Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

С И Л Л А Б У С 1 страница

С И Л Л А Б У С 3 страница | С И Л Л А Б У С 4 страница | С И Л Л А Б У С 5 страница | С И Л Л А Б У С 6 страница | С И Л Л А Б У С 7 страница | Психолингвистика мен нейролингвистика | Этнолингвистика |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша

 

Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

 

 

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 4

семестр: 7

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135

барлық дәрісханалық сағат саны: 45, соның ішінде:

дәрістер: 15

іс-тәжірибелік сабақтар: 30

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 7 семестр

 

 

Талдықорған, 2015 ж.

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК. 09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу-жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-27
28.05. 2015 ж.

 

 

Гуманитарлық факультет

Филология және журналистика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және

студенттік сұрақтар бойынша проректор

____________ М.Ж.Мальтекбасов

«_____» ______________2015 ж.

 

«Жалпы тіл білімі» пәнінің

 

ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

 

 

Оқу формасы: күндізгі

 

 

Талдықорған, 2015 ж.

 

Оқу-жұмыс бағдарламасын типтік оқу бағдарламасы және МЖМБС негізінде 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Т.Сырлыбаева құрастырған.

___________________________

(оқытушының қолы)

 

Филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды

«____»________ 2015 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С.Қ.Қожағұлов

 

«_____»__________ 2015 ж. №______хаттама

 

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған

 

 

Әдістемелік бюроның төрайымы _____________ Ш.С.Жаукумова

 

Түсінік хат

Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол - бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімін оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан (ХІХ ғ.) бастап енгізілді. Бұл пәннің алға қоятын мақсаты - студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты проблемалардан оқу бағдарламасына сай жүйелі білім беру.

Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.

Зерттейтін объектісі - жалпы тілдік заңдылық болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сөйтіп, жалпы тіл білімі -тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты - тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау.

Осындай мақсаттарына сәйкес жалпы тіл білімі курсы төрт бөлімге бөлінеді:

1. Лингвистика тарихы

2. Тіл теориясы

3. Лингвистикалық әдістер

4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

 

Кіріспе

Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталған. Ондай сипаттау тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрлымын зерттеу күні бүгінге дейін жеке тілдер туралы ғылымның негізгі объектілерінің бірі. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы ғылымды өз ішінен: фонетика, фонология, лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, диалектология т.б. бөлушілік бар.

Жалпы тіл білімінда мынадай өзекті мәселелер қамтылып, қарастырылады:

1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.

2. Тілдің құрылымы, құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялық процестер, халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тілі, т. б.

5. Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі.

6. Жазудың пайда болу, даму жолдары.

7. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.

8. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

Тіл білімі - өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық мектептерге, зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мейлінше бай. Олардың арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар да аз емес. Бірақ, соған қарамастан қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар.

Теориялық бөлім

Жалпы тіл білімі – лингвистиканың теориялық саласы дедік. Ал лингвистика және оның бір тарауы жалпы тіл білімі көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілігінің, қиындығының басты себебі – объектісінің қыр-сырының молдығында.

Лингвистиканың бірден-бір объектісі болып есептелетін дыбысты тіл жалпы адамдық құбылыс бола тұра, екінші жағынан, бір-біріне ұқсамайтын ала-құлалықтарға толы жеке-жеке тілдерге бөлшектенеді. Екіншіден, лингвистика әлемдік ілім бола тұра, сонымен қатар, жеке ұлттық та ілім. Өзінің туған тілін зерттейтін әр ұлт өкілдері оған ұлттық түр енгізбей тұрмайды. Лингвистикада жарыса қолданылатын, көп жағдайда мәселені мейлінше қиындататын алуан түрлі терминдердің болуы да сондықтан.

Тіл білімі өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық мектептерге, зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мейлінше бай. Олардың арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар да аз емес. Бірақ соған қарамастан қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар: Интралингвистика. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика екі сөзден құралған термин. «Экстра» латын тілінен алынған префикс. Мағынасы – сыртқы, сыртқары. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика («мета» грекше жарты), сыртқы лингвистика деп, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттейтініне қарап функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика дейтін екі салаға бөлінеді. Менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынасын, теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

Тіл білімін зерттеуде қолданылған әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұсынған бағыт-бағдарына қарай да жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, диахрондық, қолданбалы (прикладтық) лингвистика жатады.

 

Практикалық бөлім

ЕЖЕЛГІ ЗАМАН ЛИНГВИСТИКАСЫ тақырыбы бойынша:

1.Көне Қытайдағы тіл білімі

2. Көне Грециядағы тіл білімі


ОРТА ҒАСЫР ЛИНГВИСТИКАСЫ тақырыбы бойынша:

1.Арменя тіл білімі

2.Ирандағы тіл білімі және парсы лексикографиясы

3.Жапониядағы тіл білімі

4.Түркі тілдерінің зерттеле бастауы


ТҰҢҒЫШ ТҮРКІ ЛИНГВИСТЕРІ тақырыбы бойынша:

1. Әбу Әли ибн Синаның (Авиценаның) фонетикалық трактаты

2. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі»

3. Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары

4.Әбу Хайян әл-Гарнати (Андалузский) (1256-1344)


ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАСЫ тақырыбы бойынша:
(XV-XVIII ғғ.)

1. Қайта өрлеу дәуірінің лингвистикасы

2. Тіл философиясының бастамалары

3. Халықтық және әдеби тіл, ұлттық тілдердің грамматикасы


ТІЛДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАР тақырыбы бойынша:

1. Тілдің пайда болуы туралы ойлар

2. Пор-Рояль грамматикасы.

3. Халықаралық тіл

4. Россиядағы тіл білімі

5. XIX ғасыр лингвистикасы

6. Салыстырмалы-тарихи әдістің пайда болуы

 

 

СӨЖ

1. В.Гумбольд дәуірі

2. Тіл біліміндегі натуралистік (биологиялық) бағыт

3. Тіл біліміндегі психологиялық бағыт

4. Жас грамматистер бағыты

5. Москва лингвистикалық мектебі

6. Қазан лингвистикалық мектебі

7. Ф. де Соссюрдің лингвистикалық теориясы

8. Россиядағы тіл білімі

9. Түркі тілдерінің зерттелуі

10. Бетлингк Оттон Николаевич (1815-1904)

11. Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (1837-1918)

12. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың лингвистикалық ойлары

13. "Тіл туралы жаңа ілім" бағыты

14. Фонологиялық мектептер бастауы

15. Түркі тілдерінің зерттелуі

 

ОСӨЖ

1. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың лингвистикалық ойлары

2. Ыбырай Алтынсариннің лингвистикалықкөзқарастары

3. XX ғасыр лингвистикасы

4. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт

5. "Сөздер мен заттар" бағыты

6. Тіл біліміндегі эстетизм бағыты

7. Ареалдық тіл білімі

8. Сөздер мен заттар" бағыты

9. Тіл біліміндегі эстетизм бағыты

10. Ареалдық тіл білімі

11. Прага лингвистикалық мектебі

12. Копенгаген лингвистикалык, мектебі

13. АҚШ-тағы структуралық мектеп

14. Лондон структуралық мектебі

15. Поэтикалық тіл теориясын зерттеу қоғамы

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Айтбайұлы, Ө. Қазақ сөзі [Мәтін] / Ө. Айтбайұлы; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 263бет.

2. Аманжолов, С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері Оқу құралы.- Алматы: Сөздiк-Словарь, 2004.- 536б.

3. Әбікенұлы, Н. Қазақша-қытайша сөздік. 70 000 сөз / Н. Әбікенұлы.- Үрімжі: Қайнар, 2010.

4. Қордабаев, Т. Жалпы тiл бiлiмi – Павлодар, 2010.- 234бет.

5. Маманов, И. Қазіргі қазақ тілі – Павлодар, 2010.- 184бет.

Қосымша:

1. Баданбекқызы, З. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.- Алматы: Бастау, 2010.- 420бет.

2. Баданбекқызы З. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы фонетикасы - Алматы: Бастау, 2010.- 227б.

3. Байтұрсынов, А. Тiл тағылымы. Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2008.- 172б.

4. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мыңға жуық термин) [ - Алматы: Дайк-Пресс, 2009.- 328б.

5. Берікболова, Ә.Ж. Қазақ тілі функционалды стиль мәтіндеріндегі просодикалық тәсілдердің көрінісі. Автореферат.- Алматы, 2009.- 24 б.

6. Бизақов, С. Сөз нұсқаулары және балама атаулар - Алматы: Самара-Принт, 2008.- 512бет.

7. Жанақова, Н. Қазақстандағы тіл тарихы. Оқу құралы - Алматы: Арда, 2009.- 192б.

8. Жанпеисов, Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 362б.

9. Жунисбеков, А. Просодика слова в казахском языке.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 110б.

10. Жұбанов, Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 256 б.

11. Исаев, С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Оқулық. – Павлодар, 2010.- 180бет.

12. Кайдаров, А. Структура односложных корней и основ в казахском языке Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 426б

13. Кенжеғалиев, С.А. Қазақ тіліндегі ділдік лексиконның берілу жолдары. Автореферат - Астана, 2009.- 24 б.

14. Қазыбек, Г. Қ. Көркем аударма. Оқу құралы - Алматы: Қазақ университетi, 2009.- 128бет.

15. Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. -Алматы, 1998

16. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары -Алматы, 1987

17. Мұсабаев, Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары – Павлодар, 2010.- 134б

18. Сағындықұлы, Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері Павлодар, 2010.- 262б.

 

Оқытушы туралы мәлімет:

Сырлыбаева Гульнара Торебековна

Филология және журналистика кафедрасының доценті

Жұмыс телефоны: 22-21-23 – 1145;

Email: gulnara_s.t81@mail.ru ұялы телефон: 8702 927 17 24

Сабақ уақыты: кесте бойынша

Консультация уақыты: сәрсенбі 15.40, кабинет 122, бас ғимарат

 

 

Пәннің пререквизиті: «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәндері.

Пәннің постреквизиті: «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы», «Когнитивтік қазақ тілі» пәндері.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Жалпы тіл білімі» курсы жалпы тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары, тіл білімі тарихы, тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы, тілдің таңбалық сипаты, тілдің жүйелік құрылымдық сипаты, тілдің даму заңдылықтары және тіл білімінің зерттеу әдістері сияқты мәселелерді қамтиды.

Пәннің мақсат-міндеттері: «Жалпы тіл білімі» — тіл білімінің жалпы теориясы. Бұл пәннің алдына қойылатын міндет — тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен таныстыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндетттерінен, шешілген және шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру.

Тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.

- Курс аяқталғаннан кейін студент білу керек: қойылған сұрақтарға логикалық ойлау арқылы дұрыс әрі дәл жауап бере білу;

- тыңдаған не оқыған әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдай білу;

- баспасөз материалдары және қосымша әдебиеттер негізінде хабарлама, баяндама, реферат жаза алуы да көзделген.

Курс аяқталғаннан кейін студент біледі:

- Тіл білімінің салаларының зерттеу нысанын ажырата алады;

- Тілдің шығуы туралы теорияларды танып біледі;

- Тілдердің туыстығы жағынан жіктелуін біледі;

- Тілдердің типологиялық жағынан жіктелуін меңгереді;

Пәнді оқыту барысында келесі құзіреттіліктер

Негізгі:

− қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйену;

− іскери этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;

− Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;

− Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңын білу;

− топпен жұмыс істеуге қабілетті болып, өзінің көзқарасын қорғай біліп, жаңа шешімдер ұсына білуі керек;

− келісімге келе біліп, өз пікірін ұжым пікірімен байланыстыруы керек;

− кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуы керек.

Пәндік:

Тіл біліміндегі ғылыми концепциялар, типологиялық және теориялық сипаттар, стилистикалық, этнолингвистикалық сипаттар саласындағы кәсіптік білімді қамтиды.

Қалыптастырылған арнайы құзіреттіліктер:

Тілдің таңбалық, жүйелілік, құрылымдық сипаттарын, даму заңдылықтарын, зерттеу объектісін талдауға қабілетті.

 

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтинг жүйесі

 

Бағалаудың пайыздық көрсеткіші Бағалаудың әріптік көрсеткіші Бағалаудың сандық көрсеткіші Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
95-100 А 4,0 Өте жақсы
90-94 А- 3,67
85-89 B+ 3,33 Жақсы
80-84 B 3,0
75-79 B- 2,67
70-74 C+ 2,33 Қанағаттанарлық
65-69 С 2,0
60-64 C- 1,67
55-59 D+ 1,33
50-54 D 1,0
0-49 F   Қанағаттанарлықсыз

Студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Арнайы дағдылар     100 балл 8-15 апта
ӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-17 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

Бағалаудың критерийлері

Бақылау түрі Жоғарғы баға Оқытушы журналына балдарды қою мерзімі
Ағымдық бақылау: сабаққа қатысқаны: 1 сағат – 5 балл үй тапсырмасын орындалуына іс-тәжірибелік сабақтарының орындалуына белсенділік (лекциялардағы жауаптары) ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы және сабаққа қатысуы             Әр аптада
СӨЖ 1 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   4 апта
СӨЖ 2 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   7 апта
СӨЖ 3 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   11 апта
СӨЖ 4 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   14 апта
Аралық бақылау 1:Бақылау жұмысы Тақырыптың толық ашылуы Өзіндік пікір Жүйелілік       8 апта
Аралық бақылау 1:Бақылау жұмысы Тақырыптың толық ашылуы Өзіндік пікір Жүйелілік     15 апта

*) СӨЖ тапсырмаларының мазмұны силлабустың сәйкес бөлімінде көрсетілген.

Курс саясаты

Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді.

Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Әр аптаның соңында үлгеріммен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (3 кредит)

Мазмұны Сағат саны Апта  
Модуль 1 Ежелгі, орта дәуір лингвистикасы  
  Дәріс 1.«Жалпы тіл білімінің» зерттеу объектісі және мақсаты     апта  
Практикалық сабақ 1.Тіл деңгейлері 1. Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік /Тіл жүйесіндегі «қабаттар» 2.Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері 3.Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы    
ОСӨЖ 1.Жалпы тіл біліміндегі «тіл» және «сөйлеу» (Ф.де.Соссюрдың дәлелдемесі, «тіл» және «сөйлеудің» проблемасына деген қазіргі көзқарастар).      
  Дәріс 2. Тіл білімі тарихы.Ежелгі заман тіл білімі     2 апта  
Практикалық сабақ 2. Ежелгі дәуір тіл білімі 1.Зерттеушілер мен ғылыми еңбектер 2.Ежелгі дәуір лингвистикасындағы философиялық тұжырымдар, олардың филолологиялық пікірге ойысуы    
ОСӨЖ 2.Этникалық тіл білімі Зерттеу нысаны. Мәні мен маңызы.      
      Дәріс 3.Орта ғасыр тіл білімі       3 апта    
Практикалық сабақ 3. Орта ғасыр лингвистикасы 1.Әлемдік діндердің пайда болуы және оның тілге әсері 2.Канондық тілдер 3.Схоластикалық, реалистік, номиналистік бағыттар 4. Рим лингвистикасы    
ОСӨЖ 3.Араб лингвистикасы 1.Салыстырмалы зерттеудің қолға алынуы 2.М.Қашқари - салыстырмалы грамматиканың негізін салушы    
  Дәріс 4.Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі       4 апта  
  Практикалық сабақ 4.Қайта өркендеу дәуіріндегі проблемалар (а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы; ә) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу; б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп, қайта дамыту.)    
  ОСӨЖ 4. Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы 1.Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы 2.Грамматикалық еңбектердің мәні    
СӨЖ 1.Философиялық бағыттар 1.Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер 2. Қытай лингвистикасы қарастырған мәселелер. Атау теориясы, эрья сөздігі немесе иероглифтік грамматика 3. «Веда» киелі кітабы 4. Яски мен Панинидің ғылыми еңбектері 5. Байырғы грек лингвистикасы    
Модуль 2. ХІХ-ХХ ғасыр тіл білімі тарихы  
  Дәріс 5.ХІХ ғ. тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар /Натуралистік-биологиялық бағыт, психологиялық бағыт     5 апта  
  Практикалық сабақ 5. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері 1.Көрнекті қайраткерлері 2.Ұстанған негізгі бағыттары 3.Зерттеген проблемалары    
  ОСӨЖ 5.ХІХ ғасыр лингвистикасы 1. ХІХ ғасыр лингвистикасының қалыптасып, дамуы 2. ХІХ ғасырдағы қалыптасқан мектептер мен бағыттар    
  Дәріс 6.ХІХ ғ. тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар / Жас грамматикалық бағыт/     6 апта  
Практикалық сабақ 6.ХІХ ғасыр мектептерін салыстыру 1. Кемшіліктер 2. Ұқсастықтар, ортақ тұжырымдар 3. Айырмашылықтар мен ерекшеліктер    
ОСӨЖ 6. ХІХ ғасырдағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар 1. Ғылыми еңбектеріне шолу 2. Тілдік тұжырымдар    
  Дәріс 7.ХХ ғасыр лингвистикасы       7 апта  
  Практикалық сабақ 7.Тіл біліміне Ф.де.Соссюрдың концепцияларының тигізген әсері мен ықпалы 1.Концепциялардың мәні 2.Ф.де.Соссюр еңбектері    
  ОСӨЖ 7. Йельск (дескриптивтік) мектеп 1.Көрнекті қайраткерлері 2.Зерттеген проблемалары    
  СӨЖ 2. Әлемдік діндердің пайда болуы және оның тілге әсері 1. Канондық тілдер 2. Схоластикалық, реалистік, номиналистік бағыттар 3. Рим лингвистикасы 4. Салыстырмалы зерттеудің қолға алынуы М.Қашқари - салыстырмалы грамматиканың негізін салушы      
  Дәріс 8. Тілдің таңбалық сипаты       8 апта    
  Практикалық сабақ 8. Тіл – таңбалық жүйе 1.Тілдік таңбалардың өзіндік ерекшелігі 2.Тілдік таңбалардың жүйелік сипаты    
  ОСӨЖ 8.Таңба (Семиотика) 1. Таңбалардың түрлері (материалдар жинау) 2. Ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрлері паралингвистика, паракинесика туралы    
   
Аралық бақылау 1.(Бақылау жұмысы)      
Модуль 3. Тіл теориясы  
  Дәріс 9.Тіл және қоғам     апта  
  Практикалық сабақ 9.Тілдің қоғаммен байланысынан туатын тілдік жағдаяттар    
  ОСӨЖ 9.Тілдің мәні 1.Тілдің негізгі қызметі (танымдық және коммуникативтік) 2. Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. 3.Тіл және сөйлеу.    
  Дәріс 10.Тілдің даму заңдылығы       апта  
Практикалық сабақ 10.Тілдің дамуы мен қызметі 1.Тіл дамуының шарттары мен себептері 2.Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері 3.Тіл дамуына әсер ететін сыртқы жағдаяттар    
ОСӨЖ 10.Тіл деңгейлері 1.Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік /Тіл жүйесіндегі «қабаттар» 2.Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері 3.Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы    
    Дәріс 11.Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы     11 апта  
Практикалық сабақ 11.Тіл білімінің басқа ғылымдарымен байланысына қатысты әдебиеттерге шолу    
ОСӨЖ 11.Тіл жүйесіндегі диахрондық, синхрондық қалыптар(олардың тіл жүйесіндегі байланысу түрлері, әр түрлі қатынастар)    
СӨЖ 3.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр лингвистикасың жетістіктері, әдістері 1. ХІХ ғасыр лингвистикасының қалыптасуы, мектептер мен бағыттар 2. ХХ ғасырдағы лингвистикалық ағымдар 3.Әдістер    
  Дәріс 12. Тілді зерттеу әдістері     12 апта  
Практикалық сабақ 12.Тілді зерттеу әдсітерінің түрлері 1.Сипаттама әдіс 2.Этимологиялық талдау принциптері 3.Типологиялық әдіс 4.Таксономиялық т.б.әдістер    
ОСӨЖ 12. Тілді зерттеудегі арнайы және жалпы лингвистикалық әдістер 1. Жалпы лингвистикалық әдістерге сипаттама беріңіз 2. Арнайы әдістердің түрлері мен қолданылу аясы    
Модуль 4. Лингвистикалық әдістер, бағыттар  
  Дәріс 13.Синхронияда ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері     13 апта  
Практикалық сабақ 13.Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері    
ОСӨЖ 13.Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдері 1 Прагмалингвистика пәні 2 Прагмалингвистиканың әдіс-тәсілдері 3 Мәтін талдаудың әдіс-тәсілдері 4 Дискурсты талдаудың әдіс-тәсілдері    
  Дәріс 14.Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары       14 апта  
Практикалық сабақ 14.Линвистикадағы аспектілер 1.Лексика-семантикалық 2.Лингвомәдени 3.Этимологиялық 4.Танымдық 5.Гносеологиялық    
ОСӨЖ 14.Дыбыс тілінің шығуы 1. Мәселенің ғылымдағы, қоғамдағы соңғы кезде көтерілу жайы 2. Баспасөзде көтеріліп жүрген ойлар жайлы жазбаша жұмыс жазу    
  СӨЖ 4.Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары 1. Фонетиканың зерттелуі 2. Лексикология мен лексикографияның өзекті мәселелері 3. Грамматиканың қалыптасуы    
    Дәріс 15.Кеңестік тіл білімі       15 апта  
Практикалық сабақ 15.Генеологиялық және типологиялық классификация    
ОСӨЖ 15.Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жайы және өлі тілдер 1. Қазіргі әлем тіл біліміндегі жетістіктер 2. Тілдердің өлі тілге айналу себептері    
Аралық бақылау 2.(Бақылау жұмысы)    
  Емтихан    
  Барлығы:дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)        

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 380 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Основные направления компьютерной графики| С И Л Л А Б У С 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)