Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психолингвистика мен нейролингвистика

С И Л Л А Б У С 1 страница | С И Л Л А Б У С 2 страница | С И Л Л А Б У С 3 страница | С И Л Л А Б У С 4 страница | С И Л Л А Б У С 5 страница | С И Л Л А Б У С 6 страница |


Психолингвистика жеке пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарында псигологиялы бағыт арнасында туып, сөйлеу қызметінің (сөйлемнің тууы, түсінілуі немесе қабылдануы) процестері мен механизмдерін тіл жүйесіиен байланыстыра зерттеуді мақсат етіп қояды.. Тілде адамның сөйлеу қызметін (сөйлеу әдебін) қамтамасыз ететін динамикалық, «жұмысшы» жүйе ретінде түсіндіру оған тән. Ол тіл бірліктерінің (дыбыстар, сөздер, сөйлемдер, мәтіндер) өзіне емес, сөйлеуші үшін психологиялық анықтама, сөйлемдерді туу мен түсінікті болу актілеріне, солсияқты тілді меңгеруге бағытталған. ОЛ индивидтің сөйлеу қызметінің модельдері мен психофизиялық сөйлем ұйымдастыруын жасап, оларға сынақтақ тексеруді жүргізеді.

«Таза» лингвистика әдістері жеткіліксіз болған жағдайда психолингвистика өзінің практикалық міндеттерін шешеді. Әлдебір бөгет жағдайларындағы, белгілі бір себептерімен, қалыптан тыс кезде қатынас қиындағанда, мысалы, сәбілердің сөзі, түрлі патологияда, шет тілін жете білмегенде, көңіл күй сезіміне берілгенде, байланыс арнасында немесе жасанда адам – компьютер жүйесіндекедергі пайда болғанда, тілдің «қалыптан тыс» формалары – қарапайым тіл, сленг, жаргон, жергілікті говор қолданылғанда сөзге ерекше назар аударады.

Психолингвистиканың туғаны туралы ресми түрде 1953-1954 жылдары. АҚШ-та психология, лингвистика ақпарат теорясы мамандарының (Ч. Осгуд пен Т. Себеок, 1954) бірлескен семинар жарияланды. Семинарға қатысқандар басында дескрептивтік лингвистикаға арқа сүйемек болған, бұдан кейін когнитивтік лингвистикаға ауысты. Тиісінше жекелеген сөздерді зерттеуден т рансформациялық аспекте сөйлемді зерделуге, ең сонында мәтінге (дискурске) кошті. Американдық психолингвистиканың бастапқы тірегі Ч. Остгуд, Д. Миллер, Д. Слобин және басқалардың необихевиористік тұжырымдасы, одан кейін когнитивтік психология мен білімнің құрылымдарын (когнитивтік құрылымдар) зерттейтін тұтастай когнитология болды

Германия, Франция, Польша, АҚШ және басқа көптеген психолингшвистикалық проблемалар белсенді зерттеуде.

Нейролингвистика натуралистік (биялогиялық) тіл білімнің арнасында нейрология (нейрофизиялогия бөлімінен), психология мен лингвисканың тоғысында туып, тіл жүйсін, тіл әдебінің ми субстратымен қатынаста зерделейді. Орта ғасыр дәуірінен бері миға зақым келгенде тіл әдебінің бұзылуы қадағалайды. Жүйелі зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан баслған. А. Шлайгер, Г. Вернике, И. Бодуэн де Куртене, В.А. Богородицкий, Л.В. Щерба, Р.О. Якобсон, Л.Р. Зиндер және басқалары тіл патологиясы фактілеріне назар аударған. Замани ғылымда адамзат тілініңглоттогенезін, функциясы мен даму процестерін түсіну үшін биялогиялық факторларға жиі көңіл бөлуде. Мұндайда социология, антропология, этнология, психология, палеоневрология, тілдердің тарихи типологиясы, семиотика, куинематика мәліметтерді ескерді. Тілдің көй деңгейлі жүйесінің құрылысы мен генетикалық кодтың кей деңгейлі құрылымындағы ұқсастықты табуға көп талпыныс жасалуда (Р.С. Якобсон, Вяч. Вс. Иванов). Хайуандардың белгіні түсінуіне сандаған бақылау жасалынып,оларды адам тіліне үйрету тәжірибесі жүргізілді.

Когнитивтік лингвистиканың тууы АҚШ-та 50-шы жылдарының сонында ындыландыру мен реакция терминдерінде мінез-құлықты зерттеудің бихевиористік әдістемелігіне реакция болып табылады. Олар кейінірек Европада пәнаралық бағыт ретінде таралып, өкілдері тілді, білімді меңгеріп, пайдалану кезіндегі ментальды процестерді зерттеуді мақсат етіп қойған. Мінез-құлық ретінде ментальды процестерді зерттеудегі аралық буынның ролі. Когнитивтік (ментальдық құрылымдар ойлау, ақпаратты жинау, сөйлемді түсіну мен құрастырупроцестерінде адаидар қолданатын когнитивтік стратегияларды талдау жолымен зерттеледі. Зерттеулер 70-80 жылдары белсенді жалғасты (У.К.Эстес, П. Фон Геерт, Д.У. Ховарт, Т. Бивер, Й. Байер, М. Бирвиш, Ф. Саша, С. Каннгиссер, Г. Рекхайт). «Language and cognition» журналы шығып тұрады.

Р.Лангакер негізіне когнитивтік өндеу үрдістері туралы түсінік қаланған лингвистикалық сипаттау тұжырымдамасы ретінде когнитивтік грамматиканы құрды (1986). Оның өкілдері грамматиканы автономды жүйе ретінде танудан бас тартып, оған ұғымдық мазмұнды құрастыру мен символизациялау үрдістерінде көмекші роль береді. Лексокологиялық, морфологиялық және синтаксистік бірлестіктер түрлі түзілімдерге еркін енетін бірліктер ретінде анықталады. Мән мен концептуализация ұқсастандырылады, қарапайым когнитивтік салаларға (уақыт пен кеңістікті эмпиристік білу, т.с.с.) қатысты ғана семантикалық құрылымдар сипаттамасының ықтималдылығын көрсетеді Белгілі бір перцептуалды немесе концептуалды берілген жағадайды түрлі (тілге қарай) категоризациялау мүмкіндігін анықтауды когнитивтік лингвистика өзіне міндет етіп қояды.

3 Тіл мен этнос

Мазмұнды бағдарланған грамматиканы 50-жылдары неогумболдтиандық Лео Вайсгербер тілді «энергетикалық»түсіну рухында жасады. Ол ең алдымен мектепте неміс тілін оқытуда пайдалануға арналған.

Неогумбольдианство В. Фон Гумбольдтың жіктелу және құрылымдық ролінің аркасында тілдік мазмұның (мәннің) өзіндік әлемін жасайтын жасампаз күшті тілге тануынан туындайтын тұжырымалар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Белгілі тіл қауымдастығы мүшелерінің әлемді ойша құрастыру мен әлемді тануды жасақтау үрдістері тілдің ішкі формасының әрекетіне саяды. Неогумбольдттиындақтар шашыраңқы тәжерибемен реттеу мен әлем көрінісін ойлау мен танымдық үрдістерді, сол тілге сәйкес мәдениет жасауды байланыстыратын тұтас ретінде құрудағы тілдің шығармашылық роліне екпін түсіреді. Түрлі тіл иелерінің әлем сүретін қабылдаудағы айырмашылығы атап көрсетіледі. Тілдің ішкі формасы әлемді түсінудің кілті және әр түрлі тілде сөйлейтін адамдардың ойлауындағы айырмашылықтың негізі болып табылатын ұғымдық және синтаксистік мүмкіншіліктердің жүйесі ретінде түсіндірледі.

Неогумбольдианство 20 ғасырда европалық және америкалық тіл білімінде тілге младограмматикалық жолының «формализміне» реакция ретінде туған (неокантиандық Э. Кассирердің философиялық тұжырымдамасы; Л. Вайсгебер, Й. Трир, Х. Глинц, Х. Хольц, Г. Ипсен, П. Хартман, Х. Типпер, Й. Эрбен мектебінің жұмыстары). АҚШ-та неогумбольдттандықтардың идеяларын қолдайтын Э. Сепир мен Б.Уорфтың антропологиялық лингвистикасында көрініс тапты. Неогумболдтианствоның европалық, түсі жағынан неоромантикалық ағымы ең алдымен Германия мен басқа неміс тілді елдерде айқын байқалады (тілдің семантикалық қырына, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойлаудың, тіл мен әлем танудың байланысты екені зердеулерге басым назар аударылып).

Мазмұндық бағдарланған грамматикада ана тіліне тән, әлем көрінісімен көрінетін «тілдік аралық әлем» зерттеледі (В. Фон Гумбольдттың тілдіәң ішкі формасы туралы идеясының негізінде). Аралық тілдік әлем заттардың шашыраңқы әлемін тиісті тілдік қауымдастықпен байланыстыратын және әлемде игерудің динамикалық процесін сөздікті ұғымдық тарқату жолымен ана тілі арқылы. «Әлемді сөйлету» процесі арқылы бағыттап отыратын рухани, ақылды құрастырушы қашықтық ретінде түсіндіріледі. Сөздік құрастырудағы тілдің категорияландыратын танымдық функциясы атап көрсетіледі (мысалы, Орион шоқ жұлдызы материалды өмір сүретін объект ретінде емес,оймен қабылдаудың нәтижесі ретінде көрсетіледі). Тіл мен тілдің тілдік мазмұнды әлемінің айырмашылуғына басы назар аударылады.

Мазмұнды бағдарланған грамматиканың төрт сатылы құрылымы ұсынылады: а) дыбысқа немесе құрылымға (форма) бағдарланған грамматика; ә) мазмұнға бағдарланған грамматика (лексиканы өріске лексиканы семантикалық келісіммен ұйымдастыру); б) әлемді тіл арқылы оймен игеру процесін зерделейтін функцияға бағдарланған грамматика; в) тіл қауымдастығының өмірлік практикадағы іс-әрекетінің нәтижесінде бағдарланған грамматика. Алғашқы екі саты статикалық, соңғы екі саты динамикалық сипатта болады.

Европалық неогумболдтшылар (В. Порциг, Г. Ипсен, Й Трир) ұғымдық (семантикалық, лексикалық) өрістер теориясы жасауға елеулі үлес қосты, бұл лексикада жүйелік байланыстарды терең түсінуге заманауи құрылымдық лексиколдогия (құрылымдық семантика да) жасақтауға алғы шарт болды. 50-60-жылдары идеялары мектеп пен халық грамматикаларына енгізілді.

Бұл тұжырымдаманы сынаушылар тілдің коммуникативтік функциясына нұксан келтіре отырып, айтушының өзінің ролін жете бағаламай танымдық ролін асыра көрсететін сәтін сынға алады. Неміс неогумбольдшылары бастапқы кезеңнің өзінде-ақ гумбольдтық жолды соссюрлық идеялармен (тілдік белгі, тіл жүйесі, тіл мен сөздің дихотомиясы ұғымдары) толықтыруға тырысты. 79-80-жылдары олар генеративтік лингвистикамен, әсіресе, лингвистикалық прагматикамен тоғысатын тұстарын іздестірді.

4 Тіл мен мәдениет

Тіл мен мәдениет онтологиялық қауымдастығының негізінде байланысқан, идеалдық олардың өмір сүруінің объетивті формасы барып табылады. Тіл мен мәдениет – адамның дүниетанымын көрсететін сананың (идеалды) формасы. Табиғи тіл өз мәнінде халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көрінісі мен жүзекге асырылуының ұлттық формасы болып табылады. Кейінгі қағида ХІХ ғасырдағы ұлы неміс галымы В фон Гумболдттың (1767-1835) еңбектернде дамыған. «Язык и философия культуры» кітабында ол тілді «халық рұхының» көрінісі ретінде қарыстырады, тіл арқылы халық рұхын ұрпақтарына табыстайды. Тіл «әлем сүретін» тілдік емес шындықты таныстырудың ұлттық тәсілісінің, ұлттық ішкі форманың жаңғырағы ретінде жасақтайды.

Американдық ғылымдар Э. Сепир мен Б. Уорфтың лингвистикалық қатынастылық болжамында бұл ой одан дамып, тереңдеді. Оның кейбір кағидалары сынға ұшырағанмен тілдің сол тілде сөйлейтін халықтың ойын танытатыны, әр тілдің ақиқатты өзіне тән тәсілмен жеткізетіні, демек өзіндік «әлемдің тілдік суретімен» айырықшалатыны жөніндегі негізі тезисі мойындалып, ХХ ғасырдың екінші жартысында лингвистика ғылымында жаңа басымдылықтардың жасақталуына елеулі ықпал жасады. Б. Ли Уорф өзінің «Отношение норм поведения и мышления к языку» мақаласында «Мы расчленяем природу в направлении, подсказанном нашим языком», - деп жазады (1960).

Солай бола тұрса да, тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы туралы мәселете асқан соқтықпен келу керек, себебі олар түрлі семиотикалық жүйелер болып табылады. В.А. Звегинцев мәдениет құбыластары мен тіл құрылымы фактілерінің арасында тікелей себепті тәуелдіктің жоқ екенін, алайда, олардың арасында жалпы тәуелдіктің күмәнсіз болатының, соның салдарынан мәдениеттегі өзгерістің тілде жанама түрде жаңғыратының ескерткен. Тіл бағынышты және құрылымды ұйымдастырылған күрделі семиотикалық жүйе ретінде баяу, қиын өзгерсе де, ал мәдениет барынша үдемелі және оның көптеген салаларында өзгеріс біршама тез өтеді. Жалпы белгілі бір фактінің құбылыстың бекітілу беріктігінің объективті критерийлерінің бірін мәдениет феномен ретінде көрмеуге болмайды.

Жоғырада айтылғаннан шығатын қорытынды, біріншіден, мәдениет құбылыстарын фактілердің тілде жаңғыруы арқылы талдаудың, екіншіден, тілдік фактілерді терең тілдік емес компонент арқылы немесе дискурс арқылы түсіндірудің кешенді жолы «тіл – мәдениет – ұлт» проблемасын шешудің мейлінші өзекті және перспекивалық бағыты болып көрінеді.

Бұл жол лингвокультурологияда өткіріледі, оған В.В. Воробьев жаңа «мәдениет пен тілдің өзара байланысы мен әрекеттестігіне зерттейтіп және заманауи басылымдықтар мен мәдени қондырғыларға (норма мен жалпы адамзат құндылықтар жүйесіне) бағдар ұстай отырып, жүйелі әдістердің көмегімен осы үрдісті тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұн бірлігіне бірліктердің тұтас құрылымы ретінде көренетін синтез тіпті жаңа ғылым» деген анықтама береді (1997, 36 б.). Әрине, лингвокультурология тілдің, мәдениеттің, этностың өзара әрекеттестігі проблемаларын зекрттейтін жалғыз және жаңа «туған» ғылым емес.

Америка лингвистикасында ХІХ ғасырдың аяғында үндіс тайпаларының ұлттық-мәдени тілдік проблемаларын зерделеуге байланысты этнолингвистика жасақтаған (Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорф). Ол этнография мен антропология қойнауынан туды. 60-70-жылдары Кеңес үкімет кезінде шыққан лингвострановедение (В.Т. Костомаров, Е.В. Верещагин) лингвокультурологияның із басушысы деп санауға болады.

Мәдениетаралық коммуникацияда лингвокультурологиялық зерттеулер ерекше өзекті. Ол бір тіл мен мәдениет иелерін өзге мәдени-тілдік құбылыстардың ұлттық артықшылығын, оның басқа халықтың рухани және материалдық қызметіндегі орнын терең зерделеуге бағыттап отырады.

Басқа халықтың мәдениет тілі арқылы білу, тілде шығарылған ұлттық қасиетті сезіну қазіргі Қазақстан сияқты қоғамда ұлттың мәдениет диалогтарына, бірін бірі күрметтеп, сыйлаудың берік негізіне қалайды.

Лингвокультурология кешенді лингвистикалық пән ретінде культурология тәрізді іргелі қоғамдық ғылыммен тығыз байланысты. Культурология мәдениетті қоғамдық ғылыммен құбылыс және адамның сүру қабілеті ретінде, барлық жүйелік аспектілерінде рухани-практикалық қызметінің нәтижесі ретінде зерттейді. Лингвокультурологияның одан айырмашылығы металингвистика. Ғылымы ретінде ең алдымен мәдениет фактілерін танытатын тілдік құбылыстарды жүйелі зерттеуінде.

Бастапқы ұстанымдары, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасын шешу жолдары жағынан лингвокультурологияға 70-жылдары В.Т. Костомаров, Е.В. Верещагин жасаған лингвострановедениелік тұжырымдама жақынырақ.

Лингвострановедение шетелдіктерге орыс тілін оқыту қажеттілігінен туған. Лингвострановедениенің негізін салушылардың анықтасында ол – «аспект преподавания русского языка иностранцам, в котором с целью обеспечения коммуникативности обучения и для решения общеобразовательных и гуманистических задач лингводидактически реализуется кумулятивная функция языка и проводится аккультирация адресата, методика преподавания имеет филологическую природу – ознакомление проводится через посредство русского языка и в процессе его изучения» (1990, 34 б.

Осылайша нақты міндетердің тууына байланысты лингвострановедениеде ең бастысы оқу, әдістеме аспект болады, ол лингвокультурологияда тілде ұлттық-мәдени формаларды теориялық жүйелі көрсету міндетін шешіп тұр.

Бастапқы әдістемелік позициялар мен бірқатар мәселелерде лингвокультурология этнолингвистикамен тоғысады. «Этнолингвистика» терминін тұңғыш рет көрнекті америкалық лингвист – антрополог Б. Ли Уорф тіл білімі, этнография мен социология тоғысында пайда болатын жаңа ғылымды атау үшін енгізген. Этнолингвистика – кешенді ғылым, оның міндетіне, біріншіден тілдің және тілдердің диалектіге бөлінуінің, сол тіл бойынша этностың материалдық және рухани мәдениетінің негізінде этностың географиялық бөлінуін қайта құру, екіншіден, «мәдени лексикада» көрініс тапқан онтология, космологиялық, әлеуметтік түсініктердің ең көне жүйесін қалпына келтіру, мифологиялық сипатты сөздерді этимогиялау жатады. Кеңестік тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердетиісінше «диалектологиялық» (Н.И. Толстой мен мектебінің ғалымдары) және әэтимологиялық (Вяч. Вс. Иванов, О.Н. Трубачев, В.Н. Топоров) екі бағытқа бөлінеді.

Лингвокультурология лингвокультуралық қауымдыстық дамуының қазіргі кезеңіне, тілідік тұрақты қолданыстарға бағдар ұстаса, этнолингвистикалық зерттеулер тіл мен мәдениеттің, көне тіл мен көне мәдениеттің өзара қатынасының тарихи аспектінің жағына, тайпа тілдерін, диалектерді, тілдер семьясын зерделеу жағына ойысады. Этнолингвистикалық зерт теулерде қазақстандық ғалымдар А.Т. Қайдаров, М.М. Копыленко, Е.Е. Жанпеиісов есімдеріне байланысты үшінші бағытты атап өткен жөн. Ол лингвокультурологиялық тұжырымдамаға мейлінше жақын, онда этномәдени лексика мен фразеологияда ғана емес, ономастикада, фоносемантикада, сөздердің ассоциациялық байланыстарында, идиоэтникалық пресуппозициялар мен фондық білімдерде, паралингвистикалық құбылыстарда да көрініс табатын идиоэтникалық (ұлттық – айырықша) семантика зерттеу нысаны етіп алынған. Қазахстандық тіл білімінде осы бағытта түрлі тілдер материалында жұмыс істейтін ғылым-лингвистердің тұтастай мектебі қалыптасқан (М. Б. Балакаев, Ш.Ш. Сарыбаев, Б.Қ. Қалиев, М.Р. Сәбітова, Е.Н. Кельібаев және тағы басқалары).

Лингвокультурологиямен аралас басқа салада – әлеуметтік лингвистикада немесе социолингвистикада мәдени-тілдік өзара әрекеттестік проблемасы тіл мен қоғамның өзара ықпалдастығы мен өзара әрекеттестігінің жалпы проблемалары кешеніне құрамдас бөлік ретінде енген, себебі мәдениет қоғамның бөлшегі болып табылады. Осылайша тіл мен мәдениет проблемасы лингвокультурологиядай емес бірінші қатардан екінші жылжытылып, жалпы проблематикаға бағындырылған.

Көріп отырғынымыздай, лингвокультурология – өзінің нысаны мен пәні, нақты зерттеу міндеттері, пәнді зерделлейтін әдістемелігі менәдістері бар дербес ғылым. Лингвокультурологиялық фактілерді қарастырмай Батыс пен Шығыстың өзара қатынасын, кез келген түрлі этностық лингвомәдени қауымдастықтардың ішіндегі өзара қатынастарды жан-жақты, терең зерттеу мүмкін емес.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 868 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
С И Л Л А Б У С 7 страница| Этнолингвистика

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)