Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістер гипоплазиясы (Гипоплазия зубов).

Читайте также:
  1. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Ртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
  3. Тісжегі (кариес зубов).
  4. Тістер эрозиясының клиникалық көрінісі.
  5. Тістердің боялуы (пигментация зубов) және тіс қақтары.
  6. Тістердің тісжегіден басқа аурулары.

Дәрігер-стоматологтың тәжрибесінде тіс кіреукесінің нашар дамуы немесе кіреуке гипоплазиясы жиірек кездеседі (сурет).

Біраз ғалымдардың ұйғаруынша, тістің қатты тіндерінің, оның ішінде кіреуке гипоплазиясы кіреукенің энамелобластармен құрылуының бұзылуы және кіреуке призмаларының минералдану үрдісінің нашарлауы нәтижесінде дамиды.

В.К.Патрикеевтің (1967) болжауынша, гипоплазия кезінде минералдану үрдісінің бұзылуы ғана емес, бірінші орында энамелобластардың қызметтерінің баяулауына байланысты кіреукенің белокты матрицасының құрылуының тежелуі байқалады.

Тек Грошиковтың (1985) ұйғаруынша, тіс тіндерінің гипоплазиясы тіс ұрықтарында метаболистік үрдістердің төмендеуі (минералды және белокты зат алмасудың бұзылуынан) және тіс ұрығына жергілікті зиянды ықпалдар әсерінен дамиды.

Гипоплазия кезінде кіреукенің толық дамымауы – қайта қалпына келмейтін үрдіс және оның нәтижесінде дамыған ақаулар кіреукеде өмір бойы сақталады.

Кіреуке гипоплазиясы сүт тістерінде сирек, ал тұрақты тістерде жиірек кездеседі. Бала ана жатырында жатқанда дамитын сүт тістері гипоплазиясының қалыптасуы екіқабат әйелдің организміндегі әртүрлі зат алмасу үрдістерінің бұзылуына байланысты. Ал бала туғаннан кейін 5-6 айда қалыптаса бастайтын тұрақты тістер гипоплазиясының пайда болуы жас нәресте организмінде әртүрлі патологиялық үрдістердің дамуымен тығыз байланысты.

Тұрақты тістер гипоплазиясы тіс қатты тіндерінің қалыптасуы және минералдануы кезінде баланың зардап шеккен ауруларының әсерінен дамиды. Гипоплазия көбінесе рахитпен, тетаниямен, жұқпалы аурулармен, асқорыту жолдары, эндокриндік жүйе ауруларымен ауырған, алиментарлық дистрофиядан, мидағы өзгерістерден зардап шеккен балаларда кездеседі.

Тұрақты тістердегі гипопластикалық ақаулардың 60% жас баланың алғашқы өмірінің тоғыз айында дамиды және гипоплазия ошақтарының орналасу деңгейлері, әр топтағы тістердің жарақаттануы баланың ауырған жасымен тікелей байланысты. Егер бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда ауырса, гипоплазия ошағы орталық күрек тістердің тістеу қырларында, бірінші үлкен азу тістердің төмпешіктерінде дамиды, себебі бұл тістер бала тұғаннан кейінгі 5-6 айда қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бала 8-9 айда ауырса, гипоплазия ошағы бүйір күрек тістер мен сүйір тістердің тістеу қырларында (олар осы айларда қалыптаса бастайды) дамиды.

Егер баланың сырқаты ауыр және ұзаққа созылған болса, кіреукедегі өзгерістер тіс сауыттарын бүтіндей алып жатады. Гипоплазия кезінде тіс тіндері жарақаттарының ауырлығы бала организмінде байқалған зат алмасу үрдістерінің бұзылу деңгейіне байланысты болады.

Бір уақыт аралығында дамыған біраз топтағы тістер гипоплазиясын жүйелі гипоплазия (системная гипоплазия), ал бір немесе бір-екі тісте кездесетін гипоплазияны, жергілікті гипоплазия (местная гипоплазия) деп атайды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 297 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)