Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 123

 

Стр. 125

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қала мен көпірдің екі арасы картобын қазып алған жердей шұқыр-шұқыр. Бұл жерді

снаряд та, бомба да, солдаттың күрекшесі де қазғылап жатыр. Окоп қазылмаған, ойылып

қалмаған, ұзын жыра — ұңғы жол салынбаған алақандай cay жер жоқ. Көпір маңындағы

үйлердің орнында күлдері ғана бұрқырап жатыр. Өзен жар қабағының асты жыпыр-

жыпыр жаппалар. Қазір біз үлкен жолдын, екі бетіндегі окоптар біріне-бірі жолдың

астымен қатынаса алатын етіп, екі жерден терең ұңғы, жаңа траншеялар жасап жатырмыз.

Дон өзені шұрқ-шұрқ тесіліп, қайта тасып кетті. Өзенге түскен ауыр снарядтардан аспанға

атқан су биік көпірдің үстіне шапшып қалады. Жұқа көкше мұз сынған айнадай жалт-жалт

етіп, сумен бірге атылып, сыңғырап келіп жағаға түсіп жатыр. Өзеннің екі беті шыны

заводының қоймасындай үйіліп жатқан көкше мұз...

Көпірмен өтіп жатқан біздің әскерлердің арт жағы сұйыла бастағанда көпірді атқылау да

тоқтала бастады.

Енді осы тоқтатқаны. Қалаға бекініп алған соң жау осы көпірмен Кавказға қарай

етпек, — деді Мирошник. Енді ол бұрынғыдай бұқпай, траншеядан қарғып шықты да,

полк штабына қарай жүріп кетті.

Онда көпірді өзіміз неге қиратып тастамаймыз? — дейді, ақ көңіл Семен Зонин.

Біз оралып келмейміз бе екен? Сен немене, ылғи шегіне бермек пе едің?— деп, мен

оған командирлік жауап қайырам.

Ие, көпір екі жаққа да керек. Енді көпірді екі жағымыз да қорғаймыз. Әңгіме

көпірді қиратуда емес, көпірге ие бола білуде.

Күрекшемді қасыма қоя салып, маңдай терімді жеңіммен сүйкей тастап, мен темекі орай

бастап едім, Алматы газеттерінің бірінен қырқып алып, көптен бері сақтап жүрген

кішкене ғана газет қиығы жерге түсіп кетті. Ол

Гурьев мұнайшыларының енімді еңбектері жайындағы хабар еді. Майданға кеткен ерінің

орнына тұра қалған мұнайшы бір жас әйелдің еңбегін ерекше айтқан. Темекі ораған сайын

сол қиық әрдайым көзіме бір түспей қоймайды. Әрдайым туған жердің жеңіске қосып

жатқан еңбек үлесін ескертіп тұрады. Кезіме түскен сайын мен де бірнеше жолын тағы бір

оқымай қоя алмаймын. Кейісім болса — тарап, тоңсам, жылынып сала берем, Туған ел,

өскен жерінің осындай әрбір хабарын сағынышпен күтіп, қуанышпен қарсы алу — әр

солдаттың басында бар. Мен тез еңкейіп, жерге түсіп кеткен газет қиығын алып, орнына

салдым. Онымды Семен де байқап қалып, жымия қойды.

Неге жымиясың?— деп сұрауға басымды көтере бергенде, көпірге жақындай беріп,

дәл біздің тұсымызға тұра қалған жабық машинаның терезесінен құрметті маршал Семен

Михайлович Буденныйды көрдім.

Қыран кезді, қаһарлы қара мұртты атақты қолбасшыны бірден таныдым. Бірінші атты

әскер Армиясы туралы әрбір совет жастары не білсе, соның бәрі құйындай қопарылып,

алай-түлей боратып көз алдыма келді. Маршал машинасын кілт тоқтатып, біздің не істеп

жатқанымызды шолып тұр. Темекім сып етіп жерге түсіп кетті де, өзім сымдай тартылып

тұра қалдым. Тұлабойым дуылдап, қызарып бара жатқанымды да сездім... Не істеу

керек?.. Жүгіріп алдына барып баяндау керек пе, қалшиып қатып тұрып қалғаным дұрыс

па? Не болғаны аға сержант, маршалдың алдына барып баяндама жасаймын деуге бола ма

екен сірә? Қой, болмайтын шығар!.. Осы бір қас қаққандай уақыттың ішіндегі

қысылшаңнан аман-есен өте алармын ба, жоқ па?..


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 125 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)