Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердің боялуы (пигментация зубов) және тіс қақтары.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Тістердің шықаннан кейінгі жарақаттары.

Тістің сынаға ұқсас ақауы (клиновидный дефект зуба).

Сынаға ұқсас ақау тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылунан пайда болады және тістердің мойын бөліктерінде ерін және ұрт жақ беттерінде орналасады. Сынаға ұқсас ақау орта жастағы және жасы ұлғайған адамдарда кездеседі пародонт тіндері өзгеріске ұшыраған адамдарда жиірек байқалады. Сондықтан оны пародонт ауруларының бір белгісі депте саналып келді. Қазіргі кезде бұл жарақат 20-30 жастағы адамдар арасында да кездесе бастады.

Сынаға ұқсас ақаудың себептері туралы әртүрлі көзқарастар бар. Біраз зерттеушілер оны тіс тазалау кезінде мәсуектің механикалық әсерінің нәтижесі деп түсіндіреді. Оның дәлелі - ақаудың тіс қатарында шығыңқы орналасқан тістер (сүйір тістер мен кіші азу тістер), мойнында, солақай адамдардың (левша) оң жақ тістерінде, ал оңқай адамдардың (правша) сол жақ тістерінде жиірек кездесуі. Бірақ тіс мәсуегін пайдаланатын адамдардың бәріндеде бұл ақау кездесе бермейді.

Енді біраз зерттеушілер ақаудың пайда болуын ауызда пайда болатын қышқылдардың әсері деп тұжырымдайды. Бірақ ақаудың қышқылдардың ең көп құрылатын аймағы – тістердің жанасу беттерінің мойын бөліктерінде пайда болмауы, бұл тұжырымның дәлелсіз екенін көрсетеді.

Сынаға ұқсас ақау көбінесе ересек және жасы ұлғая бастаған адамдарда конкремент құрылған кезде, екіншілік дентин белсенді құрылып тіс қуыстары тарылған, кейде тіпті жабылған адамдарда жиі кездеседі. Мұның өзі тістің қатты тіндерінің трофикасының бұзылып, атрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деген ой келтіреді. Ал тіс тазалайтын мәсуек көрсететін механикалық әсер – тек қосымша ықпал деп түйіндеуге болады.

 

Тістердің боялуы (пигментация зубов) және тіс қақтары.

Қалыпты жағдайда адамдардың тістері ақ, көкшілдеу – ақ (сүт тістері), ақ- сұрлау және ақшыл – сарғыштау түсті болып келеді, кіреукесі жылтыр, жарыққа жақсы шағылысады.

Тістердің түсі әр түрлі ішкі әсерлерден өзгеруі мүмкін. Ұлпаға қан құйылған кезде, вирустық гепотиттің ауыр түрімен немесе тырысқақ аурумен (холера) ауырғанда тістің түсі қызғылттанады. Сары ауру кезінде өт пигменттерінің өшуі нәтижесінде тістер сарғыштау түске боялады. Екі қабат әйелдер және мектеп жасына дейінгі балалар тетрациклинді топтағы дәрілерді көп қабылдаса, баланың сүт және тұрақты тістері сары-сұрлау немесе сары-жасылдау түске боялады. Әртүрлі себептерден тіс ұлпасы өліеттенген болса, оның шіріп – ыдырауы әсерінен бөлінген заттар дентин өзекшелеріне сіңіп, тістің түсінің өзгеруіне және кіреукенің күңгірттеуіне әкеліп соғады (тістердің түсі кір-сұр түстен қара-қоңыр түске дейін өзгереді, (сурет 1). Өндірісте немесе тұрмыс жағдайында организмнің ауыр металдар тұздарымен (сынап, қорғасын, висмут, мыс) улануы кезінде де олардың тіс тіндерінде шөгуі әсерінен түс өзгерісі байқалады.

Тістердің түсі сыртқы әсерлерден де тұрақты түрде немесе аз уақытқа өзгеруі мүмкін. Тағамдық заттар (шай,кофе), дәрілер (калий перманганаты, этакридин, хлоргексидин), жеміс-жидектер (шие, қарақат, қарамық, мойыл), аз уақытқа болса да тістердің түсін өзгертеді.

Эндодонтиялық емдеу үшін қолданылатын кейбір дәрілік заттар да тістердің түсін өзгертеді. Нашар өтетін түбір өзектерінде резорцин-формалиндеу әдісін қолданған кезде немесе түбір өзектерін резорцин-формалин қойыртпағымен, парацинмен пломбылаған кезде тістер қызғылт немесе оранжевый түске боялады. Тістердің түсі аралық төсемі дұрыс салынбаған металқұрамды пломбылар (күміс немесе мыс амальгамасы, галлодент-м) әсерінен де өзгереді.

Сонымен қатар түбір өзектерінде алынбай қалған ұсақ эндоденттік аспаптардың сынықтарының (түбір инесі, ұлпаалғыш, файлдар, ремерлер) және металдан жасалған сапасыз штифтердің тотығуы нәтижесінде де тістердің түсі өзгеруі мүмкін.

Шылымды көп шегетін адамдардың тістерінің мойын бөліктерінде, жанасу және ауыз жақ беттерінде қоңыр түсті қақ шөгіп, тісті жартылай немесе толығымен қоңыр және қара-қоңыр түске бояйды.

Емі. Тістердің түсі беттерінде қақтардың шөгуінәтижесінде өзгерген болса, оларды қақтан тазарту қажет. Қазіргі кезде тіс қақтарын ультрадыбыстың көмегімен тазалау әдісі кең қолданылады. Бұл әдіс тіс кіреукесіне ешқандай зиян келтірмейді және пародонтқа көп қысым түсірмейді. Қақты алғаннан кейін тістерді арнаулы ағартқыш абразивті қойыртпақтарды пайдаланып щеткамен тазалап ағартады және жылтыратады. Ол үшін пасталар немесе глицеринге шыланған пемза қолданылады. Жылтыратқыш ұнтақ ретінде фосфат-цементінің ұнтағын да пайдалануға болады. Тістерді тазартып, беттерін жылтыратқаннан кейін қызыл иек жиегін сутегінің асқын тотығымен, иодтың 1-2% спиртті ертіндісімен өңдеген жөн.

Түстері өзгерген ұлпасыз тістерді ағарту үшін сутегінің асқын тотығының әртүрлі концентрациялы ертінділері пайдаланылады (сауыт сырты немесе сауыт іші арқылы ағарту әдістері).

Егер тіс қақтарын ультрадыбыспен алу мүмкіндігі жоқ болса (алыстағы ауылдарда, қыстақтарда), аршығыштың (экскаватордың), арнаулы жиынтықтардың көмегімен де алуға болады және содан кейін ағарту және жылтырату шараларын жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)