Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

С И Л Л А Б У С 3 страница

С И Л Л А Б У С 1 страница | С И Л Л А Б У С 5 страница | С И Л Л А Б У С 6 страница | С И Л Л А Б У С 7 страница | Психолингвистика мен нейролингвистика | Этнолингвистика |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

A) Эрья

B) Веда

C) Аштадхьяи

D) Әлемнің жеті кереметі

E) Үнді грамматикасы

 

43 Фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпей, ол морфология мәселесіне, негізінде түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырған кімдер?

A) үнділер

B) қытайлар

C) гректер

D) ағылшындар

E) француздар

 

44 Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын тілін санскрит тілімен салыстыра зерттеген кім?

A) Томсен

B) Ясхи

C) Бхартхари

D) Вараручи Катьяна

E) Платон

 

45 Тіл білімінде бірінші болып тарихи-салыстыру әдісін қолдануға талпынған үнді лингвист-ғалымы?

A) Вараручи Катьяна

B) Ясхи

C) Бхартхари

D) Панини

E) Платон

 

46 Сөйлемді ойды білдіретін тілдік тұлға, мағыналық жағынан да, құрылым жағынан да бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға деп санайтын, тіл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлген үнді философ-лингвистін атаңыз?

A) Панини

B) Вараручи Катьяна

C) А.Шлейхер

D) Бхартхари

E) В.Гумбольдт

 

47 Қай ел лингвистикасында тілдің уақыт өткен сайын дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін жете түсінбей, жазба тілге көп көңіл бөліп, сөйлеу тіліне онша мән берілмеген?

A) үнді лингвистикасында

B) қытай лингвистикасында

C) грек лингвистикасында

D) рим лингвистикасында

E) араб лингвистикасында

 

48 Ғалымдардың пікірі бойынша Грек лингвистикасы қандай еңбектің тілін зерттеуден басталған?

A) А.Арне еңбектерінің тілін зерттеуден

B) Аристотель еңбектерінің тілін зерттеуден

C) Платон еңбектерінің тілін зерттеуден

D) Джон Лайонз еңбектерінің тілін зерттеуден

E) «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден

 

49 «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы», - деген бағытты ұстанған қай философтар тобы?

A) Героклит бастаған топ

B) Демокрит бастаған топ

C) Гегель бастаған топ

D) Конфуций бастаған топ

E) Платон бастаған топ

 

50 «Зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс – шартты, кездейсоқ байланыс», - деген бағытты ұстанған қай философтар тобы?

A) Гегель бастаған топ

B) Героклит бастаған топ

C) Демокрит бастаған топ

D) Аристотель бастаған топ

E) Платон бастаған топ

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша реферат тақырыптары

1. Жалпы тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары

2. Интралингвистика, экстралингвистика

3. Ежелгі дәуір лингвистикасы

4. Ежелгі Қытай лингвистикасы

5. Ежелгі Үндістан лингвистикасы

6. Ежелгі Греция, Рим лингвистикасы

7. Орта ғасыр лингвистикасы

8. Араб лингвистикасы

9. Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы

10. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр лингвистикасы

11. Универсалды грамматика

12. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бастауы

13. Салыстырмалы –тарихи тіл білімі

14. Тіл философиясы немесе Вильгелм Гумбольдттің тұжырымы

15. Типологиялық зерттеу

16. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас

17. Психологиялық көзқарас

18. Жас грамматикалық бағыт

19. Жас грамматикалық бағыттың кемшіліктері

20. Мәскеу лингвистикалық мектебі

21. Қазан лингвистикалық мектебі

22. ХХ ғасыр тіл білімі

23. Сөздер мен заттар мектебі

24. Эстетизм

25. Неолингвизм

26. Социологиялық мектеп

27. Құрылымдық (структуралық) лингвистика

28. Прага мектебі

29. Копенгаген структуралық мектебі

30. Дескриптивтік мектеп

31. Этнографиялық лингвистика

32. «Тіл туралы жаңа ілім» мектебі

33. Тіл білімі және философия

34. Тіл білімі және логика

35. Тіл білімі және психология

36. Тіл білімі және география

37. Тіл білімі және кибернетика

38. Тіл білімі және семиотика

39. Тіл қоғамдық құбылыс

40. Тілдің ой-санамен байланысы

41. Тілдік мағына

42. Тілдің таңбалық сипаты

43. Жалпы семиотика мен лингвистикалық семиотика

44. Таңба және оның түрлері

45. Лингвистикалық таңбалар, оның түрлері

46. Лингвистикалық таңбалардың ерекшеліктері

47. Жүйе мен құрылымның ғылым объектісіне айналуы

48. Жүйе мен құрылым және өзгешеліктері

49. Типтік тілдік қатынастар

50. Тіл – жүйелер жүйесі

51. Дыбыс тілінің пайда болуы

52. Тіл және этникалық бірлік

53. Тілдердің бөліну, бірігу процестері

54. Тіл дамуының заңдылықтары

55. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері

56. Тіл білімінің зерттеу әдістері

57. Лингвистикалық әдістер, оның түрлері

58. Сипаттама, немесе синхрондық әдіс

59. Құрылымдық әдіс

60. Лингвистикалық талдау тәсілдері

61. Математикалық әдіс

62. Салыстырмалы әдіс

63. Тарихи-салыстырмалы әдіс

64. Фонетиака ғылымының дамуы

65. Түркі тілдері лексикологиясының зерттелуі

66. Грамматика жүйесінің зерттелуі

67. Диалектология ғылымының дамуы

68. ХХ ғасырдағы синтаксистің зерттелуі

69. ХХ ғасырдағы морфологияның зерттелуі

70. Графика мен емле мәселесінің зерттелуі

Дәріс № 1

Тақырыбы: «Жалпы тіл білімінің» зерттеу объектісі және мақсаты

Жоспары: 1. «Жалпы тіл білімі» пәнінің мақсаты мен міндеті

2. Жалпы тіл білімінің қалыптасуы

3. Лингвистиканың объектісі мен салалары

Тірек сөздер: тіл білімі, лингвистика

Әдебиеттер: негізгі: 1, 2, 3; қосымша: 12, 14, 17

Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол - бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімін оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан (ХІХ ғ.) бастап енгізілді. Бұл пәннің алға қоятын мақсаты - студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты проблемалардан оқу бағдарламасына сай жүйелі білім беру.

Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.

Зерттейтін объектісі - жалпы тілдік заңдылық болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сөйтіп, жалпы тіл білімі -тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты - тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау.

Осындай мақсаттарына сәйкес жалпы тіл білімі курсы төрт бөлімге бөлінеді:

1. Лингвистика тарихы

2. Тіл теориясы

3. Лингвистикалық әдістер

4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Лингвистиканың объектісі – адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да түгел алып жан-жақты зерттейді. Лингвистика үшін тілді дыбысты тілге қатысты мәселелердің бәрі де керек, бәрі де маңызды. Лингвистикаға даму сатысына, қоғамдық рөліне, генеологиялық, типологиялық сипаттарына, қолданушы қауымның сандық шамасына, функциялық көріністеріне қарамастан дүние жүзіндегі тіл атаулының барлығы да объект бола алады.

Дыбысты тіл – қыры мен сыры мол өте күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен бір бағытта зерттеу арқылы танып білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу ісін түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімін алдымен жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тіл білімі деп екі топқа бөледі. Жеке немесе туыстас тілдерді зерттейтін ғылым сол тілдің немесе тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі; өзбек немесе орыс тіл білімі, болмаса түркология т.б. Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін саласы – жалпы тіл білімі деп аталады.

Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталған. Ондай сипаттау тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрлымын зерттеу күні бүгінге дейін жеке тілдер туралы ғылымның негізгі объектілерінің бірі. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы ғылымды өз ішінен: фонетика, фонология, лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, диалектология т.б. бөлушілік бар.

Жалпы тіл білімінда мынадай өзекті мәселелер қамтылып, қарастырылады:

9. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.

10. Тілдің құрылымы, құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

11. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

12. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялық процестер, халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тілі, т. б.

13. Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі.

14. Жазудың пайда болу, даму жолдары.

15. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.

16. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

Тіл білімі - өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық мектептерге, зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мейлінше бай. Олардың арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар да аз емес. Бірақ, соған қарамастан қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар:

Интралингвистика – мұндағы интра – латын тілінен ауысқан префикс. Мағынасы – ішкі. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнынан микролингвистика, ішкі лингвистика атаулар да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.

Экстралингвистика – екі сөзден құралған термин. Эксрта – латын тілінен ауысқан префикс. Мағынасы – сыртқы, сыртқары. Экстралингвистика – тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді, сондықтан оны соцологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика деп немесе оның тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттейтініне қарап функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика: 1) социолингвистика, 2) менталингвистика деген екі салаға бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлауы, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысты зерттейді.

Дәріс № 2

Тақырыбы: Тіл білімі тарихы /Ежелгі заман тіл білімі/

Жоспары: 1. Ежелгі қытай тіл білімі

2. Ежелгі үнді тіл білімі

3. Байырғы грек тіл білімі

Тірек сөздер: Қытай жазба ескерткіштері, еуропалық тілдер, Үндістан лингвистикасы, Ежелгі дәуір лингвистикасы

Әдебиеттер: негізгі: 1, 2, 3

қосымша: 7, 12, 14, 17

1. Ежелгі қытай тіл білімі. Мәдениеті, ғылымы, ғылыми ой-пікірлері ерте дамыған ел – Қытай. Бұл елдің жазба ескерткіштері біздің заманнан ХҮ ғасыр бұрын пайда болған. Олардың мұралары мал сүйектеріне, әсіресе жауырын сүйегіне жазылып сақталған.

Бұл елде де ат қою және грамматикалық өнер теориясы болған. Ат қою теориясын қалыптастырған біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ – Конфуций (Кун-Цзы). Ал грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы – иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың І ғасырының өзінде белгілі жүйеге келтіріліп, үш стильге бөлінген:

Уставтық

Жартылай уставтық

Жылдам жазу

Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Олардың пікірінше: тілдегі маңызды тұлға – сөз. Сол себепті де оларда иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды.

Ежелгі Қытай лингвистері тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, олардың қалай жазылу, оқылу жолдарын анықтауды мақсат еткен. Осы ретте қытайша «Эрья» сөздігі жарық көрген. Біздің заманға дейінгі ІІІ ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін – иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері – киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды түсіну, оқудың ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.

2. Ежелгі үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы Ү ғасырдан басталады. Кейбір деректерге сүйенсек үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер мен сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеуді қолға алады. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген:

Дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу;

1. Жыр құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу;

2. Грамматикасын зерттеу;

3. Жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу.

Ал фонетика мен грамматика жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.

Яски біздің дәуірімізге дейінгі Ү ғасырларда өмір сүрген. Ол «Веда» тілінің 5 томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.

Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяи» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде 4000 - нан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбекте Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панинидің бұл еңбегі – тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика, ол санскрит тілінің грамматикасы деп аталады. Еңбекте негізгі деген мынадай мәселелер қамтылады:

- сөздерді тапқа бөлу;

- сөздерді түбірге бөлу;

- қосымшаларға бөлу;

- жұрнақтар мен префикстер т.б.

3. Байырғы грек тіл білімі. Ежелгі дәуір лингвистикасының тағы бір отаны – Ежелгі Греция. Ғалымдардың пікірі бойынша Грек лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған.

Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырады:

1. Философиялық кезең (Біздің заманға дейінгі Ү-ІІІ ғасырды қамтиды). Бұл грек лингвистикасы қалыптасуының алғашқы кезеңі деп аталады. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселесін философиялық тұрғыдан сөз етіп, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталады. Ежелгі грек философтары тілге қатысты – тілдің шығуы жөніндегі мәселені талдайды. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы – тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші тобы тіл ертедегі адамдардың өзара келісуінен шыққан деп тұжырымдайды. Тіл білімінде мұның алғашқысы дыбысқа еліктеу теориясы, екіншісі келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымда ғылыми негіз жоқ, дегенмен құнды жағы да жоқ емес. Нақтырақ айтсақ, тілді Құдай жаратты деген діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауын дұрыс деп танимыз.

Дәріс № 3

Тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі

Жоспары: 1. Орта ғасыр дәуірінің ерекшеліктері

2. Орта ғасыр лингвистикасына тән негізгі сипаттар

Тірек сөздер: феодалдық қоғам, лингвистика, жазбалар тілі

Әдебиеттер: негізгі: 2, 4

қосымша: 12, 15, 23, 27

Орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына ислам, будда, христиан діндерін жатқызуға болады.

Дүниежүзілік діндердің тарауымен қатар, сол діндердің сүннет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистердің мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа білді. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталды. Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды, әр халықтың өз ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп аталды. Жазба тіл де, әдеби тіл де канондық тіл деп есептелді.

Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті кітабы – құранның тілі болды. Еуропа халықтары үшін канондық тіл – латын тілі болды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі грамматикасы болды.

Негізінен орта ғасырда филология мәселесімен шұғылданушылар аз болған жоқ. Олардың баса назар аударған мәселесі – көне канондық жазбалар тілін өзіндік нормасын өзгеріссіз сақтау, кейінгі заман жазба тілін көне канондық тілмен үйлестіру, олардың арасындағы алалықтарды бір ізге салу.

Бұл кезеңде ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты туралы мәселе де өзекті болды. Осы ретте оны сөз етушілер екі бағытқа бөлінді: бірі – реалистер, екіншісі – номиналистер.

Реалистер – заттар жөніндегі жалпы ұғым – ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұстанады.

Номиналистер – зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды. Сондықтан ақиқат нәрсе – зат, ол – алғашқы, ал зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.

Араб лингвистикасы. Әлемдегі ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан ел – арабтар. Арабтардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталады.

Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі – халипат дәуірі деп аталады (ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы).

Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттауда араб лингвистері үш түрлі мәселенің сырын ашуды көздеді:

1. Сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін (НАХВ);

2. Сөздердің сөйлемдегі орны жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін (САРФ)

3. Сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстары, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін (ТАТЖВИД)

Бұл үш бөлім араб грамматикасының философиялық негізін жасайды. Арабтар өз тілінің лингвистикасын зерттеуде, тұжырым жасауда үнді, грек тіл білімінің жетістіктеріне сүйенген.

Араб лингвистикасының ерекшелігі сол – олардың тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдерін де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де көп жағдайда сөйлеу тілі нормасына сүйенді, соны зерттеді. Бұл – ежелгі дәуір лингвистикасында кездеспеген жаңалық.

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы – лексикография. Фирузабади деген лингвист «Хомус» ( мұхит) атты 60 томдық сөздік жазды.

Араб лингвистері бірінші болып тіл білімінде екі тілдің ерекшеліктерін салыстыра зерттеу мәселесін қолға алды. Осы тәсілді қолдана отырып олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық очерктерін жазды. Осы сөздіктердің бірі, арабияда білім алып, араб ғалымы деп аталып кеткен Мақмұт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі» (Диуани-Лұғат ат Түрк). Бұл сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілінің өзара ұқсатығы, өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыру арқылы айқындалған. Бұл түркі тілдері жөніндегі тұңғыш, көлемді және терең мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар бұл сөздік лингвистика тарихында әр түрлі тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек.

Аталған сөздікті аударып, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазып, баспаға дайындаған ақын, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты – Асқар Құрмашұлы Егеубай /Түрік сөздігі. Алматы, «ХАНТ» баспасы, 1997 жыл/.

Махмұт Қашқари түрік жұрты, түрік ұлысы жөнінде былай деп сөз қалдырады: «Мен тәңірінің дәулет ұясын түріктер жұлдызына жаратқандығы және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын көрдім. Тәңірі оларды «түрік» деп атады. Әрі оларды мемлекетке еге қылды. Заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды. Хақ істерде соларды қолдады. Олармен бірге күрескендерді әзіз қылды. Әрі түріктер ішінен соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Шайх Әбубәкірдің ақырзаман турасында жазған бір кітабында ұлы пайғамбарымыздан нақыл келтіріп, мынадай хадисті баян етеді: «Ұлы тәңірі: Менің бір тайпа қосыным бар, оларды «түрік» деп атадым. Оларды күншығысқа орналастырдым. Бір ұлысқа ашуланып, назалансам түріктерді соларға қарсы саламын депті». Сондықтан да Тәңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең ауасы таза шұрайлы өлкелеріне орналастырған да, оларды «Өз қосыным» деп санаған.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 705 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
С И Л Л А Б У С 2 страница| С И Л Л А Б У С 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)