Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегі (кариес зубов).

Читайте также:
  1. Композиттік материалдардан пломбы қойылатын жағдайда тісжегі қуыстарын егеп-тазалау ерекшеліктері.
  2. Орта тісжегі.
  3. Терең тісжегі.
  4. Тісжегі қуысын егеп тазалау кезеңдері
  5. Тісжегіні егеп-тазалап емдеу
  6. Тісжегіні емдеу.

Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндерінің минаралды заттарының еріп, органикалық заттарының ыдырауы нәтижесінде тіс сауытының бүтінділігін бұзатын ақаудың немесе қуыстың пайда болуымен сипатталатын патологиялық үрдіс.

Тісжегі – адамзатқа ертеден белгілі ауру. Арнаулы әдебиетте біздің заманымыздан 500 мың жыл бұрын тұрған оңтүстік Африка тұрғындарының бас сүйектерінде тісжегі әсерінен бұзылған тістер болғаны туралы мәлімет бар (Тhilad E., Biкhed D., 1986). Көптеген зерттеулер де қазіргі жыл санаудан 2,5-3 мың жыл бұрын тұрған адамдар да тісжегі болғанын дәлелдейді. Аң және балық аулап күн көрген адамдардың пісірілген тамақ пен қоректену дәуіріне дейін тістері тісжегімен бұзылмағаны туралы дәлелді мәліметтер де бар.

Көпетеген елдерде жүргізілген зерттеулер Еуропа және Америка тұрғындарының тістерінің тісжегіге көп шалдыға басталуы XVII ғасырдан басталғанын және оның сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайдың, тұрмыс- тіршілік, тамақтанудың ерекшеліктерімен (тазартылған ұн және балқұрайдан дайындалған қанттың көптеп қолданыла бастауы) тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Лукомский И.Г. ескі қорғандардан алынған археологиялық материалдарды (IX-XII ғасыр), бейіттен алынған бас сүйектерді (XV-XVII ғасыр) зерттей отырып, сол кездегі адамдар арасында тісжегінің таралу көрсеткіші 0-8,2%, ал орташа көрсеткіші 4,5 % тең болғанын анықтады. Қазіргі кезде тісжегі кең таралған ауруға жатады. Жер шары тұрғындарының арасында оның таралу көрсеткіші 50-95%.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) номенклатурасына сай тістердің тісжегімен жарақаттануын бағалау үшін үш көрсеткішті пайдаланады: 1) аурудың таралу; 2) қарқындылық; 3) қарқындылықтың өсу көрсеткіштері.

Тісжегінің таралуы (распространенность кариеса) – тісжегімен жарақаттанған (Т) пломбыланған (П) және жұлынған (Ж) тістері бар адамдардың пайыздық (%) көрсеткіші (100 адамға есептегенде). Мысалы, стоматологиялық тексеруден өткен 100 адамның 65-де тістерінің тісжегімен жарақаттанғаны анықталды. Бұл жағдайда тісжегінің таралуы 65% тең болады. Тісжегінің қарқындылық (интенсивность кариеса) – барлық тісжегі және оның асқынулары бар тістердің (Т), пломбыланған (П) және жұлынған (Ж) тістердің бір адамға (тексеруден өткен) шаққандағы орта саны немесе ТПЖ көрсеткіші. Балаларда аралас тістем (смешанный прикус) болғандықтан, тұрақты тістем қалыптасқанға дейін бұл көрсеткіш тұрақты және сүт тістерінің көрсеткіштерінен (ТПЖ + тп) тұрады және «т» әрпімен тісжегіге ұшыраған сүт тістерін, ал кіші «п» әрпімен пломбыланған сүт тістерін белгілейді. Жұлынған сүт тістерінің тұрақты тіс шығар алдында түбірлерінің сорылуына байланысты оларды есепке алмайды.

Қарқындылықтың өсу көрстекіші (прирост интенсивности) – ТПЖ көрсеткішінің бір жыл ішінде өсуі.

Стоматологиялық аурулармен сырқаттану деңгейін анықтауды белгілі бір стандарттық жүйеге сыйдыру үшін шартты талаптар ойластырылған. ДДҰ-ның ұсыныстарына сай, үш жаста сүт тістеренің жағдайы, 6 жастан бірінші үлкен азу тістердің тісжегімен жарақаттануы, 12 жаста – барлық тістердің жағдайы;15 жаста – пародонттың жағдайы; ересек адамдарда 35-44 жаста – барлық тістер мен пародонттың жағдайы анықталады. Жасы ұлғайған адамдардың 65-74 жастар тобында қарап тексеру қарттарға стоматолгиялық көмек көрсетуді жоспарлау үшін қажет болады.

Стоматологиялық саулық туралы дәлелді мәліметтерді 12, 15 жастық және 35-44 жастағы топтарды тексерген кезде алуға болады. Тістердің 12 жаста тісжегімен жарақаттану көрсеткіштері және 15 жастағы пародонттың жағдайы жүргізілген сақтандыру шараларының нәтижелігін, 35-44 жастағы ТПЖ көрсеткіші және пародонт жағдайы стоматологиялық көмектің деңгейін және сапасын анықтауға мүмкіндік туғызады.

ДДҰ-ның ұсынысына сәйкес балаларда тісжегінің қарқындылығын жыл сайын анықтайды. Ал ересектер арасында топтар 5-10 жылдық аралықпен (интервалмен) құрылады.

Тиянақты мағлұматты ТПЖ көрсеткіші арқылы алуға болады және ол арқылы емдеу шараларының қажеттілігін, сапалылығын және нәтижелілігін анықтауға болады. Мысалы, ТПЖ алтыға тең болғанда оның үш маңызды жағдайы болуы мүмкін: 6+1+1; 1+6+1; 1+1+6. Бірінші жағдайда көрсеткіштің құрамында жарақаттанған, бірақ емделмеген тістер басым (6), пломбыланған тістер аз, сондықтан емдеу жұмысы қанағаттандырмайды. Екінші жағдайда бір емделмеген, 6 пломбыланған, бір жұлынған тіс бар, емдеу жұмысы жаман емес. Үшінші жағдайда 6 тіс жұлынған, стоматолгиялық көмек өте нашар, белгілі дәрежеде жүргізілмеген.

ДДҰ-ы 12 жастағы ТПЖ көрсеткішіне байланысты тісжегінің қарқындылығының бес деңгейін ажыратуды ұсынады: өте төмен (0-1,1), төмен (1,2-2,6), орта (2,7-4,4), жоғары (4,5-6,5), өте жоғары (6,6 және оданда көбірек).


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)