Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригаданың барлау бастығы

Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары | Бригада штабының бастығы | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Бөлімінің бастығы | Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары | Бригаданың артиллерия бастығы |


Читайте также:
  1. Бөлімінің бастығы
  2. Батальон штабының бастығы
  3. Бригада штабының бастығы
  4. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  5. Бригаданың қызмет бастығы
  6. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы
  7. Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы

108. Бригаданың барлау бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бағынысты бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, қару-жарағы, әскери және басқа техникасының техникалық жай-күйі мен жауынгерлік қолдануға әзірлігі; бағынысты жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлау, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бригада командирін қарсылас және жергілікті жер туралы деректермен қамтамасыз ету; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі үшін жауап береді.

Ол бригада штабының бастығына бағынады және бригаданың барлау бөлімшесі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

109. Бригаданың барлау бастығы:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;

жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қарсылас, жергілікті жер туралы мәліметтерді жинауды, талдауды және қорытындылауды жүзеге асыруға және оларды бригада командиріне уақтылы баяндауға;

кемінде үш айда бір рет бөлімшедегі және қоймалардағы барлау қару-жарағының, әскери және басқа техникасының, сондай-ақ өз мамандығы бойынша әскери-техникалық мүліктің болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге;

оған бағынысты бөлімшенің жауынгерлік даярлығына, сондай-ақ бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлауға басшылық жасауға;

жоғары тұрған қолбасшылықт бұйрықтарының талаптарын бағынысты барлау бөлімшелеріне уақтылы жеткізуге және олардың орындалуын бақылауға;

бригада офицерлерімен және сержанттарымен, сондай-ақ барлау бөлімімен (бөлімшесімен) сабақтар және өз мамандығы бойынша бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге;

тікелей бағынысты бөлімшенің әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;

бригаданың барлау бөліміндегі (бөлімшесіндегі) қару-жарақтың, әскери және басқа техникасының болуы мен техникалық жай-күйін білуге және оларды пайдалану мен қызмет көрсетудің дұрыстығын жүйелі бақылауға; кемінде үш айда бір рет бөлімдердегі (бөлімшелердегі) және қоймалардағы барлау қару-жарағының, әскери және басқа техникасының, сондай-ақ өз мамандығы бойынша әскери-техникалық мүліктің жай-күйі мен жабдықталуын, оларды сақтау және есепке алудың дұрыстығын тексеруге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

барлау даярлығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;

бригада командиріне бағынысты бөлімшені қолдануға шешім қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы| Бригаданың қызмет бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)