Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегіні егеп-тазалап емдеу

Читайте также:
  1. Арнайы мамандандырылған шұғыл көмек және емдеу
  2. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  3. ЖАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
  4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастардыемдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  5. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  6. Лпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).
  7. Лпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері.

Тісжегі қуысын егеп-тазалау – тісжегіні жергілікті емдеу шараларының бірден-бір жауапты кезеңді болып табылады. Себебі, оның дұрыс орындалуы – тістің қатты тіндерінің әрі қарай бұзылмауының және қойылған пломбының ұзақ туруының кепілі. Егеп-тазалау кезіндегі негізгі міндет - өзгеріске ұшырап бұзылған тістердің қатты тіндерін толық алып тастап, тазаланған қуысқа пломбы ұзақ бекіп тұратындай тиімді пішін беру.

Жалпы стоматологияның даму барысының әр кезеңінде Блек пен Лукомский тісжегі қуысын егеп тазалаудың екі қағидасын ұсынды. Бірінші қағида – тісжегі қуысының жан-жағына жайылып кетуінің алдын ала кеңейту (протетическое или предупредительное расширение), немесе тіс тіндерін иммунды белдеуге дейін тіс эксаторына, төмпешіктерге дейін егеп алып тастау. Екінші қағида – тіс тіндерін мүмкіндігінше сақтап, егеп тазалау (щадящее препарирование), немесе бұзылған тіндерді ғана егеп алып тастап, бұзылмаған тіндерді (кіреуке мен дентинді) мүмкіндігінше сақтау.

Қазіргі кезде екі қағиданы да қолданудың негізі бар, ол тісжегінің даму ерекшелігіне, адамның жас ерекшелігіне және пайдаланылатын пломбылық материалға байланысты. Мысалы, көптеген тістер және олардың табиғи сайлары (жүлгелері) жарақаттанған болса, алдын-ала кеңейту қағидасын, ал бірлі-жарымды тістер жарақаттанып, тісжегі баяу дамыса сақтап, тістің қатты тіндерін мүмкіндігінше егеп тазалау қағидасын ұстануға болады. Балалардың тістері жарақаттанған кезде екінші қағида негізінде егеп-тазалап, қосымша қайта минералдандырып емдеу шараларын жүргізуге болады. Сәулемен қатаятын композиттермен пломбылайтын жағдайда тісжегі қуыстарына классикалық пішін бермей-ақ, бұзылған тіндерді толық тазалаған жеткілікті болады.

Тістердің қатты тіндерін егеп-тазалауды тісжегі қуыстарының Блек ұсынған жүйесін негізге ала отырып орындалады және төрт кезеңнен тұрады.

Клиникалық жағдайда тісжегі қуысының тереңдігін, тіс тіндерінің сезімталдығын, емдеуші адамның жүйке жүйесінің ерекшелігін ескере отырып егеп-тазалаудың алдында тіс тіндерін уақытша жансыздандырып алу керек.

Тісжегі қуыстарын егеп-тазалау кезінде көбіне жергілікті жансыздандыру (өткізгіштік немесе инфильтрациялық анестезия) әдісі қолданылады және ол үшін лидокаин қатарындағы дәрілер (лидокаин, мелокаин, ультракаин, ксилокаин, ксикаин, ксилодонт, лигнокаин, октокаин, солкаин, ремикаин және б.,) пайдаланылады.

Кейде тісін емдеу кезінде болуы мүмкін ауыру сезімі туралы қорқыныш науқастың психикасына үлкен әсер етеді. Қорқынышты азайту үшін күні бұрын жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер (транквилизаторлар, антигистаминдік дәрілер) және ауыру сезімін азайтатын (анальгетиктер) дәрілер беріп тісі сырқат адамды дайындайды (премедикациялау әдісі).

Аса қажет болған жағдайда жалпылай жансыздандыру немесе ұйқтану әдісін (общее обезболивание или наркоз) де қолдануға болады. Ол арнаулы газбен демалдыру (газовый наркоз с закисью азота, фторотаном) немесе көк тамырға ұйықтатын дәрі енгізу арқылы (внутривенный наркоз с сомбревином) іске асырылады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)