Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 1 страница



1 билет.

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы.

2. Түрік қағанаты.

3. 17-18 ғ. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі.

Жауабы

1. Тас ғасыры (б.з.д.2,5/2,6 млн –б.з.д. 3 мыңжылдықта. Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) б.з.д. 2,5/2,6 млн- б.з.д. 10/12 мың жылдықта аяқталады. Мезолит(ортаңғы тас дәуірі) б.з.д. 10/12 мың жылдан-б.з.д. 5/7 мың жылдықта аяқталады. Неолит (жаңа тас дәуірі) б.з.д. 5/7 мың жылдан- б.з.д. 2/3 мың жылдықта аяқталады.

Палеолит өзі 3 кезеңге бөлінеді: Ерте, орта, соңғы палеолит. Ерте палеолит(олдувай кезеңі) б.з.д. 2,5/2,6 млн ж.-б.з.д. 800 мың жылдықта аяқталады. Орта палеолит(ашель-мустье) ашель-б.з.д. 800-б.з.д. 140, мустье-б.з.д. 140- б.з.д. 40 жылдықта аяқталады. Соңғы палеолит б.з.д. 40- б.з.д. 12 мың жылдықта аяқталады.

2. Түрік қағанаты.

552 ж.-Бумын 50 мың әскерімен (авар) жужань мем-н талқандады. 552 ж.- Түрік қағанаты құрылды. Алғашқы қағаны –Бумын. 542 ж.- «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. 545 ж. –Қытай елшісі Түрік қолбасшысына келіп, бейбіт қатынас орнатты. Бумын қағанның ізбасарлары Қара Еске және Мұқан қағандар тұсында мем-т Орталық Азияда саяси үстемдік етті.

Қара Еске қаған Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Мұқан қаған 552-554 ж.ж. жужандарды түпкілікті жеңді. Түріктер: ұлы даланың қожасы болды, Қытай билеушілері оларға жылына 100 мыңға тең жібек маталарын жіберіп отырған.

Истеми қаған 10 түмендік күшпен соғдылықтарды жаулады. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды. 555 ж. Түріктер Арал теңізіне дейін жетті. Түріктер Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулаған. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. 561-563 ж.ж.-түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен яскери одақ құрды. 563-567ж.ж.- эфталиттерді бағындырды.

«Теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. Түрік қағанатында 30-дан астам теле тайпасы болған. (қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін). Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінген. Мемлекет басшысын қаған немесе хан болған. Оны ақ киізге отырғызыр хан сайлаған. Одан кейінгі адамды «жабғу» деп атаған, ол ханның бас уәзірі. Мем-тің ірі лауазымдарына қаған әулетінің мүшелері сайланған. Тақ мұрагері «тегін» д.а. Билігінде жер-суы бар ханзада «шад» д.а.



581 ж.-қағанат ішінде соғыс басталды. Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады. 603 ж.- қағанат екіге бөлінді: 1. Батыс Түрік қағанаты. 2. Шығыс Түрік қағанаты. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

3. Жоңғар шапқыншылығы

Қазақ жеріне қауіп төндірген – жоңғар мем-і. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты:

· Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.

· Қазақ жерін иемдену.

1718 ж. –Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жаушағар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандады. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. 1723 ж. –Цеван Рабдан бастаған 70 мыңға жоңғар әскері 7 шепке бөлініп қазақ өлкесін талқандады(Жетісу-Қаратау-Талас алқабы).

1723-1727 ж. – «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама, ақ мешін» апаты. Ел басынан кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Қатты ойрандалған жер- Жетісу. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван-Рабдан.

1725 ж. –жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар.

1726-28 ж – «Бұланты шайқасы» (Сарысудың орта ағысы, Бұланты өзені маңы, Торғай даласы) «Қара сиыр деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» д.а.

1726 ж – Ордабасы жиыны(Түркістанның Оңт.Шығысы) Әбілқайыр бастаған 3 жүздің әскерлері бірігіп соққы беру жөнінде келісімге келді. 1729-1730 ж – Аңырақай шайқасы(Балқаш көлінің оңт.). Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр мен Сәмеке(Шахмұхамед) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды.

Нәтижесінде: 1.Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. 2.Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жорып кетті. Осы себептен Ұлы жүз әскері қалмақтарға қарсылық көрсете алмады. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

2 билет.

1. Қазақстан мезолит, неолит және энеолит кезеңдерінде.

2. Батыс Түрік қағанаты.

3. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.

Жауабы

1. Мезолит дәуірі (орта тас дәуірі)б.з.д. 12 мың-5 мың ж.ж. Бұл дәуірде үлкен климаттық өзгерістер басталды-күн жылынып, мұздықтар ери бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Микролит(ұсақ тас) – 12 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал. Бұлардан басқа тас қырғыш, тескіш, пышақ, кескіш, ине болды.

Аңшылардың қоныстанған жерлері: Ертіс, Еділ, Тобыл, Торғай,, Жайық өзендері.

Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:

· Жануарлар қолға үйретілді;

· Дәнді дақылдар өндірілді. Егіншілік бұдан 10 мың жыл бұрые пайда болды.

Қоғамдық өзгерістер: Қауым мүшелері 3 топқа бөлінді:

· Қариялар- берекені сақтаушы, әдет-ғұрыпты іске асырушы, ақылшы;

· Ересектер-тамақ табушы, баспана салушы, қауым мүшелерін жаудан қорғаушы;

· Балалар-қауым жиналысында сайлауға қатысы алмады.

Неолит дәуірі (Жаңа тас дәуірі) б.з.д. 5 мың – 3мың ж.ж. Бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды. Ғылымда бұл құбылыс «неолиттік төңкеріс» д.а.

Неолиттік төңкерісінің мәні– адам тұтынушы дәрежеден өндіруші дәрежесіне жетті. Құрамалы құралдары – жүзі өткір тастардан жасалған, сабы сүйек н-е ағаш пышақ пен орақ. Балта – таяққа бекітілген қашау. Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс. Неолит «қыш құмыралар заманы» д.а.

Қазақстанда 4 мәдениет таралды:

· Усть – Нарым (Ш. Қазақстан);

· Келтиминар (Б. Қазақстан);

· Атбасар, Маханжар (С. Қазақстан);

· Зеленая балка 4, Қарағанды 15 (Орт. Қазақстан).

Энеолит дәуірі (мысты тас ғасыры) б.з.д. 3-2 мың ж. Энеолит дәуірінде адамдар тас құралдармен қатар мыстан жасалған құралдары қолдана бастады. Ең бірінші қолданылған металл – мыс. Бұдан 7 мың жыл бұрын. Қоғамдағы ірі өзгерістер:

· Еңбек бөлінісі пайдаболды;

· Аталық ру үстемдігі орнады.

Шаруашылығы; мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас, дөңгелекті транспорт пайдалана бастаған, керамикалық ыдыс жасау және т.б. Энеолит дәуірінде С. Қазақстанда 2 мәдениет қалыптасты: Ботай және Терсек.

Ботай мәдениеті: Ақмола обл., Ботай бекеті. Бұл мәдениетке тиесілі 20 қоныс зерттелген. Ең жақсы зерттелген ескерткіштер: Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағаналы, Иманбұлақ өзендерінің жағасында орн. Тұрақтан 158үй және жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар ең алғашқылардың бірі болып жылқы өсірген. 178 мыңға жуық сүйек табылған. Аумағы 15 га жер.

Шебір тұрағы (Маңғыстау). Мекеннің маңынан тас пен қыш еңбек құралдары табылды. Ыдыстардың түбі жұмыртқа тәрізді. Негізінен аң аулаумен айналысқан.

 

2. Батыс Түрік қағанаты. Аумағы: Іле,Шу,Еділ,Кубань-Есіл,Ертіс-Тарым,Әмудария. Ордасы: Суяб, Жазғы ордасы:Мыңбұлақ. Халқы он оқ бұдұн. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа 2-ге бөлінді:

· Дулу-5тайпа;

· Нушеби-5тайпа.

Қоғамдық құрылысы

Қаған (Ең жоғарғы билеуші, әскер басы) - Шад, жабғу, елтебер (Ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер) – Бек (Жергілікті жердегіқағанның негізгі тірегі) – Тархан, бұйрық (Сот қызметін атқарушылар) – Селиф (Жергілікті салық жинаушы) – Қара бұдын (Қарапайым халық) – Таттар)Құлдар).

Саяси жағдайы

Алғашқы қағаны – Тардуш (Дато). Шығыс қағанатын жаулап алып, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап. Өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялайды. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Шегу мен Тон қағандар тұсында арта түсті.

Шегу қаған саясаты (610-618ж.ж.) шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін кеңейтті. Тон қаған саясаты (618-630ж.ж.) Батыс шекараны нығайтты. 327 ж. – Иранға қарсы Византиямен одақтасты.

Ешбар Елтеріс қаған саясаты. 634 ж. – нушеби тайпасының қолдауымен билікті алды. «Он – оқ бұдұн» жүйесін енгізіп, сол басқаруды қайта құрды. 640-657 ж.ж. дулу мен нушеби арасындағы тартыс болды. 659 ж. – Қытай Жетісуға басып кірді. Ешбар қаған қаза тапты.

Түріктердің Таң империясына арсыкүресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж.ж – түргештер Жетісудағы саясим білікті жеңіп алды.

 

3. XVIII ғ. Қазақ батырлары.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1978-1775)- бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, батыр, дипломат. Оның жасақтары Жайық казактарымен, жоңғарлармен, цин империясының әскерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1703-1781) – қолбасшы, халық батыры. Түркістанды қорғауды, Алакөл, Бұланты. Аңырақай, Шығанақ шайқастарында найман жасағын бастаған Абылай хан оны «Дарабоз» д.а.

Шақшақ ұлы Жәнібек – қолбасшы, мем. Қайраткері, дипломат. Қазақ – орыс қатынастарыннығайтуға белсене қатысты.

Көкіұлы Есет (1667-1749!) – қолбасшы, дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагершілігімен ерекшеленген батыр.

Хангельдіұлы Райымбек – Ұлы жүздің албан тайпасы, әлжан руынан тарап, он бесінде – «ат құлағында ойнап», он алтысында «орда бұзар» атанғанбатыр. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастағанқазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді. Жоңғар шапғыншылығы кезінде қаза тауып, қазіргі Алматы жерінде жерленген.

Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781)- Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. Абылай ханның ту ұстаушы батырының бірі. 1729 ж. Қалмақ батырлары Шашалғанмен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.

 

3-билет

  1. Қазақстан қола дәуірінде
  2. Оғыз қанағаты
  3. ,1783-1797 ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1. Қола дәуірі(б.з.д. 2800 ж.-б.з.д. 900 ж.). Бұл дәуірдешығу тегінен ұқсас өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеген. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Оңт. Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосынан табылды. Сондықтан андрон мәдениеті деген атау алды. (1914 ж. Археолог А.Я.Тугарин)

Андрон мәдениетінің аумағы: Орал – Енисей өзендері – Батыс Сібір – Памир тауы. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар – Әлкей Марғұлан, Ақышев, Максимова, Черников, Оразбаева. 1927 ж. – архелолог Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерінің Б.Қазақстаннан тапы.

Негізгі қогыстанған ауданы: Орт.Қаз. Бұл өңірден 30 дан астам қоныс, 150 дей оба зерттелді. Солт. және Б.Қаз-да 80 нен аса қоныс зерттелді.Ең ежелгі қаласы – Арқайым. Академик Алексеев: «Олар мұрынды, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен келген, кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым жігерлі келбетті адамдар.

Басты кәсіптері: мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік, балық аулау.Егіншілік құралдары: диірмен, тесе, мыс пен қола орақтар. Андрон мәдениетінің негізгі сипаты саз балшықтан ыдыс жасау.

Баспаналары: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер. Қоныстар өзен – көлдердің жағасына орн. Қоныстар 5-10 үйден, кейде 20 үйден тұрды. Ежелгі андрондық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болған.

Діні мен наным-сенімдері: олар табиғат күштеріне табынған. Қайтыс болған адамдар келесі дүниеге айысады деп ойлаған.Кейінгі қола дәуірінде Орт. Қаз-да пайда болған жаңа мәдениет – Беғазы – Дәндібай мәдениеті. Ерекшеліктері:

· Жерлеу орындарының көпшілігі – обалар.

· Үйлер мен жерлеу орындарының құрылысы өте ірі, тас қашау өнері жетілген.

· Қорғандар ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып биік болған.

Сурет өнері: Тастағы суреттерде жиі кездесетін бейне жабайы – бұқа. 49 соғыс арбасының суреті табылған.

Зергерлік өнері. Алтын білезік – Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған. Екі сырға – Мыңшұқыр қабірінен табылған. Самай сырға – бір жарым орамды алтын сырға.

Қоғамдық құрылымы: рулық тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы – жауынгерлер. Абыздар да жоғары бағаланған. Меншік түрі: малға жеке меншік, жерге қауымдық, рулық меншік.

 

2. Оғыз қағанаты. Өзегі Жетісуда қалыптасқан. Құрылу тарихы 7 ғ. Батыс Жетісуда мекендеген Түрік қағанатының құрамында болды. Қарлұқтардың қысымынан Сыр бойына көшкен. 9 ғ. соңы 10 ғ. басы – Оғыз мемлекеті құрылды.Сырдарияның орта және төменгі ағысы. Астанасы – Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі – жабғу. Орынбасары – күл –еркін, әскербасы – сюбасы. Басқарушылардың ұрпақтары – иналдар.

М.Қашқари: оғыз одағында 24 тайпа болған. Әл-Марвази: оғыз одағында 12 тайпа болған. Боз оқ – қағанның оң жағы, үш оқ – қағанның сол жағы. Жабғуды сайлағанда боз оқтың артықшылығы болған.

Мем-тік құрылымы: Тайпалық одақ – ел. 12 аймаққа бөлінген.

Саяси жағдайы: «оғызнама» деректерінде батысқа жасалған жорықтар баяндалған.

Сыртқы саясаттағы мақсаты: Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан. 965 ж. – Киев Русінің князі Святославпен одақтасып, Хазарияны талқандады. 985 ж. – князь Владимирмен одақтасып, Хорезмді жаулады. 1043 ж. Шахмәлік салжұқтардың қолдарынан қаза тапты. Ол оғыздардың соңғы билеушісі.

Оғыз мем-нің әлсіреу себептері: Сежұқтармен ұзаққа созылған соғыстар; ішкі тартыстар; Қыпшақ тайпаларының шабуылдары. Қыпшақтар оғыздарды сырдарияғағ Арал бойынан ығыстырды. 11 ғ. басы –оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мем-тің құрамына кірді.

Шаруашылығы: мал шаруашылығы: жартылай көшпелі, жартылай отырықшы. Қалалары: Сырдарияның төменгі ағысы-Жанкент, Жент, Жуара. Сыдарияның орта ағысы-Қарнақ,Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран.

3. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. (1783-1797). Көтерілістің басты қозғаушы күші-шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары. Көтеріліс аумағы: Еділ-Араб теңізі.

Көтерілістің басты мақсаты: орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. Нұралы ханмен оның сыбаластарының озбырлығына шек қою.

Көтерілістің басшысы-Байбақты руының старшыны, батыр және шещен Сырым Датұлы (1742-1802)

1778 ж. – орал казактарымен шайқаста Сырымның балалары қайтыс болды.1783ж. күзде Орал казактарымен шайқас басталды.1783 ж. Желтоқсан-Сырымды оралдық казактар тұтқынға алынды. 1784 ж. Көктем- Нұралы хан оны тұтқыннан босатты. 1784 ж. маусым – Сырымның орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды. 1784 ж. Қараша – Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. 1785 ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал – майор Смировтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт) 1785 ж. наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1000 – нан астам казак тобымен старшина Калпаков және Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшіер саны 7 мыңға жетті. 1785 ж. наурызы – майор Назаровтың басқаруымен 405 орал казактары Табын руына шабуылдады. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдады.1785 ж. жаз-Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы Орал әскери шебіне қашып, паналады. 1786 ж. Уфава жер аударылды. 1790 ж. қайтыс болды.

Игельстром реформасы – генерал губернатолық – шекаралық сот – ауылдық буындар.

2-ші Екатерина бұл жобаны уақытша қабылдады. 1786 ж. – орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 ж. – Кіші жүзде патшаның әкімшілі билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Игельстром реформасы тоқтатылды. Көтерілістің қайта өрлеуіне түрткі болған оқиға – орал казактарының қазақ тарға қарсы шабуылы. Императрица 2-ші Екатерина 1790 ж. 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. 1791 ж.Ераланы хан (91-94) етіп сайлауы, 1792 ж. Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады, көтерілістің жаңа кезеңіне шығуына әсер етті. 1794 ж. Ералы хан қайтыс болды. 1797 ж. Айшуақты хан етіп сайлады(1797-1805). 1797 ж. Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 ж. қайтыс болды.

Жеңілу себептері: Көтерілісшілердің нашар дайындалуы, қару-жарақтың аздығы, Сырым көтерілістің әр кезінде мақсаттарын өзгертуі. Қазақ өкесіндегі ең ұзақ соғыс 14 жылға созылды.

Көтерілістің нәтижесі: 1801 ж. 11 наурыз – патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

 

4 – билет

  1. Қазақстан темір дәуірінде. Сақ тайпасы.
  2. Түргеш қағанаты.
  3. 1836-1838 ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Жауабы:

1.Қазақстан темір дәуірінде. Сақ тайпасы

Темір дәуірінде Қазақстанды мекен еткен тайпалардың бірі –сақтар. Б.з.б 7-4ғ сақ тайпалары Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеді. Сақтар туралы мәлімет беретін алғашқы жазба дерек Геродоттың "Тарих"атты шығармасы. Парсының Бехистун ескерткішінде сақтарды "құдіретті еркектер" д.а. Сақтар 3тайпаға бөлінд: Тиграхауда (шошақ бөріктілер); Парадарайа (теңіздің ар жағынан келгендер); Хаомаварга (хаома сусынын қайнатушылар). Парадарайа сақтарын сонымен қатар дайоар, аргипейлер, исседондар д.а. Страбонның "Жағрафия" еңбегінде, Қытайдың "Хань" кітабында сақтар туралы мәліметтер кездеседі.

 

3 Көтеріліс басшылары: Исатай Тайманұлы(1791-1836ж.ж.) мен Махамбет Өтемісұлы(1804-1846ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Хан озбырлығына ше қою. Шаруалар жағдайын жақсарту. 1836 ж. 17 наурыз –Жәңгір хан Қарауылқожағакөтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды. 1836 ж. қазан – Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келеді.1837 ж 3 қазан – Атаман Покатиловтың 200 казактан тұратын тобымен Исатайды қамауға алу әрекеті іске аспады. 1837 ж 15қазан – Теректіқұм шайқасы. 1837 ж 24 қазан – Исатай 1500 сарбазымен хан аулына қауіп төндірді. Исатайдың 1000 адамдық қолы Жиделі түбінде Меркуловтың әскеріне шабуыл жасады.1837 ж 15 қараша – Тастөбе шайқасы. 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлінді. 1838 ж 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. 1838 ж 23 шілде – Махамбет тобы Нұртазғали және Табылды сұлтандарының ауылдарына шабулдады. Ол 1846 ж қазанда хан жендеттернің қолдарынан қайтыс болады. Исатай көтеріліс б/ша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. 1836-1838 ж көтерілістің жеңілу себептері: Қару жарақтың теңсіздігі, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі, үстм тап өкілдеорінің опасыздығы. Нәтижесі: Салық мөлшеріне шек қойылды, Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды. Тарихи маңызы 19 ғ. 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық көтеріліс.19 ғ. Өлкедегі ең ірі азаттық үшін болған көтеріліс.

 

 

5-билет

1. Ғұн мем.

2. Қарлұқ қағанаты.

3. 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

 

3. 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалаушы отряд қыруар көп малды айдап әкетті, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелі Күнімжан да болды. Кейінірек қазақтар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 313 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>