Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта 4 страница



 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.

 

Іс әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

 

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Бәрі қосылып айтады

Ізденістер. Ұйымдастыру.

1. Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. Т.Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады.

2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады. Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру.

Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі.

3. Сергіту жаттығуын орындату.

Күнде аспанға қараймыз, қайтқан санды санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

 

4.«Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыр. Жыл құстары және отырықшы құстар.

Тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

 

Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Құстарға өздері қалай көмек көрсеткендері туралы айтады.

 

Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.

 

 

Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды. Оларды екі топқа топтап айтады.

Қорытындылау

5.Сабақты қорытындылау

Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:



1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір бірінің сұрақтарын толықтырып айтады.

 

Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу

Түсінігі: жыл құстарымен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: 1.Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа биімделуі туралы түсінік беру.

2. Балаларды аңдарға сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

3. табиғаттқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қуыс, апан, ін, үйір.

Іс әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Ормандар, жап – жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар!

Отан мен орман жұп, бір ұғым,

Орманды, Отанды қорғандар!

Балалар бір- біріне жақсы тілектер айтып, амандасады.

Ізденістер. Ұйымдастыру.

1. Педагог жануарлардың қысқы тиршілігі туралы тусіндіреді. Мысалы:

- Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігі туралы біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.

2. «Дауысынан таны» дидактикалық ойыны. Шарты: аудиотаспадан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып олардың атын атату. Санан соң сол жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді.

· Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде тығылған құрттарды тұмсығымен теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған кезінде құрттардың біразы жерге түседі. Қар бетіне түскен құрттармен шымшық, торғайлар қоректенеді. Орманнан тоқылдақтың «тоқ-тоқ» деген дыбысын жиі естуге болады.

· Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бой табанына жинаған майын жалап жатады.

· Қасқыр, түлкі – жыртқыш аңдар. Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді.

· Сұр қоян қыста түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күгелтеді.

3. Сергіту сәті:

Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл – қозғалысқа келтіреді.

5.«жануарлар тіршілігі» дидактикалық ойыны. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып тұрады.

 

Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

 

 

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

 

Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.

 

Тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

 

Би қимылдарын орындайды.

 

Үлгі жауап: Аю апанында қысқы ұйқыға кетеді..

Қорытындылау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. 1. Жабайы аңдарды ата

2. Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді?

 

Балалар жабайы аңдар үй жануарларын салыстырып айтады.

Күтілетін нәтиже: ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Білуі тиіс: табиғатқа деген қызығушылығын білдіру.

Түсінігі: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Қол еңбегі

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар

 

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдариен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал- жабдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауға дағдыландыру., табиғи матеиалдармен біріктіру, толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету, құстардың бейнесін жасауды үйрену, жұмыс орынын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Қостілділік құрам:Құстар- Птицы

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

тыру – іздену

«Ойлан тап!»

Барлық жемін бітеуден асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды.

 

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі........

 

 

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

 

«Құстардың айтысы».Ертегі.

 

 

Д/О: «Құстарды ажырат»

 

 

Жасалу жолдары: Бас пен кеуде бөлігі – ермексаздан

·Қанаты мен құйрығы, тұмсығы- шетеннің жапырағынан

·Мойнымен аяғы- бұтақтардан;

·Көзі жүзім дәні

·айдарымен тұмсығы – қызыл түсті қатырмадан.

·Тұғыры ермексаздан

·Ұсақ бөліктері ермексазға батырып кіргізу арқылы орналастыру.

 

 

Сергіту сәті: Қуыр, қуыр, қуырмаш......

 

 

«Шеберханада»

 

«Көрме»

 

 

 

Құстар

 

Торғайды.

 

 

Әтеш

 

Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтады.

Үй құстары мен жабайы құстарды ажыратады. Сипаттап айтады.

 

Түсінеді тыңдайды.

 

Сергіту жаттығуы.

 

 

Өз беттерімен жұмыс.

 

Өз жұмыстарына баға береді.

Рефлек

сивті –түзету

«Ұшады, ұшпайды»

Ойын ойнап көңіл- күйлерін көтереді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: табиғи материалдармен біріктіру, толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету, құстардың бейнесін жасауды үйрену

Қандай түсініктерді игереді: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Жұмыс істеуге қажетті құрал- жабдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауға дағдыландыру., Жұмыс орынын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>