Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімін өзіндік құнын калькуляциялау

Тақырып Басқару есебі туралы негізгі түсінік | Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері | Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру | Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ |


Читайте также:
  1. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  2. Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны.
  3. Басқару есебінің функциялары
  4. Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері
  5. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар.
  6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері. Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың сатылық әдісі. Өндіріс шығындарының есебі мен өнімснің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі. Шығындар толық үлестірілетін және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калъкуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уакытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп. оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.

Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.

Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:

жоспарлы - еңбек шығынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;

есеп берушілілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар кұнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;

нормативті калъкуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдығы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;

жобалық калъкуляциялар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений) жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;

алдын ала жүргізілетін калькуляция - нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық (ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

Шығын есебінң объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалылығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінін объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калъкуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі - ірі қара мал калькуляциялану объектісі - сүт, төл. көң).

Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларында бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік кұны мына әдістердің біреуімен анықталады.

Шығынды шығарып тастау әдісі - мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан, жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.

Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс - негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэффициенттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.

Кезеңдер:

* кешенді шығыннын жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;

• шығынның калған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;

• шығынның қалдығы белгіленген коэффициенттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;

• тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.

Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 694 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру| Тақырып Тапсырыстық калькуляция

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)