Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖаҚ сҮйектерініҢ сыныҚтарын емдеу тӘсілдері

Читайте также:
  1. Арнайы мамандандырылған шұғыл көмек және емдеу
  2. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастардыемдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  5. Лпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).
  6. Лпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері.

Жақ сынықтарының ем тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша /транспорттық/ және тұрақты /емдік/ емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.

Шендеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық үш топқа бөлінеді: тістік, тіс қызыл иектік және қызыл иекүстілік.

Шеңдеуіштерге қойылатын талаптар: 1.Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап тұруы. 2.Құрылысы қарапайым болуы. 3.Қолда бар заттардан оңай дайындалуы. 4.Ағза қызметіне кедергі келтірмеу керек.

Тістік шендеуіштер:Бұл шендеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтің таспалы стандартты шендеуіштері. Тістік шендеуіштер тек тістерге бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шендеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері С.С.Тигерштед /1915/ қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8-2,0мм алюминий сымы, 0,5-0,6мм қола алюминий сымы және аспаптар жиынтығы /крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тиғыш қысқыш, егеу/ қажет.

Шеңдеуішті дайындау ережелері: шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Шеңдеуішті ию барысында бірнеше ережелерді орындау қажет. Оны крампон қысқышымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін.

Қазіргі кезде Тигерштед шеңдеуіштерінің ішінде тегіс жақша тәріздес, тіректі шеңдеуіш, екі жақтық ілмектері бар шеңдеуіштерді көп қолданады, ал көлбеу шеңдеуішті сирек қолданады. Шеңдеуішті салу алдында жергілікті жансыздандыру жасап сынық бөліктерін оның орнына салады.

Біржақтық байланыстырғыш, жақша тәріздес шеңдеуішті сынықтың үлкен бөлігінде 4 тістен кем, ал кішісінде 2 мықты тістерден кем болмаса салынады.

Тегіс жақша тәріздес шеңдеуішті алдыңғы тістер аумағындағы оңай салынатын немесе ығыспаған тік сызықты сынықтарда, жоғарғы және төменгі жақтардың альвеолды өсіндісінің ортаңғы бөлігінен, бүйірінен сынғанда, егер сынық бөлігінде 2-3 тістен, жарақаттанбаған бөлігінде 3-5 мықты тістерден кем болмаса, тіс ұясынан шыққанда немесе сынғанда қолданады. Дегенмен жоғарыда аталған жақ сынықтарында екі жақтық ілмектері бар шеңдеуіш қолданған жөн. Өйткені тегіс жақша тәріздес шеңдеуіш иек аумағындағы сынық бөліктерін бір біріне жақындата алмайды. Егер тіс ұясынан шықса немесе сынса оларды бекіту үшін шеңдеуіш каппалар қолданады.

Біржақтық жақша тәріздес шеңдеуішті дайындау үшін әуелі соңғы тісті тығыз қамтып ауыз қуысының тіліне кіріп тұратын /тіс түбірі 1/2 немесе 1/3 ұзындығына / ілмек иеді. Ілмектің ұшын тік жазықта 45 бұрыш жасай қайшымен қиып, ұшын егеумен тегістейді. Ілмек орнына қысқа жіңішке үшбұрышты тіс аралығына кіріп туратын иін июге болады. Шеңдеуіш тістердің мойын деңгейінде орналасу үшін ілмек жасалған тіс сауытының ортасында немесе оның алдында орналасқан тіспен аралығында сымды жоғарыға /жоғарғы жақтан төмен / иеді. Сонан соң шеңдеуішті әрбір тіске жақындата отырып тіс қатарының бойымен иіп сыммен бекітеді. Сымның ұшын 5мм қалдырып орталық сызық бағытында шеңдеуіштің астына қарай майыстырады.

Тіректі шеңдеуішті төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында жылжымай сынса немесе сынық оңай салынса, егер сынық сызығы альвеолды өсіндінің тістері жоқ жерлерінен өтсе және төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында ақауланып сынса қолданады.

Шеңдеуішті дайындау тәсілі жақша тәрәздес тегіс шеңдеуіштікіндей, тек сынық тістер жоқ жерден мынса, ол жерде екі иығы сынықтың жан жағында тұрған жерлерге тығыс жанасып тұратын иін иіледі. Иінмальвеолды өсіндінің тістері жоқ жағына бағытталып иіледі, оның ұзындығы тістің бүйір бетінің жалпақтығына сай келеді. Тіреуіш иін альвеолды өсіндінің деңгейінде немесе онан 5мм шығыңқы болады.

Шеңдеуіштің жекелей салу ережесі жоқ, өйткені тіреуіш иінді арнайы иілетін шеңдеуіштің кез келгенінде дайындауға болады.

Екі жақты імектері бар шеңдеуіш үстіңгі және төменгі жақтарға бірдей дайындалады.

Бұл шеңдеуішті төменгі жақ сынығы тіс қатарының аумағында жылжып сынғанда немесе сынық бөліктері қиын жылжыса, төменгі жақ екі, үш жерден сынса, сынық сызығы тіс қатарының астынан өтсе, жоғарғы жақ сүйегі сынса /қосымша төбе иекті тыңғышпен байлау немесе стандартты иектік сақпан / және сүйекке пластикалық операция жасалған жағдайларда қолданады. Егер сынық бөліктерін қолмен орнына салуға мүмкіндік болмаса, оларға ілмектері бар шеңдеуіш бөлік дайындалады да, оларды жоғарғы жақ сүйегіндегі шеңдеуішке резинке дөнгелктермен тартып дұрыс жағдайға келтіреді, сонан соң қосымша жіңішке ортодонтиялық сымнан иген доға тәріздес шеңдеуішпен бекітіп бір бірін тез қататын пластмассамен бекітеді. Сынық бөлігінің біреуі жоғары қарай көбірек ығысқан жағдайда антогонист тістердің арасына резинкадан төсеніш қойып оны лигатурамен шеңдеуішке бекітіп қояды. Резиналы дөңгелектерді резиналы түтіктен кесіп дайындайды; олардың диаметріне қарама қарсы пропорцияда. Алғаш екі күн диаметрі кішірек дөңгелектерге ауыстырылады. Сынық бөліктерінің бағытын дұрыс бағыттау үшін дөңгелек тартылысының бағытын өзгерту керек.

Шеңдеуішті дайындау тәсілі: Әр шеңдеуіште 5-6 ілмек иіледі: сынықтың үлкен бөлігіне 3-4, ал кіші бөлігіне 2-3 ілмектен. Ілмектердің ұзындығы 3-5мм болып жоғарғы жақта олар жоғары, ал төменгі жақта төмен қарай орналасып тіс өсімен 35-45 бұрыш құрайды. Ілмектің іші қызыл иектің шырышты қабатынан 2мм қашықтақта тұрады, бұл резиналы дөңгелектермен қызыл иекті жарақаттамауға мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігінше ілмектерді 2күрек, 1кіші және үлкен азу тістердің аумағында иген жөн. Ілмектер тістердің аралығында емес қатты тіндерінде орналасу керек. Иілген ілмектер бір денгеәде орналасып, барлық тістермен тығыс жанасуын қадағалау керек.

Шеңдеуіштерді иіп болғаннан соң, оларды мүмкіндігінше әрбір тіске бекіткен дұрыс, өйткені оларға ілінген резина дөңгелектер қосымша күш түсіреді.

Ем біткен соң дөңгелектерді алып науқасты 2-3 күнде бақылайды, егер бұл мерзім ішінде түйісуі өзгермесе, сынық бөліктерінің патологиялық қозғалысы байқалмаса шеңдеуіштер алынады.

Сынықтың түріне байланысты шеңдеуіштерді 4-6 аптаға салады.

Оразалиннің екі жақтық стандартты ілмегі бар пластмаса шеңдеуші КазНМУ-дің хирургиялық стоматологиялық клиникасында 1982 ж, бастап төменгі қысымды полиэтилиннен жасалған стандартты шеңдеуіш қолданылады. Бұл шеңдеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.

Шеңдеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0см арақашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп туртын иіндері бар. Шеңдеіштің ұзындығы 11-13см, салмағы 0,7-0,8г. Шеңдеуіш тістерге полиамитты жолмен немесе лигатуралы сыммен бекітіледі.

Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылғаннан соң шеңдеуішті қайта қолдануға болады.

Васильевтің таспалы стандартты шеңдеуіші. 1967 жылы қолдануға ұсынылған, оның жалпақтығы 2,3мм, ұзындығы -134мм. Шеңдеуіштің стандартты ілмектері бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды. Бірақ бұны барлық уақытта кіші және үлкен азу тістердің аумағында Шпейс қисығына сай орналастыруға мүмкіндік болмайды. Егер тіс түйісуі терең немесе тістер қысқа болса шеңдеуішті қолдану өте қиынға түседі, кей кездерде тіпті қолдануға болмайды. Бұл шеңдеуішті басқа, ілмектері бар шеңдеуіштер қолданатын жағдайларда пайдаланады.

Тіс қызыл иектік шеңдеуіштер. Альвеолды өсіндіге және тістерге тіреліп бекіледі.

Вебер шеңдеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шеңдеуіш альвеолды өсіндінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап турады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антогонист тістердің түйісуі бұзылмайды.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)