Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 3 страница



Билет 9.

1.Үйсін мен қаңлы мемлекеттері

Үйсіндер(б.з.б.3-б.з.4ғғ.)-Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестік.Б.з.б.2ғасыр-үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі.Аумағы:Қытайдың солтүстік-батысы(Бесбалық),Шу,Талас өзендері,Қаратаудың шығыс беткейі.Ордасы:Қызыл аңғар(Чигучен немесе Чигу)Ыстықкөл мен Іле арасы.Билеушісі-гуньмо.Тайпа көсемі-бек.Халқы-630мың адам.Әскері-188800адам.Ерте темір дәуірінде үйсіндер сақтардан кейін Жетісу жерін мекендеген.Жетісудағы үйсін мәдениеті 700жылдай уақыт өмір сүрген.Деректер:Қытай тарихшысы-Сыма Цянь:Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған.Гуньмоны бала кезінде қарғалар мен қасқырлар асыраған.Шаньюй(сюннулар билеушісі)баланы тәрбиелеп өсірген.Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси-сауда қатынасын жасаған.Қоғамдық құрылысы:Үйсіндер-мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.Қытай дерегінде «Усунго», «синго» атаулары-көшпелі мемлекет.Мал мен жерге жекеменшік болған:Бай ү-нің 4-5мың жылқысы болған.Байлар жылқыларына таңба салған.Билеушілер,әскербасылар,ауқатты адамдар да алтын ж/е мыс мөрлер болған.Қарапайым адамдар балшық ж/е тас мөрлер ұстаған.Құлдар еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.Тұрмыс-тіршілігі.Мал шаруашылығы:Мойынқұм,Балқаш өңірінде жайлау мен қыстау арасы 20-100шақырым болған.Далалы аймақтан тау бөктеріне дейін көшіп жүрген.Егіншілік:Суармалы ж/е тәлімі егіншілік.Ақтас қонысынан аумағы 60X150 шаршы метр егіс танабының орны табылды.Егіс алқабы өзен бойларында салынған.Шу мен Кеген өзендері маңынан көне қала орны табылды.Баспаналары:Тау бөктерлерінде тұрақты үйлерде тұрған.Қысқы үйлері шикі кірпіштен ж/е тақтатастан қалаған.4-5үй бір ауылды құрады.Зираттар қонысқа жақын орналасқан.Кәсіпшілік өнері:Былғарыдан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған.Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылды.Ыдыстарды әйелдер саз балшықтан жасаған.Ыдыстарды арнайы ұршықшамен н/е құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы жасаған.Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.Зергерлік өнері:Ақтас зиратынан(Алматы облысы)табылған алқа.Қарғалыдан(Алматы обл)табылған диадема(тәті).Бұл диадема 2300м биіктегі тау шатқалынан табылды.Мұндай құпия жерлерге бақсыларды жерлеу дәстүрі болған.Диадема ұзындығы-35см,ені-4,7см екі алтын тіліктен жасалып,аң-құстар бейнелерімен өрнектелген.Диадемадағы пырақты аттар күнді білдіреді.Діни наным-сенімдері:Обалардың ең үкенінің диаметрі-20м,биіктігі-2м.Адамды басын батысқа қаратып,шалқасынан жатқызып,қабірде жерлеген.Жаратушы күшке сенген.Қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.Үйсіндер-ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі.Бүгінде Ұлы Жүз құрамындағы ру.



Қаңлылар(б.з.б.3-2ғғ.-б.з. 5ғ.)

Аумағы:Арыс,Талас жағалаулары,Сырдарияның төменгі ағысы.Негізгі мекені-Сырдарияның орта ағысы.Ордасы-Битянь(Түркістан маңы немесе Таразға жақын жер).Халқы-600мың адам(120түтін).Әскері-120мың адам.Қаңлылар шекарасы-осы күнгі Ташкент,Қаратау,Талас аралығы.Оңтүстігіндегі көршісі-Қытай мен Үйсіндер.Солтүстігіндегі көршісі-Сарматтар мен Аландар.Қаңлылардың экономикалық,мәдени,саяси байланыста болған елдері:Қытай,Рим,Кушан.Б.з.б.46-36жж.-қаңлылар Қытайға қарсы шыққан ғұндарға көмектескен.Деректер.Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбалары»еңбегінде қаңлылар өмірі мен тұрмысын баяндаған.Қытайдың «Цянь Ханьшу» дерегінде Қаңлы мемлекетінің құрылу тарихы мен шекарасы туралы жазылған. «Авеста»(б.з.б.6ғ.)кітабында «канха» камалы туралы мәлімет берілген. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік,бәрінен жоғары тұрған Канха камалының алдында құрбандық берді».Қоғамдық құрылысы:Билеушісі-хан.Ел басқарудағы көмекшілері-уәзірлер.(3орынбасары).5иелікке бөлінген,әр иелікті кіші хандар басқарған.Ру,тайпа билеушілері-көсемдер.Көсемдер билігі мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі:Мал күту.Мал өнімдерін өңдеу.Қолөнер кәсібі.Егін егу.Шаруашылығы.Мал шаруашылығы:Жылқы,қой,ешкі,сиыр өсірді.Жайлауы Орталық Қазақстан.Егіншілігі:Арал өңірі,Ташкент алқабында отырықшылық дамыды.Сырдария аңғарында бау-бақша дақылдары өсірілді.Жер өңдеу құралдары-тас ж/е металлкетпендер.Шыршық өзенінің сол жағасы-Ханарық арығы қазылды.Шыршық өзенінің оң жағасы-Зах каналы қазылды.Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған.Аң аулау:Елік,Таутеке,арқар,киік,марал аулаған.Құс ж/е балық аулау кәсібі:Қаз,үйрек,бірқазан аулаған.Балықты сүңгімен түйреген.Жүн өңдеу:Жүннен киіз басқан.Иірілген жіптен киім,төсеніштер тоқыған.Металл өндірісі:Металл өндірісінің орталығы-Шаш-Илақ аймағы.Металл өндеудің ірі орталығы-ежелгі Құлата қаласы.Сүйектен пышақ,қанжар,семсерге қын жасалды.Сауда ісі:Сырдария аймағынан б.з.3-4ғғ.соғылған 1300-дей теңгелер табылды.Отырар алқабындағы Мардан қорымынан б.з.б.2ғ.жататын Қытай теңгелері табылды.Отырардан Балтық бойынан әкелінген кәріптас(янтарь)моншақтар табылды.Жетіасар,Отырар,Ташкент алқаптарындағы қабірлерден Сирияның көгілдір фаянсты моншақтары табылған.Сырдария мен Арал аймағынан Қара теңіз,Иран,Сирия,Үндістан,Қытайдан әкелінген бұйымдар табылды.Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге шығатын бағытын бақылап отырған.Мәдениеті:Алтын-асар қала жұрты(16га):үйлер шикі кірпіштен салынған.Бөлмелердің қабырғасына қызыл бояулы оюлар,гүлдер салынған.Қос ішекті ж/е бес ішекті музыкалық аспаптары,сыбызғы-сырнайлары болған.Жазулары болған(қаңлы ханы заң жарғыларын жазған).Діні:Күнге,айға,жұлдыздарға табынған.Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күшке табынып,құрбандық шалған.Қауыншы мәдениеті таралған аймақтарда адамды киімімен жерлеген (б.з.1мың ж.алғашқы жартысы).

2.Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.

Абылай(Әбілмансұр,Сабалақ,1711-1781жж.)-Қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп,елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер.Әкесі-Орта жүздің сұлтаны көркем Уәли,атасы-Түркістан қаласының билеушісі, «қанішер» Абылай.13жасында жетім қалып,әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбетті паналады.15жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатысқан.Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын,жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп,Ресейге арқа сүйеді.Орынбор комиссиясының бастығы князьВ.Урусовтың мақсаты-бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау.Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді.Ол батырларды біріктіріп жоңғарлардышабуылдауды ұйымдастырды.1745жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққаталасушылардың бірі-Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарасытырған мәселелер:Қазақ ақсүйектерін біріктіру.Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржығаұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру.Жоңғарияға шабуылдау.Абылайдың мақсаты:жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған трихи иелігін қайтару.1753ж.-Абылай сұлтан ірі қолды басқарып,Жоңғарияға шабуыл жасады.Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарларды талқандады.Жоңғария құлағаннан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды.Абылайдың туы астына үш жүздің жасақтары жиналды.Кіші жүзден Ералы сұлтан жасағымен келді.Зеңбіректермен қаруланған Маньчжур-Цин күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді.1757-1760жылдар-Абылай Қытайдың билігін мойындады.Абылайдың Цин богдыханның билігін қабылдау себебі:Қазақ рулары қоныстарының тарылуы.Ресей патшасының әскери шараларды күшейтуі.Цин әскерінің Қазақстанға басып кіру қаупінің күшеюі.Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалып,Ресей мен Цин империяларына тәуелдігінсөз жүзінде мойындады.Абылайдың басты мақсаты:Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.Ол Тарбағатай,Алтай таулары,Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады.Пекин билеушілері 1760жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда,оны келіссөздер арқылы шеше білді.Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды.XVIIIғ.70жылдарының басы-белгілі қолбасшы Абылай Хождент,Ташкент билеушілеріне соққы берді.Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды.Түркістан,Сайрам,Шымкент,Созақ ж/е Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті.Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.1771ж.-Түркістанда Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болды.Дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес,Абылайды хан сайлады.Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері:Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы.Үш жүзді біріктіруі.Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан,іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы.Патша үкіметі тәуелсіз Қазақ хандығын жоюға күш салып,Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді.1778ж.24мамыр-II ЕкатеринаАбылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті.Абылай хан Ресеймен қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп,ресми түрде бодандықты мойындады.Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады.Абылай хан билігіне ж/е шаруашылыққа өзгерістер енгізді:Хан билігін шектеусіз етті.Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады.Билер қызметіне шек қойды.Халық батырларының қолдауына сүйенді.Ертіс,Есіл бойы,Көкшетау,Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын енгізді.1761ж.Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын ж/е 200-300пұтастық жіберуді сұрап отырықшылықты дамытты.Көкшетау,Ертіс,Ақтөбе,Ой шебінде қыстақтар салғызды.Қазақстандағы шұрайлы,құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан төлеңгіттер бақылады.Сауда қатынасына көңіл бөлді:1759ж.1қаңтар-Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды.Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.Мәдениетті дамытуға үлес қосты.Оның төңірегіне белгілі жыраулар,ақындар топтасты:Бұқар жырау,Үмбетей жырау,Тәтіқара ақын.Бұқар жырау-Абылай ханның ішкі ж/е сыртқы саясатына әсер еткен кеңесшісі,қазақ хандығы дербестігінің жаршысы.Абылай хан-күйші,сазгер.Домбырада шебер орындап,бірнеше күйлер шығарған.1781ж.-Абылай хан дүние салады.Ол Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленді.1781ж.-мұрагері Уәли хан болып сайланды.1782ж.-Уәли Петропавл бекінісіне барып,Ресейге адалдыққа ант береді.Абылай ханның бас мирасқоры-Уәли сұлтанды Орта жүз ханы ретінде танығанымен,ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды.

3.Қазақстан 1917жылғы Ақпан революциясы тұсында.

Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», — деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.

Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда,Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:

1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).

Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:
1. Шаруаларға жер беру
2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні
3. Соғысты тоқтату
4. Халыққа бейбітшілік беру

Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.Саяси партиялар мен ағымдар.Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада — «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда — «Талап» ұйымы,Спасск заводында — «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар. Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.

1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.

Мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.

1917 жылы көктемде — өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.

Мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді.
2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.

1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:

1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.
4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.

Кемшіліктері:
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады
3. Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік соғысты жалғастырды

Билет10

1.Қазақстан жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері

Сәндік қолданбалы өнер.Мұндай өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған.Ол көбінесе металдан жасалған ыдысты өрнектеу ісінде ж/е ғимараттарды сәндеп жасаудан көрінеді. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

Мешіт-мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат.Мешіт,мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдіреді.Xғ.дың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады.Кейбірлері осы кезге дейін сақталған. Мысалы,бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы-осының айғағы.

Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 км жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

2.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.

Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>