Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арнайы мамандандырылған шұғыл көмек және емдеу

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Арауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттері.

Көмектің бұл түрі стоматологиялық стационарларда көрсетіледі /республикалық, облыстық, қалалық ауруханада, медицина және дәрігер мамандығын жетілдіру институттарында, ғылыми зерттеу, травмотология және ортопедия институттарының бет-жақ бөлімдерінде/.

Стационардың қабылдау бөлімдеріне науқастар түскен кезде 3 сұрыптау тобын ажыратқан жөн /В.И.Лукьяненко/.

1. Операция және таңу бөлімдерінде арнайы мамандандырылған немесе мамандандырылған көмектің шүғыл шараларын қажет ететіндер: бет жарақатында қан тоқтамаса, асфиксия, трахеотомиядан кейін ауыз қуысы мен жұтқыншақты мықтап дәкелегеннен кейін, есін жоғалтқанда. Бұлардың бәрін таңу немесе операция бөлмесіне бірінші кезекте әкеледі.

2. Диагнозды және зақымданудың ағымын анықтауын қажет ететін топ. Бұларға: бет пен жақ, ЛОР – мүшелер, бас, көз және т.б. аралас жарақаттар жатады.

3. Бөлімге екінші кезекте жіберілетіндер. Бұл топқа барлық науқастар жатады.

Науқас хирургиялық ем алдында клиникалық және рентгенологиялық тексерулерден өтуі тиіс. Алынған деректер негізінде операция көлемі анықталады. Хирургиялық өңдеу жұмсақ тіндер мен сүйек пластинкасы, жергілікті операциялар бір сәтте және толық жасалу керек.

А.А.Срагер мен Т.М.Лурье /1988/ көрсеткендей регенерациялық бластомалар /остеогенді, фиброзды, аралас/ сипаты сынық аймағында, тіндердің оксибиотикалық белсенділігімен анықталады,сондықтан барлық травматологиялық және емдік факторлар жергілікті қамтамасыз ету арқылы репаративті остеогенездің сапасы мен жылдамдығына әсер етеді.

Зақымдану нәтижесінде әрқашанда жергілікті қан айналымы регионарлы /БЖА/ немесе жалпы /шок/ бұзылады. Жергілікті және аймақтық қан айналудың бұзылуы ұзағырақ болады, әсіресе қабынулы асқынулар пайда болғанда және сынықтардың иммобилизациясы болмағанда. Осының салдарынан тіндердің репаративті реакциясы өзгереді. Адекватты қанмен қамтамасыз етілгенде зақымданған аймақта сүйек тіндерінің антиогендік түзілімдері жүреді. Сынықтардың қиылысқан жерінде дәнекер тіндік немесе шеміршекті регенерация,яғни репаративті остеосинтез журеді. Репаративті регенерацияның мұндай жолы тіндік ресурстар мен уақытты талап етеді. Ол сынықтың екіншілік бітісуімен аяқталуы мүмкін, кейде ұзақ сақталып немесе тыртықты дәнекер тін созылмалы қабыну ошағы болып, жарақатты остеомиелиттің өршуі түрінде көрінуі мүмкін.

Бет сүйектерін жабық репорациялап бекітудің артықшылығы мол. Сондықтан сүйек сынықтары негізінде мына қағидалар ұсынылған: 1. Сынықтарды дәл қою. 2. Сынықтарды жақындатып қиыстыру. 3. Қиыстырылған сынықтарды тығыз бекіту. Бұл қағидаларды сақтау сүйектің біріншілік бітісуіне жағдай жасайды, мерзімін қысқартады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)