Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 100 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 101 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 110

 

Стр. 112

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Не болды, Сережа? — дедім көзімді танкыдан аудармай жатқан бойым.

Арқам...— деді.

Кейін жылжи аламысың?

Жылжи алам...

Сережа жылжи алмады. Денесін қозғаймын деп, екі қолымен жер тірейді де, басын көтере

алмай құлап түседі.

Зонин, Сережаны сүйреп, радиошыларға жеткіз! Біз келгенше жау танкыларының

қайда тұрғанын хабарлай беріңдер! — дедім.

Бүгелектей ызыңдап, айналамызда оқ жүр. Сережаны сүйреп, қасымнан ете берген

Семенға:

Өзің жараланып қалуға болмайды! Штабқа мынаны жеткіз! — деп, манағы Сережа

салған суретті бердім.

Жараланбаймын, жолдас аға сержант! —деп, Семен бір гүр ете түсті де, ойға қарай

жылжып кетті.

Қолындағы шөлмегі анда-санда күнге шағылысып қалып, Петр егін жиегіне жақындап

барады. Ол мүлт кетсе, келесі кезек менікі еді. Петр Ушаков құмартып жүрген қолма-

қолына бірінші рет кездескелі кетіп барады. Көп үндемейтін, қабағы көп жадырамайтын,

шаншып, қатал қалжыңдасатын бір мінез жігіт Петр әзір еркін жазыла алмай, назалы жүр

еді. Қазір тез жылжып, танкыға тақалып қалды. Танкының сығырайған көзі көре алмайтын

жақынға жетіп қалғандай, енді онша бұқпай, сырғып барады. Енді бір он адым жақындаса

қолындағысын дәлдеп тастайтындай-ақ жер қалды.

Танкы өзінен-өзі жұлқынып қалғандай да болды, гүрс етіп шаң-топырақ та бұрқ ете

қалды. Үстіне қара құрым жамыла қойғандай, танкы бір сәтке көзге көрінбей кетті. Аң-таң

болғандай, Петр де басын көтеріп, тоқтап қалыпты. Петрдің, байластырған гранаталарын

лақтырмағанын мен де көріп отырмын. Сөйткенше болған жоқ, күнге шағылысып,

жарқылдап келіп, жаралы танкының денесіне екі шөлмек сарт-сарт ұрылып қалды. Біреуі

қақпақтың шетіне тиіп жарылды да, шұбар жыланның басы інге қайта кіріп кетті. Енді

танкының іші-тысы бірдей жана бастады. Ыржиып күліп, Володя Толстов тұра келді.

Жаңа ғана түйіле төнген қауіп-қатер бір сәтте жоқ болды.

Володя!..

Өй, күшік!

Өй, көкжал! — десіп, құшақтасып қалдық.

Пісіп тұрған егін гүр етіп тез жанып кетті. Жұлындай болып тік көтерілген танкының

қарақошқыл жалының егін сабағының, ақ түтіні орап алып, желсіз тымықта жер бауырлай

жылжып, жайылып барады. Жеңіл ақ түтін қарақошқыл түтіннің алдына түсіп, жетелеп

әкетіп бара жатқан сияқты. Танкысының жайын көріп тұрған жау бізді тағы да оқтың

астына алар ма екен деп, қауіптеніп едік, оны істеген жоқ, көрсетуге бата алмады. Енді

еңкеймей-ақ, сау аяңдап, біз де тез кетіп қалдық. Әлде Володяны көргенде жарыла

қуанған Петр енді қарасам ол күйден арыла қалған екен.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)