Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

Тақырып Басқару есебі туралы негізгі түсінік | Тақырып Тапсырыстық калькуляция | Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру | Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ |


Читайте также:
  1. Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны.
  2. Бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
  3. Басқару есебінің функциялары
  4. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар.
  5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Өндірістік есептің мақсаты өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату баға белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т.б. үшін қолданады. Сол себепті өндірістік есеп - бұл басқарушылық есеп қосу (плюс) қаржылық есептің бір бөлігі.

Қазіргі заманның экономикалық әдебиеттерінде «өндірістік» және «басқарушылық» есеп ұғымдарын катар карастыру жиі кездеседі. Алайда бұлай қарастыру дұрыс емес, өйткені тарихи қалыптасуы бойынша өндірістік есеп - бұл басқарушылық есептің ізашары болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің казіргі заман жағдайында өндірістік есепке үлкен талап қойылады, өйткені ол өндіріс шығындарын кадағалайды, өткен кезеңмен, сметамен немесе болжаумен салыстыру арқылы артық шығынның себебін талдап, оны кемітудің жолдарын іздестіреді.

Өндірістік есептің негізгі бөлімдеріне жататындар:

• түрлер бойынша шығын есебі - өнімді өндіру процесінде кәсіпорынның қай тобында шығын шықканын көрсетеді;

* пайда болу орны бойынша шығын есебі - шығын пайда болған орны бойынша оны жекелеген бөлімшелерге таратуға мүмкіндік береді;

• шығын шегушілер бойынша шығын есебі - қандай да бір нақты өнімнің немесе орындалған нақты тапсырыстың өндірістік бірлігіне байланысты барлық шығындарды анықтауды ұйғарады.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: өндірістік есеп аясында ғана оған келетін табыс және рентабельдік деңгейдегі өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеуге болады. Алайда өндірістік есеп - бұл субъектінің тек жеке өзінің ғана мақсаты (самоцель) емес. Оның ақпараты менеджерлерге оперативті өндірістік шешім қабылдау үшін керек.

Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін

 

Жіктеу тобы Шығындар
  Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша негізгі, үстеме
  Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша тікелей, жанама
  Құрамы бойынша (біртектілік) бір элементті, кешенді
  Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша өзгермелі, тұрақты
  Пайда болу кезеңі бойынша Ағымдық, біруақыттық
  Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша) өндірістік, әкімшіліктік, коммерциялық
  Тиімділігі бойынша өндірілетін, өндірілмейтін
  Бақылау мүмкіндігі бойынша Реттелетін, реттелмейтін
  Орташалау деңгейі бойынша Жалпы, орташа
  Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет-ретімен көшіру өнімге,кезеңге

Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.

Үстеме -өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.

Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).

Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбегі кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).

Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы бұл автосервис бөлімшесінің тікелей шығыны болып табылады; цехтағы автомобильдердегі сырлауда пайдаланылатын сырдың құны сырлау цехының тікелей шығыны болып табылады).

Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын - бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).

Шығындар бір бөлімшеде тікелей. екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (завод менеджерінің еңбекақысы - бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, заводтың тікелей шығыны болып табылады).

Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде - барлық шығындар тікелей болып табылады).

Өзгермелі -оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық знергия. отын және т.б.) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі.

1-суретте көріп отырғанымыздай, жалпы өзгермелі шығын өндіріс көлеміне үйлесімді (пропорционально) өседі. Өндіріс көлемі 100-ден 200-ге дейінгі бірлікке артқанда. жалпы өзгермелі шығын 1000-нан 2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі шығын өнім бірлігіндегі есеп айырысуда көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік болса да - бірінші ме, екінші ме, үшінші ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп атау әдетке айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден екі түрлі рөл ойнайды.

Көлем, бірлікте. Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен
     
     
     
     

Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т.б.).

Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз калады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.

2-ші суреттен көріп отырғанымыздай, өндіріс көлемі өзгерсе де тұрақты шығын өзгеріссіз қалған. Егер өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік кұны кемиді.

 

Көлем, бірлікте Бірлікке кететін тұракты шығын, теңгемен Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен
     
     
     
     
     
     
     

Ағымдағы - жиі кайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).

Бір жолғы - демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.

Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастырута кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі каражатын толтыруға бағытталған өнім).

Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық әкімшілік тағайындауындағы шығындар.

Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.

Өндірушілік (жоспарланған) - ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.

Өндірушілік емес (жоспарланбаған) - технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос түрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).

Реттелетін - атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).

Реттелмейтін - қызметкер оның деңгейіне елеулі ыкпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).

Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.

Орташа - есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.

Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).

Кезеңге - кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойьшша шығындар (жанама шығындар).

Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді кабылдау. жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1288 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері| Тақырып Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімін өзіндік құнын калькуляциялау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)