Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 7 страница



—халықтың саны бойынша Қазақстан Ресейден, Украинадан және Өзбекстаннан кейінгі халық ең көп қоныстанған республикалардың бірі болып табылады. Ол былай тұрсын, онда тұратын халықтың саны Тәжік- станнан (3 есе), Түрікменстаннан (4 есе), Молдовадан (3,8 есе), Қырғыз- станнан (3,8 есе), Литвадан (6,5 есе), Латвиядан (6,5 есе), Грузиядан (6,5 есе), Беларусьтан (1,6 есе), Армениядан (4,6 есе), Әзірбайжаннан (2,3 есе), Эстониядан (11,1 есе) едәуір асып түсті;61

- республиканың үлттық қүрамы онда кірме халықтың үлесі көп бо- луымен ерекшеленеді. Мәселен, 1979 жылғы Бүкілодақтықхалықсанағы- ның деректері бойынша байырғы тұрғындар мұнда небәрі 36%-ды қүрады, ал бүл көрсеткіш Украинада — 73,6%, Белоруссияда - 79,4%; Өзбекстан- да - 68,7%; Грузия — 68,8%; Әзірбайжанда -78,1%; Литва КСР-інде - 80,0%; Молдаван КСР-інде - 63,9%; Латыш КСР-інде - 53,7%; Қырғыз

КСР-інде — 47,9%; Тәжік КСР-інде — 58,8%; Армян КСР-інде — 89,7%; Түркімен КСР-інде - 68,4%; Эстон КСР-інде - 64,7% болды.62

—90-жылдардың алғашқы жартысында тәуелсіз республикалардан кірме халықтың қарқынды түрде көшіп кетуі салдарынан олардың мигра- циялық әлеуеті 1990 жылдардың басында-ақ негізінен сарқылған бола- тын, мүны Қазақстанға қатысты айтуға болмайды, әйтсе де мүнда да миг- рациялық ағын XX ғасырдың аяғына қарай едәуір төмендеген-ді.

Республикадан көші-қон ағынының қызу жүргеніне қарамастан, әлеу- меттік-экономикалық дағдарыс жағдайында ішкі саяси түрақтылық ел дамуының оң факторы болды. Бүл оте маңызды фактор еді, өйткені КСРО ыдырағаннан кейін үлтаралық қатынастар барлық жерде шиеленісті, ал Кавказ сырты елдерінде, Молдовада, Тәжікстанда қарулы жанжалдарға дейін үласты, мүның өзі осы өңірлерден қашқан босқындардың пайда бо- луының себебіне айналды. Бұл қасіреттен Қазақстан қүтылды; мүны 1991 және 1995 жылдары (миграциялық үдерістердің «қарбалас кезеңінде» делік) Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерделеу орталығы, Таяу шетелдердегі орыс азшылығын зерттеу орталығы және РҒА Этнология және антропо­логия институтының Қоғамдық пікірді зерделеу орталығы жүргізген және бүрынғы одақтық республикаларда жүргізілген этностық-социологиялық зерттеулер айғақтайды. Мәселен, зерттеулердің деректері бойынша Қа- зақстанда (басқа республикалардан озгеше түрде) орыстардың көпшілігі (58%-ы) өздерін ұлттық азшылықпыз деп есептемейді, тек 7%-ы ғана бар- лык (қазақтардан басқа) этностық топтардың, орыстарды да қоса алғанда, ұлттық азшылық мәртебесін бағалайды (олардың тек 3,1 %-ы ғана үлттық азшылыққұқықтарына қысым жасалып отырғанын айтқан). Қазақтардың бағалауы іс жүзінде орыстардың бағалауымен үйлес келеді: қазақ үлты рес- понденттерінің 57%-ы республикада тұратын орыстарды этностық азшы- лық деп есептемейді және тек 7%-ы ғана орыстардың болашағын өңірден кошуімен байланыстырады.



Сонымен, Қазақстаннан көшіп кету шынайы тарихи және экономи- калық себептердің салдары болды. Экономикалық дағдарыс, өндірістің қүлдырауы, кәсіпорындардың жабылуы, өрши түскен жүмыссыздық, ба- ғаның өсуі республикада өмірге деген қанағаттанбаушылық және наразы- лық сезімін туғызбай қоймады. Қазақстаннан көптеп кошіп кету социо- логиялық пікір анықтауларына қарағанда, әлеуметтік-экономикалық себептердің бірінші орынды алуы (28,4%) кездейсоқ емес. Халыққа басқа республикалардағы үлттық жанжалдар туралы кең ауқымдағы және әрқа- шан да бірдей шындыққа жанаса бермейтін ақпараттың және қоғамда, соның ішінде бүқаралық ақпарат қүралдарында мүндай жағдайдың Қазақ- станда туындауы мүмкін екені туралы мәселені көпіртуі салдарынан аран- датылған субъективті сәттерді де теріске шығаруға болмайды. Соған қара- мастан, респонденттердің тек 13,4%-ы ғана үлтаралық қатынастардың на- шарлағанын көрсетті, ал 6%-ы өздерінің көшіп кетпек пиғылын егеменді Қазақстанның үлттық-мемлекеттік құрылысы бойынша үкіметтің кейбір қүжаттарды қабылдауымен байланыстырды.

1990 жылдардың басынан бастап көші-қонның кері көрсеткіші бар- лык облыстарда, әсіресе Караганды, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Семей, Талдықорган облыстарында орын алды. 1993 жылга қарай ол табиги өсіп- өнудің орнын толық жапты, сөйтіп Қазақстан халқының абсолюттік саны қысқара бастады.

1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде республикадан 3 280,4 мың адам көшіп кетті, 1 643 мың адам көшіп келді. Миграция салдарынан халықтың кемуі 1 637,3 мың адамды құрады. 1994 жылы теріс көрсеткіш шырқау шегіне жетті, бұл кезде миграциялық шығасы 410,4 мың адамды құрады. Кейінгі жылдары Қазақстаннан көшіп кету үрдісі секірмелі сипатта болды, бүған сыртқы себептер септігін тигізді. Мәселен, мигра- циялық ағынның қысқаруы 1995 жылы (—238,4 мың адам) және 1996 жылы (—175,5 мың адам) Чешен Республикасында басталған соғыспен байланыс- ты болды. 1997 жылы бүл көрсеткіштің едәуір өскені (261,3 мың адам) және 1998 жылы қайтадан төмендегені (203,0 мың адам) байқалды, төмендеу үрдісі одан әрі жалғасты. 1999 жылы миграциялық сальдо 126,6 мың адамды қүрады, мүның өзі 1998 жылғыдан 76,4 мың адамга немесе 62,4%-ға аз.

Негізгі миграциялық ағын таяу шетелдерге бағытталды. 1993 жылдан

1999 жылға дейінгі кезенде КСРО-ның бұрынғы республикаларына 1 524,0 мың адам көшті; 391,4 мың адам көшіп келді; Көшіп кету ағыны 1 132,6 адамды қүрады. Ресей көшіп барушылардың ошағына айналды. 1990 жылы таяу елдерге кеткен мигранттардың 74%-ы нақ сол елге көшіп барды. Бүл көрсеткіш 1992 жылы - 81%, 1995 жылы-90%; 1997 жылы-90,6%; 1998 жылы - 91,8%, 1999 жылы 89,8% болды. Бүл елге көшіп барудың елеулі ынталандырмасы жоғарыда аталған себептерден басқа онда экономикалық жандану үрдісінің көптеген басқа республикалардан (соның ішінде Қазақ- станнан да) гөрі ертерек басталғанында және реформалардың әлеуметтік нәтижелері де (неғүрлым жоғары жалақы, зейнетақы т.б.) әсерін тигізе бастаганында.

Ресейдің аумағын экономикалық аудандар мен облыстар түрғысынан қарағанда Қазақстанмен алмасуда халықтың ең көп миграциялық өсімімен ерекшеленген бірнеше ауданды бөліп көрсетуге болады. Казақстаннан көшкен халықтың ең жоғары өсімі Қазақстанмен көршілес Алтай өлке- сінде (+13,5 мың адам), Омбы облысында (+5,8 мың адам), Новосибирск (+4,1 мың адам), Кемер (+3,5 мың адам), Түмен (+3,4 мың адам) облыста- рында байқалды. Батыс және Шығыс Сібір облыстарымен қатар Қазак- станмен алмасуда миграциялық осімі жоғары аудандар - Орал өңірінің облыстары — Орынбор облысы (+4,5 мың адам) және Башқүртстан (+3,8 мың адам) болды. Краснодар өлкесі (+7,0 мың адам), Ростов облысы (+3,4 мың адам), Саратов (+4,8 мың адам), Самара (+4,1 мың адам), Волгоград (+3,8 мың адам), сондай-ақ Воронеж облысы (+3,9 мың адам) миграция- лык өсім көрсеткіштерінің жогары болуымен ерекшеленді.63

XX гасырдың 90-жылдарының аягында Қазақстаннан көшіп кетудің жалпы қысқаруымен бірге, ең алдымен Ресейге көші-қон агыны да қысқа- рады. Мәселен, 1997жылыосыелменмиграцияныңтеріссальдосы 194 026 адамга тең болса, 1998 жылы - 151 777 адам; ал 1999 жылы 82 426 адамға тең болды. Ресейге көшіп бару агынының қысқаруына, біріншіден, эконо­мичны реформалаудың алгашқы кезеңінде еңбек нарыгында пайда болган мүмкіндіктердің және ол кезде көшіп келу-көшіп кету бостандыгының қамтамасыз етілуімен байланысты мүмкіндіктердің сарқылуы себеп бол- ды, екіншіден, мигранттардың жұмыспен қамтылатын негізгі аясы - жеке меншік сауданың, ұсақ кәсіпкерліктің дамуы сол кездегі жағдайда өзінің шегіне дерлік жетіп, орын алған шектеулі сұранысты ғана қанықтырды, үшіншіден, еңбек нарығында жаңа орындар пайда болмады. Алайда Ресей қазақстандықтар үшін, бұрынғысынша, мекендеуге неғүрлым тартымды ел болып қалды, оның Қазақстаннан көшіп кету ағынындағы үлесінің шамасы осыны айғақтайды. Ресейден кейін таяу шет елдердің ішінен көші- қон мәселесінен Беларусь, Украина және Өзбекстан кеңінен танымал болып отыр — Қазақстаннан көшіп барушылардың үлесі тиісінше — 2,1%; 1,9%; 1%.

Таяу шет мемлекеттер арасындағы көші-қон алмасуының пайыздық мөлшері XX ғасырдың 90-жылдарының бірінші жартысында көшіп келушілер бойынша орта есеппен 10%-дан жэне көшіп кетушілер бойынша 30%-дан келді. 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Шалғай шет елдерге көшіп кетушілердің ағыны едәуір төмендеді. Мәселен, 1996 жылы көшіп кетушілердің жалпы ағынында олар 30,3% қүраған болса, онда 1997 және 1998 жылдары тиісінше — 20% және 20,4% болды, 1999 жылы бүл көрсеткіш қайтадан 27,1%-ға дейін жоғарылайды.

ТМД-дан тысқары елдерге көшіп барушылардың негізгі бөлігін Гер- манияға көшіп кетушілер қүрады. Бүл ел мигранттардың арасында таны- малдығы жөнінен Ресейден кейінгі екінші орынды алады, дегенмен миг- ранттардың көші-қоны мүнда да қысқарғаны байқалды. 1996 жылы халық- аралық көші-қон бойынша Германияның үлесіне Қазақстаннан көшіп барған барлық мигранттардың 94,4%-ы тиді; 1997 жылы — 91,4%; 1998 жылы — 90,5%; 1999 жылы — 91,3% болды.

Сондай-ақ Израильге, Грекияға, АҚШ-қат.б. елдерге де көшіп кету- шілер де болды. Сонымен бірге Израильге (1996 жылғы 2%-дан 1999 жыл- ғы 3,6%-ға дейін) және АҚШ-қа (1996 жылғы 1%-дан 1998 жылғы 1,6%-ға дейін және 1999 жылғы 1,4%-ға дейін) көшіп кетушілердің ағыны болма- шыболса да өсті.

1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде шалғай шетелдерге небәрі

536,2 мың адам көшіп кетті, Қазақстанға шалғай шетелдерден 30,1 мың адам көшіп келді, көші-қонның теріс сальдосы 506,1 мың адамды құрады.

Үлттық белгісі бойынша мигранттардың қүрамы көші-қонның түріне қарай өзгеріп отырды. Мәселен, ТМД елдеріне коші-қон бойынша миг- ранттардыңнегізгі бүқарасы: орыстар — 68,8%; украиндар - 10,6%; казак- тар - 4,5%; немістер — 3,8%; белорустар — 2,5%; корейлер - 0,5%; баска ұлттар — 9,3%. Шалғай шет елдерге көшіп кеткендер негізінен: немістер

- 65,5%; орыстар — 22,3%; украиндар — 4,3%; қазақтар — 1%; белорустар

- 0,8%; корейлер — 0,2%; басқа үлттар — 5,9%., Қазақтардан басқа барлық ұлттар бойынша көші-қонның теріс сальдосы тіркелді. Ол орыс және неміс үлттарының адамдарында айтарлықтай елеулі болды. 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде Қазақстаннан этностар бойынша көшіп кеткен- дердің абсолюттік саны тиісінше 952 854 адамды және 428 099 мың адам­ды қүрады. Қалған неғүрлым көп этностардан көшіп кеткендер: украин­дар — 139 756 адам; белорустар — 30068 адам; корейлер — 3 176 адам.

Бүл кезенде қазақтар миграциясының оң сальдосына — 46 244 адам болғанына қарамастан біршама адамның республикадан көшуі де орын


алды. Мәселен, 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде Қазақстанға 1 199 226 қазақ көшіп келсе, республикадан 1 278 302 қазақ көшіп кет- кен. Бұрынғы кеңестік республикалардан тұрақты халық өкілдерінің көшіп кетуі тек Қазақстанға ғана тән емес. Мысалы, 1993 жылдан 1997 жылға дейін ТМД мен Балтық елдерінің тұрақты халық өкілдеріне жататын миг- ранттардың Ресейге таза көшіп барғаны 632 мың адамды құрады. Олардың ішінде 230 мың украин, 23 мың белорус, 207 мың армян, 64 мың әзірбай- жан, 41 мың грузин, 10 мың молдаван, 3 мың Балтық жағалауының негізгі ұлт өкілдерінен және 40 мың адам Орта Азияның тұрақты халық өкіл- дерінен, соның ішінде 14 мың қазақ бар.

Қазақтардың миграциялық сальдосының серпіні Ресей үшін 1992 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде белгілі бір өзгерістерге үшырады. Мә- селен, 1992 және 1993 жылдары бүл үлттың миграциялық сальдосы Ресей үшін теріс болып, тиісінше абсолюттік саны 10,8 мың және 6,8 мың адам­ды қүрады. Алайда 1994 жылдан бастап ол оң мәнге ие бола бастады. Мәсе- лен, 1994 жылы Ресейдің халқы қазақтардың есебінен 1,1 мың адамға, 1995 жылы - 2,9 мың адамға, 1996 жылы - 3,4 мың адамға, 1998 жылы - 6,8 мың адамға көбейді. Айтқандайын, қазақтар, — Ресейге көшіп барудың саны, мысалы, 1996 жылғы 8 мың адамның орнына 1997 жылы 10 мың адамға елеулі түрде өскен бірден-бір этникалықтоп. Сонымен бірге олар- дың Ресейден көшіп кетуі қысқарды (4,6 мың адамнан 3,2 мың адамға дейін), ал таза көшіп келуі екі есе көбейді.

Қазақтардың (басқа халықтардың да) Ресейге көшіп баруына септігін тигізген негізгі себептер республиканың нақты өмір шындығы болып та- былады, олар: экономикалықдағдарыс, зауыттар мен фабрикалардың тоқ- тап қалуы, колхоздар мен совхоздардың таратылуы, жүмыс пен жалақы- ның жоқтығы. Сондай-ақ Ресейдің шекара маңындағы облыстарында (Омбы, Новосибирск, Таулы Алтай т.б.) миллионға жуық қазақ атам за- маннан түрады. Олардың көбісі 1930 жылдары республикадан қоныс ауда- рылған қазақтардың үрпақтары болып табылады. Олар орыс мәдениеті негізінде тәрбиеленді, орыстармен және басқа үлттардың өкілдерімен сый- ысып кетті. Олар ол жерлерде экономиканың, білімнің түрлі салаларында жүмыс істейді, олардың көбісі басқару саласында, әкімшілік органдарда қызмет етеді. Қазақ жастары жоғары оқу орындарында оқиды, шәкіртақы алады, ал жергілікті аудандарда қазақ мектептері ашылды. Омбыда — бү- рынғы Дала генерал-губернаторлығында, бес мүсылман мешіті жүмыс істейді, олардың арасында Сібір ғибадатханасы ең ірісі деп есептеледі, ол

1997 жылдың 5 қазанында ашылды. Ресейдің көптеген қазақтары Қазақ- стандағы туған-туысқандарымен және таныстарымен қатынасып түрады, көшіп келу туралы шешім қабылдауына жәрдемдеседі және жаңа мекенге орналасуына көмектеседі. Тек Омбы облысына ғана 1997—1998 жылдары 1100 қазақтың отбасы көшіп кетті. Ресейге қазақтар негізінен республи- каның солтүстік, шығыс және батыс облыстарынан көшіп барды, эконо- миканың түрлі салаларынан сауатты, білімді мамандар, ауыл шаруа- шылығының қызметкерлері, дәрігерлер, мүғалімдер т.б. көшті. Олардың Қазақстаннан шетке кетуі көрінеу «ақылмандардың жылыстауы» сипатын- да болды. Республикадан 1998 жылы барлығы орта және толық емес орта білімі бар 106,7 мың адам, арнаулы орта білімі бар 57,3 мың адам, жоғары
білімді және аяқталмаған жоғары білімді 27,3 мың адам көшіп кетті. Мамандықтар бойынша барлық көшіп кеткендердің арасында техника- лык білімі барлар көбірек болды — 33,3%.

Республикадан шетке кеткен мигранттардың отбасылық жағдайына жасалған талдау олардың көбісі — отбасын құрған адамдар екенін көрсетті. Эмигранттардың жалпы санынан 16 және одан жоғары жастағылар, неке- де тұрғандар 62,1%, ешқашан некеде тұрмағандар 22,7%, жесірлер — 8,4%, ажырасқандар — 6,7%, отбасылықжағдайын көрсетпегендер — 0,1%. 1999 жылы еңбекке қабілетті жастағы көшіп кеткен халықтың саны республи­ка бойынша барлық көшіп кеткендердің 64,5%-ын қүраған. Ауылдық жер- лерден еңбекке қабілетті жастағы 50,6 мың адам, қалалық жерлерден —

106,5 мың адам көшіп кеткен.

Ресейге көшіп кеткендердің бәрі бірдей жаңа отанда сәтті жайғасып кете алмағанын айта кету керек. Қоныс аударушылардың көп бөлігінің жағдайы өте ауыр болды, өйткені экономикалық дағдарыс жағдайында елдің оларға көмектесуге мүмкіндіктері шектеулі еді.

XXI ғасырдың басы ел халқының сыртқы көші-қонында жаңа үрдістің пайда болуымен түспа-түс келді. Қазақстаннан көшіп кетушілердің саны жыл сайын қысқарып отырды, керісінше, көшіп келушілердің саны көбейе түсті және, ақыр соңында, 2004 жылы соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан тарихында түңғыш рет республикаға көшіп келушілердің саны одан көшіп кетушілердің санынан асып түсті және миграциялық саль­до оң мәнге ие болды.

2000 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде республикадан 609,2 мың адам көшіп кеткен, 367,9 мың адам көшіп келген. Көші-қон салдарынан елден кеткен адамның саны 241,0 мың адамды қүрады, яғни алдыңғы ке- зеңмен салыстырғанда 6 еседен астам кем.

Елден кетуші қазақтардың саны қысқарды: 1999 жылғы 8,1 мың адам- нан — 2004 жылы 3,4 мыңға және 2005 жылы 2,8 мың адамға азайғаны аңғарылды. 1993 пен 2005 жылдар аралығында Қазақстаннан барлығы 106,2 мың адам қоныс аударды.

1993 жылдан 2005 жылға дейінгі кезенде неміс халқы бойынша теріс миграциялық сальдо 538,0 мың адамды қүрады (2,23). Көшіп кетумен қатар көшіп келу де орын алды. 90-жылдар бойына бүл қүбылыс сандықтүлғада әлдеқайда аз болды, бүдан да көп қысқаруға бет алды. Мәселен, 1993 жылы Қазақстанның аумағына 111,3 мың адам келген болса, 1994 жылы — 70,4 мыңадам, 1995 жылы — 71,1 адам, 1996 жылы — 53,8 мыңадам, 1997 жылы

- 38,0 мың адам; 1998 жылы — 40,6 мың адам; 1999 жылы - 35,4 мың адам келді. 1989-1999 жылдардағы кезенде барлық көшіп келгендердің қата- рынан 308 514 адам Қазақстанда түрақты түруға қоныстанды, олардың ішінде ТМД мен Балтық елдерінен — 253 720 адам, яғни барлық көшіп келгендердің 82,2%-ы, шалғай шетелдерден көшіп келгендер — 54 794 адам, демек 7,8%.64

 
 

Бүл кезенде көшіп келу ағынында негізгі бөлік қазақтардың үлесінде болды - 59,1%; орыстар екінші орынды алды, олардың Қазақстанға көшіп келгендердің жалпы санынан алар үлесі - 25,7%; украиндардың үлесі - 4,2%; немістердің үлесі - 3,1%; белорустар мен корейлердің үлесі - 0,8%- дан және басқа үлттардың үлесі — 6,4%.

1991жылдан бастап Қазақстан Республикасына қазақтар ТМД-ның басқа республикаларынан және шалғай шетелдерден тұрақты тұруға көшіп келе бастады. 1991 жылдан 1995 жылға дейін 137 919 қазақ көшіп келді, олардың жартысынан астамы — 50,6%-ы таяу шетелдерден, негізінен Ре- сейден, Украинадан, Тәжікстаннан, Балтық және Кавказ сырты елдерінен; иммигрант-қазақтардың 49,4%-ы шалғай шетелдерден — Монғолиядан, Ираннан, Түркиядан, Қытайдан, Ауғанстаннан көшіп келді.

Монғолиядан көшіп келушілердің негізгі ағыны 1991—1993 жылдары байқалды, бұл кезде республикаға 60 мың адам келді. Оралмандардың (Монғолиядан атажүртына оралғандар) көбісі этникалық Отанына жал- ған еңбек келісімімен келген болса да, көпшілігінде түрақты қоныстанып қалды. Кейінгі жылдары оралмандардың ағыны сарқылды: 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстанға 2529 оралман келді, мұның өзі алдыңғы төрт жылдағыдан 25,1 есе аз, ал республикадан 623 адам кетті. Оралмандар- дың миграциялық өсімі 1996-1999 жылдары небәрі 1906 адамды қүрады. 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде республикадатүрақты мекендеуге 43057 оралман қоныстанды (21 636 еркек және 21 421 әйел заты). Орал- мандардың көп бөлігі - 76,8%-ы Ақмола, Қарағанды, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдық жерлеріне қоныстанды.65

Монғолиядан көшіп келген қазақтар санының қысқаруы және олар- дың республикаға жерсіне қоймауы көбінесе нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан халқының бастан кешірген қиындықтарына бай- ланысты болды. Қазақстанның көптеген аймақтарындағы қатал климат, суық қыс, жеке қора-жай салып алуға, жер телімдерін игеруге, қарапайым түрмыс заттарын, т.б. алуға жеткілікті қаражаттың болмауы оларды ең болмаса, қандай да болсын бір жүмыс тауып алармыз деген үмітпен қалаға жақын қоныстануға мәжбүр етті. Алайда өндіріс көлемінің қысқаруы, көптеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жа- былуы мүны мүлде қиындатып жіберді. Оралмандардың ел ішіндегі кепи- коны көп байқалды, мүның өзі оларды миграциялық қызметтердің есепке алуын айтарлықтай қиындатты. Мәселен, тек 1997-1998 жылдары ғана шалғай ауылдық аудандар мен кенттерден Қарағанды облысының қалала- ры мен облыс орталығына жақын орналасқан кенттеріне оралмандардың 650-ден астам отбасы (отбасының қүрамы орта есеппен 5 адамнан түрады) қоныс аударды. Отбасылардың көбісі, әсіресе көп балалы отбасылар, жалғызілікті аналар, мүгедектер мен зейнеткерлер аса ауыр материалдық қиындықтарды бастан кешірді. Мәселен, Демография және көші-қон жө- ніндегі Қарағанды басқармасының ресми деректері бойынша 1998 жылы еңбекке қабілетті 7580 отбасы мүшелерінен небәрі 4044 адам ғана жұмыс- пен қамтылған; 3536 адам, яғни 47%-ы жұмыссыздар болған, олардың қатарынан небәрі 787 оралман ғана ресми мәртебе алған, 350 адамға жүмыс- сыздық бойынша жәрдемақы тиген, небәрі 39 адам кәсіптік қайта даяр- лауға және кәсіпке даярлауға жіберілген. Монғолиядан келген оралман- дардың жерсінудегі қиындығы ділдің айырмашылығына, орыстарды айт- пағанда, жергілікті қазақ тұрғындарымен тілдесудегі кедергілерге байла- нысты ушықты. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы- ның Заңына және облыстар халқы көші-қонының өңірлік бағдарламала- рына сәйкес оларды қабылдау және жайлы орналастыру жөнінде белгілі


бір жұмыс жүргізілді. Соған қарамастан, көптеген «монғолдық» қазақтар- дың тағдыры республикада тіпті де оп-оңай бола қойған жоқ.

XX ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап республикаға Иран Ислам Республикасынан қазақтар көшіп келе бастады, олар ол елге XX ғасырдың 20—30-жылдары болыиевиктер, кейіннен Сталиннің тоталитар- лық режимі ұйымдастырған лаң мен аштық жағдайында өз еркінен тыс тап болған еді. Ираннан келгендердің арасында негізінен Батыс Қазақстан- ның қазақтары басым болды. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыс- тау облыстары олардың жақсы көріп қоныстанған жерлеріне айналды. Моңғолиядан келген қазақтармен салыстырғанда олар қазіргі Қазақстан- ның қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайларына анағұрлым бейімдел- ген болып шықты. Түркиядан келген қазақтар жайында да осыны айтуға болады. Олар бүл елге патшалық режим мен Кеңес өкіметінің қуғындауы салдарынан атажүртынан ауып, ПІыңжан, Үндістан, Пәкстан арқылы кө- шіп барған-ды. 1989 жылдан 1997 жылға дейінгі кезенде республикаға Ираннан 2968 қазақ және Түркиядан 1755 қазақ тұрақты қоныс тепті.66


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>