Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 120

 

Стр. 122

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

темір, қорғасын мен мыс, бидай мен мақта, мал мен мұнай, менің ұққан ең мықты

бекіністерім осылар болды.

Ой сүйрелеп, туған еліңе әкетеді. Майданда бұршақтай құйылып тұрған оқты беріп

жатқан Қоңырат пен Балқаш, Жезқазған мен Шымкент, Алтай көз алдыңа келеді, уақытша

жау қолына түскен Донбастың орнына тұра қалған

алып Қарағандыны кересің. Құлағың политрук Ревякиннің сөзін есітіп отырса, көз алдыңа

осындай берік бекіністер, алдырмас қамалдар келеді. Ауыр снарядтар аспанға атқан

қарабұйра шаң-топырақтан Доссор мен Мақаттың, аспанға атқан мұнайын көргендей

боласың. Сыртта бытырлаған мылтық пен пулемет емес, шауып өтіп бара жатқан көп

жылқының дүбірі сияқтанып, майдан үстіндегі қалың шаң, сол көп тұяқтан көтерілгендей

болып кетеді.

Москва бекіністерінің бұл мыңнан бірі! —дейді Ревякин.— Москва бекіністері екі

жүз миллион халқымыздың жүрегі арқылы, ақындарымыздың жалынды жырлары арқылы

өтеді. Әр жазушымыздың қаламынан тамған сия сол бекіністердің құрыш-болат қоршауы

болады. Қауіп-қатер кесек төніп тұр, бірақ бекіністер де сенімді! — деді Ревякин.

Сыртта атылып жатқан зеңбірек оқтары енді:

Москва үшін!

Москва үшін!—деп кетіп бара жатқандай естіледі. Түйдек-түйдек төмпештеп,

үлкен бір сүреңмен атып жатыр. Сол үлкен сүрең манағы ойын-қалжыңдарымызды құйын

айдаған жапырақтай айдап әкетті. Қабағы қарсы түйілген көзбен бірге жауынгер жүзі де

салқын тартып кетті.

Ревякин бүгін таңертең ғана Москвада болған парадта сөйленген сөздің біраз жерін жазып

алған екен содан үзінділер оқыды. Төніп, тепсініп жау тұрғанда, тебіреніп, кейіп ел

тұрғанда, берік сенімді, орнықты қоңыр дауыс:

Біз жеңеміз! Әділет біздің жақта! Жеңетін де біз боламыз,— депті.

Ревякин сағатына қарады да орнынан тұрды.

Барлаушы самолеттер жаудың танкылы лектері таянып қалғанын байқап келіпті.

Ауыр қол, үлкен мақсат көздеп келе жатқан сияқты. Бүгін жау өте ызалы ғой, қарсы алуға

тура келеді,— деді.

Мен тұра келіп, әзір екендігімізді айттым. Командир мен жауынгер арасында айтпай

түсінісетін бір сәттер болып қалады. Кейде қадағалап, қайталап айтатын ауыр жайлардың

өзін бір ғана көз қарастан ұғынысып қалғанда, командирі кім, жауынгері қандай екендігі

де қатар көрініп қалады. Бүгін барлық командирлеріміз бен барлық жауынгерлеріміз

сондай бір сергек халде еді. Қазір танкыларымызды қаптатамыз дегенді жау

зеңбіректерінің өздері-ақ айтып тұр еді. Төпей төгіп, ес жидырмайын деген ойы анық.

Ол сырыңыз мәлім. Аттатпаймыз! — деп, біздің зеңбіректер де қарш-қарш ұрып

жатыр.

Әділет біздің жақта! Біз жеңеміз! —деп, ерсілі-қарсылы айқаса ұшқан мыңдаған

снарядтың астымен біз де жүріп кеттік.

Әшейін емес-ау...— дейді Семен Зонин.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)