Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Судья қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің

А-тармақтары бойынша | А-тармақтары бойынша | Тармақ бойынша. | БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Б-тармағы бойынша | Тармақ бойынша | Б‑тармағы бойынша | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Судья қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша сараптамаға баға береді, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа алады. Сараптама қорытындысына қатыстылығы, шынайылығы (шүбәсіздігі) және жарамдылығы тұрғысынан баға берілуге тиіс (ҚІЖК‑нің 25, 127, 128‑баптары).

Сарапшының қорытындысында қамтылатын ақпарат (нақты деректер) дәлелденіп, іздестіріліп отырған фактіге (тезиске) ұқсас болуы мүмкін және сонда сарапшының қорытындысы тура дәлелдеме болып табылады. Көбінесе сарапшының қорытындысы дәлелдеудің ортақ мақсатына (нысанына) қатысты алғанда, аралық (жанама) фактілерді анықтайды және сонда ол жанама дәлелдеме (айғақ) ретінде пайдаланылады.

Сот әрқашанда сарапшы қорытындысына дәлелдеме ретінде жарамдылығы туралы мәселені талқылайды. Атап айтқанда, іс жүргізу нысаны тұрғысынан оның қабылданатындығына (іс жүргізу заңының нұсқауларына қатаң сәйкестікте тіркелген іс материалдарын сарапшының қолдануы), сондай‑ақ сарапшының іс жүргізу ережелерін сақтауына баға беріледі. Осыған орай сот сарапшының құзыретіне назар аударады.

Сарапшы қорытындысының шынайылығына және ол анықтаған фактілердің дәлелдемелік рөліне баға беру күрделі ойлау процесі болып табылады. Сарапшы берген қорытындының ғылыми шынайылығын бағалау оның мазмұнын тереңінен зерттеуді көздейді. Сарапшының әрбір қорытындысы негізгі логикалық және құрылымдық үш элементті қамтиды, бұлар:

· білімнің нақты саласының ғылыми ережелері, сараптаманың теориялық және әдістемелік негіздері;

· зерттеудің нақты әдістемесі (жеке, құралдық әдістері мен тәсілдері);

· жалпы ғылыми ережелерден және жүргізілген зерттеудің нақты деректерінен келіп шығатын, фактілі деректерді қамтитын сарапшының тұжырымдары.

Сот сарапшы қорытындысының барлық аталған элементтеріне сын көзбен қарап баға беруге құқылы. Қорытындыға дұрыс баға беруге зерттеудің нақты әдістемесіне, оның ғылым мен техниканың жетістіктеріне сай келетіндігіне талдау жасау жолымен жетуге болады. Судьялар сараптаманың жекелеген тектері мен түрлерінің теориясы мен әдістемесі саласының мамандары болып табылмайтындығына сүйеніп, сараптаманың теориялық ережелері мен нақты әдістемесіне соттардың баға беруге жағдайы келмейді деп ойлау дұрыс емес.

Сарапшының қорытындысы дәлелдемелердің бір көзі болып табылады және сондықтан ол заңды және негізделген болуға тиіс. Сараптама қорытындысының заңға сәйкестігі сараптамамен байланысты барлық іс жүргізу әрекеттерінің заңға негізделуге тиіс екендігінен көрінеді. Қорытындының дұрыс негізделгендігі оның бастапқы деректерге, зерттеу әдістеріне, сараптамалық зерттеудің толықтығына, жан‑жақтылылығына және объективтілігіне негізделуінде жатыр.

Сот бүкіл қорытындының және оның жеке бөлімдерінің мазмұнына талдау жасау және осы жолмен оны сол бір фактілерге қатысты басқа да дәлелдемелер көздерімен салыстыру арқылы қорытындыға баға береді. Сарапшы қорытындысына баға беру сарапшының тұжырымдарына қатысты істің барлық мән‑жайларын тексерумен етене байланысты болуға тиіс.

Сараптама тәжірибесінде шартты түрде жасалған тұжырымдар болуы мүмкін, айталық егер растап пайымдау басқа мән‑жайлардың шынайылығына байланысты болса. Мысалы, трасолог сарапшылар: «бұзу, шабу немесе кесу іздері бұл құралдан қалмаған,- деп хабарлайды, - бірақ егер бұзу жасалған уақыттан бастап бұл құрал сараптамаға жіберілгенге дейін оның қайралмағаны анықталса,»- деген шарт қояды.

Болжамды тұжырымдар былай деп жазылады: «Зерттеу үстіндегі оқ, бәлкім, осы пистолеттен атылған», - бұл басқа ықтимал жағдайды да жоққа шығармайды.

Сарапшы қорытындысының дәлелдемелік рөлін анықтау үшін оны істің басқа материалдарымен салыстырудың, дәлелдейтін және дәлелденетін фактілердің арасында байланыстың бар (жоқ) екендігін айқындаудың маңызы зор. Түпкі нәтижесінде бұл сарапшы анықтайтын фактілердің істің мән‑жайларымен объективті байланысына тәуелді. Сондықтан сарапшының қорытындысына баға беру қорытындының мазмұнын зерттеуді, сарапшы тұжырымдарының ғылыми негізделгендігін айқындауды ғана емес, сонымен қатар қорытындыда баяндалған фактілердің істің мән‑жайларымен (дәлелдеу нысанымен) және қарау, куәлардан жауап алу жолымен, басқа да тергеу (сот) әрекеттері арқылы алынған нақты деректермен байланысына талдау жасауды да көздейді.

Сот дәлелдемелері теориясында қабылданған қағидаға сәйкес, сарапшылардың болжамды тұжырымдарын іс бойынша дәлелдеме ретінде қарастыруға болмайды. Бірақ жекелеген қриминалистердің пайымдауынша, осындай тұжырымдар істің басқа материалдарымен қуатталатын жағдайда, сарапшылардың болжамды тұжырымдары дәлелдеме күшіне ие болады, өйткені олар нақты фактілі деректерге негізделген. Үзілді‑кесілді және болжамды қорытындының арасындағы айырмашылық – сарапшының сенімі дәрежесінде, анықталатын, дәлелденетін фактіге қатысты анықталғандығында.

Соттар сарапшылардың салыстырып отырған объектілердің тектік (топтық) ұқсастығы туралы тұжырымдарын жиі кездестіреді. Кейде мұндай тұжырымдар сарапшының алдына жеке‑нақтылы ұқсастықты анықтау міндеті қойылған, бірақ сарапшы бұл міндетті толық көлемде шеше алмаған жағдайларда баяндалады. Тектік (топтық) ұқсастықты анықтау көбінесе объектінің көрінісі бойынша оның жеке нақты ұқсастығын жоққа шығармайды – ол объективті түрде мүмкін болады, бірақ сарапшы өзі анықтаған деректердің жеткілікті болмауына байланысты бұл жөніндегі пайымын үзілді‑кесілді айта алмайды. Мұның себебі нақты сарапшының құзыретті еместігінде ғана емес (соның ішінде жеке тәжірибесінің жоқтығынан), бірақ сараптамалық зерттеу әдістемелерінің ғылыми тұрғыда әзірленбегендігінде де болуы мүмкін. Аталған жағдайларда судьяның реакциясы әр түрлі болуы мүмкін: заңға және дұрыс мағынаға сәйкес ол қайталама сараптама тағайындай алады немесе салыстыру үстіндегі объектілердің тектік (топтық) ұқсастығы туралы тұжырымды жанама дәлелдеме ретінде пайдалануы мүмкін. Алайда зерттеліп отырған объектілердің «біртектілігі» (белгілі бір топқа жататындығы) туралы сарапшының пайымдауы одан күтілген бір объектінің жеке‑нақты ұқсастығын анықтау міндетінің толық көлемде шешілмегендігін білдіре бермейді. Бірқатар жағдайларда олар саралау міндетін толық шешкен кезде беріледі: мысалы, зерттеліп отырған зат белгілі бір сыныпты есірткі заттарына жатады, зерттеліп отырған қару – атыс қаруына жатады. Заттардың (объектілердің) текке (топқа) жататындығы туралы сарапшылардың осындай қорытындылары қылмыс элементтерінің тура дәлелдемелері қызметін атқарады.

Дәлелдеме ретіндегі сараптама қорытындысының басқа дәлелдемелерге қарағанда ешқандай артықшылығы жоқ. Сарапшының қорытындысында арнайы білім пайдаланылатын болғандықтан, ол шынайы емес, сол сияқты қате де болуы мүмкін. Дегенмен, судья өзінің қорытындымен келіспейтіндігін дәлелдеуге тиіс.

Дәлелдемелердің бұл түріне баға беру сарапшының құзыретін, ғылыми білімінің дәрежесін, іске мүдделі еместігін айқындауды көздейді. Тергеу әрекеті ретінде сараптаманың іс жүргізу тұрғысынан дұрыс ресімделуіне, зерттеу объектілерін алу және сараптамаға жіберу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының сақталуына ерекше назар аударған жөн. Сараптамада іс жүргізу тәртібін бұзу сарапшының қорытындысының заңдық күшін жояды.


 

 

 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Сот-баллистикалық сараптама.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)