Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 2 страница



Гарвардта жүргізілген ғылыми зерттеулер туралы есептер Қазақстан Президентіне таныстырылды. Олардың негізіне Партердің кластерлер ту­ралы идеялары алынған. Кластер технологиялық тізбек бойынша ортақ- тығы немесе инфрақүрылымның ортақтығы бар кәсіпорындар тобы екені мәлім. Кеңестік замандағы өндірістік министрліктермен үксастықтабуға болады, оларда да бірыңғай ғылыми-техникалық саясат, ортақ қаржылық, тұрмыстық-жабдықтау және басқа инфрақүрылымдық кешендер болды, олар түтас алғанда кәсіпорындардың біртекті салалық топтарына қызмет көрсетті. Оның көрнекі мысалы — Қарағанды-Екібастұз отын-энергети- калық кешені. Бүл өнеркәсіптік бірлестіктерде жаңа техниканы, жаңа технологияларды, басқарудың жаңа нысандарын енгізуге ылғи да үлкен мән берілді. Бүл практиканы экономиканың қазақстандық үлгісі қазір де терендете түсуде, мүндағы ерекшелік сол: жаңа әзірлемені енгізу кезінде өздерінің тәжірибесі де пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстанға 5—7 кластерді дамытуға үміт артуға кеңес берілді, олар: туризм, мүнай-газ және машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызметтер корсету, металлургия және қүрылыс мате- риалдары. Жеті кластерді бір мезгілде дамыту - бүл тиімді. Қазіргі уақыт- та және таяудағы кезеңде мұнай-газ секторы мен кен өндіру саласының жоғары қарқынмен өсуін ескере отырып, ең алдымен жер қойнауын пай- далану нарығын игеру керек. Кластерлер, шын мәнінде, технопарктер- мен қатар ұлттық инновациялық жүйені қүрауға тиіс. Осы кешендегі (клас­тер + технопарк) белгілі бір топтағы тәжірибеден өткен ғалымдардың басым әзірлемелерін жаппай көбейтіп таратуға беру деңгейіне жеткізіледі, ал профилге сай келетін академиялық орталықтар идея «берушілерге» ай- налуға тиіс. Бірақ кластер — экономиканың әмбебап дәруі емес, ол үзақ іс-тәжірибелік қызметтің нәтижесі екенін үмытуға болмайды. Технопарк- термен, ғылыми орталықтармен, басқа да бірлестіктермен және үйымдар- мен қатар олар экономиканың қазақстандық үлгісін іске асыруда пайда- ланылатын қүралдар ғана болып табылады.



Ерекше тақырып — қүрылыс материалдары кластері. Оны практикаға енгізу көптеген міндеттерді шешеді, олар: әкімшілік және түрғын үй қүры- лыс үшін меншікті қүрылыс материалдарын жасап, шығару, нақты өндіріс үшін жоғары технологияларды сыннан өткізу, тиісті сыныптағы маман- дар даярлау, технологиялық үдерісті және бүкіл кешеннің қызметін бас- кару формаларын іздестіру. Еуразия Халықаралық экономика академиясы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, негізінен, Қытайдағы, АҚШ-тағы, Араб Әмірлігіндегі тәжірибені зерделеп, Алматы өңірлік технопаркін жобалап, іске қосты. Оның негізгі мамандануы — өнеркәсіптік-қүрылыс материал­дары, қүрылыстағы трансферттік технология және осыған ілеспе үрдістер.

Алматы өңірлік технопаркінің таяудағы жылдары үлттық-инновация- лық жүйеде көш бастаушыға айналу мүмкіндігі бар. Бүл үшін барлық ал- ғышарттар жасалды: ілгерішіл-озықтүжырымдама әзірленді; сауатты да білікті қызметкерлер жиналды, олар осы салада инновациялық менедж- ментті қамтамасыз ете алады; Қытайдағы осындай қүрылымдармен тығыз байланыс жолға қойылды. Технопарктің әзірлемелеріне Қытайдың сауда министрлігі ықылас танытты. Олармен және қытайдың ақпараттандыру институтымен бірге қытай индустриясы үлгілерінің көрмесі қүрылды. Технопарк қызметі Оңтүстік астана мен Алматы облысы басшылығын қы- зықтырды. Олардың үсыныстары бойынша аумақтық қүрылыс кластерін қүру үшін аландар бөлінді, оларда технопарктің ашылымы ұлттық екі бағ- дарлама бойынша игерілмек, олар: түрғын үй қүрылысын дамыту (қол- жетімді түрғын үй) және қүрылыс индустриясы мен өнеркәсіптік-қүры- лыс материалдары салаларын қүру. Президент 1993 жылы жаңаТұрғын үй саясаты туралы жарлық қабылдағанда: Американы үлы индустриялы ел еткен автомобильдер болса, Қазақстанды әлемдік экономикаға қүрылыс және онымен байланысты нәрселердің бәрі алып шығады деген болатын. Шынында да, қүрылыс елқүрылысының да, экономиканың инфрақүры- лымдық түрленісі негізінің де базалық саласы болып табылады. Нақ осы қүрылыстың көмегімен біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді көлік дәліздерін жасаумен арттыра аламыз, күшті әлеуметтік қүрылымды жасай аламыз, орта тапқа дамудың жаңа серпінін бере аламыз - өйткені осы са- ланы дамыту үшін көптеген кішігірім жеке меншік компаниялар қүрыла- ды, яғни шағын бизнес жанданады.

Жоғарыда аталған кластерлердің арасында тамақ өнеркәсібі кешенінің әлеуеті үлкен: Қазақстан астығы мен етінің бәсекеге жарамдылығы күмән туғызбайды. Бұл кластерді дамыту өнделген жоғары сапалы өнімді де сырт- қа шығарушы болуға мүмкіндік береді. ДСҮ-ға (Дүниежүзілік сауда үйымы) мүшелік кезінде бүл өте маңызды болады. Азық-түлікке қатысты идеяларды тың үсыныстармен жаңғырту мысалдарының өте аз екенін мем- лекет басшысы атап өтті. Қазір бүған, мысалға Қытай зор көңіл бөліп отыр, ол мүның қазіргі дүниеде үлттың біліктілігін арттырудың қажетті баспал- дағы екенін айқын түсінді.

Қазақстанның алған жолы — экономиканың әлеуметтік үлгісін іске асыру жолы. Әлеуметтік үлгі материалдық игілікті, халықтың жекелеген топтарының ғана емес, барлық жіктерінің түрмыс сапасын жақсартуды нысанаға алады. Бүл орайда мемлекет тұрмыс деңгейін өз әрекет-қимы- лымен көтеруге үмтылатындар үшін бар жағдайды жасайды, кемтарлығы және жас шамасының шектеулілігі себепті (мүгедектер, балалар, қария- лар) өзінің жағдайын жақсарта алмайтындарға көмектеседі.

Мемлекет басшысы бәсекеге қабілеттілік өлшемін айқындай отырып, практикаға елқүрылысы деген маңызды үғымды енгізді: жобаны орындау сапасы немесе іске асыру сапасы, ол көптеген түрақты шамадан, соның ішінде: не үшін және калай істеу керек, бүл неден, қандай уәжбен туында- ды деген нақты ұғымнан қалыптасады. Бүл ретте уәж немесе уәждер Казак- стан экономикасының әлеуметтік үлгісінде негізделген, ол, өкінішке қарай, осы кезге дейін лайықты теориялық негіздемесін, қорытындыланған философиялық базасын, экономикалық ғылыми қуаттамасын алған жоқ. «Бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі — жаһандық экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдалардың бірі, өйткені, тек қана экономи- калық көрсеткіштерді қамти отырып, ол экономикалық емес маңызды қүбылыстардың экономикалық салдарларын бағалайды», — деп атап көрсетті мемлекет Басшысы Гумилев атындағы Еуразия университетінде өзінің елқүрылысы жөніндегі дәрісінде. Ел Президентінің пікірінше, саяси ерік-жігер мен үлттық пәтуа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды түсы болып табылады. Егер олар болмаса, елдің одан әрі дамуы туралы айтылған- дардың бәрі бос сөз болып қала береді. Әлбетте, қоғам нақты іс-қимылдар жоспарын алмайынша, ол қажетті өзгерістерді жүргізуге жүмылдырыл- майынша, атқарушы билік өз қатарларында реформалар жүргізбейінше, елді өтпелі уақытта да, кеңестік кезеңде де жіберілген жүйелік қателік- терден арылтпайынша, бәсекеге қабілеттілік өмір шындығына айналмай- ды. Бүл үшін бүкіл Қазақстанның ғылыми және зияткерлік күштерін ірі ауқымда шоғырландырудың маңызды екені, Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан үлттың бәсекеге қабілеттілігін ғылыми қамтама- сыз ететін арнаулы Орталық қүру қажет екені айдан анық.

Осы мақсатта, біріншіден, үлттықбағдарламалардыңтүйісуіне, жүйе- лік өзара байланыстылығына талдау жасау және олардың жылдар бойын­ша қозғалысын — 2015 жылға дейін, яғни әр жыл, бәлкім, әр тоқсан бойын­ша олардың іске асырылуының қарқындылығын нақтылау қажет; екіншіден, биліктің барлық тармақтарының дербес жауапкершілігін айқындау, бүл орайда қоғамдық ұйымдарға жетекшілік міндеттерінің бір бөлігін беру қажет; үшіншіден, мемлекеттің (атқарушы биліктің) экономикадағы рөлін нақты белгілеу қажет. Бүгінгі танда ол бізде жүмыс істей бастады және реттейді, басқарады, ережелерді белгілейді және ауыстырады. Ал мүның өзі сыбайлас жемқорлықтың өршуіне жеткізетін төте жол. Сыбайлас жем- қорлықтың жолын қию үшін оның көзін «төменнен» пара бергеннен ғана емес, жоғарыда үлестемелерді, жеңілдіктерді, лицензияларды бөлгенде, жабықтендерлер өткізгенде, маңызды жобаларды келіскенде болатын «сау- даласудан» іздеу керек. Тежеу және қарсы әрекет ету, агайынгершілікті, алқалылықты, «тиімді» зандардың ырықтануын болдырмау тетігін жасау қажет. Қазір себеппен емес, салдарлармен күрес жүріп жатыр. Байыпты қоғамдық бақылау жасалмайынша, күш қолдану әдістерімен сыбайлас же- мқорлықты жеңе алмайсың, демек — кедейлер мен байлар арасындағы ара- қатынасты да өзгерте алмайсың, бүл айырма — 10 еседен 1000 есеге және одан да көп есеге дейін жетеді. Сыбайлас жемқорлықтың өршуі экономика- лық дамудың қалыпты жолға қойылуына және түрақтылығына, әлеуметтік саясаттың іске асырылуына, қоғамдық институттардың жетілдірілуіне, қоғамның түрақтылығына және, әлбетте, үлт мүдцелерін қорғау мен елдің қорғаныс қабілетіне салқынын тигізуде. Оның бер жағында аталмыш фак- торлардың бәрі бәсекеге қабілетті елдерді бағалау өлшемдеріне кіреді.

Батыс сарапшыларының елді қалай көркейтуіміз керек екені туралы бүгінгі үсыныс-кеңестері көбінесе болжалды, өмір шындығынан қол үзген, олар экономикалық жай-күйге де, оқу-білім деңгейіне де, халықтың ру- хани байлығына да сай келмейді. Қазақстан Президенті әзірлеген эконо- миканың әлеуметтік үлгісінде оны әлеуметтік дамудың басқа нысандары- нан, соның ішінде Батыста кең тараған әлеуметтік инжиринг тәсімінен өзгешелейтін айқын бір ерекшелігі бар. Осы түжырымдама бойынша неше түрлі әлеуметтік бағдарламалармен қоғамның жай-күйіне игі ықпал ету үсынылады. Бүл бағдарламалар халықтың түрлі топтарына - иммигрант- тарга, СПИД-пен ауыратындарга, балаларға т.б. қатысты әрекет етеді және халықтың басқа топтарының түрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға қатысы жоқ. Қазақстандық әлеуметтік үлгі қоғамның қайсыбір белгілі әлеуметтік тобының гүлденуіне емес, бүкіл қоғамның гүлденуіне бағытталған, сон- дықтан теренде жатқан ерекше парадигмаларды және нарықтықтетіктердің іс-қимылына мүлде жаңа көзқарасты талап етеді. Конституцияға орай Қазақстан халқының меншігінде әлемдегі ең бай жер қойнауы қалды. Мү- най, газ, сирек кездесетін қымбат рудалар мен минералдар, орман, қүстар, балықт.б. — бүкіл қоғамға және әрбір адамға жүмыс істеуге тиіс. Бүл үшін түрақтандырғыш үлттық қорды бөліспеу керек, қайта оған түсетін түсімнің нақты сомасын айқындау керек, шикізат бағасын көтеру есебінен алына- тын, қосымша табыс болып табылатын шағын және орта бизнесті дамыту, инновацияларды енгізу, жаңа жүмыс орындарын қүру, жалақыны көтеру, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін көбейту және сапасын жақ- сарту жолымен халықтың түрмысын жақсартуға жүмсау керек. Қосымша табыс, яғни рента жеке меншік болмауға тиіс. Қазақстан мен Еуразияда шоғырланған энергия тасымалдаушылардың, судың, сирек кездесетін металдардың бір бөлігінің тапшылығы, сол сияқты олардың бағасы да өсе береді, сондықтан рентаның көлемі жылдан-жылга көбейе бастайды. Ол банк шоттарында жата алмайды және ел дамудың инновациялық жолына көшкен кезде пайдаланылуга тиіс. Шикізат пен энергия тасымалдагыш- қа ішкі қажеттілікті қамтамасыз ететін бай табигат ресурстары, дамыган ғылыми-техникалық әлеует, гылымды қажет ететін өнімді шыгару үшін өндірістік қуаттардың болуы - Қазақстанның ертеңгі күні. Оның үстіне қазіргі жағдайда халықтың әл-ауқатының өсуіне және соған тәуелді зияткерлік әлеуетке, тәні сау және адамгершілік тұрғысынан салауатты үлтты жасақтауға ерекше ден қойылды. Оқу-білім, ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік т.б., яғни — елқүрылысының басты жетекші нәрсесі елдің бәсе- кеге қабілеттілігінің қозғалтқышына айналады. Ал мүның мәнісі мемле- кеттің әлеуметтік-экономикалық реформалаудың ілгерішіл, бірегей, қазақ- стандық үлгісін іске асыруға, сөйтіп халықаралық шаруашылық жүргізудің алдыңғы сапына жылжуға барлық мүмкіндігі бар деген сөз.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 2007 жылы тамызда АҚШ- тың ипотекалық жүйесінде басталып, көптеген мемлекеттердің ауыр жағ- дайын ушықтырған экономикалық қүлдырауға өтті. 2010 жылғы мамырда Вашингтонда «G 20» басшыларының кездесуі кезінде «Әлем дағдарыстан бірте-бірте шығып келеді» деп айтылғанымен іс жүзінде тіпті де олай емес. Бүл күндері Грекия тек Еуроодақтың ғана емес, бүкіл әлемнің «бас қатыр- ған ауруына» айналды. Ал сарапшылар «жағдай ушықты, дағдарыстың келесі толқыны Англия мен Ресей Федерациясында пайда болып, бүкіл әлемге ықпал етуі мүмкін» деп ойлайды.

2009 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанның ІЖӨ 1,1%-ға көбейді.

2009 жылы халыққа міндетті бюджеттік төлемақы 25%-ға үлғайды, мүның өзі халықтың әлеуметтік-түрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдемдесті.

2010 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары: өнімнің жылдық ішкі өсімі алғашқы үш айға бөлгенде 6,5%-ды қүрағаны үміт күттіреді. Кен өндіруші өндіріс, өндеуші сала, көлік шамамен 11%-ға өсті, сондай-ақ биыл халыққа міндетті бюджеттік төлемақы 25%-ға көбейеді. Бұл күндері Қазақ- станды индустриялық-инновациялық дамытудың 2010—2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда, мүның өзі «бүның бәрі қалай жүзеге асырылды, әлемдік қаржы дағдарысы еліміздің экономикасына қалай ықпал етті?» деген сүрақтарға жауап болып табылады.

Бір нәрсе айдан-анық, дағдарыс Қазақстанды да орағытып өткен жоқ. Қүлдырау мен қысқарудың да орын алғанын мойындау керек. Сондықтан әлемдік дағдарыс «тізбекті әсермен» өтетіні белгілі. Қолайсыз сыртқы жағ- дай біздің компанияларымыздың мүмкіндіктерін азайтты. Тек бүл ғана емес, сонымен бірге әлемдік қор биржасында шикізат бағасының түсуі де оны өндіру көлемін тежеді. Кәсіби мемлекеттік, ғылыми-негізделген ме- неджменттің негізінде қабылданған «дағдарысқа қарсы шаралар» ауыр жағ- дайды жеңілдетті.

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың көрегендік көрсеткенін ерек­ше атап өту керек, ол «жел соғатынын білгенде оған қарсы қамал түрғыз- бай, жел диірмен салумен айналысқан болар едім» деген шығыс даналығын басшылыққа алды. Мәселен, 2007 жылғы күзде осы мақсаттар үшін мемле- кеттік бюджеттен 550 миллион теңге бөлінді. Осыған байланысты түрғын үйлер қүрылысында «жандану» орын алды, шағын және орта бизнеске көмек ретінде 155 миллиард теңге бөлінді. Аграрлық секторға азық-түлікті қамтамасыз ету үшін 135 миллиард теңге бөлінді. Қаржы секторындағы қиындықты дер кезінде сезген мемлекет басшысы 4 миллиард доллар мөл- шерінде үзақ мерзімді несиені қамтамасыз етті. Жоғарыда аталған нақты көмек өз нәтижелерін берді. Пәтерлер үлескерлерінің проблемалары бірте- бірте шешімін табуда. Шағын және орта бизнес мемлекеттің қолдауымен үлкен жетістіктерге жетпесе де, өзінің тұрақтылығын сақтады. Ал екінші деңгейдегі банктер сөздің тура мағынасында банкроттықты орағытып өтті. Бүған Президент Н.Ә. Назарбаевтың тікелей нүсқауымен атқарушы билік қыруар еңбекпен қол жеткізді. Ү кімет, Үлттық Банк және Қаржылық қада- ғалау агенттігі бірлескен іс-қимылдардың әзірленген жоспары бойынша жүмыс жүргізді. Мемлекет жергілікті әкімдіктермен күш-жігерді біріктіре отырып, жүмыс беруші компаниялармен Меморандумға қол қойды. Ме- морандумда жүмыс орындарын сақтау проблемалары қарастырылды, отан- дық өндірушіге ерекше орын берілді.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Ү кімет, Үлттық Банк және Қаржы нарығы мен қаржы үйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттік ішкі, сыртқы нарықтың экономикалық жағдайының мониторингін күшейтті, сондай-ақ оларды іске асыру жөнінде кейбір шараларды қарастырды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесін түрақтандыру проблемалары бойынша өзгерістер мен толықты- рулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы дайындалып, қабылданды, онда қаржы үйымдарын төлем төлеуге қабілетсіз жағдайға әдейі жеткізгені үшін әкімшілік және қүқықтықжауапкершілікті қатайту туралы айтылды. Үкіметқажетті нарықтық қүралдары болатүрып, банктің акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу қүқығына ие болды, межеленген іс жүргізу нормативтерін сақтамаған қаржы үйымдарының атқарымына ара- ласты. Өз кезегінде қүрылған Күйзелісті активтер қорының акцияларын және банк облигацияларын мерзімінен бүрын сатып алу қүқығы берілді.

Банктерге деген сенімді сақтау мақсатында занда жекебасылық са- лымдарды кепілдікке бере отырып, қайтарып алу көзделді, ол бүрын ме­желенген 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейтілді, ал 2012 жылдан 5 миллион теңгеге дейін үлғайтылды.

Жоспардың мақсаты — жаһандықдағдарыстыңтеріс ықпалын жүмсар- ту және келешекте Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалықжағдайдың сапалық экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін негіз жасау.

Осы мақсатқа жету үшін Үкімет, Үлттық Банк және Қаржылық қада- ғалау агенттігі жүмысты бес бағытта шоғырландырды:

—қаржы секторын тұрақтандыру;

—жылжымайтын мүлік нарығының проблемаларын шешу;

—шағын және орта бизнесті қолдау;

—аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту;

—инновациялық, индустриялық және инфрақүрылымдық жобалар- ды іске қосу.

Жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Үлттық Қорының 10 мил­лиард АҚШ доллары (1200 миллиард теңге) сомасындағы қаражаты пай- дал анылады. Олар мына бағыттарда бөлінді:

1) қаржы секторын түрақтандыру үшін - 4 миллиард АҚШ доллары (480 миллиард теңге);

2) түрғын үй секторын дамыту үшін — 1 миллиард АҚШ доллары (360 миллиард теңге);

3) шағын және орта бизнесті қолдау үшін — 1 миллиард АҚШ долла­ры (120 миллиард теңге);

4) аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту үшін — 1 миллиард АҚШ доллары (120 миллиард теңге);

5) инновациялық, индустриялықжәне инфрақұрылымдықжобаларды іске қосу үшін - 1 миллиард АҚШ доллары (120 миллиард теңге).

Үкімет, Үлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самүрық- Қазына» Үлттық әл-ауқат қоры (қазір «Самүрық-Қазына» қоры) және «ҚазАгро» Үлттықхолдингі (қазір «ҚазАгро» холдингі) бақылауды және қаржыны мақсатқа сай әрі тиімді жүмсауға түрақты мониторингіні қамта- масыз етеді.

Жоспарды орындау жөніндегі негізгі оператор болып Үкіметтен «Са- мүрық-Қазына» қоры әрекет етеді. Бүл үшін Үкімет «Самүрық-Қазына» қорын 607,5 миллиард теңге сомасында қосымша капиталдандырды.

Президент Н.Э. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің 2009 жылғы Жолдауында былай деп атап өтті: «Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді.

Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіләлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15%-ын жүмсады. Бірақта ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес». Әлемдегі және еліміздегі жағдайды осылай бағалай келіп, Мемле­кет басшысы Ү кіметтен және атқарушы биліктің басқа да тармақтарынан үлкен жауапкершілікпен жүмыс істеуді талап етті. Бір нәрсе қуантады, Ү кімет және атқарушы биліктің барлық тармақтары жақсы жүмыс істеді.

2008 жылдың қорытындылары бойынша жағдай мынадай сипатта көрінді:

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 97,1%-ды қүрады. Қысқа мерзімді экономикалық индика­тор қарқындандыруды қамтамасыз ету үшін жасақталады және негізгі са- лалар бойынша шығарылым индексін 67—68% ІЖӨ-ге өзгертуге негіз- деледі, оны ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қүрылыс, сауда, көлік және коммуникация қүрайды.

2008 жылғы желтоқсандағы бағалау бойынша халықтың орташа жеке ақшалай табысы 34 374 теңгені қүрады. 2007 жылғы желтоқсанмен салыс- тырғанда ақшалай табыстың өсімі 11,8%-ды қүрады, ақшалай табыс — 2,1%- ға жетті.

2009 жылғы қаңтарда жүмыссыздардың саны бағалау бойынша 584,7 мың адамды қүрады. Халықтың жүмыссыздық деңгейі 6,9% деңгейінде болды. 2009 жылғы қаңтардың аяғында жүмысқа орналастыру органда- рында тіркелген жүмыссыздардың саны 57,1 мың адамды, яғни экономи- калық белсенді халық санының 0,7%-ын қүрады. Жасырын жүмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың 1,7%-ы саналды.

2008 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық жалақы 72 897 теңгені қүрады. 2007 жылмен салыстырғанда өсім 8,9%-ға жетті. Бұл кезенде жалақы 0,6%-ға төмендеді.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>