Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 129 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 130 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 131 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 135 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 139

 

Стр. 141

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

сөйлеші... Көзімді ашып бірдемені сұрайын десем, көзім ашылмайды, менің әлсіз үнімді

көп дауыстар көміп кете береді. Әлдекімдер жараланған, әлдекімдер ыңырсиды...

Өз ойларым шолақ-шолақ... Жар басында секірген лақтар біресе ойға түсіп кетіп, біресе

қайта көрінеді. Менің ойым деп осы лақтарды айтып жатқан сияқтымын. Бұдан былай

ойыма түскен нәрселер үркіп-ойнақтап көз алдыма да келе бастады. Түтін арасында жылт

еткен от ұшқынындай елес береді де, жоқ болады. Адрес десем өзіме жазған хаттар

көрініп кетеді. Жолдастарға бірдеме айтқым келгенін аңдап қалсам,— қатар тізіліп тұрған

Семен Володя, Ревякин, Петяларды көрем... Солардың қатарында Ақбота да тұрады...

«Гитлер енді Москва маңайын көре алмайды, бұл анық!»— дейді тағы да Ревякиннің

даусы. Ол осылай үзілді-кесілді айтатын адам.

«Әрине, көре алмайды, түсінде де көре алмайды!»— дегім келеді. Даусым өзіме де

естілмейді... Бастыралық қандай ділгір бір хал босатар емес.

Ростов үстіндегі боранның салқыны бетіме тиеді де, ызыңы құлағыма тиеді. Мен оны

Москва бораны екен деп қалам. Машинамен етіп жатқан кеп әскердің өлеңдері құлағыма

келеді, мен оны Москва көшелерінің үні деп қалам...

Кез алдыма тұмсығын қарға тығып өлген сутышқандай бүкшиіп жатқан манағы жау

капитаны келеді. Мұрнынан аққан қара-күрең қан ұсақ-ұсақ отау тігіп, қарды бояп шұбап

барады. Жоқ, тіпті лақылдап ағып, сай-салаға құйылып жатыр. Атылған ит осылай өлетін

деп ішімнен әлі де бір жәбір теңеулер іздегендеймін... Шолақ киімдері жоғары сырылып

кетіпті де, ашылып қалған жалаңаш арқасына айдама жел түйір-түйір қиыршық қарды

тығындап жатыр...

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Қарағанды!— деді проводник, төрт буынның төртеуін де созып. Маған тағы бір

әрпі созылмай қалғандай, тым тез айтылып кеткендей ғана көрінді.

Қайта бір айтшы! — дегім келгендей, мен қарт проводниктің көзіне қадалдым.

Міне, енді сіз үйіңіздесіз... Қазір туған-туысқандарыңыз да қарсы алар. Түн демей-

ақ күтіп жүрген шығар. Қандай қуанысып қалады! Бұл менің өз басымнан да талай еткен

бір кезде...— деп, қарт өзінің бір әңгімесін бастап кетуге бейімделді де, поезд тоқтайтын

белгісін бере бастаған соң, есікке қарай өтіп кетті. Терезелерден электр жарығы да түсе

қалды.

Ие, енді мен үйімдемін!.. Бірақ менің үйімнің үлкендігі сондай, Қарағанды мен

Гурьевтің екі ортасына екі Франция, он шақты Швейцария, он бес шақты Бельгия сыйып

кетер еді. Люксембург сияқты «королевстволы ұлы мемлекет» үшін біздің бір-екі

колхоздың жаздық жайлауы да емін-еркін жетіп жатыр... Гурьев пен Қарағандының

арасынан гөрі Лондон мен Берлиннің арасы көп жақын.

«Онша алыс қиян емес...» деген патша аузынан шыққан сөз босқа мәтел болып кеткен

жоқ...

Қазақстан жерінің кеңдігі жаралы жауынгерлерді майданнан алыс госпитальдарға жіберіп

отыратын адамдарды да жаңылдырса керек. Мені олар үйіме жақынырақ жерге жіберейік

деген жақсы оймен Қарағандыдан бір-ақ шығарды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)