Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

С И Л Л А Б У С 7 страница

С И Л Л А Б У С 1 страница | С И Л Л А Б У С 2 страница | С И Л Л А Б У С 3 страница | С И Л Л А Б У С 4 страница | С И Л Л А Б У С 5 страница | Этнолингвистика |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Синхрониядағы номографиялық әдіс зерттеу мақсатына қарай үшке бөлінеді: а) салыстырмалы; ә) салғастырмалы (констрастивті);

б) типологиялық.

Салыстырмалы және салғастырмалы (констрастивті) әдістер, олардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы жоғарыда айтылды. Сондықтан енді типологиялық әдіске тоқталамыз.

Құрылымдық типология әдісі

Салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бір жақтылығын жою мақсатында типологиялық әдіс пайда болды. Бұл әдістің негізгі мақсаты – әлем тілдерінің және зерттелетін тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеу, әлем тілдерінің типологиялық классификациясын жасау. Бұл салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бірлігі, оны туыс тілдерде де және туыс емес тілдерді салыстырғанда да қолдануға болады. Аталмыш әдіс бойынша әлем тілдерінің сәйкестендірілмелі құбылыстарын барлық деңгейде зерттеуге болады.

Құрылымдық типологияның тағы бір мәселелерінің бірі – шетел тіліне үйретудің лингвистикалық негізін жасау.

Негізгі ұғымдар

Типология –тілдік құбылыстардың әр деңгейдегі жүйелер (фонология, лексика, грамматика) жиынтығы туралы немесе жалпы әлем тілдері жиынтығы туралы ғылым.

Тип – ортақ, бірқатар біріктіретін белгілері бар тілдік құбылыстардың жиынтығы.

Тілдік құбылыстардың ұқсастығы – ұқсас, біртекті заттарды бір типке, класқа біріктіретін белгілер саны.

Айырмашылық – бір тілдегі құбылыстың салыстырып отырған екінші бір тілден ерекшелендіретін өзгешелік.

Ұқсастық/айырмашылық деңгейі – салғастырылып отырған құбылыстардың ұқсас және ерекше белгілерінің сандақ арақатынасымен анықталады. Ұқсастық белгілері көп болса, ұқсастық деңгейі жоғары болады және керісінше.

Типологиялық зерттеулердің әдістері. Типологиялық индекстер әдісі немесе квантитативтік әдіс

Типологиялық зерттеу практикасында Дж. Гринберг енгізген индексация әдісі (типологиялық индекстер әдісі) немесе квантитативтік әдіс ерекше орын алады.

Сандық көрсеткіштерді қолдану әдісіне қарай квантитативтік деп аталатын өз әдісінің негізіне Дж. Гринберг сандық индекстер алатын кейбір қасиеттер мен нышандарды алды. Өз есептеу нәтижесін Дж. Гринберг 100 сөзден тұратын мәтін негізінде төмендегі параметрлер бойынша алды:

Бірінші параметр – синтез деңгейі немесе сөздің жалпы күрделілігі. Егер де зерттелген мәтіндегі морфемалар санын М әріпімен белгілесе, ал сөздер санын W әріпімен белгілесе, онда M/W қатысы синтездің көрсеткіші болып табылады және синтетикалық индексі деп аталады.

Екінші параметр – бұл байланыс әдістері. Егер А әріпімен агглютинативті конструкцилар санын белгілесе, aл J әріпімен морфемалар арасындағы тігісті белгілесе, A/J қатысы сөздің дәнекерлену деңгейінің көрсеткіші болып табылады және агглютинация индексі деген ұғымға ие. Дж. Гринбергтің ойынша агглютинациясы жоғары индексті тіл агглютинативті тіл, ал агглютинациясы төмен индексті тіл фузионды тіл, яғни флективті тіл.

Үшінші параметр – сөз жасаушы және сөз өзгертуші морфемалардың көп таралғандығы. ЕгерR зерттеліп отырған мәтіндегі түбір морфема санына тең болса, ал W – сол мәтіндегі сөз санына сәйкес болса, біз R/W қатысын аламыз, яғни сөз түзу (күрделі сөз түзу) индексі болады. Егер аталмыш мәтінде барлық деривациялы морфемалардыбелгілесе, D/W қатынасы тілдің сөз жасау мүмкіндігінің көрсеткіші болып табылады.

Төртінші параметр аффикстердің түбірге қатысын сипаттау үшін қолданылады. Егер де префикстерді Р символымен белгілесе, онда P/W қатынасы, яғни префиксалдық индексі префикс санының сөз санына қатынасын көрсетеді. S/W қатынасы, яғни суффиксалдық индексі суффикс санының сөз санына қатынасын көрсетеді.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
С И Л Л А Б У С 6 страница| Психолингвистика мен нейролингвистика

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)