Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б‑тармағы бойынша

Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақтары бойынша | А-тармақтары бойынша | Тармақ бойынша. | БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Б-тармағы бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Егер сараптама тағайындау туралы сот қаулысында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл жөнінде ол сараптама тағайындаған судьяға хабарлайды.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жасаудың мерзімін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жасайды.

Зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтін нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ (ҚІЖК‑нің 245‑бабы).

Сот қаулысының негізінде сараптама мекемесінің басшысы зерттеу жүргізуді белгілі бір сарапшыға тапсырады, бұл орайда ол оның мамандануын, жұмыс тәжірибесін және оның іс жүргізуіндегі сараптамалар санын ескереді. Бұл қандай да бір сараптама мекемесінің нақты маманына сараптама жүргізуді тапсыруға соттың құқығы жоқ деген сөз емес. Өзінің бастамасы немесе сотталушының, талапкердің немесе жауапкердің өтінімі бойынша сот өзінің қаулысында сараптама жүргізудің нақты кімге тапсырылғанын көрсете алады. Бұл ретте ол әр түрлі сараптама мекемелерінің қызметкерлерін және сараптама мекемесінің штатында жоқ адамдарды сараптама жүргізуге шақыруға құқылы емес. Сараптама комиссиясына, айталық, жоғары оқу орындары кафедраларының, мамандандырылған ғылыми‑зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері және т. с. енуі мүмкін.

Сарапшыны таңдау кезінде соттың және сараптаманың тәжірибесінде кейде екі түрлі қателікке жол беріледі.

Біріншіден, сараптама мекемесінің басшылары сараптама тағайындаған органмен келіспей, іс бойынша сараптама жүргізуді сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамға емес, өзге адамға тапсырады (әдетте, қызметкері еңбек демалысында болғанда, ауырып жатқанда немесе мекемедегі қызметтен кеткен жағдайларда). Сарапшыны таңдау құқығы сотқа тиесілі, сондықтан сараптама жүргізуді ол көрсеткен адамға беру мүмкін болмаған жағдайда, сараптама мекемесінің басшысы сараптама тағайындаған тұлғаны бұл жөнінде хабардар етуге және оның тиісті шешімін алуға міндетті.

Екіншіден, сараптама мекемесінің басшысы, егер оған бағынысты мекемеде зерттеу жасау толығымен немесе ішінара мүмкін болмаса (мысалы, тиісті жабдықтың, белгілі бір сала мамандарының жоқ болуынан), ол сарапамалық зерттеу жүргізуді басқа мекемелердің, соның ішінде сараптамалық емес мекемелердің ғылыми қызметкерлеріне тапсырады. Сот өзінің қаулысында нақты адамдарды атамастан, ғылыми мекеменің қызметкерлерін шақыру туралы шешім қабылдаған жағдайларда да мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды. Сараптама жасауға әр түрлі мекемелерден мамандар шақыру қажет болғанда, сот нақты адамдарды таңдауға, олармен танысуға және қорытынды беруден бас тартудың немесе көрінеу жалған қорытынды берудің жауаптылыққа әкеп соғатынын оларға алдын ала ескертуге тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Тармақ бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)