Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 135 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 144

 

Стр. 146

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Жазыңыз солай деп. Қарағым деп әйеліңізге айтпағанда, кімге айтасыз? —деді.

Әбең әрине, әйелін жақсы да көреді, сағынып та жүр. Бірақ ол бар қазақтың ескі әдетінше

әйелін қарағым деп көрмеген адам. Сұраған түріне қарағанда, «қарағым қатын!» деп

жазғысы келетін сияқты. Әрине, бұлай жазғанда дөрекі шығады...

Әбен тағы да біраз үндемей ойланып отырып, бір кезде қуанып кеткендей:

Таптым! — деді.

Иә, не деп жаздың?

Мінекей, қарағым Бәтия деп жаздым! Барсын солай...— деп, Оңтүстікке қарай

қолын бір-ақ сермеді.

Бұл Әбен үшін үлкен табыс екені де рас. Ғасырлар бойы қамауда тұрған жақсы сөз

қақпасын міне, қазір бұзып шықты! Мүмкін, әуелі оқығанда Бәтия жеңгейдің өзіне де ерсі

көрініп, күліп жіберер. Бірақ сол сөз арқылы келген шын жылылық, жар сағынышын

жүрегіне де дәл жеткізер. Күңдік заманынан қалған бір жұғындыны Әбен өз қолымен

жұлып тастады да, сонысына қуанып кетіп еді.

«Соғыс» деген бір ауыз сөзге сыйып тұрған көп ойлар солдат көңілін әзіл-қалжыңнан,

жеке басының мұңдарынан тез аударып әкетеді. Ол сырттағы халқымыздың да әдетіне

кіріп болған. Гуля майдан мен елдің жаңа хабарларын әкелген екен соны оқи бастады. Хал

жаман емес!.. Немістердің Москваға жасаған шабуылдары қазір — «немістердің Москва

түбіндегі қырғыны» деп аталып бара жатыр. Жау аптығы басылмағанмен Москваға төнген

бұлт кейін серпіп қалды. Майдан бетін артына қаратпағанмен әр табан тіресте біздің ұтыс

молая бастады. Москва түбіндегі жеңістерден кейін жау көңіліне қатер кіргені байқалады.

Майданнан алыс отырған халқымыз да соғыс жайын көз айырмай бақылайды екен. Өзіміз

естімеген бірталай хабарды осында естідік. Гуля бізге мынадай бір нәрсені айтты. Гитлер

Совет еліне арнаған қорлық-зорлығын мәңгі есте қалдыру үшін, Москваға орнатуға

ұзындығы он жеті метр мрамор тас әкеле жатыр екен. Күміс өрнегі бар, қызғылт мрамор

көрінеді. Швейцариядан әдейі арнап алдырған. Бар адам баласының алдағы ұлы

үміттерінің ордасы — Москваға әкеліп, сондай қорлау бағанасын орнатпақ! Бірақ Москва

түбінен жау армиялары оқыс шегінгенде, мрамор біздің қолға түсіп қалыпты...

Сырттағы жұртымыз бұл қалжақтарға шын жауап айтып еңбек майданын қыздырып

жатыр. Бейбіт шақтың жоспарларын жинап қойып, алдағы жылдардың, ішіне кіріп кетіпті.

Бейбіт шақта әлі талай қырдың астында жатқандай көрінетін істер қазір қолма-қол

күнделікке айналыпты.

Қарағандының әрбір сағатының салмағы бұрынғысымен салыстырғанда қазір үш

есе артты,— дейді Гуля, жұмбақ теңеулермен сөйлеп.

Бұл көп пе, аз ба деп сұрап қала ма дегендей,— мұнымыз жыл аяғына дейінгі жайымыз

еді,— деп, жаңа жылдың жаңа мөлшермен келгенін де ескертіп қояды. Заводтар мен

шахталардың сағат сайын салған айғайларының «тағы да бір сағат өтті, не істедің,

жолдас?» деген Отан сұрауын естігендей боласың. Гуля біздің алдымызға ақырын-ақырын

Қарағанды облысының байлықтарын жаяды. Еңбек жұртының, күні мен түндерін айтады.

Жас қана қазақ қызының сонша бай облыстың бар жайын сонша жақсы білгеніне төбем

көкке жеткендей болам.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)