Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегіні емдеу.

Читайте также:
  1. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Пародонт қабынуын емдеу.
  4. Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
  5. Периодонттың қабынуын емдеу.
  6. Периодонттың жедел қабынуын емдеу.
  7. Тіс флюорозын емдеу.

Тісжегіні емдеу шараларын екі топқа бөлуге болады: жалпылай және жергілікті емдеу. Жалпылай емдеу шараларын тісжегінің қарқындылығы жоғары және өте жоғары болып, дамуы жедел болған кезде жүргізеді және кешенді емдеу қағидасы ұстана отырылып іске асырылады. Тісжегіні жалпылай емдеу оны алдын-алу шараларымен үйлесіп жатады және организмнің қорғаныс қасиеттерін, тістің қатты тіндерінің тісжегі туындатушы ықпалдарға төзімділігін жоғарылатуға бағытталады. Осы мақсатта витаминдер жиынтығын, микро және макроэлементтер (Са, Р) қоспаларын, жалпы қорғаныс қасиетін жоғарылататын дәрілер (жасына қарай) тағайындау қажет. Емдеу курсының ұзақтығы 4-6 апта, бірнеше курс жүргізу керек. Емдеу курстары арасындағы үзілістер 2-3 айға созылуы қажет.

Қазіргі кезде әртүрлі шетелдік фирмалар макро-микроэлементтер қоспаларын витаминдер жиынтығымен адамның жасына қарай шығарып жүр. Оларға қоса биологиялық белсенді үстемелерді (БАД – биолгические активные добавки) пайдалануға болады.

Тісжегіні жергілікті емдеу әдістерін тістің қатты тіндеріндегі патоморфологиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізген тиімді.

Тісжегінің дақты кезеңінде немесе кіреукенің ошақты минералсыздану сатысында дәрі-дәрмектер қолданып емдейді, ал қуыстану сатысында бұзылған тіндерді егеп-тазалап алып, ақауды (тісжегі қуысын) пломбылық материалдармен толтыру (бітеу) немесе пломбылау әдісі қолданылады.

Тісжегінің бастапқы кезеңіндегі кіреукеде ақбор түсті немесе қоңыр түсті дақтардың пайда болуы – кіреукедегі минералсыздану үрдісінің дәлелдемесі екені белгілі.

Клиникалық және эксперименталдық зерттеулер кіреукенің өткізгіштік қасиетіне сүйене отырып, жарақат ошағына минералды заттар ертіндісін жіберсе, қайта минералдану үрдісі жүретінін дәлелдеді. Сондықтан бұл әдіс қайта минералдандырып емдеу әдісі (метод реминерализующий терапии) деген атқа ие болды. Қазіргі кезде құрамында апатит кристалдарын құруға қатысатын кальций, фтор, фосфор иондары бар дәрілік заттар пайдаланылуда. Кеңірек қолданыс тапқан кальций глюконатының 10% ертіндісі, фторлы натрийдің 2-4% ертіндісі және табиғи шикізаттан алынатын ремоденттің 1-3% ертінділері. Құрғақ ремоденттің құрамына кальций (4,35%), магний (0,15%), калий (0,2%), натрий (16%), хлор (30%), органикалық заттар (44,5%) және б.заттар кіреді және аппақ ұнтақ түрінде шығарылады. Қолданар алдында 1-3% ертінділерін дайындайды. Қайта минералдандырып емдеу әдісін жүргізу тәсілі: ем жүргізілетін тістің бетін қақтан жақсылап тазартып алғаннан соң сутегінің асқын тотығының 0,5-1 % ертіндісімен мақта анжының көмегімен өңдейді және ауа ағынымен кептіреді. Содан кейін өзгеріске ұшыраған кіреуке аймағына 15-20 минөтке қайта минералдандырушы ертіндіге малынған мақта анжы қояды және әрбір 4-5 минөттен кейін жаңартып отырады. әрбәр үшінші жаңартудан кейін тістің бетін кептіріп, 2-3 минөтке натрий фторидінің 2-4% ертіндісіне малынған мақта анжыны қояды.

Натрий фторидінің ертіндісінің орнына фторлы лакты қолдануға болады және оны құрғатылған тіс бетіне кисточканың көмегімен апарады. Қазіргі кезде фторлы лактың орнына фторлы гелдерді «Белагель» және б. қолдануға болады. Емдеу шаралары жүргізіліп біткеннен кейін екі сағат өткен соң ас қабылдауға және ауызды шаюға рұқсат етіледі.

Емдеу курсы 15-20 сеанстан тұрады және күн сайын немесе күнара жүргізіледі. Жүргізілген емнің нәтижелілігін минералсыздану ошағының көлемінің кішіреюі немесе біржола жойылуы арқылы бағалайды.

Емнің нәтижесін бағалауды оңтайландыру үшін метилен көгінің 2% ертіндісімен кіреукені тікелей бояу әдісін қолданады.

Қазіргі кезде қайта минералдандырып емдеудің нәтижелілігін арттыру үшін аталмыш ертінділерді жарақат ошағына физикалық факторлардың көмегімен тереңірек және жылдамдата енгізуге болады. Ол үшін дәрілік электрофорездеу әдісін және дәрілік ертінділерді ультрадыбысты қолданып сіңіру тәсілдерін пайдалануға болады.

Емдеу шараларының нәтижелілігін бекітетін маңызды факторлар: ауызды дұрыс күту ережесін толық сақтау (тісжегі дағының бетінде қақ қайтадан пайда болмас үшін); тиімді құрамды тағамдық заттарды қабылдау; тамақ рационында көмірсулы тағамдар мөлшерін азайту және оларды бей-берекет қабылдай бермеу.

Қоңыр және қара түсті тісжегі дақтары – патологиялық үрдістің тұрақтағанының белгісі. Бұл кезде қайта минералдандырып емдеу шаралары ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай жарақаттар ұзақ дамиды және тісжегі қуысына айналып, кіреуке-дентин шекарасының бұзылуымен аяқталады. Егер ошақ аймағы көлемді болса (2 мм² немесе одан үлкендеу), қуыстың пайда болуын күтпей-ақ жарақаттанған қатты тіндерді егеп алып тастап, пайда болған ақауды пломбылайды. Егер пигменттелген дақ көлемі 1,0 – 1,5 мм² аспаса, оның әрі қарай дамуын бақылауға алу тактикасы қолданылады.

Тістердің тегіс беттерінде орналасқан жоғары тісжегіні емдеу әдістері туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Сүт және жаңадан шыққан тұрақты тістер беттеріндегі жоғары тісжегі орналасқан аймақтарды көбіне егеп-тегістеп, арнаулы дәрілердің ертінділерімен қайта минералдандыруға болатыны дәлелденген факт.

Тістердің ерін және ұрт беттерінде орналасқан жоғары тісжегі кезінде жарақаттанған тіндерді егеп тазаламай-ақ композиттік материалдармен пломбылауға болады.

Орта және терең тісжегі кезінде жергілікті емдеу шаралары егеп-тазалаудан және пломбылаудан турады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)