдық түтыну (халықтың жан басы­на шаққанда) едәуір төмендеді: етті және ет өнімдерін түтыну 29 килограм- ға, сүтті және сүт өнімдерін түтыну 85 килограмға; картопты түтыну — 4,5 килограмға; көкөніс пен бақша өнімдерін түтыну — 20 килограмға; өсімдік майын түтыну — 4,5 килограмға төмендеді; жүмыртқаны түтыну 3,2 есе, балықты және балық өнімдерін түтыну 5,5 есе; қантты түтыну 2 есе; жеміс- жидекті түтыну 2,5 есе төмендеп кетті. Халықтың тамақтану мәзірінде елеулі үлесті нан мен нан өнімдері қүрады, оларды түтыну 1,3 есе өсті. Адамның күнделікті өмірі үшін қажетті мәдени-түрмыстық және шаруа- шылық мақсаттағы заттардың негізгі түрлері бойынша да осындай төмен- деу байқалды.57


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>