Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 7 страница



Өзінің өсіріп отырған малының басы аман болуын тілегендіктен оларға байланысты әртүрлі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер дүниеге келген. Сондай әдет-ғұрыптардың бірі – отпен тазарту. Халқымыздың тағы бір жақсы әдет-ғұрпы қазық майлау немесе бие мұрындық деп аталады. Бүл салт жайлауғ барғаннан кейін бие байланып, қымыз ашытуды ұйымдастырған кезде, құлын-биелердің аман болуына, қымыздың көп болуына тілек білдіріп, қариялар қазық басына май жағып бата береді. Ислам дініне дейінгі қазақтарда мал шаруашылығына тікелей байланысты құрал-саймандарды киелі деп санаған. Жылқы ұстайтын құрық, құлын байлайтын желі, қозы-лақ көгендейтін көген, жүген, ноқта, шаңырақ көтеретін бақан. Қазақтарда үлкенді сыйлау, құрметтеу рәсімі қатаң сақталған. Әсіресе үлкен отырған одан бұрын сойлемеу немесе олардан бұрын тамаққа қол салмау. Қазақтарда әйелдер күйеуінен жасы үлкен адамдардың атын атамайды. Немесе келіндер күйеуінің барлық туыстарының аттарын атамай, оларға өзінше ат қояды. Мұны қазақта ат тергеу деп атаған.Қазақтарда бір-біріне көмектесу әдеті кең тараған. Мұндай дәстүрді жылу, немеурін, үме немесе асар деп атаған. Қазақ халқында қаза болған адамдарын жерлеуге байланысты көптеген әдет-ғұрыптар атқарылады.Қоштасу, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту,ас беру сияқты рәсімдер істеледі.

 

2) X ғ. ортасы – Қарахан мемлекеті құрылды. Аумағы: Жетісу – Шығыс Түркістанның бір бөлігі. Орталығы – Баласағұн қаласы. Негізін қалаушы – Сатұқ Боғра хан (915-955). Халқы – жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін. Сатұқ Боғра хан қайтыс болғаннан кейін елде саяси бытыраңқылық басталды. 955 жыл – Мұса хан билігі орнады.960 жыл – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Астаналары: Қашғар – Мұса хан билігінің орталығы. Баласағұн – Сүлеймен хан(Мұса ханның інісі) орталығы. X ғ. екінші жартысы – Хасан Боғра (Сүлеймен ханның баласы) Саманилер астанасы Бұхараны, Самарқанды, Испиджабты жаулап алды. Хасан Боғра хан Қошқарбас деген жерде қайтыс болды. 999 жылы – Жүсіп хан(Хасан Боғраның баласы) Бұхараны басып алып, Мәуереннахрды түгел бағындырды. Мемлекеттің негізгі үлесті жүйеде қалаған:



- Батыс хандық – Мәуереннахр Орталығы – Үзкент, кейін Самарқан.

- Шығыс хандық – Жетісу, Шығыс Түркістан, Орталығы – Орда, кейін Қашғар. 1040 жылы мемлекет дербес екі иелікке бөлінді. Хорезм шахы Мұхаммед Талас бойында қарақытайларды талқандап, 1212 жылы Батыс Қарахан мемлекетін құлатты. Найман ханы Күшлік Шығыс хандықты басып алды. XIII ғ. басы – Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Билеушісі – хан. Билік иелері – тегін, ілік хан, бек, нөкер. Хан кеңесшісі – уәзір. Орда – ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүзгізетін орны. Иқта – жер иелену түрі. Вакфтық жерлер – дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілердің, әскербасылардың өсиет етіп қалдырған жерлері. Күмбездеп салынған мешіттер мен кесенелер пайда болды. Бабаджа – қатын (X-Xiғ.), Айша бибі (XI-XII ғ.), Қарахан кесенелері. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиет шыға бастады: Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” шығармасы (1069 ж.). Махмуд ҚашқаридыңДиуан лағут ат-түрк ” шығармасы (1074 ж.).

 

Билет №21

1.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.

2.Қазақстанның Ресейге қосылуы.

3.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

 

1. Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1474-1511)отырды.Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды.Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.Бұдан кейін Бұрындықтың кезінде оның әскер қолбасшысы болған Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алады.Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси,әлеуметтік-экономикалық жағынан дамиды.Алыс, жақын елдерге Қасымның аты әйгілі болып,Қазақ хандығы қуатты,іргелі елге айналды.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық авторлардың өдері де атап өткен. Мәселен атақты Бабыр: “жұрттың айтуына қарағанда қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біоеу бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300мыңға жуық еді”,дейді. Қасым хан мамлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Оның заңдары “Қасым ханның қасқа жолы” деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Бұл заң жазбаша түрде сақталмаған. Қасым хан қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап,сол кездегі заманның талабына сай,жаңа құқықтық заңдар шығарған.Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып,күшті мемлекет құрды.Академик Ә.Х.Марғұланның айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.Бұл заң қазақтың от ауызды,орақ тілді,елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтар ерте заманнан ұстанып келген “Жарғы ” заңын күшейткен.Осы себепке байланысты халық Қасымның шариғат жолын алмай билер заңы “Жарғыны ” алып,жаңадан көтергенін ұнатып,оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті дейді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:

1.мүлік заңы (жер дауы,мал-мүлік дауы)

2.қылмыс заңы (кісі өлтіру,талау,шапқыншылық жасау,ұрлық істеу)

3.әскери заң(аламан міндеті,қосын жасақтау,қара қазан,ердің құны,тұлпар ат)

4.елшілік жоралары(майталман шешендік,халықаралық қатынастағы сыпайылық,әдептілік,ибалылылық)

5.жұртшылық заңы(шүлен тарту,ас,той,мереке,думан үстіндегі ережелер,ат жарыс,бәйге ережелері,жасауыл)

Міне осы заңдардың орындалуын қатаң талап етудің арқасында Қазақ хандығының күш-қуаты артып,әлем таныған қуатты мемлекетке айналды.

2. XIX ғасырдың басында Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде ерекше ауыр жағдай қалыптсады.Оның басты себебі, бұл аймақ халқы ортаазиялық Хиуа,Бұхар,Қоқан үстем тап өкілдерінің тұрақты шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан да бұл аймақ әлі де болса патша үкіметінің қол астына толық өтіп болмаған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым XIX 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен. Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821 жылы Тентек төре бастаған көтеріліске шыққан. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздақ жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп,көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған. Мұндай көтеріліс қырғыз,Шымкент,Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған.

XIX ғасырдың 20-30-жылдары «Азия комитеті» құрылады. Комитеттің басты міндеті патша үкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу болған. 1825 жылы подполковник В.К.Шубин басқарған 120 қазақтан құрылған зеңбіректері бар қарулы қосын Қаратал өзенінің бойында жіберіледі.Осы жерде қосын екіге бөлініп бірі осы жерде қалса, екіншісі Жетісудың ішкі аудандарына қарай ілгеріндейді. Жетісудың 50 000 адамы бар Үйсін болысының қазақтары патша үкіметі әкімшілігінің қол астына кіретіндігін мойындады. Ал 1819 жылы Сүйік сұлтан өзінің қол астындағы адамдарымен Ресейдың билігіне қарсы болмайтындығына ант берсе,1822 жылы Абылай ханның немерелері 14 сұлтан патша үкіметінің құзыорына алуды сұранған. Бұлардың өтінішіне 1824 жылы 13 мамырда I Александр қол қойған. Патша үкіметі Жетісу жеріндегі Қоқан хандығының билік жасау әрекеттерін тоқтату үшін тезірек қимылдауға тырысады.

Патша үкіметіне алдымен Қастек,Тойшыбек бекіністеріне бекініп отырған Қоқан хандығының әскеріне соққы беру керек болды.Ол үшін 1850 жылы Капитан К.Гутковский бастаған 200 атты қазақ,50 жаяу әскер Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Олар қоқандықтардың қырғыздардан жасақтаған әскерінен қарсылық көріп,Іле бойына шегінуге мәжбүр болады.Қоқандықьарға соққы беру енді 1851 жылы подполковник Карбышев қосынан жүктеледі.

Орыс әскербасы құрамында төрт қазақ жүздігінен тұратын бір батальон жаяу әскерден,18 зеңбірегі бар атты қосыннан құрылған қарулы күшті аттандарған. Бұлар 1851 жылы 7 шілдеде бекіністі ешбір қантөгіссіз-ақ алады.1854 жылы осы бекініске жақын жерге Верный бекінісі салынады.Мұнда орыс әскерлері жергілікті халықтың патша үкіметіне адал болуды бақылаған.1859 жылы осы Верный бекінісінің батысында Қастек бекінісін салғызады.Патша үкіметінің тірегі болған осы бекіністен Оңтүстік Қазақстанға қарай Әулиеата, Шымкент қалаларын әскери жаулап алу әрекеті басталған.

Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды алу үшін Орынбор, Сібір генерал-губернаторлығынан аттандырған екі жақты әскери шабуылы Шымкент, Әулиеата жерінде түйісіп,қазақ жерін 1864 жылы біржола жаулап алады. Ақмешіт, Түркістан,Әулиеата,Шымкент қалаларын алған кезде әскери қарсылық көрсеткен адамдардың қырғынға ұшырағанын айтпағанның өзінде қарапайым халыққа жасалған зорлық-зомбылық, аяусыз тонаушылық адам төзгісіз дәрежеде болған. Осындай жағдайды өз кқзімен көрген Черняев әскерінің құрамында юолған Ш.Уәлиханов төзе алмай,Верный бекінісіне,одан кейін Тезек төренің ауылына кетіп қалған.

Патша үкіметі қарудың күшімен Оңтүстік Қазақстанды өзіне қосқаннан кейін,1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылғандығы туралы заң шығарды. Орталығын Ташкент қаласы етіп бекітеді.Бұл губернаторлықтың құрасына қазақ жері Жетісу және Сырдария облыстары болып кіреді.

3. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КСРО дағы саяси ахуал - 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі,КСРО-ның өмір сүруінің тоқтауы, ТМД-ның құрылуы, доақтас республикалардың басқа мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті. Бұл жерде өзге республикалардың бәрінің дерлік соның ішінде, Ресейдің өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы шешуші рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды.1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы қабылданды.Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым жылдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылдары мен большевиктік шовенистик аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.Тәуелсіздік жолында ауыр шығындарға ұшырады.күрес үстінде қаза тапты, консентрациялы лагерлерге айдалды, аштан қырылды,шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен мәдениетінен айрылуға таяды.

Билет №22

1.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.

2.Шоқан Уәлиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы.

3.Қазақстан ҰОС жылдарында (1941-1945).

 

1.Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас-тартыстармен сыртқы феодалдық соғыстардың ауртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп,оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халқаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан зор үлес қосты. Хақназар хан (1538-1580жж.) хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен,Оңтүстігінде Азия халықтарымен,солтүстігінде Сібір хандығымен,іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарайтын көшпелі ру-тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жалап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Ол өзінің алдында билік еткен Тақир,Бұйдаш хандардың қателіктерін қайталамауға тырысқан. Ел басқаруда сабырлылық танытып,мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған.Хақназар хан елін –жерін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға,халқының бірлігін нығай туға бар өмірін арнаған.Хақназардың билік еткен кезінде оның мемлекетті дұрыс басқара білуінің арқасында Қазақ хандығының қуаты өсіп,саяси өрлеуі арта түсті. Хақназар елінің саяси бытыраңқылығын жойып, бір орталықтан басқару билігін орнатқан соң,хандықтың халықаралық жағдайын нығайтуға күш салды. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен,Ноғай Ордасымен,өзбектермен,Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады.Бұған қарсы күреске Хақназар хан қазақ қырғыз одағының әскерлерін пайдаланды.Бұл шайқастардың бірінде Абд ар-рашидтің баласы қаза тапты.Бұған жауап ретінде Абд ар-Рашид өршелене шабуыл жасап,қазақ-қырғыз одағының әскерлерін жеңіліске ұшыратты.Бұл қазақ-моғол шайқасы қазақтар үшін сәтсіз аяқталды.Қазақтар мен моғолдар арасындағы қанды шайқас мұнымен бітпеді.Абд ар-Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырлады.

Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында билік үшін таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті.Бұл жағдай бұқара халықты күйзелтіп жіберді.Нәтижесінде Ноғай Ордасында жаппай наразылық туды.Ноғай Ордасы құлдырап,ауыр ауыр дағдарысқа тап болды.Қаңлылар,қыпшақтар,тағы басқа көшпелі тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығына келіп қосылды.Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды.Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды.Бір тобы Мәскеу кінәзіне қосылуды жақтаса,екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.Бұл жағдайды тиімді пайдаланғын Хақназар хан Ноғай Ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алды.Сөйтіп Ноғай Ордасы XVI ғасырдың ортасында ішкі талас-тартыстан әлсіреп,мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XVI ғасырдың орта шеңінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті.Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды.Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты.Сөйтіп Бұхар ханы II Абдаллах пен Қазақ ханы Хақназар хан “дос болып өзара көмектесу” жөнінде “ант беріскен шарт”жасасты.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып,оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуін де қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы бірнеше қаласын сыйға берді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан,Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып,жансыздарын жіберді.Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтірді.

Хақназар хан билігі кезінде қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара түсті.1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты.Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып,саяси қарым –қатынас жасады.Ресеймен қатынас жасауда Хақназар хан әкесі Қасым ханның жолын ұстанды.

2.Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Оның шын аты Мұхамедханафия.Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді.Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.Оның арғы бабасы Аьылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді.Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымында қызмет атқарған.Шоқанның анасы жағынан туыс нағашыларыда осал емес – Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын.

1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті.Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған,таңдаулы оқу орындарының бірі болатын.Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты.Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскеріне қызметке жіберілді.Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды.Қызмет орнында Шоқан Сібірдің шенеуніктік аппаратымен бетпе-бет келіп,өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қатты күйінді.

Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлы ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын.1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады.Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып,қырғыздардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті.Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өміріне тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды.Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865жылы 10сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.

3. Фашистер Кеңес аумағында Остпанд, Украина, Ресей, Кавказ, Еділ-Оралрейхномиссариатты құруды жоспарлады. Соғыстың алғашқы кезеңдерінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6- бригада құрылып майданға аттандырылды. Брест қамалын қорғауда А.Ноганов, В.Фурсов, К.Гурдиев, Ш.Шоптыров және басқалары болды.Мәскеу тұсында И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясыерлікпен шайқасты. В.Г.Клочков Ресей кең байтақ бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Ресей деген сөзі ұранға айналған.Мәскеу түбінде шайқасып ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардияның дивизия болыпқайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизия И.В.Панфилов есімімен аталды. Мәлік Ғабдуллинға Кенес Одағының Батыры атағы берілді. 1998 жылы Н.Ә.Назарбаев өкімімен Б.Бейсекбаевқа халық қаhарманы атағы берілді.Линиград үшін шайқаста оқты кеудесімен жауып, қаза болған Сұлтан Баймағанбетов болды. 1941 жылы Жамбыл лининградтықтарға “Линиградтық өренім” жырын арнаған. 1942 жылы күзде Сталинград түбінде ұрыстар жүргізілді.. 1942 жылы Каспий өңіріне соғыс жағдайы еңгізілді. Сталинград бағытындағы шабуылдауда Қазақстан жерінде жасақталған дивизиялар қатысты. Ғани Сафиуллин басқарған 73- гвардыиялық дивизия 120 танкі, 800 автомашинаны жойды. 73- гвардыиялық дивизия Сталинградтық деген атақ алды. Ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылы 19-желтоқсанда өз ұшағын жауға құлатып, қаза болды.300фашистке 11 қаhарман төтеп берді.

Билет №23

1.Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.

2.1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар.

3.1995жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

 

1.Хақназар хан қайтыс болған соң,хан тағына Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген Шығай хан (1580-1582жж.) отырды. Шығай хан билікті қолға алған соң,Ташкент билеушісі Баба сұлтанның қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп,Бұхар ханы Абдаллахпен бірлесіп,Баба сұлтанның көзін жоюға кірісті.Баба сұлтанға қарсы күреске Шығай ханның баласы Тәуекел сұлтанда тартылды.Абдаллах ханның Сайрам,Сауран,Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығына қатысты.Бұл жорықта қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдаллах хан мейлінше риза болып,Ходжент деген жерді сыйға берді.

1582 жылы маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандады. Баба сұлтанды өлтіріп,Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтарды. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп, Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты. Тәуекел 1582-1598 жылдары хандық етті. Тәуекелдің хандық билікті алған кезінде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді.Біріншіден,Тәуекел хан мен қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден хандықтың шығыс жағында моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды.1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасақан “ант беріскен шартты” бұзды.Сөйтіп Тәекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап,Сауран, Түркістан, Отырар,Сайрам қалаларын басып алып,Ташкентке қатер төндірді.1597 жылы Абдаллах хан мен оның баласының арасында қайшылық туды. Оны тиімді пайдаланған Тәуекел хан соғысқа дер кезінде шығып, Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңді. Тәуекел хан 1598 жылдың жазында көп жасақ жиып, Маураннахрға баса-көктеп кірді. Өзбек сұлтандары қолдаған Тәуекел хан Ақши,Искандер,Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады.1594 жылы орыс патшасы Федорға елшісі Құл-Мұхаммедті аттандырып өзін қамқорлығына алуды өтінеді.Тәуекел ханның елші жіберудегі екінші бір мақсаты патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхаммедті босатуды сұраған.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>