Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Сот дәлелдемелерінің қабылданған жіктемесіне сәйкес сарапшының

Ш Е Ш І М | Йғарым | Судья А.Х. Батыров | Тарау. Апелляциялық шағым беру | Тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері | Тармақ бойынша | В-тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақ бойынша | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Сот дәлелдемелерінің қабылданған жіктемесіне сәйкес сарапшының қорытындысы ақпараттық тұрғыдан жеке және бастапқы дәлелдеме ретінде қарастырылуы мүмкін. Сарапшының қорытындысында қамтылатын ақпарат (нақты деректер) дәлелденіп, іздестіріліп отырған фактіге (тезиске) ұқсас болуы мүмкін және сонда сарапшының қорытындысы тура дәлелдеме болып табылады. Көбінесе сарапшының қорытындысы дәлелдеудің ортақ мақсатына (нысанына) қатысты алғанда аралық (жанама) фактілерді анықтайды және сонда ол жанама дәлелдеме (айғақ) ретінде пайдаланылады.

Сот әрқашанда сарапшы қорытындысының дәлелдеме ретінде жарамдылығы туралы мәселені талқылайды. Атап айтқанда, іс жүргізу нысаны тұрғысынан оның қабылданатындығына (іс жүргізу заңының нұсқауларына қатаң сәйкестікте тіркелген іс материалдарын сарапшының қолдануы), сондай‑ақ сарапшының іс жүргізу ережелерін сақтауына баға беріледі. Осыған орай сот сарапшының құзыретіне назар аударады.

Сарапшы қорытындысының шынайылығына және ол анықтаған фактілердің дәлелдемелік рөліне баға беру күрделі ойлау процесі болып табылады. Сарапшы берген қорытындының ғылыми шынайылығын бағалау оның мазмұнын тереңінен зерттеуді көздейді. Сарапшының әрбір қорытындысы негізгі логикалық және құрылымдық үш элементті қамтиды, бұлар:

білімнің нақты саласының ғылыми ережелері, сараптаманың теориялық және әдістемелік негіздері;

зерттеудің нақты әдістемесі (жеке, құралдық әдістері мен тәсілдері);

жалпы ғылыми ережелерден және жүргізілген зерттеудің нақты деректерінен келіп шығатын, фактілі деректерді қамтитын сарапшының тұжырымдары.

Сот сарапшы қорытындысының барлық аталған элементтеріне сын көзбен қарап баға беруге құқылы. Қорытындыға дұрыс баға беруге зерттеудің нақты әдістемесіне, оның ғылым мен техника жетістіктеріне сай келетіндігіне талдау жасау жолымен жетуге болады. Судьялар сараптаманың жекелеген тектері мен түрлерінің теориясы мен әдістемесі саласының мамандары болып табылмайтындығына сүйеніп, сараптаманың теориялық ережелері мен нақты әдістемесіне соттардың баға беруге жағдайы келмейді деп ойлау дұрыс емес.

Сот бүкіл қорытындының және оның жеке бөлімдерінің мазмұнына талдау жасау және осы жолмен оны сол бір фактілерге қатысты басқа да дәлелдемелер көздерімен салыстыру арқылы қорытындыға баға береді. Сарапшы қорытындысына баға беру сарапшының тұжырымдарына қатысты істің барлық мән‑жайларын тексерумен етене байланысты болуға тиіс. Осыған орай сарапшылар қорытындыларының сипаттамасына тоқтаған дұрыс болады.

Қорытынды мен басқа дәлелдемелер арасында қарама-қайшылық анықталған жағдайда, алшақтық сарапшының тұжырымдарының салдары немесе оларға қарама-қайшы келетін дәлелдемелердің шынайы еместігінің салдары екенін айқындап, істің барлық материалдарын мұқият бағалаған дұрыс. Егер сарапшының қорытындылары істің нақты мән-жайларына қарама-қайшы келсе немесе сарапшының қорытындысына әсер етуі мүмкін жаңа деректер анықталса, сондай-ақ сараптаманы тағайындау мен жүргізуге байланысты іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда, судьяның тиісінше қосымша (қорытынды жеткілікті түрде толық немесе айқын болмағанда) тағайындауға құқығы бар. Сот тәжірибесінде бір жағынан, сарапшылардың қорытындыларының шындығы мен маңыздылығын асыра бағалау, ал екінші жағынан, сараптамалардың теориясы мен әдістемелерінің жекелеген ережелерінің ғылыми негізділігіне күмәндануға негізделген жете бағаламау жағдайлары кездеседі. Кейбір соттар сарапшылардың қорытындыларын дәлелдемелер ретінде сыни тұрғыдан тыс пайдаланады: барлық қорытындыны зерттеместен олар тек жауапқа (сарапшының тұжырымына) ғана назар аударады, бұл орайда сараптаманың беделіне сүйенеді. Сарапшының қорытындысы істің басқа мән-жайларына сәйкес келетініне немесе қарама-қайшы келетініне қарай қорытынды дәлелдеме ретінде жай ғана қабылданады немесе жоққа шығарылады. Бұлайша қабылдау мен пайдалану жаңсақ шешімдерге әкелуі мүмкін.

Сарапшының қорытындысы мен басқа фактілердің арасындағы қарама-қайшылық қорытынды дұрыс емес дегенді білдірмейді. Қосымша іс жүргізу әрекеттерін іске асыру жолымен куәлердің жауаптарының дәл еместігі және жалғандығы анықталып, сонымен қатар жаңадан анықталған фактілердің сарапшылардың қорытындыларымен толық сәйкес келуіне қол жеткізілген жағдайлар мәлім.



 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Тармақ бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)