Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 147

 

Стр. 149

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

әкелуші еді, соңғы кезде бірте-бірте дүдамал араласып, аяғы «келе алмаспын» айналып

барады. Сегізінші телеграмды қауіппен күтем. Мұның бәрін бір көңілсіздік дей туралық...

Екінші көңілсіздік госпитальдың бас докторымен арамызда туып кетті. Соңғы бір жетінің

ішінде ол кісі екеуіміз екінші майдан ашылу-ашылмасын сөйлесіп жүрген елшілерге, әсем

бір тілде сөйлесуге қалдым. Сіз-бізіміз көбейіп, бірімізді-біріміз орай сөйлейміз. Бұған

дейін, ол кісінің өз айтуынша, мен ақылды да, тәртіпті де, саналы да едім...

Тамақты көп жеуімнің өзі бір қуаныш сияқтанып, ылғи мақтау алушы ем.

Госпитальда сізден асар әншіміз де жоқ! — деп қоятын.

Қаланы аралап қайтуға, денешынықтырудың кейбір түрлерін істеуге еркін рұқсат беріп,

қатал бақылаудан құтыла бастағандардың тобына өз қолымен қосып еді. Қазір бұл

бостандықтардан айрылып қалдым.

Соңғы уақытта сіз маған ұнамай барасыз...— деп бір айтты да, берген бостандығын

түгел сыпырып алды. Жауырынымдағы оқты суырып алғаннан басталған достығымыз

қазір суысып барады да, ылғи бір әдеппен сөйлесуге көштік. Аңдысатынымыз сөз де емес,

көзіміз сияқты...

Кеше мен ол кісіге:

Достар арасы бұлай суысу үшін елеулі бір себептер керек қой...— дедім, барымша

сыпайылап сөйлеп. Ол кісі маған тіктеу жауап қайтарды:

Достар арасында бірін-бірі адастыру ыңғайы да байқалмауы керек! — деді.

Мұныңыз адалдық дейтін қасиетімізге шек келтіріп тұрған сияқты екен... Олай

болса, ашыңқырап айтсаңыз екен— деп ем, ол кісі салқын бір дауыспен:

Коридор салқын... Тәңірі жарылғасын, палатаңызға кіріңіз! — деді де, кетіп қалды.

Мұның арты әр түрлі қысаң тәртіптерге әкеп соқты. Қалаға шығып қ,айту сияқты

нәрселерге біржола тыйым салынды. Баяғы естілігім, тәртіптілігім, енді сынға алынып,

сенімсіздік туғыза бастады. Қазіргі күндерде үш кісінің тамағын жейтін сауыққандық

белгім «әдейі істеліп» жүрген мінездерге қосылыпты.

Онда не тұр? Ондай-ондай бола береді! — дейтін көрінеді.

Ертелі-кеш қызуымды өлшетіп, әділ қуа ренгенге де сенуді қойып, енді «өз бақылауынан»

өткізбекші. Осы келіспеушілігіміз созылып бара жатқан соң, мен амалсыз арыз беріп,

комиссияға түсуді талап еттім. Содан беpi бас араздығы бар адамдарша әрең ғана бас

изесеміз... Менің қысылып бара жатқаным Вася Гришин сауығып болды деп танылып,

бүгін-ертең майданға қайтқалы жатыр. Оның тізесіндегі жарасы ашыла беріп, менен көп

кейін босанғандардың тізімінде келіп еді. Енді ол сауыққан, мен сауықпаппын!..

Майданда жақын дос, жақсы жолдастарыңнан онсыз да айырылдым. Қазір мен Васядан

айрылғым келмейді. Мүмкін, екеуімізді бір күні жөнелтсе, бір бөлімде кездесерміз. Бақ

бергенде, біздің бөлімде барып қосылып кетуіміз де мүмкін ғой!

Қарағандыда өткен алғашқы күндерім өте жақсы еді. «Апам жүріп кетті, курсым біткен

соң, өзім де — деп Ақбота телеграмма берді. «Ақбота — тек... Обязательно — тек...»—

деген ұп-ұзын құйрығы да бар. Ақботаның келем дегені бір басыма жетіп жатқан қуаныш

болғандықтан мені сүйіп жатқан Ақбота ма, телеграф па, оны тексерткен де жоқпын...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)