Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Судья А.Х. Батыров

Тарау. Сот қаулылары. | Сот шешімі | Шешімның мазмұны | Сот бұйрығының мазмұны | Йғарым | Йғарым | СОТ БҰЙРЫҒЫ | СОТ БҰЙРЫҒЫ | Йғарым | Ш Е Ш І М |


Читайте также:
  1. В силу ст.23 ГПК РФ дела о выдаче судебных приказов рассматривает мировой судья.
  2. Гл. Судья соревнований Мусуков Аслан 8 912 029-29-96
  3. ГЛАВА 14. Бог - наш Судья
  4. Главный судья Е. Ю. Кудрявцев
  5. Главный судья соревнований
  6. Есть 3 случая, когда мусульманский судья не выйдет из Ислама.
  7. Наш судья

 

 


Тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау.

Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сол шешімді шығарған сот қайта қарайды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы сот қаулыларын шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот іске асырады. Егер соттың шешімі апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде өзгеріссіз қалса, шешімнің өзі қайта қаралуға тиіс және бұл шешімді шығарған бірінші сатыдағы сот оны қайта қарауға міндетті.

Азаматтық істер бойынша шығарылған бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының ішінде тек олар бойынша процесс (іс бойынша іс жүргізуді аяқтау туралы, арызды қараусыз қалдыру туралы) аяқталғандары ғана жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жатады.

Шешімді, ұйғарымды, қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысушы тұлғалар немесе прокурор бере алады.

АІЖК-нің 406-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Белгіленген үш ай марзім іс жүргізу мерзімі болып табылады, сондықтан оны сот АІЖК-нің 128-бабына сәйкес мерзімді ұзарту туралы өтініш болған және өткізіліп алыну себептері дәлелді деп танылған жағдайда ұзартуы мүмкін.

Прокурордың арыз беру мерзімі белгіленбеген, сондықтан прокурордың шешімді, ұйғарымды, қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беру құқығы қандай да бір мерзіммен шектелмеген.

Сот актісін қайта қарау туралы арызда төмендегілер көрсетілуі мүмкін:

· арыз беріліп отырған соттың атауы;

· арыз беруші тұлғаның атауы;

· қайта қаралуы туралы мәселе қойылып отырған шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны көрсету;

· шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау үшін негіздеме болып табылатын жаңадан анықталған мән-жайды және оны растайтын дәлелдемелерді көрсету;

· арыз беруші тұлғаның өтініші;

· арызға қоса тіркелген материалдардың тізбесі.

Арызға осы арызды беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл ұсынған арызға өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе басқа құжат қоса тіркелуге тиіс.

Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша төмендегі негіздемелер бойынша қайта қаралуы мүмкін (АІЖК-нің 404-бабы):

· арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар; мұндай мән-жайлар ретінде дауласушы тараптардың өзара қарым-қатынасы үшін құқықтық маңызы бар фактілерді түсіну керек. Мысалы, сот шешімімен заң бойынша мұрагерлер арасында құқықтар белгіленіп, мұра бөлінген. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін заң бойынша мұрагерлердің қатарына жатпайтын тұлғаның пайдасына бүкіл мұрагерлік мүлікке деген өсиет бар екені белгілі болды. Аталған өсиет арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған, сондықтан ол сот шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздеме бола алады.

Сонымен қатар азаматтық істі қарау сәтіне қарай орын алған фактілердің шешім шығарылғаннан кейін пайда болған құқықтық маңызы бар фактілерден ара жігін ажырату керек. Мұндай мән-жайлар не істің дұрыс қаралмағаны туралы айғақтайды және қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіздеме болады немесе жаңа талап қою үшін негіздеме ретінде жүре алады.

· Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы. Осы негіздеме бойынша шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені шешкен кезде сот үкімімен белгіленген мән-жайлардың шығарылған шешімнің дұрыстығына әсер еткеніне сот көз жеткізуге тиіс. Егер сот шешімімен белгіленген құқықтық фактілер істегі басқа дәлелдемелермен анық расталатын болса, онда сот үкімімен белгіленген қандай да бір дәлелдеменің жалғандығы шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздеме бола алмайды.

· Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттері;

· Соттың шешімін, ұйғарымын немесе қаулысын немесе басқа органның қаулысын шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не басқа органның қаулысының күшін жою. Осы негіздеме бойынша төмендегіні назарда ұстау керек:

1. соттың немесе басқа органның актісінің ұсынылған көшірмесі тиісті түрде куәландырылуға тиіс;

2. соттың немесе басқа органның күші жойылған қаулысы шынында да іс бойынша шешімнің негізіне алынған.

Заңды күшіне енген шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыз беру үшін белгіленген мерзім төмендегідей есептеледі:

· арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар анықталған күннен бастап;

· сот үкімімен белгіленген мән-жайлар, қылмыстық іс жөніндегі үкім заңды күшіне енген күннен бастап;

· сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не басқа органның қаулысының күші жойылған кезде, сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген немесе мемлекеттік немесе өзге де орган қайта қаралатын шешім, ұйғарым немесе қаулы негізге алынған үкімге, шешімге, ұйғарымға немесе қаулыға өз мазмұны бойынша қайшы келетін қаулы шығарған күннен бастап.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз кез келген жағдайда сот отырысында қаралуға енгізіледі және бірінші сатыдағы сотта немесе апелляциялық немесе қадағалау сатыларында азаматтық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады (қайта қаралуы туралы мәселе қойылып отырған сот қаулысын қандай сатының қабылдағанына қарай).

Арыз берушіге және іске қатысушы тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Іске қатысушы тұлғалар мен прокурордың іс талқыланғанға дейін және сот отырысында шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды қуаттайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер келтіруге құқығы бар. Ұсынылған дәлелдемелерді сот дәлелдемелердің қатыстылығы мен жарамдылығы ережелері бойынша зерттейді және бағалайды.

Арызды қараудың нәтижелері бойынша сот төмендегідей ұйғарым шығарады:

· арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы. Бұл ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

· шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы. Аталған ұйғарым шығарылған күннен бастап он күн ішінде апелляциялық сатыдағы сотқа жекеше шағым, нарызылық беру жолымен осы ұйғарымға шағым беруге, наразылық келтіруге болады. Жекеше шағым немесе нарызылық ұйғарымды шығарған сот арқылы беріледі.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы ұйғарым АІЖК-нің 252-бабында көрсетілген жалпы талаптарға сәйкес келуге тиіс, атап айтқанда:

· ұйғарымды шығарған соттың атауы, соттың құрамы;

· ұйғарым шығарылған уақыт және орын;

· істі қарауға қатысушы тұлғалар;

· шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз берген тұлға;

· қайта қаралып отырған шешімнің, берілген арыздың, арызды қарау кезінде ұсынылған материалдардың және іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;

· соттың тұжырым жасауына негіз болған дәлелдер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтемелер;

· қаулы ету (қарар) бөліміндегі соттың тұжырымдары.

Арыз қанағаттандырылған және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда іс Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген ережелер бойынша қайта қаралады. Бір сот отырысында шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарауға және істі мәні бойынша қарауға жол берілмейді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йғарым| Тарау. Апелляциялық шағым беру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)