Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

А-тармақтары бойынша

Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша

Ақтау үкімін шығаруға мынадай жағдайлар негіздеме болады:

- қылмыс оқиғасы анықталмаса, яғни сотталушыға айып етіп тағылған іс-әрекетті ол жасамаса немесе көрсетілген салдар зиян келтірілген адамның әрекеттерінен немесе ешкімнің де еркінен байланыссыз орын алған болса;

- сотталушының іс‑әрекетінде қылмыс құрамы болмаса, яғни іс-әрекетті сотталушы жасаса, бірақ қылмыстық заң бойынша ол қылмыстық деп танылмаса; оның іс-әрекетінде қандай да бір қылмыстың белгілері формальды түрде ғана бар, бірақ аса мәні жоқ болғандықтан қоғамға қауіпті болмаса; қылмыс құрамы бар деп танудың заңда белгіленген шарттары болмаса; іс‑әрекет қажетті қорғану немесе шекті қажеттілік жағдайында жасалса; немесе адам қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартса;

- қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе. Бұл негіздеме, қылмыс оқиғасы мен қылмыс құрамы сотта анықталды, бірақ сот отырысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығында осы қылмысты сотталушының жасағандығы даусыз дәлелденбеді дегенді білдіреді. Бұл орайда қойылатын шарттардың бірі – дәлелдемелер жинау жөніндегі барлық мүмкіндіктер толық пайдаланылуға тиіс.

Көрсетілген негіздемелердің кез келгенін соттың қолдануы сотталушының кінәсіз деп танылғанын білдіреді және сол дәрежеде сот оны толығымен ақтайды.

Егер қылмыс жасаған адам анықталмаған болса, сот сотталушыға қатысты ақтау үкімін шығарып, ақтау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, айыпталушы ретінде жауапқа тартылуға тиіс адамды анықтауға шара қолдану үшін қылмыстық істі прокурорға қайтарады.

Айыптау үкімінің, сол сияқты ақтау үкімінің де кіріспе бөлімі бірдей.

Үкімнің шығарылған орны үкім іс жүзінде шығарылған қала немесе елді мекен болып табылады.

Үкімнің кіріспе бөлімі «Қазақстан Республикасының атынан» деген сөздерден басталады. Содан соң үкімнің шығарылған уақыты мен орны, үкім шығарған соттың толық атауы көрсетіледі. Үкімде сөздерді қысқартып жазуға жол берілмейді.

Соттың құрамы туралы мәліметтерде үкім шығарған судьяның тегі мен аты-жөні қамтылады, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері туралы деректер көрсетіледі.

Сотталушының тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі. Оның іздеуде болғаны немесе тегін әр түрлі етіп көрсетіп сотталғанына қарамастан, үкімде алдымен оның шынайы тегін және содан кейін ғана басқа тектерін көрсеткен жөн. Сотталушының жұмыс істейтін орны, білімі, отбасылық жағдайы қылмыстық іс материалдарына тіркелген және сотта анықталған құжаттардың негізінде көрсетіледі.

Сонымен қатар қылмыстық іс үшін маңызы бар сотталушы тұлғасы туралы басқа деректерді де көрсету қажет. Атап айтқанда:

- сотталушының мүгедектігі туралы деректер;

- оның мемлекеттік наградаларының, құрметті, әскери және өзге де атақтарының бар-жоқтығы туралы;

- бұрын сотталған не сотталмағандығы туралы;

- егер сотталушы бұған дейін сотталған болса, үкімнің кіріспе бөлімінде оның сотталған уақытын, қылмыстық заң, жазаның мерзімі, осының алдындағы үкім бойынша жазадан босатудың негіздемелері мен уақытын көрсету керек. Егер оның сотталғандығы алынып тасталған немесе өтелген болса, онда соттың бұл жөнінде үкімде көрсетуге құқығы жоқ.

- үкімде қылмыстық істің ашық немесе жабық сот отырысында қаралғандығы көрсетілуге тиіс.

Айыптау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлімінде айыптаудың тұжырымдалуы және соттың қабылдаған тиісті шешімдерінің дәлелдемесі (негіздемесі) қамтылуға тиіс, бұл орайда барлық мәселелер заңда көрсетілген ретпен баяндалады.

Үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлімі айыптау үкімінің қарар бөліміне қайшы келмеуге тиіс. Үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлімін құру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын орындамау үкімнің бұзылуына алып келеді.

Айыптау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлімінде мыналар көрсетілуге тиіс:

- сот дәлелденген деп таныған қылмыстық іс‑әрекеттің сипаттамасы;

- жасалған орны, уақыты, оның жасалу тәсілі;

- қылмыстық іс‑әрекеттегі кінәнің, себептің, мақсаттың нысандары мен салдары;

- сотталушының өзіне тағылған айыпқа көзқарасы;

- соттың сотталушыға қатысты қорытындысына негіз болған дәлелдемелер баяндалады;

- тараптар ұсынған қандай да бір дәлелдемелерді соттың жоққа шығару себептері.

Сот жәбірленушілердің, куәлардың және соттың пікірі бойынша, берген айғақтары белгілі бір мән-жайларды растайтын басқа адамдардың тектерін көрсетіп қана қоймай, бұл айғақтарды мәні бойынша баяндауға тиіс, сондай-ақ бұл сот талқылауында зерттелген басқа дәлелдемелерді баяндауға да қатысты.

Бастапқыда үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлімінде сот дәлелденген деп таныған қылмыстық іс-әрекеттің сипаттамасы беріледі, оның жасалған орны, уақыты, жасалу тәсілі, кінәнің нысаны, қылмыстың себептері мен салдары көрсетіледі. Бұл орайда айыптау өзінің іс жүзіндегі мән-жайлары бойынша сотта тиісті тарап қолдап отырған айыптаудан елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін еместігін ескеріп, қылмыстық іс-әрекетті толық сипаттауға ерекше назар аудару қажет. Егер прокурор сотта айыптаудан немесе оның бір бөлігінен бас тартса, мұндай бас тарту сот үшін міндетті болып табылады.

Қылмысқа жекелеген қатысушылар заңда көзделген негіздемелер бойынша қылмыстық жауаптылықтан болсатылған кезде сот, егер сотталушының қылмысқа қатысу дәрежесін анықтау, оның әрекеттерін саралау және істің басқа да елеулі мән-жайларын анықтау үшін мұның мәні болса, сот істі қысқартудың негіздерін міндетті түрде көрсетіп, осындай адамдардың қылмысқа қатысқандығына үкімде сілтеме жасай алады.

Бағалау санаттарына жататын белгілер (мысалы, ірі мөлшер, елеулі залал және т. б.) бойынша сотталушыны қылмыстың жасалуына кінәлі деп танып, сот жасалған іс-әрекетте қылмыстың қандай да бір белгісінің бар екендігі туралы тұжырым жасауға негіз болған мән-жайларды үкімде келтіруге міндетті.

Егер сотталушы ҚР ҚК‑нің бір бабы бойынша сараланған бірнеше қылмысты жасады деп айыпталса (мысалы, бірнеше ұрлық) және олардың кейбіреулерін жасады деген айыптау расталмаса, онда егер бұл саралауды өзгертуге әкелмесе, үкімнің сипаттау бөлімінде соттың тиісті дәлелдемелерді келтіре отырып, айыптаудың бұл бөлімін негізсіз деп тану туралы қорытындысын тұжырымдауы жеткілікті. Егер сотталушы жасаған қылмыс қателікпен ҚР ҚК‑нің бірнеше бабы бойынша сараланса, сот үкімнің сипаттау бөлімінде ғана тиісті дәлелдемелерді келтіре отырып, қылмыстық заңның қателікпен айып тағылған бабын істен алып тастау туралы көрсетуге тиіс.

Айыптау үкімінің қарар бөлімі біртұтас іс жүргізу құжатының құрамдас бір бөлігі ретінде оның кіріспе және сипаттау-дәлелдеу бөлімдерінен туындауға тиіс.

Қарар бөлімінде «ҮКІМ ЕТТІ» деген сөздерден кейін сотталушының тегі, аты және әкесінің аты үкімнің кіріспе және сипаттау-дәлелдеу бөлімдеріндегідей дәл солай көрсетілуге тиіс.

Тиісті қылмыстық заңға сілтеме жасай отырып, сотталушыны нақты қылмыс жасауға кінәлі деп танып, сот осы қылмыс үшін сотталушыға тағайындалған негізгі және сол сияқты қосымша жазаның түрі мен мөлшерін көрсетуге тиіс. Егер сотталушы бірнеше қылмысты жасауға кінәлі деп танылса, онда жаза әрбір қылмысы үшін тағайындалады. Қылмыстар мен үкімдер жиынтығы болған жағдайда, сот ҚР ҚК‑нің 58 және 60-баптарының негізінде негізгі және қосымша жазаны түпкілікті тағайындайды. Барлық жағдайда үкімнің қарар бөлімінде жаза оны орындау кезінде түрі мен мөлшеріне қатысты ешқандай күмән туындамайтындай етіп көрсетілуге тиіс. Бұл негізгі, сол сияқты қосымша жазаға да қатысты.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталғанға қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі, егер осыған дейін қандай да бір бұлтартпау шарасы таңдалған болса, шешіледі. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған жағдайда, үкімнің қарар бөлімінде сот бұл уақытты жазаның өтелген мерзімінің есебіне алынғанын көрсетуге тиіс.

Ақтау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлімі қарар бөліміне қайшы болмауға тиіс, бұл орайда барлық мәселелер заңда көрсетілген тәртіппен баяндалады.

Сотталушыны ақтау қажеттігі туралы өзінің тұжырымын дәлелдей отырып, сот тағылған айыптың мәнін ақтау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлімінде баяндаған соң, сот талқылауы барысында соттың өзі анықтаған қылмыстық істің мән-жайларын, айыпталушыны ақтаудың негіздемелерін және оларды қуаттайтын дәлелдемелерді, айыптау тарапы ұсынған дәлелдемелерді соттың жоққа шығару себептерін көрсетеді.

Бірнеше сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарау кезінде сот ақтау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлімінде сотталушыны ақтаудың негіздемелерін және оларды растайтын дәлелдемелерді келтіреді. Сондай‑ақ айыптау тарапының сотталушыны қылмыс жасауға кінәлі деген қорытындысына негіз болған дәлелдемелерді соттың шынайы емес немесе жеткіліксіз деп тануының себептері көрсетіледі және бұл әрбір сотталушыға қатысты көрсетілуге тиіс.

Қарар бөлімінде «ҮКІМ ЕТТІ» деген сөздерден кейін сотталушының тегі, аты және әкесінің аты үкімнің кіріспе және сипаттау-дәлелдеу бөлімдеріндегідей көрсетілуге, сондай-ақ оған айып тағылған қылмыстық заң (ҚК‑нің тиісті бабы, бөлігі, тармағы) көрсетілуге тиіс. Содан кейін сотталушыны кінәсіз деп тану туралы шешім және оны ақтаудың негіздемелері көрсетіледі.

Егер сотталушыға ҚІЖК-нің 140-бабында атап көрсетілген бұлтартпау шараларының біреуі таңдалса, ол ақталған жағдайда, үкімнің қарар бөлімінде сот бұлтартпау шарасын жою туралы өкім жасауға тиіс. Қамауда ұсталып отырған сотталушы үкім жария етілгеннен кейін, тікелей сот залында дереу босатылуы тиіс.

Үкімнің қарар бөлімінде қойылған азаматтық талап бойынша соттың қабылдаған шешімі болуға тиіс. Онымен байланысты және сот талқылауын кейінге қалдыруды қажет ететін қосымша есептеме жасау қажет болған жағдайда, сот азаматтық талапкердің азаматтық талапты қанағаттандыру құқығын мойындауы және азаматтық талапты өтеудің мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беруі мүмкін.

Мүлікті тәркілеу қосымша жазалар қатарына жатады. Мүлікті тәркілеу толық немесе ішінара болуы мүмкін, тәркілеуге сотталғанның мүлкі, соның ішінде оның ортақ немесе бірлескен меншіктегі үлесі, ақшасы немесе бағалы қағаздары, сотталғанның банктегі салымдары және меншіктің кез келген нысандарындағы активтерге өзге де салымдары жатады. Сотталушыға тиесілі, заттай дәлелдемелер деп танылған заттар сотталғанның өзі немесе қылмысқа қатысушылар қылмыстық нәтижеге жету үшін оларды қылмыс құралы ретінде қасақана қолданған жағдайларда ғана тәркіленетінін ескеру қажет. Тәркіленуге жататын мүліктің мөлшері үкімде дәл көрсетілуге тиіс.

Үкімнің қарар бөлімінде ҚІЖК-нің 175, 176-баптарының талаптарын ескеріп, іс жүргізу шығыстарын бөлу мәселесі бойынша соттың нұсқауы нақты болуға тиіс. Үкімді жариялағаннан кейін, сот (судья) шағымдардың үкім шығарған сотқа жіберілуге тиіс екендігін, мұның оларды іс жүргізу үшін ресімдеу және іспен бірге жоғары тұрған сатыға жіберу үшін керек екендігін тараптарға түсіндіруге міндетті.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 232 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
А-тармақтары бойынша| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)