Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел ағымды интерстициалдық нефрит

ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР | Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді. | Гипертензия | Нефротикалық синдром | Нефротикалық синдромның патогенезі | Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз | Тұқым қуалайтын нефротикалық синдромдар | Сурет!!!!!!!!!!!!!!!!! | Және Шенлейн-Генох нефриті | Реналдық глюкозурия |


Читайте также:
  1. Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді.
  2. Бүйрек жедел зақымдалуының критерийлері- RIFLE жіктелуі
  3. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара
  4. ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР
  5. Және Шенлейн-Генох нефриті
  6. ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ

Этиологиясы:

1. Бактериялар, паразиттер, вирустар

2. Дәрілер, олардың ішінде антибиотиктер (пенициллин, ампициллин т.б.), стероид емес қабынуға қарсы дәрілер, диуретиктер т.б. Олар бүйрекке аллергиялық әсер етеді. Соның салдарынан нефрит дамиды. Қабыну үрдісі дәрінің мөлшеріне байланысты болмайды.

3. Жедел бүйрек жетіспеушілігін (ЖБЖ) туғызатын себептер.

Патогенезі. Иммунды-аллергиялық жол жиі. Инфекция токсиндерінің әсері, ЖБЖ тетіктерінің өзінің ерекшелігі бар.

Морфологиясы. Бүйрек интерстицийінде ісіну, инфильтрация бар. Эпителийінде – атрофия, некроз. Морфологиялық өзгерістер этиологиялық жайттың күші, әсер ету ұзақтығына байланысты.

Клиникасы, диагнозы. Ең жеңіл жағдайда - транзиторлық зәрдегі өзгеріс, ауыр түрлерінде жедел бүйрек жетіспеушілігіне дейін білінуі мүмкін. Этиологияға байланысты инфекция белгілері (қызу, вирус т.б. ауру белгілері), ал аллергиялық әсердің себебінен болған нефритте бөртпелер, эозинофилия, эозинофилурия болады. Сонымен қатар азотемия, гипоизостенурия, зәрде гематурия, протеинурия (тубулярлық - b2-микроглобулин), лейкоцитурия, глюкозурия болады. Аллергия әсері кезінде IgE жоғары болуы мүмкін.

Ажырату диагнозы. 1) Жедел ағымды пиелонефриттен айырмашылығы - бактериурия табылмайды, зәрдегі лейкоциттер көп емес, олар - мононуклеарлар, эозинофилдер; 2) гломерулонефриттен, әсіресе оның жеке зәр синдромымен білінетін түрінен (IgA–нефрит) биопсия арқылы ажыратылады. Интерстициалдық нефритке зәр тығыздығының төмендеуі, олигурия, оның артынан полиурияға айналуы, тубулярлық протеинурия (b2-микроглобулин, лизоцим) тән. Ал тұнбада клеткалар көп емес, не болмауы да мүмкін. Диагноз қоюда анамнез, этиология ерекшелігі еске алынады.

Емі. Негізгі ауру себептері бойынша (инфекция) емделеді. Төсек режимі, жеңіл емдәм, сұйықтықтар тағайындалады. Аллергияға байланысты болған кезде дәріге және қандай да бір т.б нәрселерге аллергиялық жауап болғанын анықтап, оған жол бермеу керек. Сұйықтық, антигистаминдік ем, кейде стероидпен емдегенде ғана ауру белгілері (азотемия да) кейін қайтады. Преднизалон 1 мг/кг мөлшермен ұзақ беріледі. ЖБЖ болса, оған сәйкес ем қолданылады (ЖБЖ-ны қара).

Болжамы. Этиологиялық факторге байланысты. Аз уақыт әсер еткен өткінші жағдайда ауру өздігінен кейін қайтады. Кейде интерстицийде созылмалы ошақтар қалады.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұқым қуалайтын гломерулярлық базальдық мембрананың бұзылыстары| Созылмалы интерстициалдық нефрит

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)