Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 8 страница



2.Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді.Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет билігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді.Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. 1867-1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыз рет түгел қамтыды. Огда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы- Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы- Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір бөлігі,сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді. Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс - уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс - ауылдардан тұрды.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конститутциясы қабылданды. Онда мемлекетіміздің қазіргі таңдағы жағдайы, оның өркендеу үдерістері мен әлемнің жоғары дамыған елдерінің конститутциялық тәжірибесі ескерілді. Сонымен қатар 1993 жылғы Конститутцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, бұлыңғыр және екіұшты қағидалар нақтыланды. 1995 жылғы Конститутцияның негізіне, алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды. 30 – тамыз Конститутция күні. Республиканың жаңа Конститутциясында заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жүйелерінің міндеттері иан олардың өзара қатынастары барынша нақты айқындалған. Жаңа Конститутцияның қабылдануымен елімізде президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды. Конститутция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады. Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Үкімет; Конститутциялық кеңес, Соттар және сот төрелігі; Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталады. 1995 жылғы Конститутция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан - Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенаттың құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасының астанасының әрқайсысынан сайланып келген екі адамнан, соған қосымша парламент өкілеттігі мерзіміне Республика президенті тағайындаған 7 депутаттан құралады. Мәжіліс республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттан турады.



 

 

Билет №25

 

1. Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты.

2. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

3. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.ТМД-ның құрылуы.

 

1.Патша үкіметінің шет аймақтарға қоныстандыру саясаты 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережелерінен кейін-ақ басталған. Оның басты себебі, ереженің ауыл шаруашылығын жетілдіру мәселесіне арналған бағдарламасы шешілмей, ел ішінде толқулар күшейеді. Жерсіз қалған шаруалар үкіметтің рұқсатын күтпей-ақ стихиялы түрде шет аймақтарға көше бастайды. Үкімет ел ішіндегі мұндай жағдайды заңды түрде қолға алып, «Қоныстандыру басқармаларын» ұйымдастырды.Патша үкіметі бұл мәселені тездетуде алдына үш мақсат қойған. Біріншіден, Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуларды әлсірету;екіншіден, жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу; үшіншіден, шет аймақтарда қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай кулактарды шығарып, өзіне тірек дайында

 

2.XIX ғасырдың басында Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде ерекше ауыр жағдай қалыптсады.Оның басты себебі, бұл аймақ халқы ортаазиялық Хиуа,Бұхар,Қоқан үстем тап өкілдерінің тұрақты шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан да бұл аймақ әлі де болса патша үкіметінің қол астына толық өтіп болмаған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым XIX 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен. Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821 жылы Тентек төре бастаған көтеріліске шыққан. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздақ жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп,көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған. Мұндай көтеріліс қырғыз,Шымкент,Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған. XIX ғасырдың 20-30-жылдары «Азия комитеті» құрылады. Комитеттің басты міндеті патша үкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу болған. 1825 жылы подполковник В.К.Шубин басқарған 120 қазақтан құрылған зеңбіректері бар қарулы қосын Қаратал өзенінің бойында жіберіледі.Осы жерде қосын екіге бөлініп бірі осы жерде қалса, екіншісі Жетісудың ішкі аудандарына қарай ілгеріндейді. Жетісудың 50 000 адамы бар Үйсін болысының қазақтары патша үкіметі әкімшілігінің қол астына кіретіндігін мойындады. Ал 1819 жылы Сүйік сұлтан өзінің қол астындағы адамдарымен Ресейдың билігіне қарсы болмайтындығына ант берсе,1822 жылы Абылай ханның немерелері 14 сұлтан патша үкіметінің құзыорына алуды сұранған. Бұлардың өтінішіне 1824 жылы 13 мамырда I Александр қол қойған. Патша үкіметі Жетісу жеріндегі Қоқан хандығының билік жасау әрекеттерін тоқтату үшін тезірек қимылдауға тырысады.Патша үкіметіне алдымен Қастек,Тойшыбек бекіністеріне бекініп отырған Қоқан хандығының әскеріне соққы беру керек болды.Ол үшін 1850 жылы Капитан К.Гутковский бастаған 200 атты қазақ,50 жаяу әскер Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Олар қоқандықтардың қырғыздардан жасақтаған әскерінен қарсылық көріп,Іле бойына шегінуге мәжбүр болады.Қоқандықьарға соққы беру енді 1851 жылы подполковник Карбышев қосынан жүктеледі.Орыс әскербасы құрамында төрт қазақ жүздігінен тұратын бір батальон жаяу әскерден,18 зеңбірегі бар атты қосыннан құрылған қарулы күшті аттандарған. Бұлар 1851 жылы 7 шілдеде бекіністі ешбір қантөгіссіз-ақ алады.1854 жылы осы бекініске жақын жерге Верный бекінісі салынады.Мұнда орыс әскерлері жергілікті халықтың патша үкіметіне адал болуды бақылаған.1859 жылы осы Верный бекінісінің батысында Қастек бекінісін салғызады.Патша үкіметінің тірегі болған осы бекіністен Оңтүстік Қазақстанға қарай Әулиеата, Шымкент қалаларын әскери жаулап алу әрекеті басталған.Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды алу үшін Орынбор, Сібір генерал-губернаторлығынан аттандырған екі жақты әскери шабуылы Шымкент, Әулиеата жерінде түйісіп,қазақ жерін 1864 жылы біржола жаулап алады. Ақмешіт, Түркістан,Әулиеата,Шымкент қалаларын алған кезде әскери қарсылық көрсеткен адамдардың қырғынға ұшырағанын айтпағанның өзінде қарапайым халыққа жасалған зорлық-зомбылық, аяусыз тонаушылық адам төзгісіз дәрежеде болған. Осындай жағдайды өз кқзімен көрген Черняев әскерінің құрамында юолған Ш.Уәлиханов төзе алмай,Верный бекінісіне,одан кейін Тезек төренің ауылына кетіп қалған.Патша үкіметі қарудың күшімен Оңтүстік Қазақстанды өзіне қосқаннан кейін,1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылғандығы туралы заң шығарды. Орталығын Ташкент қаласы етіп бекітеді.Бұл губернаторлықтың құрасына қазақ жері Жетісу және Сырдария облыстары болып кіреді.

 

3.1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КсРО-дағы саяси ахуал-1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі,КСРО-ның өмірсүруін тоқтатуы, ТМД-ның құрылуы,одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның джа тәуелсіздігін алуын тездетті.

Бұл жерде өзге республикалардың бәрінің дерлік, соның ішінде, Ресейдің өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы шешуші рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлігінен кейінгітөрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды.1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заны қабылданды. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсізжіктерін жариялаған республикалар-Армаения,Әзірбайжан,Беларусь,Қазақстан,Қырғыстан,Молдова,Өзбекстан,Ресей Федерациясы,Тәжікстан,Түрікменстан,Украина басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің жана ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды.Осылай Алматыдағы кездесу нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді. Алматы кездесуінен кейін Кеңес Одағы іс жүзінде өмір сүруін тоқтатып,ресми құжатта айтылғандай, «Армения Республикасы,Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы,Қазақстан Республикасы және т.б республикалар тең құқықты негізде және жоғары дәрежеде Келісуші тараптар ретінде Мемлекеттер Достастығын құрды». Хаттамаға жоғарыда айтылған республикалардың басшылары қол қойды.Алматы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтың маңыздылардың бірі-ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары қол қойды.Келісім бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.1991 жыл 21 желтоқсан-Алматы кеңесі.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың толық аяқталуы.

 


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>