Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта 3 страница



Білу керек: Күз туралы білімдерін тиянақтау.Күз мезгілініңастық, жеміс- жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

Қандай түсініктерді игерді: Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу

Меңгерген дағдылармен іскерліктер: Балалардың күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Көрікті көктем

 

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемгі пайдалы іс- әрекеттері туралы мағлұмат беру. Үлкен еңбегін бағалау арқылы, бақылағандарын еске сақтай білу дағдыларын қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

жаңбыр, жаңбыр, жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауаның,

тазартасың ауасын.

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

тыру – іздену

Д/О: «Көктем мезгілі»

 

 

Д/О: «Көктем мезгілдерінің айларын ата»

 

«Көктемгі еңбек» сурет бойынша әңгіме.

 

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма- жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

 

Әліппе дәптермен жұмыс:

«Көктем келді» әнін оқу

 

Д/О: «Бұл қай кезде болады?»

Көктем мезгіліндегі айырмашылықтар мен өзгешіліктер жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы суреттерге қарап әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Көктемні алғашқы айы-Наурыз. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай- сала суға толады.

Сәуір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады.

Мамыр айында да айнала түгел жасыл желек жамылады. Күн жақыннан күлімдейді. Мамыр айын «Ән айтады»- деп атайды. Себебі,құстар балапан басады, тоғай гүлзарлардың ішінде, көл жағасынан құстардың сайраған дауысын естисің.



 

Суретке қарап көктемгі еңбек түрлерін атайды. Жер жыртады, бау- бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау.Ағаштың түбін қопсытып, әктеу. Құстарға ұя жасау. Ең алған дәнмен қоректененін құстар ұшып келеді.Ұзақ, қараторғай, шымшық, таңшымшық т.б

Ал, жәндіктермен қоректентін құстар- қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуір айының аяғы, маиырдың басында ұшып келеді.

Сергіп демалады.

 

 

Өлеңді тыңдап қайталап айтып жаттап алады.

 

Өлеңнін мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.

 

Рефлек

сивті –түзету

Қортындылау. Мадақтау.Жұлдызшалар тарату.

Жұлдызшалар алып балалар риза болады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы білуге үйрету.

Қандай түсініктерді игереді: адамдардың көктемгі пайдалы іс- әрекеттері туралы мағлұмат беруді игерту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Үлкен еңбегін бағалау арқылы, бақылағандарын еске сақтай білу дағдыларын қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

 

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз

Мақсаты: Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіріп түсіндіре отырып есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту. Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қандай жағдай жасау керектігін үйрету.

Қызмет кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Шаттық шеңбер

Әрқашан аман болайық,

Құстар әнін сайрасын.

Бейбітшілік болсын,

нанымыз көп болсын

Балалар шеңберге тұрып жақсы көңіл- күймен амандасады.

Ұйымдастыру-іздену

Балабақша ауласына саяхат.

 

 

С.Көбеевтің «Құстың ұясы» әңгімесін оқып беру.

 

Сергіту сәті: Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Д/О: «Құстардың пайдасы»

 

 

Мақал: тырна көлге қонады,

Ара гүлге қонады.

 

Қыран құс құз – қиянын сағалайды,

Болар бала ізгі істі сағалайды.

Д/О: «Ойлан, тап!»

көлдің көркі сәні екен,

Ұшқанда сазды әні екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап ақтаған.

 

Д/О: «Бұл қандай құс?»

 

балабақша ауласына серуенге шығады.

Көктемнің ерекшеліктері мен табиғаттағы өзгерістерге назар аударады.Құстарды бақылап ажыратып үйренеді.

 

Әңгімені тыңдайды, түсінеді. Әңгімелеп айтып береді.

 

Сергіту жаттығуын жасап сергиді

 

 

Құстардың пайдасын түсінеді, ұғады.

Сұрақтарға жауап беріп, әңгімелейді.

 

мақалды қайталап айтып жаттап алады.

 

Аққу

 

Сипатынан танып қандай құс екенін ажыратады.

Рефлексивті -түзету

Қортындылау: Қандай құстар адамға жақын жүреді?

Құстар немен қоректенеді?

сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру..

Қандай түсініктерді игереді: Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіріп түсіндіре отырып есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту.

Меңгерген дағды мен іскерліктері: Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қандай жағдай жасау керектігін үйрету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

 

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қол еңбегі

Тақырыбы: "Менің альбомым"

 

Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және бір- біріне желімдеу әдіс- тәсілдерін меңгерту. Альбомды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын дамыту. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз,

Қайырлы таң балалар.

 

Балалар шеңбер бойынша тұрады.

Ұйымдас

тыру – іздену

Қуыршақ Айша қонаққа келді. Айша балаларға альбомдар ала келіпті.

«Менің -Қазақстаным!»,

«Қазақстан қорықтары»

 

Д/О: "Сен білесің бе?"

 

 

Д/О: «Бұл қандай альбом?»

 

Біз шеберміз: «Менің альбомым»

Жасалу жолын түсіндіріп көрсету.

Қағазды екіге бүктеп тік төртбұрыш шығарып, тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және бір- біріне желімдеусосын қағазды бүктелеген жерінен тесіп әдемі лента байлап әшекейлеу.

 

Сергіту сәті:Біз орманға барайық,

Жан - жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар, балалар

Қарап - қарап алыңдар

 

«Шеберханада»

 

«Көрме»

 

 

Балалар қуыршақ Айшамен амандасады.

 

Балалар таңданып альбомды қарайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Альбомдағы суреттерді қарап сол бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

Балалар альбомдардың атын атайды. Мысалы: жанұялық альбом. т.б

 

Тыңдайды түсінеді.

 

Сергіту жаттығуын орындайды.

 

Өз беттерімен жұмыс.

Өз жұмыстарын көрмеге қояды, жұмыстарына баға береді.

Рефлек

сивті -түзету

Ойын: "Өз әсерлерімізбен бөлісейік"

 

Айша балаларға рахмет айтып жұлдызша береді.

 

 

Балалар шеберханада альбом жасағанда алған әсерлерімен бөліседі. Оңай болды ма, ұнады ма?

 

 

Балалар риза болып Айшамен қоштасады.

 

 

Күтілетін нәтиже: Қағаздан альбом жасап білу.

 

Білу керек: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Қандай түсініктерді игереді: Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және бір- біріне желімдеу әдіс- тәсілдерін меңгерту. Альбомды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын дамыту.

 

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Қол еңбегі

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар

 

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдариен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал- жабдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауға дағдыландыру., табиғи матеиалдармен біріктіру, толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету, құстардың бейнесін жасауды үйрену, жұмыс орынын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

тыру – іздену

«Ойлан тап!»

Барлық жемін бітеуден асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды.

 

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі........

 

 

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

 

«Құстардың айтысы».Ертегі.

 

 

Д/О: «Құстарды ажырат»

 

 

Жасалу жолдары: Бас пен кеуде бөлігі – ермексаздан

·Қанаты мен құйрығы, тұмсығы- шетеннің жапырағынан

·Мойнымен аяғы- бұтақтардан;

·Көзі жүзім дәні

·айдарымен тұмсығы – қызыл түсті қатырмадан.

·Тұғыры ермексаздан

·Ұсақ бөліктері ермексазға батырып кіргізу арқылы орналастыру.

 

 

Сергіту сәті: Қуыр, қуыр, қуырмаш......

 

 

«Шеберханада»

 

«Көрме»

 

 

 

Құстар

 

Торғайды.

 

 

Әтеш

 

Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтады.

Үй құстары мен жабайы құстарды ажыратады. Сипаттап айтады.

 

Түсінеді тыңдайды.

 

Сергіту жаттығуы.

 

 

Өз беттерімен жұмыс.

 

Өз жұмыстарына баға береді.

Рефлек

сивті –түзету

«Ұшады, ұшпайды»

Ойын ойнап көңіл- күйлерін көтереді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: табиғи материалдармен біріктіру, толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету, құстардың бейнесін жасауды үйрену

Қандай түсініктерді игереді: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Жұмыс істеуге қажетті құрал- жабдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауға дағдыландыру., Жұмыс орынын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі:Экология

Тақырыбы. Үй құстары

Мақсаты: Үй құстары жайлы білімдерін молайту. олардың тіршілігі, тұрағы, пайдасы жайлы түсінігін кеңейту. Оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Қуыр - қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Түлкі келсе есік бас,

Әжең келсе есік аш.

Бас бармақ, Балаң үйрек,

Ортан терек, Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Қуыр - қуыр, қуырмаш.,

Тауықтарға тары шаш.

Шеп - шеп - шеп.

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Д/О: "Ойлан тап!"

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай.

Ол не?

2. Судан шықса, баладай,

Тәй- тәй басып қалады- ай

3. Басында айдары,

Иекте сақалы бар

 

Д/О: "Үй құстары"

Үй құстарының суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын атап, пайдасын әңгімелеу.

Әтеш, тауық, балапан, қаз, күрке, тотықұс, (суреттерін тақтаға іле отырып атау.

 

 

Үйрек

- Үйректі

Жүзуге кім үйретті

Аулада

Жүруді ол сиретті

Күн шыққан кезеңде

Қашады өзенге

Тереңге сүңгиді,

Лайсаңда жүгіріп

Кір болу – мін дейді.

Ақ тауық

Ақ тауық – ай, Ақ – тауық

Ақ – тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды

Д/О: "Не қалай дыбыстайды?"

-

 

.

 

 

Әтеш

 

Қаз

 

Әтеш

 

Түсінеді, тыңдайды. суреттен атын атап көрсетіп,өз білетіндерін айтады. үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тамақ ретінде пайдаланады, жүннен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді

 

 

Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.

 

Жаттап алады

 

үй құстарының дыбыстауын дұрыс айтады. Ку - ка - ре - ку: әтеш, цып - цып- балапан, қыт - қыт:-тауық,

қаңқ - қаңқ- қаз т. б.

Рефлек

сивті –түзету

Пысықтау Д/О: "Кім көп біледі?"

- Үй құстарының атауларын атаңдар?

- Неге үй құстары деп атаймыз?

- Үй құстарының қандай пайдасы бар? Оларға қандай қамқорлық көрсетеміз?

 

 

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

 

 

Күтілетін нәтиже:Үй құстары жайлы түсінігін кеңейту

Білу керек: Үй құстары жайлы білімдерін молайту.

Қандай түсініктерді игереді: олардың тіршілігі, тұрағы, пайдасы жайлы түсінігін кеңейту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: сурет бойынша әңгімелеп беруге дағдыландыру.Оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы. Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру.

2. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсінңіктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалрадың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Отан, карта.

 

Іс әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Тәрбиеші сұрақ жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді.

- 16 Желтоқсан – еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келеді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

 

1. Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады.

2. Сөздік жұмысын жүргізу. тәуелсіз – толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен – өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

3. Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады.

 

Халықтың ортақ үйі- отаны.

 

4. Сергіту сәтін өткізу.

«Отан» әнін тыңдату.

 

5. «Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.

6. Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

 

Балалар отан туралы ойларын әңгімелейді. Үлгі жауап: мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным Қазақстан...

 

Өлеңді тыңдайды, сұрақ қояды.

 

 

Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.

 

Әнді қосылып орындайды.

 

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына сурет салады.

Қорытындылау. Өзін –өзі бағалау

Сабақта алған білімін пысықтайды. Сұрақтар:

1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

3. Біздің елордамыз қай қала?

4. Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?

Сұрақтарға жауап береді.

         

 

Күтілетін нәтиже: Өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсінуі.

Білуі тиіс: Отанын, атамекенін ардақтау керек екендігін.

Түсінігі:өз отанын мақтан ету.

Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 668 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.069 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>