Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердің тісжегіден басқа аурулары.

Читайте также:
  1. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  2. Диалогтік және басқа да әңгімелер
  3. Ішкі істерді басқарудың құқықтық – ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Полиция.
  4. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру.
  5. Неркәсіпті энергетика мен сауданы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық жүйесі
  6. Олигополиядағы бір фирманың өндіріс көлемінің басқа фирмаға қатысты графигі қалай аталады?
  7. Ртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары

Тістердің қатты тіндерінің тісжегіден басқа аурулар кезінде жарақаттануы аса көп кездеспейтін патологиялық үрдіс болғанымен, олардың клиникалық ерекшеліктерін, емдеу жолдарын және алдын-алу әдістерін дәрігер-стоматолог жақсы білуі керек. Бұл жарақаттар кезінде ауыру сезімі аса қатты мазалап және әртүрлі күрделі асқынулар тудырмағанымен, тістердің эстетикалық сұранысқа жауап бере алмауы – үлкен қолайсыздық жағдайына әкеп соғады.

Тістердің қатты тіндерінің жарақаттануының себептерінің көп болуы, клиникалық белгілерінің көптүрлілігі оңтайлы жүйе құруға жақсы мүмкіндік туғыза бермейді.

Тістердің қатты тіндерінің В.К.Патрикеев (1968) ұсынған жүйесі бойынша оларды даму уақытына байланысты екі топқа бөлуге болады:

І. Тістердің фолликулярлық дамуы кезінде пайда болатын немесе тістер шыққанға дейін дамитын жарақаттар.

1 тістер гипоплазиясы;

2 тістер гиперплазиясы;

3 тістердің эндемиялық флюрозы;

4 тістірдің пішіндері мен көлемдерінің ауытқуы;

5 тістердің түсінің бұзылуы;

6 тістердің дамуының тұқымқуалаушылық әсерінен бұзылуы.

ІІ. Тістердің шыққаннан кейін дамитын жарақаттары:

1. тістердің пигментациялануы және қақтары;

2. қатты тіндерінің қажалуы,

3. сынаға ұқсас ақау;

4. тістер эрозиясы;

5. тістердің қатты тіндерінің некроздануы;

6. тістердің зақымдануы;

7. тістердің жоғары сезімталдығы.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ – ВоЗ) ұсынған топтастыру нәтижесінде құрылған жүйе:

І. Тістердің дамуы мен шығуының бұзылуы:

1. Тістердің көлемі мен пішінің ауытқулары – тістердің бітісіп кетуі, бірігіп кетуі, бір-бірінің ішіне еніп кетуі (инвагинация зубов), кіреуке тамшылары.

2. Теңбіл тістер – кіреукенің эндемиялық теңбілдігі (флюороз).

3. Тістің қалыптасуының бұзылуы – кіреуке гипоплазиясы (пренатальдық гипоплазия, неонаталдық гипоплазия, Турнер тісі).

4. Тістердің құрылысының тұқым қуалаушылық әсерінен бұзылуы – жетілмеген амелодентиногенез және одонтогенез.

5. Туа дамыған мерез – Гетчинсон тістері, - тұт азу тістер (тутовые моляры).

6. Тістер дамуының басқа да бұзылыстары – резускеліспеушілік әсерінен тістің түсінің өзгеруі, билиарлық жүйенің ақаулы дамуынан, тетрациклин қабылдау әсерінен өзгеріуі.

ІІ. Тістердің қатты тіндерінің жарақаттаны.

1. Шамадан тыс қажалу.

2. Тістердің зиянды әдеттер, кәсіби мамандық зияндары, тазалау және ұлттық әдет- ғұрыптар әсерінен қажалуы.

3. Эрозия.

4. Тістердің түсінің шықаннан кейін бұзылуы - металдар, металды қоспалар, ұлпаға қан құйылу әсерінен.

5. Тістің қатты тіндерінің басқалай жарақаттары – сәуле әсерінен кіреукенің өзгеруі, дентиннің сезімталдығы.

 

ІІІ. Ауыз ағзаларының ішкі құрылымдарының бұзылуы.

1. Тіс сауытының кіреуке деңгейінде, дентин деңгейінде сынуы, ұлпаның ашылып қалуы.

2. Тіс түбірінің сынуы.

3. Тістің орнынан таюы.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)