Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 131 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 135 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 140

 

Стр. 142

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұл вагонда көпшілігіміз қазақстандық, сібірлік жауынгерлер келдік. Туған жерлері әзір

жау қолында қалған жауынгерлерден он шақты ғана адам бар. Қазақстанды

бұрын көрмеген жігіттерге Орынбордан бері асқан соң-ақ әр түрлі қобалжулар кіре

бастады. Көбі Қазақстан жайын бұлдырлау біледі екен.

Аяғынан жараланған жауынгер Гришин қазақ даласын үздіксіз соғып тұратын жел-

борандай сөйлейді. Сықырлаған сары аязда құтыра соққан боранның лебі келіп тұрғандай,

сұрғылт мақта көрпенің үстінен жамылған шинелін иегіне қарай тартыңқырап қояды. Бұл

Одессаның жігіті, студент-геолог.

Орынбордан бері асқан соң, боран шынында да құтырып кетіп еді. Әдейі Гришиннің

қобалжуын күшейте түсейін дегендей, поезд тоқтай қалған жерлерде боран тереземізге

ұйпалақтай соғылып, гу-гу етеді. Вагон төбесінде байпақ киген біреу жүргендей болады.

Кейде вагонның мұржалары өзара жанжалдасып қалғандай естіледі. Есік ашылғанда

даладан құшақ-құшақ болып кірген суық ауа аппақ тұман сияқтанып, вагонның жылы

ауасын түріп әкетеді.

Жап, жап! — деген дауыстар үсті-үстіне шығып қалады.

Мен әлі ешкіммен дауласа алмаймын. Сөйлей бастасақ тық-тық жөтеліп, қиналып қалам.

Мен кетер күні Ростовта да осыған жақын боран болды дегім келеді де, оның аржағы дау

болып кетер деп, үндемей ғана езу тартам.

Ленинград майданынан келе жатқан ауыр жаралы бір жауынгер Қазақстанды қайнап

тұрған ыстық, көлеңкесіз бір күнгей сахарадай көретін сияқты. Оның ойынша Қазақстанда

күн біреу ғана емес, бірнешеу сияқты болып кетеді. Мұз қатқан окоптың сүйегінен өткен

суығын кетіру үшін ол жауынгер Қазақстанның толып жатқан күніне түгел

қыздырынғысы келеді. Ие, солдаттың кейде ыстықты, кейде суықты сағынатын

уақыттары да болады.

Біздің Шымкент маңайы осы күні егін салып жатыр-ау иә? — дейді, оңтүстіктің

жігіті, Эбен деген жауынгер. Мұнысы Гришинға қайтарған сыпайы түрдегі жауап сияқты.

Егін салып жатыр? Осы февраль айында ма? — дейді, Ленинград майданынан келе

жатқан жауынгер.

Ие, егін салып жатыр. Былтыр мен февральдың он жетісі күні шығып ем егінге.

Бүгін февральдің он жетісі ғой,— дейді Әбен.— Дәнді егісті аяқтаған да шығар... Поезд да

тоқтады, жаралы қонақтарына құрмет көрсетіп, сәлем күйін ойнаған оркестр даусын да

естідік. Вагонға Қазақстан қара алтын қоймасының уәкілдері де кірді. Толықшa келген

аласарақ жас жігіт әр ұйымнан қосылған адамдарды бастап келген болу керек, қошемет

сөзді сол айтты. Сөзінің ішінде «обком» бір-екі рет қайталап қалғанына қарап, мен оны

Қарағанды обкомының адамы екен деп ұйғардым. Оған жақынырақ бір жас қазақ әйелі

тұр. Қаракөл жағалы қынама қара пальто киген басында да сыпайы сәнмен киген қара

бұйра бөрік. Азғана сопағырақ жүзді, қара торы әйел, суықтан азырақ қызарыңқы тартқан.

Қара кездерінен әр түрлі ойдың ұшқындары аңдалып қалады. Кейде бізге арналған

жылылық оты көрінсе, кейде бір мұң пердесі, жүрегіндегі тынышсыздық байқалады.

Әйел әрқайсымызға да көзін ұзағырақ тоқтатып қарайтын сияқты. Әсіресе, басын таңып

алған жауынгерлерге ұзақ қарап қалады. Әрбір қарауының артынан кезіне «жоқ, бұл да ол

емес!» деген ой елесі шыға келеді. Жаралы жауынгерлерге тіл қатқанда кеудесін кернеп

жүрген ыстық бір леп барлығын сезесің.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)