Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Соттың құрамын және процестің басқа қатысушыларын жариялау

Б-тармағы бойынша. | Г-тармағы бойынша | Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме | Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Түсіндірме | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. А-тармағы бойынша.
  2. А-тармақ бойынша
  3. А-тармақтары бойынша
  4. А-тармақтары бойынша
  5. Б-тармағы бойынша.
  6. В-тармақ бойынша
  7. Және 5-тармақтар бойынша.

Соттың құрамын және процестің басқа қатысушыларын жариялау, оларға қарсылық білдіру құқығын түсіндіру және мәлімделген қарсылықтар бойынша шешім қабылдау

1). Сотталушының жеке басы туралы деректерді анықтағаннан кейін, төрағалық етуші соттың құрамын, яғни істі қарайтын судьяның тегін жариялайды, кімнің сот отырысының хатшысы, сот приставы, айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сарапшы, маман болып табылатынын хабарлайды. Мысалы: «Қылмыстық істі Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Баркинхоев тыңдайды, хатшысы – Мұқанова, пристав Сәрсенов және іске прокурор Нұржанов, соталушының қорғаушысы - адвокат Нұрәлиев, жәбірленуші Машкеева және маман Авдеева қатысып отыр».

2). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге олардың қатысуын мүмкін етпейтін мән-жайлар болған жағдайда, судья, сот отырысының хатшысы, сот приставы, прокурор, қорғаушы, жәбірленушінің (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, сарапшы, маман қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыспауға міндетті, немесе қылмыстық процеске қатысушылар оларға қарсылық білдіруге тиіс.

Төрағалық етуші тараптарға олардың судьяға, сондай-ақ сот отырысы хатшысына, сот приставына, айыптаушыға, қорғаушыға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздемелер бойынша қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.

9.1. Судьяға, сот отырысының хатшысына, сот приставына, айыптаушыға, қорғаушыға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға қарсылық білдіруге болатын негіздемелер.

1). ҚІЖК-нің 90-бабы бойынша, мынадай жағдайларда судья істі қарауға қатыса алмайды:

- егер іс оның қарауына жатпаса (айталық, басқа ауданның сотының қарауына жатқызылса, сотталушыға тағылған айыптың ауырлығына орай облыстық, оған теңестірілген соттың қарауына жатқызылса, немесе егер жоғары тұрған саты істі басқа соттың қарауына беру туралы қаулы шығарса);

- егер бұрын ол осы іс бойынша прокурордың шешіміне жасалған шағымды (атап айтқанда, қамауға алуға санкция беру туралы прокурордың шешіміне берілген шағымды) қараса;

- осы іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса;

- осы қылмыстық іс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куә, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілі ретінде іс жүргізуге қатысса;

- жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса;

- егер судья жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса;

- дәл сол судьяның іс бойынша бұрын шығарған үкімінің немесе істі қысқарту туралы қаулысының бұзылуына орай бірінші сатыдағы іс жаңадан қаралса;

- бұрын ол осы істі екінші сатыдағы сотта қарауға немесе қадағалау тәртібімен қатысса.

2). Сонымен қатар, сот отырысының хатшысы, сот приставы, прокурор, сарапшы, маман ҚІЖК-нің 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгені болса, істі қарауға қатыса алмайды.

Бұдан басқа, егер сарапшы анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға, судьяға, сезіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкілдеріне, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне қызметтік немесе өзге де байланыста болса немесе болып отырса; егер ол нәтижесі қылмыстық іс бойынша іс қозғау немесе қылмыстық ізге түсуді бастау үшін негіз болған тексеру немесе басқа да тексеріс әрекеттерін жүргізсе; егер ол іске маман ретінде қатысса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.

Адамның осы іске сарапшы ретінде осының алдында қатысуы сараптама оның қорытындысының дұрыстығына күмән туындауы салдарынан қайта жүргізілген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге сарапшы ретінде оның қатысуын жоққа шығаратын жағдай болып табылмайды.

Адамның сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе соттың приставы ретінде осының алдында қатысуы олардың сот отырысына сот отырысының хатшысы ретінде одан әрі қатысуын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

Прокурордың алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуге қатысуы, сонымен бірдей оның сотта айыптауды қолдауы оның іске одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды.

Адамның аудармашы немесе маман ретінде осының алдында қатысуы олардың сот отырысына сәйкесінше аудармашы немесе маман ретінде одан әрі қатысуын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

3). ҚІЖК-нің 97-бабы бойынша қорғаушы, сондай-ақ жәбірленушінің (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі мына мән-жайлардың кез-келгені болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды:

- егер ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретінде қатысса;

- егер ол осы істі тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;

- егер ол қорғалушымен немесе сенім білдірушімен қарама-қарсы мүдделері бар адамға заңгерлік көмек көрсетіп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сонымен бірге мұндай адамдармен туыстық қатынаста болса;

- егер заңның күшімен немесе соттың шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға оның құқығы жоқ болса.

9.2. Жоғарыда көрсетілген адамдардың барлығына қарсылық сот тергеуі басталғанға дейін білдірілуге тиіс. Ал қарсылық білдіруге негіз болатын мән-жай қарсылық білдірген тарапқа сот тергеуі басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана қарсылықты кешірек білдіруге жол беріледі.

1). Төрағалық етуші өзінің ұйғаруымен процеске қатысушылардың сөз сөйлеуінің және мәлімделген қарсылықтар бойынша пікір айтудың кезектілігін белгілейді. Қарсылық білдірмеген прокурордың пікірі қорытынды ретінде соңғы кезекте тыңдалады.

2). Егер туыстық қатынаста немесе жеке байланысы бар басқа қатынаста болуынан бірнеше адамның қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, процестің қатысушысы мәртебесін басқалардан кейін алған адамдар қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден шығарылуға тиіс.

Егер судьяға қарсылық білдірумен бір уақытта процестің басқа қатысушыларына қарсылық білдірілген болса, онда бірінші кезекте судьяның өзіне қарсылық білдіру мәселесі шешіледі.

Істі жеке-дара қарайтын судьяға мәлімделген қарсылықты осы соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы шешеді. Қарсылық білдіру туралы мәлімдеу қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.

Сот талқылауының басқа қатысушыларына қатысты мәлімделген қарсылықты осы іс бойынша іс жүргізіп отырған судья шешеді.

Мәлімделген қарсылық туралы шешім кеңесу бөлмесінде қабылданады және жеке дәлелді қаулы нысанында шығарылады, ол жеке шағым түсіруге, наразылық келтіруге жатпайды.

Төрағалық етуші қаулымен (белгілі бір адамды іс бойынша іс жүргізуге қатысудан босату немесе оған мәлімделген қарсылықты қабылдамау туралы) келіспеушілік туралы уәждерді апелляциялық немесе қадағалау шағымына енгізуге болатынын түсіндіруі қажет.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша.| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)