Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Созылмалы интерстициалдық нефрит

ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР | Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді. | Гипертензия | Нефротикалық синдром | Нефротикалық синдромның патогенезі | Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз | Тұқым қуалайтын нефротикалық синдромдар | Сурет!!!!!!!!!!!!!!!!! | Және Шенлейн-Генох нефриті | Тұқым қуалайтын гломерулярлық базальдық мембрананың бұзылыстары |


Читайте также:
  1. Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді.
  2. ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР
  3. Және Шенлейн-Генох нефриті
  4. Жедел ағымды интерстициалдық нефрит
  5. Классификация пиелонефритов (Н.А.Лопаткин,В.Е.Родоман 1974).
  6. Лечение гломерулонефритов
  7. ЛІКУВАННЯ ПІЄЛОНЕФРИТУ

Созылмалы интерстициалдық нефрит негізінен өзекшелер мен интерстицийге ұзақ уақыт улы заттар токсикалық әсер еткеннен дамиды. Ол – дәрілер мен қоршаған ортадағы улы нәрселер – ауыр металлдар. Кейбір заттек алмасу өзгергенде пайда болатын заттар да өзекшеге, интерстицийге токсикалық әсер етуі мүмкін. Осыған сай этиологиясына қарай:

1) аналгетиктік нефропатия;

2) токсикалық (қорғасын, сынап) нефропатия;

3) метаболикалық нефропатия жіктеледі;

Мұның бәрі көбіне ересек жасқа жеткенде дамиды. Балаларда сирек болады.

Патогенезі, морфологиясы. Токсикалық әсерден өзекше эпителийінде атрофия, интерстицийде инфильтрация, склероз ошақтары болады. Гипоиммундық жағдайлар тән.

Клиникасы көп білінбеуі мүмкін. Арнайы белгілері аз. Бара-бара полиурия, гипоизостенурия дамиды. Анемия, ұзақ уақыттан кейін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) дамуы үмкін. Зәрдегі эритроциттер, лейкоциттер, тубулярлық проеинурия көп білінбей, транзиторлы болуы мүмкін. Өзекше қызметі бұзылуын глюкозурия, аминоациидурия да көрсетуі мүмкін.

Диагнозға анық этиологиясын анықтау, эпидемиологиялық жағдай көмектеседі. Мысалы, Скандинавия елдерінде болатын “фенацетин нефриті” Балқан елдерінде таралған «Балқан нефриті» т.б. аурулар. Айта кететін жағдай - созылмалы аналгетиктік интерстициалдық нефрит даму үшін ол дәрілер ұзақ уақыт және ерекше көп мөлшерде пайдаланылуы, яғни «дозаға тәуелділік» тән. Мұндай нефрит ересек адамдарда анықталады. Экологиялық әсерден (қорғасын, сынап т.б.) туатын интерстициалдық нефритті адам денесіндегі жиналған осы улы заттарды табу, өндірісті жерді зерттеу арқылы табуға болады. Диагнозға өзекше белгілері - b2-микроглобулин, гипоизостенурия, глюкозурия көмектеседі.Диагноз бұл белгілердің этиологиялық жайтқа байланысын дәлелдеу негізінде (токсиндерді биосубстраттардан табу) және биопсия арқылы интерстиций тініндегі өзгерістерді табу арқылы қойылады. Метаболизм өзгерісі подагра және т.б. ауруларда анықталады.

Ажырату диагнозы. Пиелонефрит, гломерулонефрит өзіне тән белгілерімен (бактериурия, протеинурия) дәлелденеді. Іштен біткен әртүрлі бүйрек ақаулары бар науқастарда басынан аздаған зәр синдромы және гипоизостенурия болады. Бара-бара СБЖ дамиды. УД, генетикалық тексеру, морфологиялық тексеру диагноз қоюға көмектеседі.

 

ТУБУЛОПАТИЯЛАР

Ренальдық тубулопатиялар - кейбір заттардың өзекшелердегі реабсорбциясы бұзылып, олардың зәрмен көп шығуына байланысты дамитын аурулар. Іштен болатын (көбіне тұқым қуалайтын) аурулар.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 197 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жедел ағымды интерстициалдық нефрит| Реналдық глюкозурия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)