Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 130 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 125 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 126 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 127 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 128 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 129

 

Стр. 131

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

жандар, бұл заманда да әделет жағында болуға тиісті. Ол былай тұрсын, қанымыз неміс

еді деп, Гейне мен Гете де бүгінгі Гитлер Германиясын жақтамайтын сияқтанады.

Еңбек пен ерлікке, әділет пен теңдікке бізді кім баулып өсірсе, бүгін біздің аузымызда сол

есім. Отаным дегенде, ең алдымен ойыңа Москва түссе, Москва дегенде, ең алдымен

ойыңа сол есім түседі. Қимасың мен бермесің, қорғаның мен қамалың бәрі сол есіммен

аталатын сияқтанады.

Мен осы сияқты үзік-үзік ойларымның ұшығына шыға алмай, балқығандай болып қана

жатыр ем, сыртта кенет ожар бір атыс басталып кетті. Миномет, пулеметтер дүркірей

арсылдасып, жаппамыздың төбесін дүбірлете бастады.

Үшінші взвод қауіп астында қалды. Шегініп қалған жайы бар. Еріңдер соңыма! —

деді Ревякин, Семенмен бірге біздің жаппамызға қайта келіп.

Түн қараңғы. Жаяу борасын күшейіп, ызғырық айдамаға айналыпты. Қала мен көпірдің

арасындағы бір алаң жерге ақ-құла бұршақ жауып жатқандай, оқ үйме-жүйме төгіліп

жатқаны байқалады. Неміс пулеметтері қызылды-жасыл оқтармен атып, қай жерге түйіліп

жатқандарын көрсетіп те тұр. Миномет гүрсілдері де сол бір тұста қою естіледі.

Түндегі соғыс күндізгіден гөрі басымырақ көрінетін әдеті бар. Әр нәрсе қос елестеп,

қауіп-қатер жағын күшейте түседі. Жарқырап аққан оқтар, жарқ-жұрқ жарылған миналар,

ереуілдеп көрініп қалатын адам көлеңкелері, бәрі де үйреншікті қалпынан алыс, ерепейсіз

көрінеді. Топ-тобымен ұшқан сайгел жарқылдап ағып, тура сенің бетіңе соққалы келе

жатқандай сезіледі.

Бірақ айқас алдындағы абыржу ұзаққа созылмайды да, өзің шығарған бірінші оқ сайгел

тобын жайқап жібергендей болады.

Жата қалып еңбектеп, бұршақ жауып жатқан алаңға қарай кеттік. Қираған машиналар,

арбалар кездесіп қалады. Ондай кезде тұра келіп біраз жер жүгіріп те аласың. Таса-

тасамен бөденедей бұғып, құнтия жүгіріп, өлім алаңының дәл іргесіндегі ескі бір

окоптарға да жеттік. Біреу-міреу дайын окопқа қызығып кетпесін дегендей:

Алға!— Ревякиннің командасы азырақ шықты.

Жарқырап аққан оқтар қарсы алдыңда ғана қарды түрткілеп жатқанын көріп тұрып, соған

қарай жақындай беру оңай да емес. Ол немістің өзі болса, оңай-ақ бас салар едің, оқты бас

салуға болмайды... Күндіз оқ бұдан сирек жаумайды деп, өзіңе-өзің, қайрат бересің.

Жарқырайтын оқпен түнде ату — адамның сезіміне үрей әсерін күшейтудің қамы, сен

үрпимей бақ...

Фашистер «әсерлі» бір мінездерінен айрылды: енді олар шабуыл жасағанда, автоматтан оқ

боратып, тура келген бойы жүріп келе жатпайды. Қорқыныш деген не екенін олар да

жақсы біледі енді. Кейде ербелеңдеп қаша жөнелуге де үйренді. Паң Европаны түгел

ұйпап шыққанда, мұны олар білмейтін еді, біз үйреттік. Алдағы күнде әлі де талай сабақ

үйретерміз деген сенім, дәл қазіргідей от топанының астында қалғанда да, біздің

жауынгерлердің ойынан кеткен емес. Берік сеніммен соғысқан әскер қашан да өзін күшті

сезінетін сияқты.

Ревякиннің командасынан кейін окоптан шыға-шыға келгенімізде қалың оқтың дәл астына

кездестік-ау деп қалып ем. Олай емес, қалың оқ жоғары кетіп жатыр екен.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 129 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 131 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)