Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта 1 страница



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:Иманғалиева Р.С 16.10.2014ж

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі:Қауіпсіз мінез-құлық ережелері

Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті

Мақсаты: "Тамақтану" түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

Қостілділік құрам:Тазалық-Чистота. денсаулық-Здоровья

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

"Тілек гүлі"

 

Шеңберге тұрып бір- біріне денсаулық тілейді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

"Тамақтану" аялдамасына саяхатқа бару.

Жұмбақ өлең.

"Бұл не?"

 

 

Д/О: "Тазалық үшін не керек?"

 

 

Тыныс алу жаттығуы.

 

 

"Маржан тіс" акциясы.

Денсаулығың мықты болсын десең, тамақтану тәртібін сақта.

 

 

Сергіту сәті: Бала, бала, балақан....

 

 

Д/О: "Не қайда өседі?"

 

Тазалық ережелерін еске түсіреді, айтады.

 

Сүлгі. Тарақ. Сабын

 

 

Суреттен тазалық сақтау үшін керек заттарды тауып қалай қолдану керек екенін айтады. Сабын, сүлгі, сұйық шаш сабындары, тіс жуғыш щетка, тарақ т.б

Шеңберге тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды. Дәрігер Салауаттың ата-аналармен бірге тісті қалай күту ережелерін ұқыпты еске сақтайды

Тісті таңертең және кешке тазалау.

Тамақтанудан кейін ауызды шаю.

Денсаулығың мықты болсын десең, тамақтану тәртібін сақта.

 

Өлең жолдарына сай қимыл- қозғалысқа келіп көңіл- күйлерін сақтайды.

 

Жеміс- жмидектер мен көкөністерді топқа бөледі.

Рефлек

сивті –түзету

Жеке бастың тазалығын сақтау, тазалық пен ұқыптылық сенің денің сау және бақытты болып өсуіңе көмектеседі.

Тамақтанар алдында қолыңды жу.

Тамақтанып болғасын алғысыңды айтып білдір.

"Менің сүйікті шырыным"

 

Балалар тазалық және тамақтану ережелерін айтады.Еске сақтайды.

 

Балалар алма шырынын ішіп риза болады.

 

Күтілетін нәтиже: "Тамақтану" түсінігінің маңызын ашу.



Білу керек: "Тамақтану" түсінігінің маңызын ашу.

Қандай түсініктерді игереді: Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлінжәне ас қорыту ағзалары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Дұрыс тамақтану мәдениетін және тазалықты сақтауға дағдыландыру,жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

18.09.2015ж.

Тәрбиеші: Мырзабаева А. Е.

Білім саласы: Таным

Бөлімі:Қоршаған дүниемен танысу

Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаты: Отбасы мүшелері және оның мүшелері туралы әңгімелесу.Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым- қатынас жасауға баулу. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қостілділік құрам:Мен және менің отбасым-Я и моя семья

Сөздік жұмыс; Әке, ана, ата, әже, аға, әпке,іні, сіңілі.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Е: Өтетілеуов. «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар:

ең жақын адамдар-

Әкем және анам бар,

Бір туған анам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін.

·балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.

·Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін оқу. «Отбасы»- дегеніміз әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтама түсінік беру.

·Д/О «Әр заттың өз орны бар"

 

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырп, бір тұрып

жақсы сергіп қалайық.

 

·Отбасы мүшелерінің іс- әрекеті туралы әңгіме құрастыр.

 

Д/О: «Бізде былай, ал сіздерде қалай?»

 

Өлеңді қайталап айтады. Отбасы мүшелерін атайды.

 

 

Тыңдайды сұрақтарға жауап береді.

 

 

Ойыншықтар таза және олардың өздерінің орны болуы керек. ойыннан соң оларды тазалап жинап қою керек. Шаштың досы тарақ. тарақ үнемі таза болуы керек. әркімнің өз тарағы болуы керек. киімдерде тазалықты жақсы көреді. аяқ киімдерді тазалап майлау керек.

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп әңгімелейді.

 

 

Рефлек

сивті –түзету

Жеке бастың тазалығын сақтау, тазалық пен ұқыптылық сенің денің сау және бақытты болып өсуіңе көмектеседі.

Жақсы үй адамның өз- өзіне деген сенімділігіне және бақытты болуына көмектеседі.

Балалар тазалық ережелерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже: Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

 

Білу керек: Отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Қандай түсініктерді игереді: Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым- қатынас жасауға баулу

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі:Қауіпсіз мінез-құлық ережелері

Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта

Мақсаты: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік және жануарлар әлеміне деген жауапкершілікті, ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру. Күн, ауаның барлық тіршілік иелері үшін маңызы туралы түсінік беру.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

 

 

Шеңберге тұрып өлең жолдарын айтып көңіл күйлерін көтереді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

 

Д/О: «Флора және фауна»

 

 

Д/О: «Өсімдіктер мен жануарлардың пайдасы»

 

Д/О: «Жақсы- жаман»

 

Сергіту жаттығуы:

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырай ашылды

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды

 

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз Түлкi болып қашамыз, қашамыз Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,орнымызға қонамыз

 

Лото ойын: «Қазақстан флорасы мен фаунасы»

 

 

 

Флора- өсімдік әлемі, ағаштар, гүлдер, бұталар, шөптер т.б

Фауна- жануарлар әлімі жануарлар үй және жануарлар, құстар, балықтар, шөптер т.б

 

Түсініп ажыратады.

Өсімдіктер мен жануарлардан адамдар не алатынын ажыратады.

 

Жақсы – жаманды ажыратады.

мысалы: ағаш- отырғызу- жақсы.

Ағаш кесу- жаман т.б

 

жаймен тырсылдатады

 

қолдарымен күн жасайды

жарты доға жасайды

Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды

 

Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi

Екi қолымен қанат жасап ұшады

Бiр орындарында тұрып жүгiредi.

Бәрi орындарына отырады

Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғап күту керек екенін түсінеді.

 

Рефлек

сивті –түзету

Адам флора мен фаунаны қорғап күтеді.

Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, ауа,су, күн болмаса, тіршілік атацулы болмас еді.

«Біз сіздермен қандаспыз, сен және мен»

 

Күтілетін нәтиже:.

Білу керек: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру..

Қандай түсініктерді игереді: Күн, ауаның барлық тіршілік иелері үшін маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Өсімдік және жануарлар әлеміне деген жауапкершілікті, ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруды меңгерту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:Иманғалиева Р.С

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі: Қауіпсіз мінез- құлық ережелері, валеология

Тақырыбы: Тазалықшының кеңестері

Мақсаты: Көзді күтуге, қажет болса көзгілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзгілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу.Адамың есту қабілетінің рөлі және тіс аурулары туралы мәлімет беру.

Қостілділік құрам: Көз- глаза. Тазалық- чистота. Құлақ-ухо. Тері-кожа.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы күн жер аспан!

Қайырлы таң достарым!

Сендерді көріп сағындым!

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

тыру – іздену

- Балалар қандай жыл мезгілдері болады? Нешеу?

-Қазір қандай жыл мезгілі, қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

«Майдодыр» К.Чуковский. Ертегісі.

Майдодыр балаларға тазалақ ережелерін орындауға кеңес береді.

 

Жұмбақ.

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

 

Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас.

 

 

Тісті қалай күтеміз.

 

 

Д/О: «Тісті күту үшін не керек?»

 

 

Тазалық ережесі: Тісті күніне екі рет тазалау.

Тамақтан кейін ауызды шаю.

Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

Қатты заттарды тіспен шақпау.

Тәттіні көп жемеу.

Жиі тіс дәрігеріне көріну.

Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Д/О:«Сезім мүшелері»

Көз, құлақ, мұрын,тері.

 

Көзгілдірік күтімі:

Әйнегін таза ұста.

Әйнегі сынған көзгілдірікті киме.

«Ым»- қиялдау ойыны.

Жұмбақ: Бір таудың екі жағынан,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.

Д/О: «Затты дыбысына қарай таны»

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Аязды күні жыл бас киім кию керек.

Құлақты қаламмен, шырпымен т.с.с. Үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.

Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.

Төртеу, қыс, көктем, жаз, күз.

 

Күз мезгілі, қараша айы.

 

Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа кетеді.

 

Қандай тазалық ережелерін білетіндері және сақтайтындығын еске түсіріп айтады.

 

Тіс

 

 

Тіс

 

Тіс туралы мағлұмат алады. Тісті қалай күту керек екенін біледі өздерінің ойын айтады.

Тіс күтуге арналған қажетті құралдарды атайды. Среттен тауып көрсетіп әңгімелейді.

 

 

Тыңдайды ережелерді еске сақтайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иісті сезеді, тері мен бөлме температурасын сезеді.

 

Еске сақтайды.

 

 

Құлақ

дыбыстарды ажыратады.

 

Рефлек

сивті –түзету

Мынау менің – жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым – ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Бәрін осы атқарған.

 

Өлең жолдарын бәрі бірге қайталап атады.

 

Күтілетін нәтиже: Тазалықты сақтау ережелерін білу

Білу керек: Көзді күтуге, қажет болса көзгілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету.Адамың есту қабілетінің рөлі және тіс аурулары туралы мәлімет беру.

Қандай түсініктерді игереді: Көзді, тісті, құлақты күту ережелерін сақтау туралы түсінік беру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Балаларды көзгілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:Иманғалиева Р.С 10.11.2014ж

Білім саласы:Таным

Бөлімі:қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы. Жыл құстары.

 

Мақсаты: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу. қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстары.

Қостілділік құрам: Жыл құстары- перелетные птицы. Зимующие птицы- қыстап қалатын құстар.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Үнтаспадан құстардың сайраған дауысын тыңдату.

Д/О: «Құстар әлемі»

плакаттан құстарды көрсету. Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.

Д/О «Жыл құстары және қыстап қалатын құстар»

 

Күннің суытып жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен- көлдерде су қатып қалады. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш,қараторғай, т.б жатады.

Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Отырықшы құстарға: қарға, көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ т.б. Жатады.

Сергіту сәті:

Оңтүстікке құстар ұшып барады (алақандарымен қол бұлғайды)

Қаздар,тырна, аққулар.

Міне соңғы тізбегі, (қолдарын жоғары көтереді)

Алыстан қанат қағады. (екі қолдарын құс қанаты тәрізді қағады)

 

Дәптермен жұмыс: (Үкі, бүркіт, үйрек, аққу, тырна).

Осы құстар туралы мағлұмат беру.

 

 

Балалар тыңдайды, түсінбегенін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.

 

Сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап, құстардың аттарын атайды. Өз өлкелерінде тіршілік ететін құстар туралы әңгімелейді.

 

 

Тоқылдақтың суретін сәйкес түспен бояйды.

 

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

 

Суреттен өзіңе таныс құстарды атату.

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

Дәптермен өз беттерімен жұмыс жасайды.

Рефлек

сивті –түзету

Қорытындылау

·Сабақта алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар:

·Өзің білетін жыл құстарын ата.

·Құстар немен қоректенеді?

·Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

Құстар,табиғатқа, адамға қандай пайдасын тигізеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

 

Күтілетін нәтиже: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы

 

Білу керек: жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашылығын тусіне және ажырата білуге үйрету..

Қандай түсініктерді игереді: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға дағдыландыру..

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

 

Мақсаты: Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелесу. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым- қатынас жасай білуге үйрету. Ұйымшылдыққа және үлкнді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу..

Қостілділік құрам:Мен және менің отбасым-Я и моя семья

Сөздік жұмыс; Әке, ана, ата, әже, аға, әпке,іні, сіңілі.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Е: Өтетілеуов. «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар:

ең жақын адамдар-

Әкем және анам бар,

Бір туған анам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін.

·балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.

·Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін оқу. «Отбасы»- дегеніміз әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтама түсінік беру.

·Д/О «Отбасындағы мерекелер» сурет бойынша әңгімелеу.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырп, бір тұрып

жақсы сергіп қалайық.

 

·Әліппе дәптермен жұмыс.

·Тапсырмалар: Өзің туралы айтып бер.

·Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.

·Отбасы мүшелерінің іс- әрекеті туралы әңгіме құрастыр.

 

Д/О: «Бізде былай, ал сіздерде қалай?»

 

Өлеңді қайталап айтады. Отбасы мүшелерін атайды.

 

 

Тыңдайды сұрақтарға жауап береді.

 

 

Өлең мазмұнына байланысты қимыл- қозғалысқа келіп өлеңді айтады. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп әңгімелейді.

 

 

Ойынды ынтамен ойнайды.

Рефлек

сивті –түзету

·Өз отбасыңда кімдер тұрады?

·Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

·Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін сен не істеуің керек?

Балалар отбасында өздері атқаратын іс- ірекеттерін әңгімелейді.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 416 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.072 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>