Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді.

Нефротикалық синдром | Нефротикалық синдромның патогенезі | Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз | Тұқым қуалайтын нефротикалық синдромдар | Сурет!!!!!!!!!!!!!!!!! | Және Шенлейн-Генох нефриті | Тұқым қуалайтын гломерулярлық базальдық мембрананың бұзылыстары | Жедел ағымды интерстициалдық нефрит | Созылмалы интерстициалдық нефрит | Реналдық глюкозурия |


Читайте также:
  1. Бүйрек жедел зақымдалуының критерийлері- RIFLE жіктелуі
  2. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара
  3. ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ
  4. Жедел ағымды интерстициалдық нефрит
  5. Жедел іздестіру қызметі» пәнінің тақырыптық жоспары
  6. Слябтарды илемдеу кезіңдегі технологиялық операциялардың тәртібі және олардың ары қарай өңделуі

 

Жедел постинфекциялық

Постстрептококктік) гломерулонефрит

 

Жедел ағымды гломерулонефрит (ГН) – инфекциядан кейін 1-3 апта өткен соң көбіне жедел нефриттік синдроммен басталып, циклдық ағыммен бірте-бірте бәсеңдейтін бүйрек шумақтарының қабынуы (постинфекциялық (постстрептококктік) ГН).

Этиологиясы - әртүрлі бактериялар, вирустар. Олардың ішінде біздің аймақтарда әлі жиі кездесетіні – b-гемолитикалық стрептококк, оның нефритогендік А тобы. Мұны “жедел постстрептококкті ГН” дейді. Ауру алдында балада баспа, фарингит, кейде стрептодермия болуы мүмкін.

Патогенезі. Жедел ағымды гломерулонефрит циркуляцияда иммундық комплекс құрау жолымен дамиды. Қан кұрамында антиген, антидене және комплемент бар иммундық комплекстер құралып, олар бүйрек шумақтарының базальдық мембранасына эпителий астына орналасып, қабыну туғызады. Қабынуға қаннан келген (макрофагтар, нейтрофильдер, лимфоциттер) және жергілікті клеткалар (мезангий, эндотелий т.б.) қатысып, солардан шығатын лизосомалық ферменттер, әртүрлі цитокиндер шумақ капиллярларының қабырғасын зақымдайды. Оларға қосыла қанұюы күшейіп (Хагеман факторының белсенуі арқылы), фибринолиз және комплемент, калликреин-кинин жүйелері белсенеді.

Морфологиясы. Жедел ағымды, әсіресе постстрептококктік, ГН көбіне диффузды “эндокапиллярлы экссудативті пролиферациямен” сипатталады. Сәулелі микроскоппен тексергенде шумақ элементтерінің (мезангий, эндотелий) пролиферациясы, мезангий матриксінің үлкеюі және полиморфты-ядролы нейтрофильдер мен моноциттер инфильтрациясы табылады. Шумақтардың жалпы көлемі үлкейеді де, капсула қуысы, капиллярлар тарылады (№34 сурет). Бұл жедел басталған ГН-те 3-5 аптадан кейін экссудация, пролиферация азая бастайды. Шумақтармен қатар өзекшелер эпителийінде дистрофия, атрофия, интерстицийде ісіну, лимфоцит инфильтрациясы болады. Электрондық микроскоппен қарағанда шумақтың базальдық мембранасында субэпителийлік (эпителий жағынан) "өркеш" (һumрs) тәрізді иммундық комплекстерден тұратын депозиттер көрінеді. Иммундық гистохимия не иммундық флюоресценция әдісін қолданғанда бұл депозиттер түйіршік тәріздес болады. Олардың құрамында IgG, С3 және фибрин табылады.

Клиникасы. Көбіне нефриттік синдром:

- денедегі тығыз ісіну;

- қан қысымының көтерілуі, ол да көбіне орташа дәрежеде және өте ұзаққа созылмайды;

- макрогематурия не микрогематурия;

- протеинурия, әдетте орташа (тәуліктік мөлшері 2 г-нан аспайды);

- олигоанурия және бүйрек жетіспеушілігі белгілері (азотемия), ол да көбіне қысқа мерзімді.

Нефриттік синдром 5-6 жастан кейін, мектеп жасындағы балаларда жиірек болады. Шағымдары – нефритке ғана тән емес жалпы белгілер: баланың басы ауруы, көңіл-күйі бұзылуы, тағамға тәбеті болмай, шаршап әлсіреуі мүмкін. Бет пішіні бозғылт (facies nephritica). Зәр азайып, қызғылт тартады. Нефриттің белгілері (ісіну, қан қысымы жоғарылауы және т.б. өзгерістер) дамиды (51-кесте).

Шумақ фильтрациясы төмендеп, олигурия, азотемия пайда болады.

Ісіну де, қан қысымының көтерілуі де негізінен организмде тұз (Na) және су жиналғанына байланысты. Ренин-ангиотензин-альдостерон (РАА) жүйесі белсендіріледі (51-кесте).

Протеинурия – шумақ фильтрі зақымдануының салдары. Нефриттік протеинурия орташа мөлшерде (<2 г/тәу) болады. Оның ұзақ персистенциясы, әрі қарай мөлшерінің өсуі созылмалы нефритке ауысқанын көрсетуі мүмкін.

 

34-сурет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

 

51-кесте. Нефриттік синдромның патогенезі

 

 
 


Шумақ зақымдануы (қабынуы)

 
 

 


Шумақта фильтрация төмендеуі

       
   
 
 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР| Гипертензия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)