Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта 2 страница



 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білуге үйрет.

Қандай түсініктерді игереді: Отбасы мүшелерін: ата-әжесін, ата-анасын, бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата- анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: бірлескен еңбек іс- әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білуі: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:Иманғалиева Р.С

Білім саласы: Таным

Бөлімі:Экология негіздері

Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат

 

Мақсаты: жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс туралы білімдерін жетілдіру. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы естн сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілділік құрам: Табиғат- Природа. Жасыл әлем-Зеленый мир. Тау-гора.

Тас- камень

Сөздік жұмыс; Табиғат, жасыл әлем, тау, тас,.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Д\О: «Жанды және жансыз табиғат» Сурет бойынша әңгіме.

 

 

«Жанда және жансыз табиғат арасындағы байланыс»

 

 

«бар ма, жоқ па?»Е.Өтетілеуұлының Өлеңін оқу.

 

Сергіту сәті: Көлдің беті кілегей,

жер сап- сары бірегей.

Тырау- тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмексі.

 

Әліппе дәптермен жұмыс.

Түсінеді, тыңдайды. Жанды және жансыз табиғатты суреттен атап көрсетп ол жөнінде түсінендерін атайды.

 

 

Суреттерді алып жанды табиғат пен жансыз табиғатты байланыстырып суретті сәйкестендіреді. Мысалы: су- қой.

Жер- гүл т.б

Өлеңді тыңдайды, қайталап айтады.



 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

Жанды және жансыз табиғатты атап айтады.

Суреттегі жасырынған жануарларды тауып бояйды.

Рефлек

сивті –түзету

Пысықтауға арналған жаттығулар:

1. Жансыз табиғатқа нелер жатады

·Жанды табиғатқа нелер жатады?

·Олардың айырмашылығы нелер?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс туралы білімдерін жетілдіру..

Қандай түсініктерді игереді: Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрсете білуі: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі:қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Бағдаршам және көшеде жүру тәртібі.

 

Мақсаты: Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу ағдыларын, зейін дамыту. Жолда жүру ережелрін дамыту.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

 

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Д\О: «Ьағдаршамы бар көше» Сурет бойынша әңгіме.

 

«Жол жүру ережесі»

 

 

«Бағдаршам» Өлеңін оқу.

Ә. Табылды.

 

Сергіту сәті:

 

«Көлік түрлері қайда?»

 

Д/О; «Егерде....»

Егерде бағдаршамның қызыл көзі жанса..........

 

Әліппе дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша жолда жүру ережелерін ескерту, қайталау.

 

Суреттегі көлік түрлерін 3 топқа бөліп атау.

 

Д/О: «не артық?»

Түсінеді, тыңдайды. суреттен атап көрсетіп көшедегі машиналар, жаяу жүргіншілер және машиналар жайлы әңгімелейді, ол жөнінде түсінгендерін атайды.

Жолда жүру ережесі туралы түсініп еске сақтайды. Өз білетіндерін айтады. Жол белгілерімен танысады.

 

Өлеңді жаттап алды.

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

Суретке қарап көліктердің түрерін топтастырады.

 

Егерде бағдаршамның қызыл көзі жанса адамдар тоқтап машиналарға жол беру керек. т.б

 

 

судағы, ауадағы, жердегі көлік түрлерін атап айтады.

Суреттегі артық затты тауып атайды.

Рефлек

сивті –түзету

Пысықтауға арналған жаттығулар:

1. Жаяу жүргіншлер қай жолме жүру керек?

·Жаяу жүргіншілер қай ермен жүреді?

·Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері бар?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру..

Қандай түсініктерді игереді: Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу ағдыларын, зейін дамыту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Жолда жүру ережелірін сақтауға дағдыландыру.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі:қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы. Мамандықтар

 

Мақсаты: Аамдардың әртүрлі мамандықтар туралы баллардың түсініктерін жетілдіру.Балалардың мұнайшы, шахтер, құрлысшы мамандықтар туралы түсінішін қалыптастыру.Пайдалы қазба байлықтары және олардың аыну жолдары, олардан не жасалынатыны жайлы түсіндіру. Жанар- жағар май тұрған жерде қауі

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Мұнай, парафин, таскөмір, әк.

Сурет бойынша әңгіме.

 

Д\О «Мамандықтар»

 

Д/О; «Кімге не керек?»

 

 

Сергіту сәті:

Біздер тату баламыз,

Гүл- гүл айнап аламыз.

Жаттығулар жасайық,

Жақсы сергіп қаламыз.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Д/О: «Мен бастаймын, сен аяқта»

 

Мысалы; Факс – фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралдары. Сәлемдеме – пошта арқылы жіберілген сәлем- сауқат.

·«Телефон» дидактикалық ойыны. Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір- бірімен сөйлеседі.

·Мысалы,

Сәлеметсіз бе, Аружан?

Сәлеметсіз бе, Алма?

- ертең мен анаммен бірге хайуанаттар бағына барамын. Сен бізбен бірге барасыңба?

- анам рұқсат етсе барамын.

Дәптермен жұмыс.

Түсінеді, тыңдайды. суреттен атап көрсетіп мұнай, парафин, таскөмір, әк жайлы түсініп әңгімелейді, сақтық ережелері жөнінде түсінгендерін атайды.

Тасқалаушы, сәулетші

түсініп еске сақтайды. Өз білетіндерін айтады.

 

Мамандық иесіне қажетті құрал-маманды

Өлеңді жаттап алды.

 

Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.

 

Дәрігерге.................

дәрігерге ақ халат, баскиім, укол т.б. керек

Егерде........

Егерде дәрігер болмаса адамдар көп ауырады.

 

Суретке қарап әңгімелейді..

 

Рефлек

сивті –түзету

Пысықтауға арналған жаттығулар:

Д/О:«Кім болам?»

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

 

Мен болашақта архитектор боламын.

Архитектор сәулетті ғимараттарды жобалайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже: Мамандықтар туралы түсінігін кеңейту

 

Білу керек: пайдалы қазбалардың алыну жолдарын білуі

Қандай түсініктерді игереді: жанар майлар бар жерлерде сақтық ережелерін сақтау.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: сурет бойынша әңгімелеп беруге дағдыландыру.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші:

Білім саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы. Жыл құстары.

 

Мақсаты: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

3. қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстары.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел

деу – ояту

Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

Өлең жолдарымен қимыл- қозғалысқа келеді.

Ұйымдас

ты ру – іздену

Үнтаспадан құстардың сайраған дауысын тыңдату.

Д/О: «Құстар әлемі»

плакаттан құстарды көрсету. Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.

Д/О «Жыл құстары және қыстап қалатын құстар»

 

Күннің суытып жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен- көлдерде су қатып қалады. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш,қараторғай, т.б жатады.

Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Отырықшы құстарға: қарға, көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ т.б. Жатады.

Сергіту сәті:

Оңтүстікке құстар ұшып барады (алақандарымен қол бұлғайды)

Қаздар,тырна, аққулар.

Міне соңғы тізбегі, (қолдарын жоғары көтереді)

Алыстан қанат қағады. (екі қолдарын құс қанаты тәрізді қағады)

 

Дәптермен жұмыс: (Үкі, бүркіт, үйрек, аққу, тырна).

Осы құстар туралы мағлұмат беру.

 

 

Балалар тыңдайды, түсінбегенін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.

 

Сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап, құстардың аттарын атайды. Өз өлкелерінде тіршілік ететін құстар туралы әңгімелейді.

 

 

Тоқылдақтың суретін сәйкес түспен бояйды.

 

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

 

Суреттен өзіңе таныс құстарды атату.

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

Дәптермен өз беттерімен жұмыс жасайды.

Рефлек

сивті –түзету

Қорытындылау

·Сабақта алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар:

·Өзің білетін жыл құстарын ата.

·Құстар немен қоректенеді?

·Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

Құстар,табиғатқа, адамға қандай пайдасын тигізеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

 

Күтілетін нәтиже: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы

 

Білу керек: жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашылығын тусіне және ажырата білуге үйрету..

Қандай түсініктерді игереді: Құстар тіршілігі, табғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға дағдыландыру..

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші:

Білім саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Құрастыру және қол еңбегі.

Тақырыбы: "Мерекелік маскалар - қағазбен жұмыс".

Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға, сызық бойымен дұрыс қиюға,

ұқыпты желімдеуге үйрету. Шығармашылық белсенділігін арттыру,

тиісті нәтижеге қол жеткізіп, еңбек етуге тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу – ояту

Шеңбер:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

 

Бірге қайталайды.

Ұйымдастыру – іздену

1. Әңгімелесу: "Жаңа жыл мерекесі"

 

 

2. Ойын: "Бұл қандай жануар".

 

 

3. Үлгі бойынша жұмыс:

1. қатты қағаздан қажетті жануардың бетінің силуэтін қияды.

2. көз, мұрын, мұрт, т.б. мүшелерін салады.

3. шапка үшін жолақшалар қиып алу.

4. Ойын: "Кім екенің тап"

 

5. Санамақ:

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

 

 

 

Жаңа жыл мерекесінде алған әсерлерін әңгімелейді.

 

 

Сипаттауға орай қандай жануар екенің табады.

 

Балалар үлгі бойынша өздеріне ұнаған жануардың бетпердесін жасап үйренеді.

 

Балалар жұмбақты шешеді.

 

Балалар бірге қайталайды.

Рефлексивті –түзету

Ойын: "Жаңа жылдық шыршада"

Білетін тақпақ, өлеңдерін айтып қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қағазды түрлі әдістермен бүктеп қиюды.

Қандай түсініктерді игереді: Мерекелік маскалар.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Шығармашылықпен жұмыс жасауды, ұсақ бөлшектерін безендіруді.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші: Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: "Қысқы еңбек"

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы

түсініктерін қалыптастыру. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын

түсіндіру. Еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбек сүйгіштікке

тәрбиелеу.

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу – ояту

Шеңбер:

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Суық өтер қолғаптан.

 

Балалар қимылмен жасайды.

Ұйымдастыру – іздену

1. Сурет бойынша: "Қысқы еңбек түрлері"

Қысқы еңбек түрлерімен таныстыру және оларды кімнің атқаратынын айтып түсіндіру.

Қысты күні аула мен көшенің қарын тазалау;

Егістікке қар тоқтату;

 

 

2. Ойын: "Еңбек құралдарын тауып ата"

 

 

3. Сурет бойынша: "Фермада"

4. Дидактикалық ойын: "Кім қайда істейді"

 

 

5. Ойын: "Артығын тап"

Шана, доп, шаңғы, коньки

Аққала, хоккей, велосипед тебу, қар лақтыру.

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

Дәптерден еңбек құралдарын табады.

 

 

Малды күтіп, баптау жайлы мағлұмат алады.

 

Мамандық иелері жайлы айтады.

 

 

Доп

 

Велосипед тебу

 

 

Рефлексивті –түзету

Тақпақ:

Сырғанаққа мығымбыз

Шыныққанбыз, шымырмыз

Таудан төмен сырғанап

Біз тебеміз сырғанақ.

Бірігіп айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қысқы еңбек түрлерін атап беру тиіс.

Қандай түсініктерді игереді: Қысқы еңбектің пайдасын білу.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасауды меңгереді.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әректі бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші:

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жомарт күз.

Мақсаты: Күз мезгілініңастық, жеміс- жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарау. Балалардың күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.

Қызымет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел –деу-ояту

Психологиялық ойын-жаттығу:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апай!

 

Балалар, бір-бірлеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Ұйымдас-тыру-іздену

1. Д/О «Ойлан, тап!»

«Бұл қай кезде болады?»

2.Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді.

 

3.Ә.Қастеевтің «Күз көрінісі» суретін қарау, әңгімелеу.

 

 

4.Д/О «Қай ағаштың жапырағы»

 

5. «Жомарт күз» сурет б/ша әңгіме.

 

 

6.Ғ.Қайырбековтың «Алтын күз» әңгімесі оқу, әңгімелесу.

 

7.Д/О «Кім, көп біледі?»

 

 

8. Сергіту сәті. «Салат»

 

 

10. Мақал.

«Жазда не ексең- күзде соны орасың»

 

11. «Біз не білдік?»

 

-Балалар, жұмбақтардың шешуін табады.

-(күзде)

 

-шешуі: (жапырақ)

 

-Балалар суреттегі күзгі көріністердің ерекшелігін әңгімелеп айтады.

 

-Балалар емен,үйеңкі, шырша, қарағай т.б. ағаштарды ажыратып, жапырақтарын табады.

 

Қазақстанда қандай көкөністермен жемістер өсетінін, олардың адам ағзасына пайдасы туралы

біледі.

күзде табиғат ерекше күйге енетінін, неліктен

«Жомарт күз» деп аталатынын әңгімелейді.

 

Күз туралы қойған сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинап, жеңімпаз атанады.

-Б-р,көкөністер бейнеленген суреттер таратылып, әуен ырғағымен билеп әуен тоқтағанда көкөкністер бірігіп «салат» болып араласады.

 

Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізеді.

Қырман –астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң т.б.

 

Мақалдың

мағнасын түсінді.

-Б-р,күзде күн суытып,жауын-шашын көп болатынын,бақша дақылдары жеміс-жидек-тер,егістегі астық пісіп, қамбаға жиналғанын айтады.

Рефлексивті-

түзету

«Алтын күз» М.Әлімбай.

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Балалар өлеңді бірге жаттайды.

Күтілетін нәтиже: Күз мезгілінің ерекшеліктерін атай білу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 768 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.082 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>